Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Өзара келісім негізінде.

8. Жоба авторлары, мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық пошта. б.ғ.д., профессор, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел/факс –8(717), e-mail, nauanova @*****.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Дәнді дақылдар егілетін аймақтар жағдайында таралған саңырауқұлақтар – антагонистердің, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар негізінде биологиялық, экологиялық, морфологиялық, физиологиялық және гиперпаразитттік қасиеттері зерттелді. Сонымен қатар олардың азот және көміртегі көздеріне қажеттілігі зерттелді. Мәдени саңырауқұлақтар – антагонистер фильтраттарының дәнді дақылдар өскіндерінің өсіп-дамуына әсері анықталды және әр түрлі триходерма штаммаларының тұқымдарын инокуляциялау әдісімен егістік тәжірибелер жүргізілді. Шағын мөлдекті тәжірибелерде жаздық қатты бидай мен арпаның тамыр шірігіне қарсы жекелеген саңырауқұлақтар – антагонистер штамдарының биологиялық тиімділігі анықталды. Триходермин биопрепаратын жасап шығару үшін тиімділігі жоғары антагонистер штамдары және субстраттар таңдалып алынды. Зертханалық тәжірибелердегі биопрепарат үлгілері жартылай өндірістік жағдайда келесідей нәтиже көрсетті, яғни тұқымдарды Т.115, Т.124 және Т.340 штамдарымен өңдеу өнімділікті 0,7-1,8 ц/га жоғарылатады. Тиісінше, бидай тұқымын Т.124, Т.115 және Т.340 штаммалар негізінде биопрепараттармен өңдеудің шаруашылықтық тиімділігі 20,9%, 14,8%, 11,3% құрады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Trichoderma саңырауқұлақтары негізінде биопрепараттар шығару үшін кепілдеме дайындалды.

1. Жобаның аты: «Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында өсірілетін дәнді дақылдардың саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы мәдени дақылдар және жабайы өсімдіктер негізінде биопестицидтер жасау».

2. Жобаның тағайындалуы. «Солтүстік Қазақстанның далалық аймағында өсірілетін дәнді дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, фузариоз қоздырғыштарына байланысты антифунгальды қасиеттері бар өсімдіктерді іздеу»

3. Қолдану аймағы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Өсімдік қорғау. Патенттер жоқ.

4. Тәжірибе жүзінде қолдануға дайындық дәрежесі. Жоғары өсімдіктердің антифунгальды қасиеттерін байқау жұмысының сұлбасы жасалды, осыны өсімдік сығындыларынан биопрепараттарын дайындау кезінде басшылыққа алу керек.

5. Енгізу көлемі. Жобаның орындалу нәтижесі бойынша авторлары , Бекішев Н. Ш., Н – Астана: КАТУ, -200б. «Өсімдік текті фунгициттерді жасау бойынша ұсыныстар» атты әдістемелік нұсқаулары шығарылды.

6. Жобаның құны, жоба мақсатына сәйкес техникалық – экономикалық негіздеу 3000 мың тенге. Ауылшаруашылық тәжірибесінде мәдени және жабайы өсімдіктер негізінде дайындалған биопестицидтерді қолдану қоршаған ортаның ластануын азайтуға, бағасы жоғары фунгициттерге қажеттілікті төмендетуге және агроценоздың фитосанитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Өзара келісім негізінде.

8. Жобаны тарату әдістері мен жағдай, телефон, факс, электрондық пошта. атындағы КАТУ тел/ факс – 8 (717), е – mail nauanova @ *****.

9. Жобаның қысқаша сипатттамасы: ҒЗЖ нәтижесінде қылтықсыз арпабас, тарғақты еркешөп, жатаған бидайық, қымыздық, сары жоңышқа, ноқат, рапс, беде, кенепшөп, сүттігеннің сулы сығындылары фитопатогендік саңырауқұлақтардың морфологиясы мен конидийлерінің түзілуіне әсер етпейтіні анықталды. Ащы жусан, сұлы, шалфей, орал миясы, жоңышқа, кориандр, амарант сияқты емдік өсімдіктердің сулы сығындысы саңырауқұлақ қоздырғыштарының өсуін тежейді.

