Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2  Шартты-заттай бірліктер – өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттық құрамы ауытқуы мүмкін:

3  Құнды бірліктер – көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер және өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі;

4  Еңбек бірліктері – кәсіпорын бөлімшесінің өнімін, еңбек шығындарын есепке алып калькуляциялауға арналған бірліктер.

Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т. б. шұғылданатын өндірісте қолданылады.

Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы бойынша өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызмет түрлері бойынша құрастырады.

.

Шығындарды тиімді басқару шығындар жіктелімі басқару объектісінің мәнін толықтай ашумен қатар, оларды есептеудің рационалды әдісін таңдауымен қамтамасыз етіледі. Осы немесе басқа да бір әдістерді қолдану өндіріс спецификасын, оның техникалық және технологиялық ерекшеліктерін, функционалдау шарттары мен басқа да маңызды факторларды ескере отырып жүзеге асырылады, ол кәсіпорын қызметінің нәтижесін есептеудің нақтылығын, оның өндірістік және экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде анықтайды. Шығындарды есептеу жүйесін дұрыс таңдау шығындар туралы максималды ақпарат алуды, бақылау, талдау жүргізуді және олардың негізінде басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Отандық кәсіпорындарда шығындарды анықтау мен есептеу жүйесі орталықтан басқарылатын экономика талаптарына толықтай жауап береді.
Ол өндіріс процесінде пайда болған барлық шығындар туралы ақпарат алуды, негізінен мемлекеттік орталықтандырылған баға қалыптастыру мақсаты үшін өнімнің, қызмет және жұмыстың нақты өзіндік құнын толықтай калькуляциялауды қамтамасыз етті. Шығындар туралы ақпарат алу әдістері айтарлықтай тиімді болды деп айтуға болады. Бірақ, осы шарттар бойынша кәсіпкерлер алдында тұрған мақсаттар шығындарды басқару қызметін жүзеге асыруды, олардың деңгейін азайтуды ынталандырмады. Сол себептен ақпараттың үлкен бөлігі сұраныссыз болып қалды. Шығындарды есептеу әдістерін жетілдіру теориялық негізделген болса да, бірақ тәжірибелік қолданылыс таппады. Қазіргі таңда нарықтық қатынастар кәсіпорындар алдына жаңа міндеттер қойды. Оларды шешу үшін отандық теория мен осы сала бойынша жинақталған практикалық тәжірибе үлкен құндылықты көрсетеді. Бірақ оларды қалыптасқан экономикалық шарттарға бағыттау қажет. Сонымен қатар, мақсатқа сай халықаралық тәжірибеге жүгіну қажет.
Бұл жағдайда біз профессор пікірімен келісеміз, ол шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның экономикасын басқаруда шетелдік теория мен практика айтарлықтай тәжірибе жинағанын атап өтеді, оны зерттеу мен қолдану экономикалық қызметтке қатысушыларға өзекті болып келеді.

Шетелдік экомиканы жарақтандыратын материалдарды зерттеу шығындарды басқару қолданылатын әдістердің үлкен әртүрлілігіне негізделетінін көрсетті. Нарықтың қатаң тәртібі шартында қызмет ететін компаниялардың тәжірибесінде әрқашан баға, өнім сапасы, сатылым көлемі өзгереді, шығындарды анықтаудың және қалыптастыру жолдарының санының көптігі соншалық, оларды санау бірталай уақытты алады.
Шығындарды есептеудің базалық әдісі көп болмаса да, компаниялар алға тартатын әр түрлі мақсаттар үлкен тәсілдердің қиыстырылуының пайда болғанын шарттастырды. Демек, менеджерлер толық шығындарды есептеуді (absorption – cost system) қолана отырып, стандартты шығындарды есептеуіне (standart –cost system ) болады және осылардың барлығын араластырып немесе тапсырыстық тәсілмен (job order – cost system) немесе процестік тәсілмен (process – cost system ) қолданыуы мүмкін.

Қазіргі таңда шығындарды есептеудің бір ғана әдісін, оны басқа әдістермен араластырмай қолданатын кәсіпорындардың үлесі айтарлықтай азайды. Халықаралық тәжірибеде бар шығындарды есептеудің әр түрлі схемалық тәсілі төменде көрсетілген.

