Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.
Экономикада шығындардың балама түрлері шығындарды жоспарлауда, болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік баламалы түрде пайдалану тұрғысынан қарастырылса, оларды жіктелген шығындар деп атайды.
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар болған кезде пайда болады.
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан экономикалық шешімдер қабылдау кезінде есепке алынады. Ондай шығындар өзінің құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға қарасты ресурстарды пайдалану шығындары) қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды пайдалануға байланысты есептелген
төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай шығындар нақты емес немесе имплицитті шығындар деп те аталады. Сонымен қатар, баламалы шығындар ресурстардың шектеулі кезінде пайда болатындығын атап өткен жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса, жіктелген шығындар нөлге тең болады. Балама шығындары кейде қосымша шығындар деп те аталады.
Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады.
Шығындардың мұндай түрлері экономикалық тұрғыдағы басқару шешімдерін қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау тәсілдерінде экономистер мен бухгалтерлердің атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық анықталады. Экономистер ресурстарды жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.
Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты талқылап, содан кейін экономикалық табыс табу жолдарын қарастырады.
Экономикалық пайда дегеніміз түсім мен барлық жіктелген шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді. Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты (бухгалтерлік)
шығындарды және бухгалтерлік табыс көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа түсім мен нақты шығындардың арасындағы айырма жатады.
Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады. Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.
Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.
Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді.
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.
Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.
Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.
Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.
Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.
Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.
Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.
Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.
Шығындарды басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.
Мұндай жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соның әсеріне шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары және сфера шеңберінде, содан кейін калькуляция объектісі бойынша жинақталады. Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі қарастырылды, енді келесі бөлімшеде шығындарды басқару мен талдауды қарстырамыз.
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді қолдану, өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу және олардан болатын пайданы максимизациялау. Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді, себебі басқарудың барлық элементтеріне тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі бір тауар түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар - өндіріс көлемі - пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
- кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
- шығындарды басқарудың негізгі функциялары арқылы анықтау;
- шығындарды жекелеген құрылымдық бөлімшелері бойынша есептеу;
- өнімнің (жұмыс, қызмет) бір бірлігіне деген шығынды есептеу - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау;
- шаруашылық шешімдер қабылдау барысында шығындарды бағалауға көмектесетін ақпараттық базаны дайындау;
- бақылаудың және шығындардың өзгеруінің техникалық тәсілдері мен құралын анықтау;
- кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерінде және өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде шығындарды төмендету қорларын іздеу;
- шығындарды нормалау әдісін таңдау;
- өндіріс процесін, ассортименттік және баға саясатынын қалыптастыруды, инвестициялау нұсқасын таңдауды, өнім өтімі мен өндіріс көлемін болжауды жетілдіру бойынша басқарушылық шешімдерін қабылдау мақсатында шығындарды талдауды жүргізу.
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
- өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;
- шығындарды әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша, көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша бақылау және талдау;
- белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;
- кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.
Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады. Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде шығындарды басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге болады.


Сурет 1. Шығындарды басқару жүйесі
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін 2-ші суреттен көруге болады.


Сурет 3. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесі
Шығындарды бақару жүйесінің негізгі элементтері болып шығындарды басқару объектілері (бұл шығындардың деңгейі, құрамы мен құрылымы) мен шығындарды басқару технологиясы (шығындардың нақты көрсеткіштерінің жоспарлыдан ауытқуын анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыру) табылады.
Шығындарды басқару жүйесін ұйымдастыру кәсіпорынның
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды талап етеді. Процестік тәсілдің мәні кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында: негізгі бизнес-процестер және қосымша бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен және тұтынушыға жеткізумен байланысты. Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру, өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі бола отырып, негізді жоспарлануы үшін ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау функционалды циклды аяқтайды және онымен бір мезгілде оның басы болып табылады. Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер, шығындардың экономикалық элементі мен калькуляция баптары, қызмет түрлері, өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс процесі кезеңдері мен есептеудің басқа да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі. Кәсіпорында шығындарды талдаудың мазмұны 4-ші суретте көрсетілген.


Сурет 3. Кәсіпорында шығындарды талдау схемасы
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарды талдау өзіне негізгі жұмыстарды орындауды қосады:
1) өндіріске деген шығындардың жалпы сомасы мен экономикалық элементтері бойынша өнімнің өтімін талдау. Талдау өндіріске деген шығындарды зерттеу және экономикалық элементтер шегінде негізгі қызмет түрі бойынша өнімді (жұмыс, қызмет) ұсынуды болжайды.