Арша жыңғылының әр түрлі сығындыларының антифунгицидтік қасиеттері зерттелінді. Арша жыңғылының сығындысын - Tamarix arceuthoioies Bge. жай түрде арнайы жабдықтар қажет етпейтін экономикалық тиімді және экологиялық зияны жоқ технологиялармен алады. Шығымы 12-15%.

Бидай мен арпаның тамыр шірігіне қарсы сығындыларының биологиялық тиімділігі 51,6-67,7% аралықта ауытқыды. Арша жыңғылының гүл шоғырының бутанолды сығындысын қолданатын нұсқада толық пісіп-жетілу кезеңіне дейін ең жоғарғы биологиялық тиімділік - 66,6-67,7% болды.

Өсімдік текті биопрепараттар дайындауда қолданатын жоғары сатыдағы өсімдіктердің антифунгицидтік қасиетін анықтайтын жұмыс сұлбасы еңгізілді.

Дәнді дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз және фузариоз ауруларына қарсы өсімдік текті биопрепараттарды жасауда гүл шоғырынан алынған 5% бутанолды сығындының, арша жыңғылы жапырағының этилацетатты және этаналды экстракттарының фунгицидті қасиеттерінің заңдылықтарын ескеру қажет.

1. Жобаның аты: «Потенциалды өнім мүмкіншілігін және сапасын қамтамасыз ететін дәнді, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдардың топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің оңтайлы параметрін анықтау негізінде осы дақылдарды топырақтағы қоректену жағдайын оңтайландыру әдістерін жасау».

2. Жобаның тағайындалуы. Солтүстік Қазақстан топырақтарына енгізу.

3. Қолдану аймағы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Ауыл шаруашылығы, бәсекелестілігі – жоғары, патенттердің болуы – патентке өтініш берілген, авторлық куәлігі бар.

4. Практика жүзінде қолдануға дайындық дәрежесі. 100%. Ғылыми негізделген және дақылдар өнімділігінің топырақ құнарлылығын практикалық басқару әдістері жөнінде ұсыныс шығарылды.

5. Енгізу көлемі. Жекелеген дақылдардың немесе ауыспалы егістегі танаптардың ғылыми негізделген жүйесінде тыңайтқыш қолдану және қоректенуді оңтайландыруды қамтамасыз ету дақылдар өнімділігін (бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, ноқат, асбұршақ, рапс және т. б.) 10-12 ц өнім жағдайында 30-50%-дан екі есеге дейін жоғарылату тұтынушылардың өтініштеріне байланысты қолданылады.

6. Жобаның құны, жоба мақсатына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеу. Өзара келісім негізінде.

7. Жобаны тарату әдістері мен жағдайы, ынтымақтастық түрлері. Шаруашылық үшін жекелеген ұсыныстарды дайындау, өндірісте семинарлар өткізу, келісім-шарт негізінде өндіріске енгізуге практикалық көмек пен кеңес беру.

8. Жоба авторлары, мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық пошта. а. ш.ғ.д., профессор, Нұрманов Е. Т. а. ш.ғ.к., , электрондық пошта – *****@***kz.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Көпжылдық зерттеулер және математикалық талдаулар негізінде топырақтағы негізгі қоректік элементтері және дақылдар өнімділігі арасында сандық байланыс анықталды. Дақылдардың потенциалды мүмкіндігін және құрылған ылғалдылық жағдайында барынша жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін әрбір дақылға топырақтағы қоректік элементтердің қолайлы мөлшері, олардың арақатынасы анықталды. Ұсынылған әдіс құрғақ жылдары 7-8 ц/га емес, 12-15 ц, орташа құрғақшылық жылдары 25 ц дейін, ал ылғалдылығы қолайлы жылдары 35-40 ц/га өнім алуды көздейді.

Әдіс қажетті қосымша өнім алуға және тыңайтқышқа деген қажеттілікті анықтауға; болатын жағдайға сәйкес қосымша өнімді жобалауға және олардың тиімділігін есептеу мен тиімді енгізуге мүмкіндік береді.



МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ВЕТЕРИНАРИЯ

Анализ состояния семеноводства кормовых трав в Республике Казахстан и Акмолинской области показал, что в регионе до сих пор нет ни одного семеноводческого хозяйства по этой группе культур, а для залужения всех имеющихся бурьянистых залежей только в продовольственном поясе потребуется не менее 30 тыс. тонн семян многолетних трав. В связи с этим, кроме развития сети семхозов массового размножения семян кормовых трав, следует организовать дальнейшее их размножение в каждом животноводческом хозяйстве в необходимом количестве.

Опыт показал, что на освоенных бурьянистых залежах в зависимости от вида культур можно получать от 1,5 (житняк, люцерна) до 6 ц/га (эспарцет) семян кормовых трав.

1. Жобаның атауы. «Көпжылдық шөптердің тауарлық тұқым шаруашылығының фитоценологиялық негіздерін және практикалық тәсілдерін жасау және пайдаланылмайтын танаптан шығарылған жерлерді жоғары өнімді малазықтық жерлерге қайта құру»

2. Жобаның бағыты. Малдарды толыққанды азықтармен қамтамасыз ететін жақсы жүйелері бар орташа және ірі мал шаруашылығы өнеркәсіптерін құру. Мал азықтық дақылдарының егістіктерін көбейту үшін танаптан шығарылған жерлерді айналымға еңгізу, яғни көпжылдық бұршақ және астық тұқымдас шөптерді алу. Көпжылдық малазықтық шөптердің тауарлық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.

3. Қолдану аумағы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің болуы. Ірі және орташа мал шаруашылығы кәсіпорындары, кооперациялық, фермерлік және шаруа қожалықтары.

Айналымнан шығарылған жерлерді жайылым мен шабындықтарға айналдырғаннан кейін алынған, арзан және жоғары сапалы малазықтары арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің (ет, сүт және т. б.) өзіндік құнын төмендету, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Өнертабысқа № 000 инновациялық патент. Атауы «Далалы аймақта тыңайған қурайлы жерлерді тездетіп шалғындандыру тәсілі».

Өнертабысқа № 000 инновациялық патент. Атауы «Далалы аймақтағы тыңайған қурайлы жерлерде топырақты алғашқы өңдеу тәсілі».

Зияткерлік меншік обьектісі мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік №жыл 14 наурыз, атауы «Солтүстік Қазақстанның далалы аймағындағы айналымнан шығарылған жерлердегі сукцессиялық процесстер» (ғылыми жұмыс).

4. Іс-санада жүзеге асыруға дайындығы. «Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағында айналымнан шығарылған жерлерді (қурайлы тыңайған жерлерді) шабындық пен жайылымға пайдалануды игеру және шалғындандыру технологиясы» Астана, 2008 атты ұсыным басып шығарылды.

5. Өндіріске еңгізу көлемі. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ЖШС «Семеновка АЭ» 100 га жерге, ал ЖШС «Агрофирма Актык» - та 300 га аумаққа енгізілген.

6. Жобаның бағасы, оның пайдалылығының технико-экономикалық негіздемесі. Бірінші жылғы көпжылдық шөптерге кеткен шығындарды қоса есептегенде жобаның құны 1 гектарға 15000 теңгені құрады. Кейінгі тіршілік жылдары жобаның шығындары 85%-ға төмендейді. Ал шөпоттылығын үш жыл бойы сол немесе басқа технологияны қолдана отырып пайдаланғанда түсетін шартты таза түсім 18,3 мың теңгеден 30,7 мың теңгеге дейін болады. Қурайлы жерлерді жоғары өнімді малазықтықтық жерлерге айналдыру және жоғары құнарлы, құны арзан, бәсекеге қабілетті малазықтық өнімдері алу. Жусан басқан бос жерлерді мәдени малазықтық жерлерге, шабындықтар мен жайылымдарға, табиғи шымдылығын қалпына келтіре отырып және зиянкестер мен аурулардан фитосанитарлық, экологиялық жағдайын жақсарта отырып айналдыру қажет.