Сурет 10. Халықаралық тәжірибедегі шығындарды есептеу тәсілдері

Суреттен көріп отырғанымыздай, қалыптасқан көп түрлі шығындарды есептеу жүйесінде қоланылатын әдістерідің ішінде алты түрі базалық болып келеді. Біз осы тәсілдерді қарастыруға, мәнін ашуға, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға тоқталамыз, отандық тәсілдермен кейбір параллельдер жүргіземіз және біздің экономикамызда жаңа жүйелерді қолдану мүмкіндіктерін бағалауға тырысымыз.

Батыс өндірістік кәсіпорындарында қолданылатын шығындарды есептеу жүйесі көптеген белгілермен сипатталады, оларды оның классификациясы негізіне жатқызуға болады. Осы белгілердің біріншісі – тәсілдің өндіріс технологиясына тәуелділігі. Бұл жерде тапсырыстық тәсіл (job order-cost system) мен процестік тәсіл (process-cost system ) туралы сөз болып отыр.

Келесі екінші белгі – есептеудің уақыттық бағытталуы. Бұл жағдайда тәсілдер нақты шығындар (бұрынға, тарихи) мен стандартты шығындарды (жоспарлы, нормативті) есептеуге бөлінеді.

Үшінші белгі – шығындар көлемі, ол бойынша шығындарды толық жабу тәсілі (absorption-cost system) мен бөлшектеп жабу тәсілін (direct-cost system) шығарады.

Батыс фирмаларында қолданылатын шығындарды есептеу тәсілдерінің атауларына қарап, олардың арасында орталықтандырылған жоспарлау шартында қалыптасқан тәсілдерді басқару және отандық кәсіпорындарда қолданылатын кейбір аналогиялар барын атап өткен жөн. Бұл бізге жақсы танымал өндірісте шығындарды толық есептеу «absorption-cost system» тәсілінде өз көрінісін табуда.

Экономикалық теория мен тәжірибеде осы тәсілдер шығындарды есептеу мен калькуляциялау әдісі ретінде қарастырылады. Бұндай анықтама оларды тек қана бухгалтерлік есеп саласына жатқызады, демек, тек қана есептік жұмыскерлер өтеліміне. Сонымен қатар, бұл жүйелер өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу сияқты салаларды қамтиды және шаруашылық шешім қабылдауда үлкен мағынаны иеленеді. Осыған орай аталған жұмыста олар шығындарды қалыптастыру мен есептеу тәсілдеріне жатқызылады.
Біздің ойымызша, бұл атау оларды үлкен контекстіде жалпы кәсіпорын мен шығындарды басқару позициясында қарастыруға көмектеседі.

Шығындарды тапсырыс бойынша есептеу өнімнің жеке түрлерінің қайталанбайтын немесе аз қайталанатын даналарын шығаратын кәсіпорындарда жүзеге асырылады, сонымен қатар өндірісте жөндеу және эксперименттік жұмыстар жүргізуде қолданылады.

Отандық кәсіпорындар үшін қарастырылып отырған тәсіл жаңа тәсіл болып табылмайды, себебі ол бұрын және қақіргі уақытта да қолданылады. Оның отандық әдебиеттерде кең қолдануы да осыны куәландырады.

