Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

1. Жобаның аты. «Қазақстанның Орталық және Солтүстік өңіріндегі әртүрлі меншіктегі шаруашылықтардағы қой өнімдерін өндіру технологиясын жасау».

2. Жобаның міндеті. Қылшық жүнді қүйрықты қойлардың асылтұқымдығын жетілдіру және өнімділігін жоғарлату (оның ішінде сойыстық көрсеткіші).

3. Қолдану саласы, бәсекелестігі, патенттердің болуы. Қылшық жүнді құйырықты қой өсіретін әртүрлі меншіктегі шарушылықтар.

4. Тәжірибеге өткізу үшін дайындық деңгейі. Етті-майлы қойлардың өнімділік-асылтұқымдылығын жетілдіру бойынша ұсыныстар.

5. Тәжірибеге енгізу көлемі. Іздену нәтижелерін 3000 бастан жоғары қой басын өсіретін әртүрлі меншіктегі шаруашылықтарға енгізу тиімді.

6. Жобаның қуны, жобаның қажеттілігінің техникалық-экономикалық негізі. Шаруашылықтың көлеміне (қой басына) байланысты жобаның құны 2,0 млн тг., және одан жоғары болуы мүмкін.

Негізгі кіріс (пайда) 4-4,5 және 16-18 айлық еркек тоқтыларды етке өткізуден алынады. Осы жағдайда, өнім өндірудің тиімділігі 35-40% және одан жоғарыны құрайды. Яғни, жобаның тиімділігі ересек тоқтылардың саны мен тірі салмағына байланысты.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

7. Жобаны берудің жағдайы мен түрі, қызметтестік түрі. Екі жақты қанағаттандыратын келісім-шарт жасау негізінде.

8. Жобаның авторлары, ҒЗҰ адресі, телефон, факс, электрондық почта. Қ., а. ш.ғ.д., профессор, , а. ш.ғ.к., доценттер, , в.ғ.к.,доценті; Ғылыми-зерттеу ұйымы (ҒЗҰ) – Астана қ-сы, Жеңіс к-сі, 62, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті (КАТУ); , ; эл. почта – agun@ .

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Басқа қой тұқымдары мен салыстырғанда, еділбай және қазақтық құйрықты қылшық жүнді қойлары жазғы-күзгі жайылым жағдайында қосымша азықтандырусыз жоғары тірі салмағымен, ал қыс мерзімінде жеткіліксіз азықтануды жеңіл көтеруімен ерекшеленеді.

Қылшық жүнді құйырқты қойларды тиімді өсіру мақсатында 3000 бастан артық қой басын, оның ішінде 70% кем емес аналық саулық үлесін ұстап, еркек тоқтыларды енесінен айырған мезгілде 40 кг және жоғары салмақтыларын етке өткізіп, қалған еркек тоқтыларды 60-90 күндік жайып, семіртуге қою керек те, 50 кг және одан жоғары тірі салмақтыларын етке өткізу қажет. Етке сою барысында семіртілген тоқтылардың ұша шығымы 52%, сойыс салмағы 27,0 кг және сойыс шығымы 54%, ал тиімділігі 40% және онан жоғарына құрайды. Сонымен қатар, азық қоры мол шаруашылықтар еркек тоқтыларды және т. б. өсіруге жарамсыз қойларды бордақылаумен айналысуына болады.

Жоғарыда келтірілген қойлардың өнімділік көрсеткіштері үдайы селекциялық-асылтұқымдық жұмыстар жүргізу және қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің жаңа технологияларын (бағу-күту, семірту және бордақылау) енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.

1. Жобаның атауы «Жылқы паразитоздарында емдеу жұмыстары мен жайылымдық дауалауды оңтайландыру арқылы ет сапасын арттыру және экологиялық тұрғыдан таза қауіпсіз жануар текті өнімдерді халықаралық стандарттар бойынша Қазақстан жағдайына сәйкестендіру»

2. Жобаның мақсаты. Әртүрлі шаруа қожалықтарындағы жылқылардың гельминтоздарын емдеу және алдын алау үшін.