7. Жобаны берудің шарты мен әдісі, қызмет ету формасы. Кеңес беру жолымен келісім шарт негізінде, оқыту семинарларын өткізу, тренингтер, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

8. Жобаның авторлары, НИО мекенжайы, телефоны, факс, электронды почта. , , ; 87, E-mail –serekpaev @ *****.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Ірі және орташа, жоғары өнімді мал шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту қажеттілігіне және Республикамызда, Астананың азық-түліктік белдеуінде мал басының өсуіне байланысты қолда ұстаған кезде де, жайылым кезеңінде де мал азығының барлық түрлеріне сұраныс артуда. Сондықтан, мал шаруашылығын жасыл, шырынды және ірі мал азығымен қамтамасыз ету денгейін көтеру үшін қосымша жер қорларын пайдалану қажеттілігі туындайды. Еліміздің әр аймақтары бойынша шартты түрде малдың бір басына қажетті мал азығы, мал азықтық өсімдіктерді өсіруге пайдаланылатын жыртылатын жерлердің және табиғи шабындықты-жайылымдық жерлердің көлеміне байланысты өзгереді. Жануарларды қолда ұстаған кезде және жайылым кезеңінде құнарлы мал азығымен қамтамасыз етудің негізгі жолы және үлкен қоры ретінде, айналымнан 8 – 12 жыл бұрын шығарылған жерлерді атауға болады. Бұл жерлердің көлемі Ақмола облысында 2 млн. га, ал Солтүстік Қазақстанның далалы аймағындамлн. га астам.

Ақмола облысының шаруашылықтарында айналымнан шығарылғанына 6 – 12 жыл болған әр түрлі егістіктердегі өсімдік құрамын зерттеу нәтижесінде, екінші – үшінші жылдары біржылдық және көпжылдық арамшөптері (қара сұлы, қалуен, ақ алабұта, сүттіген) басым фитоценоз қалыптасқан, ал кейін аталған арамшөптері бар бұл кезең қурайлы кезеңге ауысқан. Бұл кезеңде жартылай бұталы өсімдіктер, әр түрлі жусандар (ақ жусан, ащы жусан, және т. б.), басым болды, яғни бұл өсімдіктер бір жерде ондаған жылдар бойы өсе алады. Бұл фитоценоздарда шөптердің басқа түрлері кездеспейді, сондықтан бұл жерлердің мал азықтық құндылығы төмен.

Бұл жерлер қарашірігі, құрамындағы қоректік элементтері бойынша бидай егілген топырақтарға қарағанда айырмашылығы жоқ, бірақ сортаңдығы жоғары (рН 8,0 – 9,0), сондықтан бұл жерлерде құнарлы мал азықтық шөптерді егіп, жоғары өнімді шабындықтар мен жайылымдар жасауға болады.

Целиноград ауданында 2001 – 2006 жылдары егістіктен шығарылған жерлерді өңдеу технологиясын үйрену және бұл жерлерді шалғындандырудың барысында жоңышқаның, эспарцеттің, еркекшөптің, қылтықсыз арпабастың және осы аталған шөптер қоспаларының құрғақ масса өнімі 15 – 18 ц/га дейін жететіндігі анықталды.

Жарияланымдарда жазылған ұсыныстар мен кепілдемелерді қолдана отырып, қурайлы жерлерді игеру және шалғындандыру мәселелерін шешу, мемлекеттік маңызды болашағы бар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.

1. Жоба атауы «Жаңа жоғары өнімді қара-ала мал (қазақы типті) тұқымын алу».

2. Жобаның бағыты. Республикада сүт өндірісін арттыру және тұрғындарды сүт және сүт өнімдерімен қанағаттандыру мақсатында жергілікті қара-ала сиырды голштин тұқымымен будандастыру әдісімен алынған сүтті малдың жаңа тұқымынан сүтті және майлы сүтті өзіндік топтарын алу.

3. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патент алғандығы. Өзіндік топ малдарының қолданылу аясы кең болуы мүмкін, себебі голштин тұқымды бұқалар пайдаланылған Солтүстік Қазақстанның барлық малдары селекциялық үрдіске қатыстырылуы мүмкін. Қазақстанда гоштинмен будандастырылған қара-ала сиырдың өзіндік топтары жоқ. Біз селекцияда ресейлік бұқалар, ал тұқымды шаруашылықтарда шетелдік бұқалар пайдаланылды.