Шығындарды есептеудің тапсырыстық тәсіліне қарама-қайшы тәсіл процестік тәсіл болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарда аталған жүйені қолданудың мақсатқа бағыттылығы көптеген авторлармен бекітілгеніне қатамастан, оны өндірістік емес салада қолдану фактілері бар.
Процестік калькуляциялау – бұл әдетте үлкен өндірісте өңдеудің бірнеше кезеңінен өтетін, шығындар біртекті өнім арасында бөлінетін жүйе.
Батыс экономистері поцестік есептеу жүйесі тапсырыстық есептеу жүйесінен оны жүзеге асырудың аз шығындарымен ерекшеленетінін бекітеді.
Процестік әдістің басты идеясы шартты бірліктерді қолдану болып табылады. Шартты бірліктерді жұмсалған ресурстарға сәйкес шығарылған бұйым санын анықтау үшін есептейді, яғни аяқталмаған өндірісті ескере отырып.
Бұл мақсатта осы немесе басқа шығындар бойынша тауарлардың дайындық деңгейі мен аяқталу деңгейі анықталады. Дайындық деңгейі осы уақытқа жұмсалған шығындадың жоспарланған жалпы шығындарға қатынасымен анықталады. Шартты бірліктерді қолдану өнімді өндіру мен жұмсалған шығындар арасында қатаң байланыс орнатады. Бұл тәсілдер біздің экономикалық әдебиеттерде жақсы зерттелген және тәжірибеде кең қолданылады. Демек, оларды енгізу қажеттілігі артық екенін көрсетеді.
Тек осы тәсілдердің бақылау және аналитикалық мүмкіндіктерін максималды қолдану мақсатында бұл тәсілдерді одан әрі жетілдіру мен дамыту жолымен жүру қажеттілігін атап өткен жөн. Осы жүйелердің батыстық нұсқалары отандықпен сай келсе де, олар өздерінің функциялары бойынша бірталай кең ауқымды. Бұл бағытта автоматтандырылған жүйені, жауапкершілік орталықтарын анықтауды, жұмсалған шығындар қатынасына шығырылған өнім санын нақты есептеуді кең қолдану өзекті болып отыр.

Нақты шығындар жүйесінің мәні - есептеу барысында есепке осы кезеңде нақты жұмсалған шығындардың алынатындығында. Негізгі материалдарға деген шығындар нақты тұтынуды нақты бағаға көбейту жолымен анықталады, ал еңбек өтемі бойынша-нақты жұмсалған уақытты нақты бағалауға көбейту жолымен және т. б. Неміс экономистері бекіткендей, қазіргі таңда өндіріс шығындарын есептеу ескірген болып саналады. Ол өткен кезеңдерге өзінің байланысуы барысында шешім қабылдауға мәліметтер бермейді, бұл жағдайда басқару функциясын орындамайды. Өткен кезеңге негізделетін көрсеткіштер өндіріс көлеміндегі ауытқу қызметінің, баға мен еңбекақы қызмет қуатының өзгеруі, сонымен қатар, жағымсыз факторлардың нәтижесі болып келеді.
Бұл олардың шығындарға бақылау жүргізуге жарамсыздығын білдіреді.
Батыс кәсіпорындарының арасында уақыт өткен сайын осы тәсілді қолданатындардың саны азаюда және керісінше, көптеген кәсіпорындар шығындарды есептеуді белгіленген стандарттар негізінде жүргізеді.

«Standart-cost» (стандарт-кост) жүйесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл жүйенің мәні келесіде: белгіленген нормалар негізінде өндірісте өнім бірлігіне деген шығындар есептеледі, алдын ала стандартты калькуляциялар құрылады, ол нақы жұмсалған шығындарды салыстыру базасы ретінде көрініс табады. Нақты шығындар стандартты құн есебінде ескеріледі, ал болған ауытқулар жеке белгіленеді және көп жағдайда олардың соммалары жалпы пайдадан ұсталады (ауытқулар соммасын өндіріске жатқызатын кәсіпорындар да кездеседі). Белгіленген стандарттар негізінде шығындарды есептеу шығындарды есепке алудың процестік тәсілінде де, тапсырыстық тәсіліндеде қолданылады. Стандартты шығындар (standart-cost) – бұл өнім бірлігін шығару үшін жобалық шығындар. Олар қатаң және икемді бюджет орнатуға, олардың орындалуын бағалауға, өнім өндірісіне кететін шығындарды есептеуге, бақылау жүргізуге, бухгалтерлік шығындарды азайтуға көмектеседі. Қатаң және икемді бюджет нені көрсетеді? Қатаң бюджет стандартты шығындар мен стандартты шығарылым көлемі негізінде құрылады. Экономистер оның шығындарды бақылау мақсатына жарамсыздығын мойындайды, себебі ол өндірістің нақты көлемін ескермейді. Икемді бюджет (flexible-budget) өндірістің нақты көлемі мен стандартты шығындары негізінде есептеледі. «Standart-cost» жүйесінде икемді бюджетті қолдану ауытқу факторларын табудың маңызды құралы болып табылады. Қатаң бюджет ондай мүмкіндік бермейді. Қарастырылып отырған жүйенің басты артықшылығы шығындарға белгіленген стандарттардан ауытқулардың әсері арқылы оперативті бақылау жүргізу болып табылады. Қазіргі таңда отандық кәсіпорындарда стандарт-кост жүйесін қолдану өзекті мәселе болып отыр. Батыс экономикасында стандарт-кост жүйесінің пайда болуының негізі ретінде сол уақытта өндірісті оперативті басқару, шығындарды бақылау мен өндірістің шығын деңгейін реттеу қажет болғанын атап көрсетеді. Қазіргі таңда осы проблема отандық кәсіпкерлер алдында тұр.