3. Қолданылу бағдары, конкуренттілігі, патенттердің болуы. Ветеринария, ҚР территориясындағы қолдануға ниет білдірген жылқы шаруашылықтарына конкурентсіз. Аталмыш өнімге патенттелген (№ 000, №6 15.06.2009ж. жарияланған). Өнімге ғылыми-техникалық құжат пен қолдануы бойынша нұсқау даярланған.

4. Өндіріске енгізудің дайындық деңгейі. Антгельминтті препараттарды сатып алуға және азықтық-емдік грануланы өндіруге керекті мөлшерде қаражат бөлінген жағдайда өндіріске енгізуге 100% мүмкіндік бар.

5. Енгізілу көлемі. Азықтық-емдік гранулалардың фенбендазол (АЕГф) және альбендазол (АЕГа) антгельминтті препараттарымен даярланған екі варианты Ақмола және Қарағанды облыстарының 8 әртүрлі шаруа қожалықтарында сынақталды.

6. Жобаның құны, жобаны қолдануды техникалық-экономикалық тұрғыдан негіздеу. Антгельминтті препаратты (түріне қарай) сатып алуға және 1 тонна азықтық-емдік грануланы даярлау үшін 108-120 мың теңге жұмсалады. Тірі салмағы 300 килограмм жылқыға 1 килограмм АЕГ немесе 108-120 теңге қажет, яғни барлығы 1000 жылқыны емдеуге жетеді. Ал осыншама жылқыны басқа препараттармен, соның ішінде пастатектес ивермектиндермен дәрілеу үшін 450-620 мың теңге жұмсау керек.

7. Жобаны берудің тәртібі мен жолы, қарым-қатынас үлгілері. Екіжақты келісім шарт негізінде қарым-қатынас үлгісі бойынша жүргізіледі.

8. Жобаның авторлары, ҒЗБ адресі, телефоны, факсы, электрондық почтасы. В.ғ.к. , ізденуші . Астана қаласы, Победа даңғылы 62, т., , эл. почта *****@***kz

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Жылқы шаруашылығында мал өнімін (ет, қымыз) арттыру көпшілік жағдайда азықтандыру мен бағып-күту жүйесіне байланысты, сонымен бірге жұқпалы, оның ішінде инвазиялық аурулардан ада болғанда ғана мүмкіндік туады. Қазақстанның солтүстік өңірінде жайылым жылқыларының гельминтоздарға шалдығу деңгейі кейде 100% дейін жетеді. Емдік және сақтық шараларының жүргізілмеуінен жайылым уақытында жылқыларда 30 жуық эндопаразиттер әртүрлі мүшелері мен ұлпаларында тоғышар ретінде мекендейді. Қазіргі уақытта барлық сатылымдағы етті жеке меншік иелері өндіреді. Осыған байланысты дұрыс сарапталмаған етте, әсіресе оның құнды мүшелері (қазы, қарта, қарын, іш майы, бауыр) залалданып сатылымға түседі.

Жеке меншік иелеріне қазіргі уақытта иелігіндегі жылқыларын қымбат дәрілермен емдеу мүмкін емес және көпшілігі оны жүргізе бермейді. Сонымен қатар, жүген-құрық тимеген, асау жылқыларды жекелей дәрілеу үшін айтарлықтай қаражат пен жұмысшы қолы қажет және емдеу шараларын жүргізу кезінде жылқылардың көпшілігі және адамдар жарақаттанулары мүмкін. Осыған байланысты жылқыларды дегельминтизациялауға қажетті ыңғайлы емдік дәрілердің формаларын іздестіру және ұсыну қазіргі уақытта маңызды болып табылады.

Жоғарыдағы олқылықтарды ескере біз азықтық грануланың құрамына екі түрлі антгельминтті препараттарды арнайы технологиялық жүйеде араластыра ат қора мен жайылым жағдайында қолдануға болатын азықтық-емдік грануланың екі вариантын даярладық. Азықтық-емдік грануламен бір уақытта 20-30 жылқыны 8-12 сағат ашықтырып топтап еркін түрде дәрілеуге болады.