4. Практикалық қолданысқа дайындық дәрежесі. Зерттеу жұмысы басталды, 2011 жылы бірінші еркек бұзауларды аламыз. Кейіннен оны үздіктерін (бұқалардың деңгейіндегілерді не одан жоғары деңгейдегілерді) іріктеу үшін тұқымдық сапасы бойынша бағалау қажет. Одан кейін осы бұзаулардан ұрпақ алып, оларды да бағалап, содан кейін ғана топты саралайды (олардың үш ұрпағы болуы керек).

5. Енгізу көлемі. Аталған тақырыптың нәтижелерін өндіріске енгізу туралы алынған топтарды саралағаннан кейін ғана сөз қылуға болады. Сонымен қатар Мақсатты стандарт бойынша бұқалардың генетикалық әлеуеті 6500 және 5400 кг болатынын ескерсек, сиырдың сүт өнімділігінің артуы 1 сауын кезінде 1 басқа шаққанда 750-900 кг шамасында болады деп болжам жасауға болады. Оларды Солтүстік Қазақстанның барлық голштинделген қара-ала сиырларына қолдануға болады.

6. Жоба құны, жобаның мақсаттылығының техника-экономикалық негіздемесі. Жобаның мақсаттылығын пайдаланылған сиырлар мен қашарлар санымен анықтауға болады, алайда сиырларды құнарлы заттармен нормаға сай қамтамасыз еткен кезде сүтті сатудан түсетін пайда 1 сиырдан 80-100 мың теңгені құрауы мүмкін.

7. Жобаны тарату шарттары мен тәсілі, ынтымақтастық формалары. Топты саралағаннан кейін бұқалардың ұрығын жасанды ұрықтандыру жолымен тарату қажет. Ынтымақтастық формасы келісім-шарт бойынша.

8. Жоба авторлары, ҒЗБ мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта. Б.Ө.Әлімжанов а/ш.ғ.д., профессор; Л. В.Әлімжанова а/ш.ғ.д., С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры, Астана қ-сы, Жеңіс даңғ., 62а, ,

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Базалық шаруашылықтардың табынындағы үздік сиырлардан тапсырысты жұптау арқылы 62-75 % голштин тұқымды 47 бұқа алынды. өсіру кезінде жануарлар 6, 12 және 18 айлығында тірі салмағына, экстерьеріне, гематологиясына және табиғи резистенттілігіне бағаланды.

Іріктеудің әр кезеңінде мақсатты стандарт талабына сәйкес келмейтін бұқалар реттелді. 15 айлық кезінде жануарлардың ұрық өнімдерінің саны мен сапасы бағаланды. Нәтижесінде тұқымның сапасын бағалауға 7 бұқа таңдалды, оның нәтижесі 2011 жылы шығарылады.

Сонымен қатар алдында «Асыл түліктен» сатып алынған 4 бұқа «Родина» АФ-да бағаланды: Матрос №64 – санаты А3Б1, Ямал № 000 – санаты А3Б3, Атлет № 000 – санаты А3Б3 және Рекорд № 000 санаты А2Б3.

Сондай-ақ топтарды құру үшін пробанда тұқымының аналығы ретінде бұқалармен жасты қашарлар өсірілді. Олар бойы, 6, 12 және 18 айлығындағы дамуы, 6 айлық жүктілік кезіндегі дамуы және бірінші сауыны бойынша бағаланды. Олардың 7 айлық сауын кезіндегі сауылуы кг, толық саууда болжам бойынша 4 мың кг және одан да көп болуы мүмкін.

1. Жобаның аталымы. «Солтүстік Қазақстандық етті –майлы-жүнді бағыттағы ақ , ақшыл қылшық, ұяң жүнді қой туқымының жаңа типін шығару»

2. Жобаның қолданылымы. Солстүстіқ Қазақстандық етті-майлы-жүнді бағытындағы үлкен құйрықты, сүттілігі жоғары, тұрақты генетикалық тұқым құалаушылық қасиетімен ұрпақтарының өнімдерін жетілдіріп-молайтушы (әр аналыққа 2,5-3,0 кг жүн, кг ет өнімділігі) жаңа қой тұқымының типін шығару.

