Регистрация


Рубрики


Ссылка на сайт:
О СЕБЕ:
Жаңаша қазақ тілі сабағы
Кез-келген ұлттың басты байлығы, қазынасы тілі екені анық.
Халқымызды кемеліне келтіру үшін бүгінгі жас ұрпақты білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындау әрбір ұстаздың міндетті. Елбасымыздың қолданып келе жатқан салиқалы саясатының арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңнен өтіп келеді. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жастарын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
Кез-келген ұлттың басты байлығы, қазынасы тілі екені анық. Халқымызды кемеліне келтіру үшін бүгінгі жас ұрпақты білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындау әрбір ұстаздың міндетті. Елбасымыздың қолданып келе жатқан салиқалы саясатының арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңнен өтіп келеді. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жастарын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б. ал осы жоғарыда аталып кеткен технологиялыардың барлығын бір шоғырға жинап отырған «Жеті модуль» бағдарламасы қолға алына басталды. Бұл бағдарламының басты ұстанған мақсаты: оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой- тұжырымын нанымды етіп жеткізе алатын, сыни пікір көзқарастары жүйлі түрде дамыған, ақпараттық техногоияны жетік меңгерген тұлға қалыптастыруды көздейді. Бірінші, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде балаларды әлеуметтік-сындарлы тұрғыдан оқыту болып табылады. Бұл дегеніміз «Диалог негізінде оқыту және оқу» немесе «Қалай оқу керектігін түсіну» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғасытар алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектесуге болатынын көрсетіді. Екіншіден, «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тәсілі оқушы мен ұстаздың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Ақпарат пен идеяларды синтездеуге, оның шынайылығы мен салыстырмалы түрде қаншалықты маңызды екенін, өзіне қаншалықты қажет болатынын түсінуге итермелейді. Үшіншіден, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» білім жүйесін бағалауды біршама алға бастырады. Өйткені бала орындаған тапсырмасына өзіндік көзқарасымен баға қоя білсе, оның не үшін қойылғанын, алдын -ала құрылған критерийлер арқылы формативті және суммативті бағалау жұмыстарын жүргізе алады. Өздерін бағалау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, келесі тапсырманы толық әрі дұрыс орындауға тырысады. Төртіншіден, «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» бұл соңғы заманның басты талаптарының бірі. АКТ-сыз бүгінгі таңда жұмысты елестеу мүмкін емес. АКТ арқылы сабақтың тиімді тұстары жетіліп, кенжелеп қалған жақтары бір қадам болса да жоғарылайды. Бесіншіден, «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тәсілі арқылы алдына келген жас шәкірттің бойындағы талант пен дарынын көре білу және оны ашу әрұстаздың міндеті. Талған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды. Алтыншыдан, «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» тәсілі дегенде кез-келген тапсырма оқушының сана сезіміне, ойлау қабілетіне сай болу керектігін көздейді. Жетіншіден, «Оқытуды басқару мен көшбасшылық» ең бастысы мұғалімнің басқарушылық қабілетін дамытады. Егер мұғалім өзінің көшбасшылық қасиетін дұрыс басқара білсе, оқушылар да өз іс-әрекеттеріне басқаша қарап, өздерін, топты және сыныпты басқара алатын деңгейге көтеріледі. Бұл дегеніміз білім жүйесінде оқушылар тек қана білім алып қоймайды, алған білімдерін не үшін, қайда қолдана білетіндерін түсінеді. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту арқылы оқушылар бір-бірімен ашық дебатқа түсе алады, жинаған материалдарын талдап, оның негізгісін анықтай алады, бір-біріне сұрақ қояды, оның дұрыс –бұрыстығы талданады және бәсекелестік пайда болады. Ал бәсекелестік болған жерде өсу бар. Сыни тұрғыдан ойлау еліміздегі білім беру беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Өйткені «ойлау үшін ойлау» дегенді сипаттайды. Бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталғын пәндік шешім. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамын. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсам, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып тиімді – тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін. Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, дарынды балалармен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, шығармашылығын бағытталған. Сын тұрғысынан оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігін, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың жоба жұмыстары. Осы орайда қазіргі қазақ тілі пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, дарынды оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Жалпы айтқанда сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады: – қызығушылықты ояту; – мағынаны тану; – ой толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы дарынды оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Сондықтан мұғалім үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс. Қорыта келе айтарым, жеті модуль технологиясы 1. оқу материалын терең түсінуге; 2. оқу мотивациясының артуына; 3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына; 4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы ұстанымдардың орындалуы үшін әр мұғалім өзі мен оқушының терең дәрежеде екенін естен шығармай, оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оған беретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп жетілдіруі қажет. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру — осының бәрі бүгінгі қажеттілік.Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз Қолданылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 2. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 3. «Бастауыш мектеп» журналы 2010ж. 4. «12-жылдық білім беру», 2009 ж.


Пожаловаться

Материал из рубрики: Мои статьи
5
рейтинг рассчитывается на оценке от 1 до 5