Жайылым жылқылары нематодоздармен дерттенгенде фенбендазолы бар азықтық-емдік грануланы (АЕГф), ал нематодоздарға цестодоздар араласып тіркелсе, альбендазолы бар азықтық-емдік грануланы (АЕГа) қолдануды ұсынамыз.

Жоғарыда көрсетілген АЕГф және АЕГа екі вариантын қолдана екі облыстың 8 шаруа қожалықтарына қарасты 3500 жуық жылқыларын дәрілеу барысында тиісінше 81-87 и 88-92% экстенстиімділік алынды.

1. Жоба атауы «Мал шаруашылығын қазіргі заман талаптарына сай жүргізу кезінде инфекциялық аурулардың алдын алу және олармен күресу бойынша эпизоотологиялық мониторинглеу, бағамдау, болжау және ветеринариялық; шараларды жоспарлау әдіс-тәсілдерін құрастыру».

2. Жоба арнылымы. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруын эпизоотологиялық және иммунологиялық; мониторинглеу әдіс-тәсілдерін құрастыру.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Құрастырылған жұмыстардың нәтижелері ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруын эпизоотологиялық және иммунологиялық мониторинглеу әдіс-тәсілдерін құрастыру, жылдарға арнап эпизоотияға қарсы шаралар жоспарын құру бойынша республиканың ветеринариялық практикасында қолданысын тапты. Жұмыс нәтижелері бойынша 1 авторлық куәлік алынып, 2 әдістемелік нұсқаулық құрастырылды.

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Жұмыс нәтижелері аусылға қарсы эпизоотиялық шаралар жоспарын ұйымдастыру кезінде өндіріске енгізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша аусылдың пайда болу қауіпіне орай республика аумағын аймақтарға бөлу жасалынды. Қазақстан Республикасы аумағына ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруын енгізу тәуекелділігі мен оны болжамдау бойынша талдаулар жасалды.

5. Ендірілу көлемі. Өткізілгене зерттеу нәтижелері осы инфекция бойынша республиканың эпизоотиялық картасын құрастыру үшін негіз болды. Республиканың түрлі өңірлеріндегі пайда болуының болжамды тәуекелділік қауіпін ескере отырып аусылға қарсы ветеринарлық шаралар ұйымдастыруы тұрғысынан ұсыныстар жасалды. Инфекциялық аурулардың алдын алу және олармен күресу бойынша эпизоотологиялық болжамдау мен жоспарлаудың, эпизоотологиялық мониторинглеу мен тәуекелділікті талдаудың әдістемелеік нұсқамалары құралды.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Көршілес елдердегі аусыл бойынша күрделі эпизоотиялық жағдайға байланысты еліміздің әр өңірінде аумақты аймақтарға бөлу, вакцина қабылдаған жануарлардағы иммунитет қарқындылығын зерттеу бойынша эпизоотологиялық мониторинглеудің, вакцина қабылдамаған жануарлар арасында антиденелер бар-жоғын анықтаудың үздіксіз, тынымсыз жұмыстарын атқару керек. Жоба құны 6 млн. теңге.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. ОТабыс етудің негізгі әдісі практикалық ветеринар мамандарына білім беру мақсатымен семинарлар, тренингтер өткізу.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта.. Әбдірахманов С.Қ. в.ғ.к., доцент, орындаушылар: , Тұрсынқұлов Ш. Ж., , Қадырбеков Х. Х., Ешмұхаметов А. Е. Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, , е-мail: *****@***kz

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Қазіргі уақытта ХЭБ сарапшыларының ұсыныстарын ескере отырып еліміздің аумағында эпизоотологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру қажет екені сөзсіз, себебі, ауруды бақылау, оның уақыт аралығындағы, аумақ бойынша және жануарлар тобы арасындағы динамикасын зерделеу жеткіліксіз. Осыған орай, эпизоотиялық саулық қамтылуы мен ауыл шаруашылығы саласының деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін үздіксіз эпизоотологиялық және иммунологиялық мониторинг өткізілуі керек.