Талдау есепті кезеңнің экономикалық элементтері бойынша нақты шығындардың үлес салмағын өткен кезеңнің аналогиялық көрсеткіштерімен, сонымен қатар жоспарлы мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бұндай тәсіл шығындар құрылымындағы өзгерістерді анықтауға және
өнімнің материал сыйымдылығының, қор сыйымдылығының, еңбекақы сыйымдылығының және еңбек сыйымдылығының өзгерісін анықтауға көмектеседі.
Жекелеп қарастыратын өнім (жұмыс, қызмет) өтімі мен өндіріске кеткен шығынның жалпы сомасындағы материалдық шығын үлесінің өзгеруін
талдау кезінде жекелеген ұйымдардың қызметтеріне кеткен
төлемдердің шығындарын ұлғайтуды және олардың өсу себептерін анықтауды талап етеді.
Еңбекті өтеуге кеткен шығындар үлесін салыстырмалы ұлғайту кезінде материалдық шығындардың үлес салмағын азайту өнім құрамындағы құрылымдық жылжумен байланысты.
Шығынның жалпы сомасындағы амортизация үлесінің өзгерісі өндірістің қор сыйымдылығының динамикасы мен жұмыскерлердің еңбек қорымен қамтамасыз етілгенін, сонымен қатар аморизацияны есептеудің жаңа тәсіліне ауысуын көрсетеді. Амортизацияға деген шығын үлесін азайту негізгі қорлар мен олардың тасымалдануының массалық тозуын куәландырады, ал осы шығындар үлесінің артуы өндіріске жаңа техниканы енгізумен және жеделдетілген амортизациямен байланысты болуы мүмкін.
Экономикалық элементтері бойынша кәсіпорынның жалпы шығындарын талдау шығындар сомасының элементтері мен олардың құрылымы бойынша өзгеруінің нақты себептерін ашу керек.
2) калькуляциялау баптары бойынша дайын өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын талдау. Оның талдау объектісі болып кәсіпорынның (немесе өндірістік бөлімшелердің ) дайын өнімнің өзіндік құны мен жекелеген бұйымдар (жұмыс, қызмет) табылады. Ол алдыңғы кезеңмен немесе жоспармен салыстырғанда қандай баптар бойынша үнемдеуге қол жеткенін,
ал қандай баптар бойынша шығын шыққанын анықтауға көмектеседі.
Басты назар ең көп өзгерістер мен шығын шыққан бапқа аударылады.
Тура калькуляциялық баптар бойынша шығындардың өзгеру себептерінің бірі өнім (жұмыс, қызмет) көлемін ұлғайту (немесе азайту) және оның құрамын өзгерту болып табылады. Тура материал шығындарының өзгеру себептері болып шығындар нормасының өзгеруімен материалға, жанармайға,
жартылай фабрикаттарға деген бағалар (тариф) мен ұйымдардың өндірістік мінездегі қызметтерінің өзгеруі табылады.
«Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы» бабы бойынша шығындардың өзгеру себептері өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгерісі болып табылады. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақыға деген тура шығындары мен тура материалдық шығындардың өзгерісіне өзара әрекет еруші факторлардың әсері өнім бірлігі мен жеке түрлердің өзіндік құнын талдау кезінде анықталады.
Жанама шығындардың (жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау кезінде олардың есепті жыл сметалары өткен жылмен салыстырылып зеттеледі.
Ақаулардан туындаған жоғалтулар ұлғайған кезде олардың себептері талданып, сонымен қатар осы шығындардың орнын толтыру мен ақауларға кеткен шығындар теңестіріледі. Басқа да өндірістік шығындарды
талдау олардың құрамының түрлері мен есепті жылдағы олардың өзгерісінің себептері өткен жылмен салыстыра отырып анықталады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі бойынша шығындарына талдау жүргізу кезінде есепті кезеңнің нақты шығын деңгейін өткен кезеңмен немесе белгіленген жоспармен салыстыру арқылы құралы мен құрылымы
бойынша шығындардың өзгеру себептері мен көлемін анықтау, шығынның өсуі немесе азаюын шарттастыратын факторларды белгілеу, оларды азайтудың мүмкін болатын қорларын анықтау қажет.