Стандарт-кост жүйесін енгізу отандық кәсіпорындарда оның нормативтік тәсілін қолданылып көруімен жеңілдетіледі. Біздің ойымызша, отандық экономикаға стандарт-кост жүйесін енгізу таныс нормативті тәсіл шеңберінде жүргізілуі қажет, бірақ оны алдын ала қарастыру қажет.
Мысалы, белгіленген нормалардан ауытқулар есебін жеңілдету керек, атап айтқанда, ауытқуларды норманың өзгеруіне байланысты болған және нормадан жай ауытқу нәтжесінде болған деп бөлмей. Бұл есептік операцияларды қиындатады. Стандарт-кост жүйесінде бір ғана ауытқулар көлемі есептеледі, оның талдау мен бақылау үшін мақсаты есепте немесе сәйкес құжаттарда көрсетіледі.

Нормативті тәсілдің кең таралуына кедергі келтірген себептердің арасынан, осы әтәсілдің басқарумен ешқандай байланысы болмағаны айрықша белгіленіп көрсетіледі. Нормативті тәсіл бойынша экономикалық әдебиеттерде өндіріс процесінде шығындар нормасынан ауытқулар анықалатыны және осы ауытқулар өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты болып келетіні жайлы айтылған. Кәсіпорынды басқаруда нормативті тәсілге қарағанда стандарт-кост жүйесінің мәні мен рөлі айтарлықтай жоғары. Шығындарды басқару саласында зерттеулер жүргізген экономистер стандарт-кост жүйесінің келесі артықшылықтарын көрсетеді:

¾  өнімді өндіру мен ұйымдастыруға қажетті шығындар сомасы мен өнім бірлігіне келетін шығындарды уақытылы есептеу және фирманың кірісі мен шығыны туралы есепті құру мүмкіндігі;

¾  басқа тәсілдермен салыстырғанда өндіріс шығындарын есептеудің айтарықтай қарапайымдылығы, оған есептудің жеңілдетілген түрлері мен тәсілдерінің нәтижесінде қол жеткізіледі;

¾  өндірісті автоматты басқаруды «стандарт-кост» жүйесімен араластырып қолдану стандарттардан болған қандай да бір ауытқулар мен басқарушылық шешім қабылдау арасында уақыт интервалын белгілейді.

Тұтынушыларына қатысты шығын көлемі бойынша олар толық шығындарды есептеу (absorption-cost system) мен жекелеген шығындарды есептеу (direct-cost system) болып бөлінеді. Осы тәсілдер арасындағы негізгі ерекшелік калькуляциялық кезең арасындағы тұрақты шығындардың бөлу реті. Бірінші жағдайда барлық шығындар (негізгі және қосымша) өнім өндірісіне жатқызылады, ал екінші жағдайда өндіріске тек ауыспалы шығындар жатады, олардың тұрақты бөлігі қай кезеңде жоспарланды және қай кезеңде ауысқан болса, сол кезеңде қызмет нәтижесінен ескеріледі. Бухгалтерлік көзқарас тұрғысынан бұл әдістер дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс қалдығын бағалау тәсілі бойынша ажыратылады. Тұрақты шығындар шығындарды толық орналастыру барысында қалдықты бағалау кезінде ескеріледі, ал жекелеп орналастыру барысында тұрақты шығындар ескерілмейді. Шығындарды толық жабу тәсілін қолдану өнім өндірісінде жұмсалған барлық шығындарды есептеуді білдіреді. Отандық кәсіпорындардың тәжірибесінде осы тәсіл дәстүрлі болып келеді, сол себепті жақсы танымал. Осыған байланысты оған көп көңіл бөлу қажет болып табылмайды.