1. Жобаның атауы: «Жануарлардың саңырауқұлақтық ауруларын балауға арналған алдын алу шараларын әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Жануарлардың дерматомикозын балаудың жаңа әдістерін әзірлеу. Моноклоналды антиденелер негізінде ірі қара малдың, түйенің және адамдардың зооантропонозды трихофитиясын балауға арналған әдіс жалған нәтижелердің болмауына және аурумен залалданған жануарларды анықтау қарқындылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

3. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Ветеринария, атап айтқанда, әртүрлі деңгейдегі ветеринарлық зертханалар, емдеу орындары және басқа да ветеринарияға қатысты мекемелер, ғылыми-зерттеу зертханалары. Жобаның бәсекеге қабілеттілігі жоғары, яғни диагностикумдар молекулярлық-биологиялық әдістердің көмегімен әзірленген, телімділігі жоғары. ҚР және Ресейде аналогтары жоқ. ҚР 2 инновациялық патенті алынды және патент алу үшін 4 өтініш тапсырылды.

4. Тәжірибелік сынауға дайындық дәрежесі. ИФТ-дың «сэндвич» және жанама тәсілдерінің оңтайлы қойылымдарының шарттары, балаулық тест жүйесінің жинақтары және тіркеулік сынақтан өткізуге қажетті материалдар әзірленді.

5. Енгізу көлемі. T. verrucosum қоздырғышының полисахаридті және белокты антигендеріне телімді моноклоналды антиденелерді өндіретін 2 гибридті штамы Қазақстан Республикасының ҰБО микроорганизмдер коллекциясында депонирленді.

6. Жобаның құнымен, техника-экономикалық орындалу дәйектілігі. Алынған моноклоналды антиденелердің штамм - продуценті физика-химиялық қасиеттері бойынша біртекті иммуноглобулиндерді өндіре алады. Диагностикалық зерттеулердің сезімталдығы мен телімділігін жоғарлатуды қамтамасыздандырады. Бір штамды алуға кететін жұмыс бағасы 6500 тенге.

7. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісім шарт негізінде.

8. Жобаның авторы, ҒЗО мекен жайы, телефон, факс, электрондық почта. С. Сейфуллин атындағы КазАТУ доценті, в.ғ.к. , Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, , ; E-mail: *****@***ru

9. Жобаның қысқаша сипаттама. Дерматомицеттердің референтті және клиникалық штамы зерттеу нысаны болып табылады. Аталмыш штамдардан, химиялық тектілігі әр түрлі антигендер тазаланып алынды. Сонымен қатар алынған препараттардың антигендік және иммуногендік қасиеті анықталды. Иммуногенділігі жоғары болған антигендерді гибридомалық технологияда моноклоналды антиденелер алу үшін қолданылды. Алынған моноклоналды антиденелер негізінде сыртқы орта нысандарынан зооантропонозды дерматомикоздардың анықтауға және ажырата балауға арналған иммунды ферменттік талдаудың тест-жүйесі әзірленді.

1. Жоба атауы «Ірі қара малдың репродуктивтік органдары ауруларын емдеу және алдын алу әдіс-тәсілдерін құрастыру».

2. Жоба арналымы. Ірі қара малдың ұдайы өніп-дамуын, көбеюін қамтамасыз ету мақсатында емдеу және алдын алу әдістерінқұрастырып, тәжірибеде пайдалану.

3. Қолданылу саласы, бәсекелестілігі, патенттер жайлы мәліметтер. Ветеринария, туу, туудан кейінгі кезеңде патологиялардың алдын алу бойынша ауылшаруашылығы орындары. № 000 «Сиырлар эндометритін емдеу әдісі» авторлық күәлігі алынды.

№ 000/1431.1 мен № 000 «Сиырлардың шуы түсуі кешеуілдеуін емдеу әдісі» авторлық күәлігі.

Ұсыныстар «Туу цехында сүтті малдарды ұдайы өндіру технологиясын (ҚР өнерттапқыштыққа инновациялық патенті) «бәрі бос-бәрі толы» принципын ұстана отырып, барлық өндірістік орындар мен бір бағытта жануарлар қозғалысының қдайы өндіру кезінде қолданылуын бақылау, бұл ветеринарлық-санитарлық ережелер сақталуын қамтып, ақыр сонында аналық мен төлдер басын сақтау мүмкіндігін береді.

