Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған

«Әдебиеттанудың жаңа бағыттары»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

Магистратураның деканы _________ « ___» ___________2010 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

Қазақ филологиясы кафедрасы

6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған

«Әдебиеттанудың жаңа бағыттары»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2010__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Магистратураның оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «__»____№__ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Елмұратова Б. Ж. 2010_ж. «_____»___________ (қолы) (аты-жөні)

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Жүсіпов Нартай Қуандықұлы

Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

2 Пән туралы мәліметтер

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

Бар-лығы

2

30

22,5

7,5

-

-

-

120

30

емтихан

4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Магистрлерге филология ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндірумен қатар, оларды лингвопоэтика, семиотика, неомифологизм поэтикасы бойынша талдау жүргізу, мәнді маңызды еңбектерді конспектілеу, бүгінгі әдебиеттанудағы постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты әдебиеттанудың бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады. Сонымен қатар, магистрлерді әдебиеттанудың жаңа бағыттарымен жан-жақты хабардар етіп қана қоймай, қиын де күрделі мәселелер туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге бағыт-бағдар беру болып табылады. Поэтиканың және оның негізгі категорияларының даму тарихы, әдебиеттің қалыптасу кезеңдерінен бастап, қазіргі дәуірге дейінгі аралықты қамти отырып, магистранттарға көркем дамудың тарихи кезеңдері мен сипаты жайында мәлімет беру. Әдеби фактілер мен теориялық ұғымдарды тарихи тұрғыда алып қарастыруды қалыптастыру. Әлем әдебиеті материалдары негізінде студенттерге көркем дамудың тарихи кезеңдері мен сипаты жайында мәлімет беру.

Пәннің міндеттері:

Филология факультетінің магистратура сатысында оқытылатын бұл курстың мазмұны бұрын бакалавр сатысында оқылған әдебиеттану, әдебиет теориясы пәндерінен алған білімдерін негізге ала отырып әдебиеттанудың жаңа бағыттарына тереңдей еніп, қайшылығы мол әр-түрлі тұжырымдарды салыстыра қарастыру болып табылады. Бұрын үстірт қана айтылып кеткен әдебиеттанудың кейбір мәселелеріне енді бүгінгі ғылыми көзқарастар мен пайымдаулар тұрғысынан нақтылай баға беріп, түбегейлі талдап, зерделеудің маңызы ерекше. Лингвопоэтика, семиотика, құрылымдық поэтика бойынша талдаулар жүргізу. Орыс және қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармашылығын қарастыра отырып ондағы психологизм мәселесін қарастыру, макропоэтикалы, микропоэтикалық ерекшеліктерді айқындау.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Магистранттар білуі тиіс:

-әлем әдебиетінің тарихы, әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, халық ауыз әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы, тіл біліміне кіріспе пәндерінен алған білімін әдебиеттанудың жаңа бағыттары сабағында пайдалана алу.

- поэтиканың жанрлық ерекшелігін , тегі мен түрін танып, білу.

-поэтиканың тарихи даму кезеңдерін,әр кезеңнің даму ерекшелігін білу

-поэзиялық шығармаларға талдау жасай білу.

- Қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың негізгі сипатын білу. Лингвопоэтика, семиотика, құрылымдық поэтиканың негізгі парадигмаларын білу.

- Әдеби туындыдағы психоаналитикалық мотивтер мен мәселелерді талдау. , , сияқты орыс әдебиеті ірі тұлғаларының шығармашылығындағы психологизм мәселесіне талдау жасай білу.

Магистранттар істей білуі тиіс:

Магистранттар бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.

6 Пререквизиттер

Әлем әдебиеті.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Әдебиет теориясы

- Қазақ әдебиетінің тарихы

- Халық ауыз әдебиеті.

- Тіл біліміне кіріспе.

психология, дінтану, саясаттану, тарих және әлеуметтану.

7 Постреквизиттер

8 Тақырыптық жоспар

1- тақырып. Кіріспе. Поэтикалық заңдылықтарды айқындаудың өлшемдері. Лингвопоэтика. Семиотика

2- тақырып. Құрылымдық поэтика және мотив бойынша талдау. Неомифологизм поэтикасы. Әдеби туындыдағы психоаналитикалық мотивтер мен мәселелерді талдау

3- тақырып. Қазіргі медицина мен психология жетістіктерін пайдаланатын зерттеулер стратегиясы

4- тақырып. Ықтимал әлемдер семантикасы, логикалық семантика, прагматика – жаңашыл әдебиеттанудағы философияның теорияларын қолданатын жаңа бағыттар.

5- тақырып. Сөйлеу актілері мен тілдік ойындар теориясының ойындық әдебиеттануда қолданылуы.

6- тақырып. Характералогия – психопаталогия жетістіктерін қолданатын бейнелерді әдебиеттанушылық тұрғыда зерттеу бағыты. Деконструкция – постмодернизмнің ғылыми-зерттеу стратегиясы.

7- тақырып. Тарихи типологиялық және салыстырмалы-типологиялық бағыттар. Феминистік және постмодернисттік бағыттар.