Шығындарды басқару жүйесінде өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын талдау үлкен мағынаға ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденциясын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсуіне факторлардың әсерін анықтауға, өзіндік құнды төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша кәсіпорын жұмысына баға беру мен қорларды белгілеуге көмектеседі.
Өзіндік құн кірістер мен шығындарды өлшеудің негізі, сонымен қатар, қорларды тиімді қолдану мен интенсификацияның жалпылама көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзіндік құнды талдаудың міндеттері:
- өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны бойынша жоспардың шиеленістігі мен негізделуін бағалау;
- өзіндік құн бойынша талдаудың орындалу деңгейі мен динамикасын белгілеу;
- өзіндік құн көрсеткіштерінің динамикасына әсет ететін факторлар мен олар бойынша жоспардың орындалуын анықтау, жоспарлы шығындардан нақты шығындардың ауытқу көлемі мен себептерін анықтау;
- өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау;
- шығын мен түсімнің оптималды арақатынасын анықтау мен бағалау.
Тауар, жұмыс және қызметтің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттық база болып есеп мәліметтері, өзіндік құнның есептік және жоспарлық калькуляциялары, негізгі және қосымша өндіріс бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі табылады.
Отандық кәсіпорындағы шығындарын басқару және талдау жүйесін қарастырдық, ендігі кезекте шығындардың басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастырамыз.
2. Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру өнімнің барлық түрін шығаруға шығындар сметасын өңдеуге және оның негізінде өнімнің өзіндік құнының негізгі түрлерін анықтауға мүмкіндік берсе, ал шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру әрбір жеке өнім түрінің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді.
Калькуляцияның өндірістік шығындар сметасынан айырмашылығы ол нақты бір өнім түріне немесе бір орындалған жұмысқа есептеледі.
Калькуляциялау денегіміз – шығындардың белгілі бір түрін осы шығындардың қажетті баптарына бөлу үрдісін атайды. Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізгі баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляцияны құру уақытына қарай алдын – ала есептелетін калькуляция және соңынан есептелетін калькуляция деп бөлінеді. Алдын – ала есептелетін калькуляция жоспарлық, сметалық және жобалық деп бөлінеді.
Жоспарлы калькуляциялау – бір дана өнімді өндіру үшін кететін шығындарды баптар бойынша есептеу. Ол өнімнің барлық түрлеріне есептелінеді. Есептеу барысында еңбек және өндіріс құралдары шығындарының прогрессивті мөлшерлері қолданылады. Бұл мөлшерлер өндірісті басқару тәжірибесінде өндіріс шығындарының төмендету жолдарын және өзіндік құнды төмендету арқылы пайданы молайту тәсілдерін анықтау мақсатындағы салыстыру эталоны ретінде қолданылады.
Сметалық калькуляция – бұл жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалатын калькуляция.
Жобалық калькуляция – бұл келшекке құрылған жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол күрделі салымның, жаңа техника мен технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылдады.
Соңынан есептелетін калькуляцияға есептік калькуляция немесе нақты шығындар бойынша құрылатын калькуляцияны жатқызады.
Мұндай калькуляция бақылау және басқару жұмыстарын жүргізуде бөлімше басқарушыларының қызметіне байланысты шығындарды есептеуге қажет болады. Кәсіпорында шығындарды толық және дұрыс есепке алу өнімнің толық өзндік құнын калькуляциялауға мүмкіндік береді.
Шығындарды есепке алу объектісі – цехтар, өндірістің жеке сатылары, агрегаттар, бөлімдер және тағы басқалар жатады.
Калькуляциялау объектісіне – өндірілетін өнім, жартылай фабрикатар, әр түрлі қызмет түрлері жатады. Кейбір жағдайларда шығындарды есепке алу объектісі мен шығындарды калькуляциялау объектілері өнімнің бір түрін өңдеуде бір-бірімен сәйкес келеді. Ал кешенді өндірісте шығындарды есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда кеңірек болады, себебі бір өндіріс үрдісінде өнімнің бірнеше түрі өндіріледі.
Шығындарды есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда аздау болатын себебі есепті ұйымдастыру өңдеудің жеке түрлері бойынша жүргізіледі, ал осы өндірісте барлық өнім калькуляцияланады.
Калькуляция объектісінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляция объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялық объектілердің өлшеуіші болып табылады. Калькуляциялық бірліктер төрт түрге бөлінеді:
1 Заттай бірліктер – бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, кг) сәйкес келеді. Ірілендірілген заттай бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