3. Қолданылуы, бәсекеге қабылеттілігі, өнертабыс (инновациялық патенттер) өтінімділігі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану мүмкіншілігі ауқымды, еліміздің қой шаруашылықтарындағы селекциялық үдерістерді жетілдірумен зерттеу жұмыстарында үлкен құйрықты, сүттілігі мол, ет өнімділігі (әр аналыққа 2,5-3,0 кг жүн, кг ет өнімділігі) жоғары, сапалы ет өңдіруде HACCP ( Hazard Analysis Critical Control Point) концепциясы негізінде өнімдер алудың (қозы-тоқтыларды қарқынды өсірудің технологиясын жетілдіру арқылы) ғылыми-тәжирібелік мүмкіншіліктерін арттыру. Қой шаруашылықтарында жаңа типтегі құйрықты қой тұқымының тоқтыларын қарқынды өсіріп, қозы етін молайтумен, қой өнімдерінің сапасын жетілдірудің ғылыми негіздерін талдап - зерттеу нәтижесінде бәсекеге қабылетті жоғары сапалы өнімдер алудың мүмкіншіліктері арттырылып, жаңа тұқымның өнімдеріне сұраныс артып одан алынған шикізаттық өнімдерінен жаңа тағамдық өнімдер алудың жолдары анықталуда:

№ 000 «Ет-өсімдіктерден жартылай фабрикаттар алу өндірісі тәсілі» өнертабысқа инновациялық патент. Өнеркәсіп меншігі ресми бюллетень №11, 2008. Қазақстан Республикасы Өнертабыстардың мемлекеттік тізіміне 25.08.2008 тіркелді

№ 000 «Ет-өнімдерін алу үшін құрылым жасау өндірісі тәсілі» өнертабысқа инновациялық патент. Өнеркәсіп меншігі ресми бюллетень №2, 2009. Қазақстан Республикасы Өнертабыстардың мемлекеттік тізіміне 25.11.2008 тіркелді

№ 000 «Тағамдық пепсинді өндіру әдісі» өнертабысқа инновациялық патент. Өнеркәсіп меншігі ресми бюллетень №2, 2009. Қазақстан Республикасы Өнертабыстардың мемлекеттік тізіміне 25.11.2008 тіркелді

№ 000 «Геродиетікалық өнім» өнертабысқа инновациялық патент. Өнеркәсіп меншігі ресми бюллетень №2, 2009. Қазақстан Республикасы Өнертабыстардың мемлекеттік тізіміне 25.11.2008 тіркелді

Сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін мал шаруашылығы мамандарын даярлауды жетілдіру жөніндегі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқу-тәжирібе жұмыстарына пайдалану жөніндегі сертификаттарана ие болуда

№ 000 Электрондық оқу тәжирібесінде «Қой шаруашылығы, қой еті, жүн өндіру технологиясы»

№ 000 Электронды курстық жобаны жасауға арналған оқу әдістемелігі «Қой шаруашылығы, қой еті, жүн өндіру технологиясы».

4. Ғылыми-зерттеу жасалымдарының жүзеге асыруға дайындығы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері университеттің базалық шаруашылықтарында: ЖШС «Бастау» Атбасар ауданы, Ақмола, ШҚ «Шаушен» Тұрар Рысқұлов атындағы аудан Жамбыл облыстарында іске асырылуда

5. Практикалық - тәжирібе ауқымы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен іске асырылуда

6. Қаржыландыру көлемі 10972,2 мың тенге

7. ҒЗ Жұмыстарының таратылу жағдайымен әдіс - тәсілдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ЖШС «Бастау» Атбасар ауданы, Ақмола, ШҚ «Шаушен» Тұрар Рысқұлов атындағы аудан Жамбыл облыстарында іске асырылуда. Келешекте ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен жоғары өнімді еті-майлы-жүнді бағытындағы құйрықты қойлардың жаңа типімен аталық іздері, әсіресе үлкен құйрықты, сүттілігі мол, жетілгіштігі жоғары еділбай қойлары Еліміздің басқа шаруашылықтарында таралуы, қажет етуші шаруашылықтар басшыларымен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылары арасындағы келісім шарт бойынша іске асырылмақшы

8. Жобаның авторларымен жұмысты орындаушылар ҒЗҰйымы тұралы мәлиметтер. Негізгі автор және ғылыми жетекші ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының профессоры, ғылыми қызметкерлер Қазиханова С. Р., , Е-mail: *****@***Ru.