3.1. Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру

Әрбір кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысыныда үлкен пайда алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай, әрбір кәсіпорын алдында өндірістің өнім көлемін ұлғайту факторларымен қатар, өндіріс шығындарын үнемдеу проблемасы туындайды.

Шығындарды үнемдеудің маңызды жолдары еңбек және материалдық өндірісте тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу болып табылады. Өндіріс шығындарының құрылымының маңызды бөлігін еңбек өтем

ақысы алады. Сол себепті шығарылатын өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету, еңбек өндірілімділігінің өсуін, әкімшілік-қызмет көрсететін персоналдың санын төмендету сияқты мідеттер өзекті болып отыр.

Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендетуге, еңбек өндірімділігінің өсуіруге әр түрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары - өндірісті механизациялау мен автоматтандыру, прогрессивті, жоғары өндірістік технологияларды құру және қолдану, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және модернизациялау. Бірақ, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жақсартусыз қолданылатын техника мен технологияларды жетілдіру шараларын жүргізу қажетті нәтиже бермейді.

Еңбек өндірілімділігін жоғарылату үшін маңызды жағдай оны ұйымдастыру, яғни жұмыс орынын дайындау, алдынғы қатарлы әдістерді қолдану және жұмысты қабылдау және т. б.

Өнім өндірісіде шығындар құрылымында материалдық ресурстар 3/5 бөлігін құрайды. Бұл жерде ресурс жинақтаушы технологиялық прооцестерді қолдану мәселесі орын алады. Жеткізіп берушілерден келіп түсетін шикізат пен материалдардың, бұйымдардың сапасын бақылау және талаптарды күшейту де маңызды мәселелер болып отыр.

Сатып алынатын шикізаттардың, материалдарың легі қаншалықты көп болса, орташа жылдық қор көлемі және де осы шикізат пен материалды қоймаға орналастырумен байланысты болатын (қойманы жалға алғаны үшін төлемдер, ұзақ уақыт бойы сақтаудан болған жоғалтулар, инфляциямен байланысты және т. б. ) шығындар көлемі де соншалықты көп болады.

Өзіндік құнды жоспарлаудың негізгі мақсаты өндіріс шығындарын үнемдеудің бар резервтерін анықтау мен қолдану және ішкі шаруашылық жинақтарды жоғарылаты. Өзіндік құн бойынша жоспарлар еңбектің прогресивті шығындар нормасынан, құрал-жабдықтарды қолданудан, шикізат, материалдар жанармай және энергия шығындарын ескере отырып туындауы қажет. Шығындарды тек қана ғылыми ұйымдасқан нормалау кезінде өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтауға және қолдануға болады.

Өнімнің бір түрін шығару кезінде осы өнім бірлігінің өзіндік құны оны өндіруге кететін шығын деңгейі мен динамикасын көрсететін көрсеткіш болып табылады.Әр түрлі өнім түрлерінің өзіндік құнын сипаттау үшін жоспарлар мен есептеулерде салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құнын төмендету көрсеткіші мен тауар өнімінің 1 тенгеге шығын көрсеткіші қолданылады.

3.2. Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар

Аз шығындар жұмсай отырып көп пайда табу, еңбектік, материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдеу кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету сұрақтарын шешуімен байланысты болады.

Өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау кәсіпорынның кешенді технико-экономикалық талдау жұмысына жүгінуі қажет: өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін зерттеу, өндірістік күштер мен негізгі қорларды, шикізат пен материалдарды, жұмыс күшін, шаруашылық байланыстарды қолдану.

Өзіндік құнның нақты төмендеуін негіздейтін үнемдеу келесі факторлардың құрамы бойынша есептелінеді:

1 Өндірістің техникалық деңгейін арттыру. Бұл жаңа прогрессивті технологияларды енгізу, өндірістік процестердің механизациялануы мен автоматизациялануы; шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін қолдану мен тұтынуды жақсарту; өндірістің техникалық деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар. Өзіндік құнды төмендету басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, ЭЕМ қолдануда, қалыптасқан техника мен технологияларды модернизациялау мен жетілдіруде барысында болуы мүмкін. Шығындар өндірісте қалдықтарды толық қолдануда, экономикалық алмастыруларды қолдануда және шикізатты кешенді қолдану нәтижесінде азаяды. Үлкен резервтер өзіне өндірісті жетілдіруді, оның еңбексыйымдылығы мен материал сыйымдылығын төмендетуді, машиналары мен құралдарының салмағын азайтуды және т. б. қосады.

