6-қосымша (міндетті)
Сарқынды суларды бұру және пайдалану шарттарына байланысты оларды зарарсыздандыру тиімділігінің өлшемдері
№ | көрсеткіштер | Рұқсат берілген қалдық деңгейлері | ||||
Сарқынды сулар | Технологиялық және ш/т мақсаттар үшін пайдаланылатын шахталық сулар | |||||
су объектілеріне бұрылатындар | Суару үшін пайдаланылатындар | Сумен жабдықтауды жууда пайдаланылатындар | ||||
Жүйелер | ||||||
Жабық | Ашық | |||||
1 | жалпы колиформды бактериялар (КОЕ/100 мл) | 100 | 1000 | 100 | 10 | 10 |
2 | Колифагтар (М2 фаг бойынша БОЕ/100 мл) | 100 | - | 100 | 10 | - |
3 | Термотолерантті колиформды бактериялар (КОЕ/100 мл) | 100* | - | - | - | - |
4 | Фекалды стрептококтер (КОЕ/ 100 мл) | 10* | - | - | - | - |
5 | Патогенді микроорганизмдер | жоқ | жоқ | жоқ | жоқ | жоқ |
6 | 30 мин. байланысу уақытымен қалдық хлор мг/л, кемінде** | 1,5 | 1,0 | 0,5 | 0,7-1,0 | |
7 | Қалдық озон, мг/л (30 мин байланысу уақытымен), кемінде** | 0,5 | - | - | 0,3 | - |
8 | Зарарсыздандыру нәтижесінде пайда болатын айрықша заттар | СанЕжН 4630-88 талабына сәйкес регламенттеледі. | СанЕжН 2.1.7.573-96 | нормаланбайды | гигиеналық ПДК ГН 2.15.689-98 бойынша аспайды | |
* ЕЭС (1975) директивтері ** Қайта хлорлау қажет |
7-қосымша (міндетті)
Зарарсызданыру тиімділігін төмендетпейтін физика-химиялық көрсеткіштердің максималды мәні
№ | көрсеткіштер | Зарарсызданыру әдісі | ||
Хлорлау | Озондау | УФО | ||
1 | Өлшенген заттар мг/л | 10 | 10 | 10 |
2 | Түсі, гр. | 30 | 80 | 50 |
3 | рН | 7 | 6,5-8,5 | әсер етпейді |
4 | ОХТ, мг О2/л | 50 | 50 | 50 |
5 | ОБТ5, мг О2/л | 10 | 10 | 10 |
8-қосымша (ұсынылған)
Сарқынды суларды зарарсыздандыру кезінде өндірістік бақылаудың кезеңділігі
№ | Сарқынды сулардың түрі | Жалпы колиформды бактериялар | Колифагтар | Патогенді микроорганизмдер | дизинфектанттың қалдық мөлшері | ОБТ5, ОХТ, өлшенген заттар | Айрықша ингредиенттер | Органолептикалық көрсеткіштер |
1 | Шаруашылық-тұрмыстық және қалалық (аралас) сарқынды сулар. | аптасына 4 рет | аптасына 2 рет | айына1 рет | тәулігіне 4 рет | Сарқынды суларды төгудің келісілген шарттарына байланысты | ||
Су айдындарына төгілгенде: > 100 т. м3/тәул. < 100 т. м3/ тәул. | аптасына 1 рет | аптасына 1 рет | тоқсанына 1 рет | тәулігіне 2 рет | ||||
2 | Жұқпалы аурулар ауруханаларының сарқынды сулары | аптасына 1 рет | айына 2 рет | айына1 рет | - | бұру шарттарына байланысты | ||
3 | мал шаруашылығы мен өңдеу бойынша кәсіпорындардың сарқынды сулары | айына1 рет | айына1 рет | тоқсанына 1 рет | - | - | - | - |
4 | өнеркәсіптік сумен жабдықтауда пайдаланылатын тазартылған сарқынды сулар: а) жабық жүйелер | тәулігіне 1 рет | аптасына 3 рет | айына 1 рет | сағатына 1 рет | |||
б) ашық жүйелер | тәулігіне 1 рет | тәулігіне 1 рет | айына 2 рет | сағатына 1 рет | аптасына 1 рет | айына 1 рет | тәулігіне 1 рет |
9-қосымша (міндетті)
Сарқынды суларда жалпы колиформды бактерияларды анықтау әдісі
1. Жалпы ережелер
Жалпы колиформдық бактерияларға (ЖКБ) спора түзбейтін, оксидаздық белсендігі жоқ, дифференциалдық лактозалық орталарда өсуге қабілетті (Эндо тұрнұсқасы), лактозаны 37°С температурасында 24 сағат ішінде альдегид, қышқыл және газ түзілгенге дейін ферменттейтін грамтеріс таяқшалары жатады. Жалпы колиформдық бактерияларды Эндо ортасына дәл өлшенген су көлемдерін тікелей себу тәсілімен және 18-24 сағат ішінде 37°С температурасында себу көлемін одан әрі ұлғайту арқылы мембраналық сүзу тәсілімен анықтайды.