8- тақырып. Қазіргі Қазақстандағы әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік-тарихи фактор құбылысы олардың жан-жақтылығы мен толымдылығы болмысты көркем қабылдау және шығармашылық мазмұндаудың әдіснамасы.

9- тақырып. Әдеби бағыттар: постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты формаларды бағалы негіз ретінде қабылдануы. Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы.

10- тақырып. Жазушы шеберлігі және әдеби тектер мен түрлер, ағымдар мен бағыттар поэтикасы. Көркемдік жүйелердің дамуы және ХІХ-ХХ ғғ. Орыс әдебиеті ірі өкілдерінің шығармашылығы (, , «күміс ғасыр» прозасымен поэзиясы, )

11- тақырып. Орыс әдебиетінідегі психологизм. Мифопоэтикалық бастау. Көркем шығарма құрылымындағы теориялық поэтика. Баяндау поэтикасы

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)

Филология ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндірумен қатар, оларды лингвопоэтика, семиотика, неомифологизм поэтикасы бойынша талдау жүргізу, мәнді маңызды еңбектерді конспектілеу, бүгінгі әдебиеттанудағы постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты әдебиеттанудың бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады. Сонымен қатар, магистрлерді әдебиеттанудың жаңа бағыттарымен жан-жақты хабардар етіп қана қоймай, қиын де күрделі мәселелер туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге бағыт-бағдар беру болып табылады. Поэтиканың және оның негізгі категорияларының даму тарихы, әдебиеттің қалыптасу кезеңдерінен бастап, қазіргі дәуірге дейінгі аралықты қамти отырып, магистранттарға көркем дамудың тарихи кезеңдері мен сипаты жайында мәлімет беру. Әдеби фактілер мен теориялық ұғымдарды тарихи тұрғыда алып қарастыруды қалыптастыру. Әлем әдебиеті материалдары негізінде студенттерге көркем дамудың тарихи кезеңдері мен сипаты жайында мәлімет беру.

10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары

1-тақырып. Кіріспе. Поэтикалық заңдылықтарды айқындаудың өлшемдері. Лингвопоэтика туралы жалпы түсінік. Әдебиеттанудағы семиотика мәселесі.

2-тақырып. Құрылымдық потика және мотив бойынша талдау. Поэтика мәселелерін зерттеудегі әдіс - амалдардың дамуы. ің тарихи-салыстырмалы әдісі. 3.А. Потебня еңбектеріндегі теориялық әдіс - амалдар. М. Бахтиннің тарихи-типалогиялық әдісі. Неомифологизм поэтикасы. Поэзиялық өнердің пайда болуы туралы теориялар. Халық ауыз әдебиеті және рәсімдік поэзия. Көркем әдеби тіл және стиль. Поэтикалық неологизмдер, фразеологизмдер. Әдеби туындыдағы психоаналитикалық мотивтер мен мәселелерді талдау. Фольклордың әдебиетпен туыстығы. Фольклорлық сарындардың кейінгі жазба әдебиетте жаңғыруы. Сюжет. Психологиялық параллелизм әдісі.

3-тақырып. Қазіргі медицина мен психология жетістіктерін пайдаланатын зерттеулер стратегиясы. Психологиялық параллелизм белгілері. Параллелизм туралы қазақ ғалымдарының еңбектері. Қазақ әдебиетіндегі психологиялық параллелизм

4-тақырып. Ықтимал әлемдер семантикасы, логикалық семантика, прагматика – жаңашыл әдебиеттанудағы философияның теорияларын қолданатын жаңа бағыттар. Параллелизм типтері, тарихи семантикасы. Троптың пайда болуы. Көркемдеуіш құралдар.

5-тақырып. Сөйлеу актілері мен тілдік ойындар теориясының ойындық әдебиеттануда қолданылуы. Ырғақ ұғымы. Сөздік қайталаулар. Кейіпкерді сөз арқылы сипаттау, типтендіру, даралау.

6-тақырып. Характералогия – психопаталогия жетістіктерін қолданатын бейнелерді әдебиеттанушылық тұрғыда зерттеу бағыты. Деконструкция – постмодернизмнің ғылыми-зерттеу стратегиясы.

7-тақырып. Тарихи типологиялық және салыстырмалы-типологиялық бағыттар. ің тарихи-салыстырмалы әдісі. А. Потебня еңбектеріндегі теориялық әдіс - амалдар. М. Бахтиннің тарихи-типалогиялық әдісі. Феминистік және постмодернисттік бағыттар.

8-тақырып. Қазіргі Қазақстандағы әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік-тарихи фактор құбылысы олардың жан-жақтылығы мен толымдылығы болмысты көркем қабылдау және шығармашылық мазмұндаудың әдіснамасы.

9-тақырып. Әдеби бағыттар: постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты формаларды бағалы негіз ретінде қабылдануы. Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы

10-тақырып. Жазушы шеберлігі және әдеби тектер мен түрлер, ағымдар мен бағыттар поэтикасы. Әдеби тектер. Синкретизм дәуіріндегі жанрлар. Поэтикалық тектердің бөлінуі. Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Көркемдік жүйелердің дамуы және ХІХ-ХХ ғғ. Орыс әдебиеті ірі өкілдерінің шығармашылығы.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3