2 Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру. Өзіндік құнды төмендету өндірісті ұйымдастыпудағы өзгерістердің, өндірісті мамандандырудың дамуындағы еңбек формалары мен әдістерінің, өндірісті басқаруды жетілдіру мен оған кететін шығындарды азайтудың, негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың, материалдық-техникалық жарақтануды жақсартудың, транспорттық шығындарды азайтудың, өндірісті ұйымдастыру деңгейін жоғарылататын басқа да факторлар нәтижесінде жүруі мүмкін.

Ағымдағы шығындарды төмендету негізгі өндіріске қызмет көрсетуді жетілдіру нәтижесінде жүргізіледі (мысалға, нақты өндірісті дамыту, өзгеру коэффицентін жоғарылату, технологиялық жұмыстарды ретке келтіру, құрал-жабдықты шаруашылықты жақсарту, өнім мен жұмыс сапасына бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру).

3 Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа) салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады. Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді.

1  Табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту. Бұл жерде мыналар ескеріледі: шикізаттың сапасы мен құрамының өзгерісі; табиғи шикізатты алу әдістері, шикізат пайда болған жердің өнімділігінің өзгеруі, басқа табиғи жағдайлардың өзгеруі. Осы факторлар табиғи жағдайлардың ауыспалы шығындар көлеміне деген әсерін көрсетеді. Өнімнің өзіндік құнын төмендетуге олардың әсерін талдау өңдейтін өндіріс саласының салалық әдіснамасы негізінде жүргізіледі.

2  Салалық және басқа да факторлар. Оларға келесілер жатқызылады: жаңа цехтарды, өндірістік бірліктер мен өндірісті енгізу және игеру; кәсіпорындарда және қызмет етуші бірлестіктерде өндірісті дайындау мен игеру; басқа да факторлар. Өзіндік құнды төмендету резервтерін жоғары техникалық негізде жақсы экономикалық көрсеткіштермен ескірген цехтарды ликвидациялау мен жаңа цехтарды енгізу нәтижесінде талдаудан өткізу қажет.

Бұл шаралар кәсіпорынның шығындарын азайтып, пайданы ұлғайтуға көмектеседі, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының нығайтуға көмектеседі.

Қорытынды

Кәсіпорын қызметі барысында жоғары қаржылық нәтижеге жету, өндіріс тиімділігін арттыру мен пайданы максималдауға өнімді өткізу мен өндірісте шығындарды тиімді басқарусыз мүмкін болмайд, шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестікте алға шығу шарттарының бірі болып табылады.

Шығындарды басқару - бұл өндірісті қысқартуға алып келетін шығындарды минималдау болып табылмайды, ол кәсіпорынның қорларын тиімді қолдану, оларды үнемдеу. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін құрудың мәні шығындарды тану, оларды есептеу, болашақта талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін оларды жайлы түрде ұсыну және топтастыруда жатыр.

Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің міндеті болып саналады, ол шығындарды нормалану, жоспарлау мен бақылауды жүзеге асырады. Бірақ, қате пікір болып саналады. Экономикалық қызмет мәліметтерді шоғырландырып, оларды тексетуі қажет, бірақ өзіндік құнды қалыптастыруда кәсіпорынның барлық бөлімшелері қатысады, олардың көлеміне деген жауапкершілік кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларына бөлініп ұсынылуы керек. Шығындарға жауапты адамдар шығындарды азайту процесін шығындар пайда болған бөлімшелерде жүргізуі қажет.

Шығындарды басқарудың басты мақсаты ресуртарды үнемдеумен пайда мен рентабельділікті арттыру және өнімнің өзіндік құныны төмендеті үшін оларды қолданудың тиімділігін арттыру.