4. Практикада іске асыру бойынша даярлық дәрежесі. Практикада қолданылу үшін толығымен дайын.

5. Ендірілу көлемі. Ұсынылған нұсқамалар Ақмола облысы шаруашылықтарында сыналды, практикаға енгізу бойынша ұсыныстар құрастырылды.

6. Жоба құны, жоба жарамадылығының техникасылық-экономикалық негізделуі. Аталған жұмыстар орындалуы үшін – туу цехында сүтті малдарда ұдайы өндіру технологиясы» тәсілін енгізу, ЭДО-3 аппаратын, ветеринарлық препараттар т. б. алу үшін материалдық шығындарды қажет етеді.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен тәсілі, қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынас түрі келісім-шарт негізінде.

8. Жоба авторлары, ҒЗҰ мекен-жайлы, телефон, факс, электронды пошта. И. Т. Жақыпов, доцент, Т. Ж. Әбдірахманов в.ғ.д., профессор, в.ғ.к., доцент С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Астана қ., Жеңіс д-лы, 62.

9. Жобаның ұысқаша мазмұны. Сиырлардың туу және туудан кейінгі кезеңі ауруларын емдеу үшін жартылай функционалды әрекеттегі препарат натрий гипохлориті ұсынылады туу және туудан кейінгі кезең аурулары этиологиясындағы шартты патогенді микрофлора рөлін төмендету мақсатында туу цехында сауын сиарлыры ұстау технологиясын құрастыру.

Өткізілген зерттеулер нәтижесінде жыныс органдарының микробты ластанғалы анықталды, микроорганизмдердің натрий гипохлориті препаратына сезімділігі 300 мг/л, 600 мг/л, 900 мг/л мөлшерлерінде зерттелді. Жіті туудан кейінгі эндометриттерді, шу түспеуін, туудың патологиялық ағында өтуін, жасырын субклиникалық эндометритті емдеу кезінде натрий гипохлоритінің терапиялық тиімділігін анықтау. Туу цехында жетілдірілген ұстау әдісін қолдану туу патологияларын басқа әдістермен салыстырғанда 4,9-12,3%, туудан кейінгі патологияларды 5,8-9,7% төмендетуге мүмкіндік берді.

Ұдайы өндірудің жетілдірілген технологиясын пайдалану бұраулар өмірін 93,3% сақтау мүмкіндігін жасады «бір бос-бәрі толы» принципін ұстану ветеринарлық-санитарлық ережелер ұстануына жағдай жасап, ақыр аяғында аналықтар мен төлдер сақталуын қамтиды.

Анализ состояния семеноводства кормовых трав в Республике Казахстан и Акмолинской области показал, что в регионе до сих пор нет ни одного семеноводческого хозяйства по этой группе культур, а для залужения всех имеющихся бурьянистых залежей только в продовольственном поясе потребуется не менее 30 тыс. тонн семян многолетних трав. В связи с этим, кроме развития сети семхозов массового размножения семян кормовых трав, следует организовать дальнейшее их размножение в каждом животноводческом хозяйстве в необходимом количестве.

Опыт показал, что на освоенных бурьянистых залежах в зависимости от вида культур можно получать от 1,5 (житняк, люцерна) до 6 ц/га (эспарцет) семян кормовых трав.

1. Жоба атауы «Жануарлардың азықтық токсикоинфекцияларына қарсы емдік-профилактикалық шаралар құрастыру».

2. Жоба арнылымы. Микоз, микотоксикоз, гельминтоздарды емдеу үшін тиімді өсімдік текті препараттарды құрастырып, ендіру, сонымен қатар, динамикалық электронейроынталандырғыш жаңа аппараттарының көмегімен (ДЭНС).а/ш жануарларының аурулурының алдын алу.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Жоба нәтижелері ветеринария саласында қолданылатын болады. Саңырауқұлаққа қарсы, антигельминттік және детоксикациялағыш препараттар, ДЭНС аппараттары мал шаруашылығы кәсіпорындарының, және олармен байланыс жүргізетін ұйымдардың жұмысына ендірілуде. Екі авторлық куәлік алынды: «Микроскопияда сандық фотографиялауға арналған құрылғы» және «Описторхозды емдеу құрылғысы».

