Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріндегі ақша
айналымының орташа саны (айналыс жылдамдығы).
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл
Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде потенциялды күйреушілердің (банкноттардың) болуы, күйреушілікттің тиімді тәжірбиесінің болмауы, жекеменшіктендіру процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамуы.
Сөйтіп айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т. б. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгерелі. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
· несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
· қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
· ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша екі формада эмиссияланады (шығарылады): қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкнота және майда монеталар; банктік айналымдағы ақша формасы, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші формасын, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер жүйесі шығарады. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаны иесі өз қаражатын қолма-қол ақша формасында алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша массасы құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығы пайдалынылады:
· М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
· М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді жіне жинақ салымдары кіреді;
· М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
· М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша массасын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылды.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаты кіреді.
· М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
·
· М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
· М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
· М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын біріктіреді.
Ақша агрегатының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
· банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
· орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;
· мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;
· орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
· чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелігімен қатар оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және т. б. байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымның баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коеффицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының баялауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылсын және ақша массасының құрлымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]
ІІ-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
Бір адамның ауыстыратын ақшаның ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссмяға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды текқана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл- құжаттарына белгі ойылды.
“Павловск” реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж.- 300 т., 1990 ж.- 234 т.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл жж. Қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыраур ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкіде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы” Президенттің Жарлығы мен КСРО Министірлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаның жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін емстігіне байланысты бір тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дизентеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көпткгкн орталық банктері қайталады. Рсей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республпкалардың сатып алушылардың “қорғау” мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырды. Келесі қадам – меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғыстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы
болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің, оның қатарына Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған “Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша – несие және валюта саясаты туралы ”, соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.
1991 ж. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында” қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетіледі. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейінен 10 000 және 50 000 купюралары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.
1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10 000 рубльдері айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына әр апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйекте айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бар адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариоссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарлыққа сәйкес:
· 1993 ж. 15 қарашада сағат 8–де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге – енгізілді;
· 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалады. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
· Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18 аралығында екі валюта – сом және теңге – айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі апнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталықкурсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңге тең болады.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырады. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорғат түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенді валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және Жаония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министірлігіне 180 млн. Доллар берді. Бұл 17 жылға берілген “жұмсақ” несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтвлығын қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені еннгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республиалардың өзара байланысының үзілуі мен саяи ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғникәсіпорындармен бюджеттің арасындағы қарыздарөзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы – 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен
ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілгеннен 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.
1997 ж. мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорынды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның дейінгі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайда жетті.
1998 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюң, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өдірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдері біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы ( жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарлату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан!) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшыратынын көптеген қаржы сарапшылары мен таңдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: “Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатыны байланысты анықталды, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді.
Қазақстанның төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда әріптесімізде – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Рсейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төменделді. Сол валюталармен салыстырғанда теңгң тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай басталды, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.
Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғыстанмен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.
Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек”
Сонымен Қазақстан теңгесі көп жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады. [2, 65-68 бет], [1, 93-96 бет], [9, 2 бет]
2.2. Ақшаның түрлері.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Мералл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы.
Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
“Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б. э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Х ғғ. Жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мыныдай объективті қажеттіліктері болған:
· алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алиады;
· жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алиады;
· алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мынылар жатады:
· құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
· құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуы себептері мынандай:
· металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
· металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
· бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
· эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
· бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б. э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазірігі кезде қағаз ақшалар
қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т. б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
“Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикпсының заңында мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге ткелісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