Шаруашылық жүргізуші субъектісінің шығындарын басқарудың маңызды міндеттері:

-  кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;

-  басқарудың негізгі функциялары бойынша шығындарды анықтау;

-  жалпы кәсіпорын бойынша және жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша шығындарды есептеу;

-  өнім бірлігіне (жұмыс, қызмет) - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға кеткен шығындарды есептеу;

-  шаруашылық шешімдерді қабылдау мен таңдау кезінде шығындарды бағалауға мүмкіндік беретінақ параттық базаны дайындау;

-  шығындарды өлшеу мен бақылаудың техникалық тәсілдері мен құралдарын анықтау.

Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған барлық міндеттері кешенді ұйымдастырылуы керек, осы талаптарлды орындау кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жылдам өсуіне көмектеседі. Осылайша, кәсіпорында шығындарды басқару бірегей кешен жүйесіне келесі басқарушылық әсерлерді қосады: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, түзету енгізу және реттеу, іске асыру және ынталандыру, есеп, шығындарды талдау және басқару.

Шығындарды басқару кәсіпорынды басқару теориясына негізделеді және динамикалық процесті көрсетеді, оның мақсаты - кәсіпорын қызметінде жоғары экономикалық нәтижеге қол жеткізу. Басқарудың барлық кезеңдерінде шығындар туралы мағлұматтарды шешім қабылдауда маңызда рөл атқаратын және соңында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фактор ретінде ұқыпты қолдану керек. Басқару процесінде туындайтын осы және басқа да проблемалардың жауабы ретінде тәжірибеде шығындарды басқауда әр түрлі өңдеу мен қолдану жүйесі қарастырылды. Кез келген шығындарды басқару жүйесінің негізінде әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі жатыр, ол осы немесе басқа да шығындарға мүмкін болатын әсер ету деңгейін бағалау немесе осы және басқа да шығындардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету деңгейін анықтауға қажетті.

Кәсіпорындарда өндіріс шығындарын азайту үшін жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасында тиімді экономикалық байланыс құру арқылы тасымалдау шығындарын азайту, тапсырыс берушілер мен тұтынушылар талаптарын ұтымды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады,. Кәсіпорындардың мүмкіншіліктерін және нарықтағы орнын анықтау үшін маркетингтік зерттеу және инновациялық өнім өндіруге қажетті шығындарды көбейтуге талпыныс жасап, экономикалық оң нәтижеге жету жолдарын басқару шараларын жан-жақты қарастырумен қатар, ұйымдастыру басты мақсат болуы керек.

Нарықтық экономика кезінде шығындарды басқару үлкен маңызды мәселе болып саналады. Тек қана шығындар есебінің жүйесін өзгерту арқылы табысқа тікелей әсер етуге болады. Шығындарды басқаруда ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатын бағалау қажет.

Өнім бірлігін шығаруға шығындарды азайту бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді - айтарлықтай төмен немесе икемді баға қолдау береді.

Жалпы шығындарды тиімді басқарудың артықшылықтары келесілер:

-  аз шығын жұмсап, төмен бағаны ұстап тұру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

-  жеке өнім түрлерінің өзіндік құны туралы нақты және сапалы ақпараттың болуы және олардың нарқтағы басқа өндірушілермен салыстырғанда жағдайы;

-  икемді баға қалыптастыру мүмкігдігін қолдану.

Кәсіпорында шығындарды басқару жолдарын жетілдіру үшін келесілер ұсынылды:

-  өндірістің техникалық деңгейн арттыру;

-  еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

-  шартты-тұрақты шығындарды қатысты төмендетуге, амортизациялық аударымдардың қатысты төмендеуіне, өнім ассортименті мен номенклатурасының өзгеруіне, оның сапасының артуына алып келетін өнім көлемі мен құрылымын өзгерту;

-  табиғи ресурстарды қолдануды жақсарту;

-  салалық және басқа да афакторлар.

Бұл шаралар шығындарды азайтуға, соның негізінде кәсіпорын пайдасын арттыруға, оның қаржылық тұрақтылығын орнату

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2001 ж.

Дәуренбекова Ә.Н. Шығындарды басқару/ Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2009

Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы // Алматы: Экономика 2003

4. *****/economics/ksporyn-shyyndaryn-basaru.../69958.html

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3