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Зерттеу нәтижелері бойынша «Микоз, микотоксикоз, гельминтоздарды емдеу үшін тиімді өсімдік текті препараттарды құрастырып, ендіру, сонымен қатар, динамикалық электронейроынталандырғыш жаңа аппараттарының көмегімен (ДЭНС).а/ш жануарларының аурулурының алдын алу» ұсыныстар құрастырылды, олар құрылымдық ғылыми еңбектің ғылыми негізделген түрде ветеринария саласында пайдаланылуын қамтамасаз ететін болады.

5. Ендірілу көлемі. Жұмыс Ақмола облысының «Родина» ӨК, «Ижевское» ӨК және «Күйгенжар» АҚ жағдайында сиырлар мен тауықтарға жүргізілді. Қазіргі уақытта жоба нәтижелерін аталған шаруашылықтар мен Астана қ. ветеринарлық клиникалары жағдайында пайдаланып жүр.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Жарамдылығы ретінде жобаны орындау барысында қол жеткізілген құрылымдар жануарларды емдеу кезінде тиімді, әрі қолданыстағы синтетикалық медикаменттермен салыстырғанда қол жетеерлік және арзан болуында, айта кетері жоба құны 3 млн. теңге.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. Зерттеу нәтижелерін а/ш кәсіпорындарының өндірістік қызмет ету аясына ендіру бойынша ақпараттық-кеңес беру тренингтерін өткізу.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта. Майқанов Б. С. б.ғ.д., профессор, т. 8(7172), Е-mail: *****@***ru, орындаушылар: в.ғ.к., *****@***ru Әділбеков Ж. Ш. в.ғ.к., доцент, Қ. в.ғ.к.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Жұмысты орындау барысында атжалмандарға 10 мг/кг-нан 50 мг/кг дейін, иттерге қарсы 80-нен 100 мг/кг дене салмағына дейін описторхоздық инвазияға қарсы Saussurea amara өсімдігі тұнбасының тиімді мөлшері анықталды. Saussurea amara тұнбасын дронцитпен салыстыра отырып пайдалану описторхозбен ауруларды емдеу күнін, жағымсыз асқынуларсыз, 10 күнге қысқартады, бұл дронцит пайдаланғанға қарағанда 25 күнге аз.

Афлатоксикозбен ауыратын сиырлар мен тауықтарды емдеу үшін фитопрепараттарын пайдалану кезінде өсімдік текті «Тополин» препаратының Aspergillus flavus саңырауқұлағының метаболиттеріне қатысты антитоксикалық әсері сенімді түрде көрсетілді. Айтарлықтай айқын антитоксикалық әсер «Тополин» фитопрепаратын және динамикалық электронейроадаптивтік ынталандыруды қоса кешенді қолданған кезде байқалады, бұл жайында сиырлар мен тауықтардың жалпы клиникалық және гематологиялық; көрсеткіштерінің нәтижелері дәлел бола алады. ДиаДЭНС-ДТ ваппаратын «скрининг» режимінде пайдалану оны тауықтар афлатоксикозын аурудың алғашқы күндері диагностикалау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.. Сонымен қатар, бұл терапия түрі желінсау, эндометрит, көз аурулары мен жануарлардың түрлі жарақаттары кезінде табысты сынақтан өтті.

1. Жоба атауы «Ветеринарлық қадағалау нысандарын санациялау үшін дезинфекция және дератизация әдістерін құрастыру».

2. Жоба арнылымы. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау нысандарын санитарлық-гигиеналық бағалау және препараттар мен электрохимиялық белсендірілген ерітінділердің дезинфицирлегіш және дезинвазиялағыш белсенділігін зерттеп анықтау.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Ветеринария, ет-сүт өнімдерін өндіру, өңдеу мекемелері, сауда орталықтары мен базарлар. Өнертапқыштыққа ҚР инновациялық патенті алынды, Астана, мемтіркеу № 000/020ж.