9. Жобаның қысқаша түсініктемесі. Еліміздің солтүстік-шығыс, оңтүстік өңірлерінің шөлді, шөлеітті, Мойын-құм өңірлерінде және қарқынды егіншілікпен айналысатын шаруашылықтарда, әсіресе ШҚ «Май» Павлодар, ЖШС «Бастау», ЖШС «Еңбек» Ақмола, ШҚ «Шаушен» Жамбыл облыстарында көп жылдық жүргізілген селекциялық жұмыстар нәтижесінде етті-майлы-құйрықты, етті-майлы-жүнді құйрықты қойлардың тұқымдары (қазақтың құйрықты қылшық жүнді, еділбай, алай) тұқымдарын зауттық бұдандастыру және Еліміздің асыл тұқымды «Сүіндік», «Бірлік» қой зауттарынан әкелінген таза тұқымды еділбай қойларын өсіру нәтижесінде жоғары салмақты, үлкен құйрықты, сүттілігі мол тез жетілгіш, қалаулы стандарттарының талабына сай, дене бітімі берік, сүйектері жақсы жетілген, кеудесі кең, арқасы жазық, құйрығы үлкен қолайлы жағдайда, жайылымда тез семіріп, құйрық май жинақтай алатын құйрықты қойлардың саны селекциялық отарларда 19,0 мыңнан асты.

Етті-майлы-жүнді қойлардың қозылары мықты, өміршең болып туады, ему кезеңінде тез өседі, енесінен айырарда салмағы 40-45 кг дейін барады.

Әсіресе шөбі шүйгін жайылымдарымен түрлі жем-азықтарымен қамтамасыз етілген жағдайда бұл қойлардың өнімдерін молайтып қарқынды дамытудың мүмкіншілігі мол. Қолайлы жағдайда етті-майлы қойлардың тез өсіп-жетілуі және саулықтардың үлес салмағының көбеюі жас малдарды туған жылы етке өткізіп, немесе шаруашылық жағдайына қарай 2-3 жасқа дейін ісектерді өсіріп бордақылау экономикалық жағынан тиімді. Әсіресе етті-майлы қойларды қарқынды дамытумен тоқтыларды бөліп-емізіп жайылымда өсірумен қосымша 0,2-0,4 кг жеммен азықтандырудың нәтижесінде олардың 4-5 айлығында еті өте сапалы болуымен қатар, өзіндік құны да төмен болады. Құйрықты қойлардың төлдерін туған жылы өткізу, отарда саулықтардың үлес салмағын 75 % болғанда ғана мүмкін болады. Сапасы жоғары тері алу үшін сойысқа баратын қозыларды енесінен айырардан 1-2 ай бұрын қырыққан абзал. Шаруа қожалықтарындағы асылдандыру тәжрибесінде қошқарлардың салмағы 97-102 кг, таңдаулылары 115-120 кг, саулықтары 65-69 кг, таңдаулылары (селекциялық тобы) 75-85 кг тартады. Қозылары ірі болып тууы (5-6 кг). Туғаннан соң екі аптадан кейін қозыларының салмағы 2 есеге, 40 күннен кейін 4 есеге, 3 айлық жасында 7 есеге артады. Енелерінен айырарда (4-5 ай) қозыларының тірілей салмағы 42-45 кг жетеді, ал сойған кезде еті 23-25 кг, құйрығы 3-4 кг тартады. Жақсы бордақыланған 7-айлық ересек тоқтылардың етінің салмағы 30-35 кг, құйрық майы 4-5 кг, бордақыланған ересек ісектердің тірілей салмағын 97-102 кг, таза етін 70 кг-ға дейін жеткізіп, сойыс шығымын 65-69 % дейін дамыту мумкіншілігі бар. Құйрықты тұсақтар 1,5 жасында саулықтардың тірілей салмағының 85 % жетеді. Төлдегіштігі қанағаттанарлық – 100-105 %. Жаңа етті-майлы-жүнді, тез жетілгіш қойларға шаруашылықтардың сұранысы өте жоғары. жылдары базалық шаруашылықтардан 203 қошқар, 1390 ұрғашы тұсақ 15-17 айлығында 20530 мың тенгеге (өзіндік құны 14860 мың тн)сатылып 5670 мың тенге таза пайда алынып рентабельдігі 38,2 % болды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4