Алынатын нәтижелердің дәлдігінің төмен болуы, 2 немесе 3 қатарлас себу кезінде жұмыс көлемінің көп болуы салдарынан ЖКБ-ды дәстүрлі тәсілмен анықтау ұсынылмайды.
Сынамаларды іріктеп алу, тасымалдау және сақтау, ыдысты, қоректік ортаны дайындау, себуді тарату шарттары үстіңгі беттік су айдындарының суларын және ауыз суды санитарлық-микробиологиялық талдау жөніндегі әдістемелік сілтемелерге сәйкес болу керек.
2. Талдауды орындау
2.1. Сарқынды судың сынамаларын он еселік себу қатарын дайындау.
Егуге арналған көлемдерді және егу санын әрбір нақты жағдайда ластанудың болжамды дейгейіне негізделе отырып тағайындайды, бұл кезде тәсілдің минималды қатесі – шыны аяққа 10-нан 50 КОЕ дейін болатын мөлшерде ЖКБ оқшауланған колонияларын алатындай есептелу керек.
2.2. Таңдалған себу әрқайсысынан алдын-ала құрғатылған екі Эндо шыны аяқтарына қатарлас түрде 0,5 мл немесе 0,1 мл енгізе отырып жүргізіледі. 0,5 мл еккен кезде енгізілген көлемді шайқау арқылы немесе шыны қалақшамен шыны аяқтың барлық үстіңгі беті бойымен бөліп таратады, содан кейін құрғатады. Құрғатуға арналған арнайы аппарат болмаған кезде егістер салынған шыны аяқтарды су толығымен буланғанға дейін шамалы ашық түрде термостатқа орналастырады, содан кейін төңкеріп қояды. Егіс 0,1 мл болғанда егістерді су толығымен сіңгенге дейін қалақшамен үгітеді, төңкереді және термостатқа салады.
2.3. ЖКБ рұқсат етілген құрамы сарқынды сулардағы 100 КОЕ/100 мл артық болмаса, зарарсыздандырылған суды зерттеген кезде келесі тәсілдердің бірі пайдаланылады: ӘС 2285-81 бойынша тікелей егіс немесе мембраналық сүзу. Тікелей егістің сумен араластырылмаған сынамасынан 0,5 мл-ден 4 шыны аяққа егеді. Мембраналық сүзгі арқылы 1 мл, 2,5 мл және 5 мл сүзеді.
Норматив 10 КОЕ/100 мл ЖКБ аспағанда зарарсыздандырылған сарқынды суларды бақылау кезінде мембраналық сүзу тәсілімен жұмыс жасайды және зерттелетін судың 10 мл, 25 мл және 50 мл сүзеді. Сүзгілерді Эндо ортасына орналастырады.
2.4. Егістерді 37 (± 1)°С температурасында 24 (± 2) сағат инкубациялайды.
3. Нәтижелерді есептеу
Лактозаны ферменттейтін және альдегид түзетін жалпы колиморфтық бактерияларға тән колонияларды Эндо ортасының үстіңгі бетінде өскен колонияларды есептейді: қызыл және металлды жылтырлайтын және жылтырамайтын қара-құба, қаралау қызыл күрең орталығы бар қызғылт шырышты қабық. Альдегидтің болуын күдікті колонияны ілгекпен ысырып тастау арқылы ортадағы таңбаны тексеруге болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 |