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Инвазия және инфекциямен күресу барысында экологиялық қауіпсіз дезинфектант анықталды.

5. Ендірілу көлемі. Зерттеу нәтижелері ветеринариялық инспекторлардың ветеринариялық-санитарлық қадағалау жүргізу бойынша нұсқаулықтарына енгізілді, дезинфектанттар ет-сүт кәсіпорындарына, сауда орындарына, базарларға, жартылай фабрикаттар өндіру цехтарына және қоғамдық тамақтану орындарының тәжірибесіне енгізілді.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Жоба құны -тг.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау нысандары өкілдерімен электрохимиялық белсендірілген ерітінділердің алынуы мен қолданылуы жайында оқыту семинарларын өткізу.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта. Жұмакаева А. Н., в.ғ.к., доцент, Астана қ., Мостовая көшесі 22, 15 пәтер, телефон (-56), орындаушы в.ғ.к.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Экологиялық қауіпсіз дезинфектант - бейтарап анолит АНК мен жуғыш ерітінді – католит іздестіріліп табылды, олар ветеринарлық қадағалау нысандарын залалсыздандыру үшін электрохимиялық белсендіру тәсілімен СТЭЛ-АН-40 қондырғысында жасалынып алынды.

1. Жоба атауы «Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы диагностикалау әдістері мен өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру».

2. Жоба арнылымы. Эпизоотиялық жағдайды зерттеу, вирустардың далалық изоляттарын бөліп алу және олардың негізінде осы ауруларды диагностикалау мен оларға қарсы тиімді өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Құрастырылмдар нәтижелері Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы диагностикалау әдістері мен өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру бойынша республиканың ветеринарлық тәжірибесінде қолданыс тапты. Жұмыс нәтижелері бойынша 8 авторлық куәлік пен 2 пайдалы модельге берілетін патент алынды, өнертапқыштыққа 2 өтінім жасалды.

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы вирусвакцина құрастыру технологиясы өндіріске ендірілген. Қазіргі уақытта бұл препаратттар ветеринарлық препараттардың қоры ретінде пайдаланылады. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасын диагностикалау негізінде тест-жүйелерін алудың технологиялық сұлбалары құрастырылды.

5. Ендірілу көлемі. Қазіргі уақытта Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасының аттенуирленген және вирулентті штаммдары алынған, олар ҚР БжҒМ ҰБО БҚМҒЗИ микроорганизмдер коллекциясы мұражайында депонирленген. Республика аумағын шошқалар басының тығыздығы мен классикалық обаның пайда болуы потенциалды қауіпіне орай аймақтарға бөлу нәтижелері осы инфекцияға қаросы эпизоотияға қарсы шараларды өткізу барысында ескерілген.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Құрастырылған диагностикумдар мен өзіндік алдын алу құралдары экономикалық тұрғыдан тиімді, себебі диагноз қою мерзімін қысқартуға, сондай-ақ қысқа мерзім аралығында иммунды жануар бастарын құру мүмкіндігін береді. Жоба құны 5 млн. теңге.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасын диагностикалау үшін моноклоналды антиденелер негізінде тест-жүйе алудың технологиялық сұлбасы жасалынды, ИФТ тест жүйесі құрастырылды.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта. Әбдірахманов С.Қ. в.ғ.к., доцент, орындаушылар: , , Қойбагаров М. А. Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, , е-мail: *****@***kz.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Қазіргі уақытта республикада шошқалар басы ұлғаю үстінде. Осыған орай мониторингтік зерттеулер өткізу аталған аурулар бойынша эпизоотиялық жағдайды анықтау үшін аса маңызды. Құрастырылған ветеринарлық препараттар эпизоотиялық хал-ахуалды жақсы ұстану мен диагноз қою үшін өз септігін тигізетін болады. Кейіннен ШКО қарсы өсінділік вирусвакцинаны құрастыру бойынша ізденістерді жалғастыру және моноклоналды антиденелер негізінде ИФТ құрастыру қажет.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4