СИЛЛАБУС
«Қоршаған орта және халық денсаулығы» пәні бойынша
Мамандығы - 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Дәріс: 6 сағ.
Тәжірибелік сабақтар: 24 сағ.
ОСӨЖ: 30 сағ.
СӨЖ: 30 сағ.
Барлығы: 90 сағат (2кредит)
Курс: 3
Семестр 6 семестр
Астана, 2012ж.
1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Сүлейменова Роза Қалдыбекқызы - м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, кафедрадағы стажы 1 жыл. Ғылыми қызығушылығы: эпидемиология, еңбек және коммуналдық гигиена, радиациондық гигиена. Орыс тілі және қазақ тілдерінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді
2. қызы - м.ғ.к., доцент, кафедрадағы стажы 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена, радиациалық гигиена. Орыс тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
3. Рахметова Бахытжан Тлепбекқызы – аға оқытушы, стаж жыл, кафедрада 5 жыл. Ғылыми қызығушылығы: Қоршаған ортаны қорғау шаралары, эпидемиология, еңбек және коммуналдық гигиена, радиациалық гигиена. Қазақ, орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
4. Кошерова Перизат Алтынбекқызы - оқытушы, стаж 4 жыл. Ғылыми қызығушылығы-гигиена, енбек гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиационды гигиена, ТҚН мәселелері. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
5. қызы – оқытушы, стаж 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена радиационды гигиена, ТҚН мәселелері.
6. қызы – медицина магистрі, аға оқытушы, стаж 1 жыл. Ғылыми қызығушылығы: еңбек және коммуналдық гигиена радиационды гигиена, ТҚН мәселелері. Қазақ тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
7. Асанова Айгерім Жақсығалиқызы – оқытушы, жұмыс стажы жоқ, еңбек және коммуналдық гигиена радиационды гигиена, ТҚН мәселелері.
1.8 Байланыс ақпараты;
Кафедраның мекен-жайы – Бейбітшілік 53, 3 этаж. Электрондық почта
Kazgma – gigiena @***** Телефон –
Аудиториясы № 000,3,309
1.9 Пәннің саясаты:
Білім алушылардың мiндеттері:
• Пән бойынша тәжірибелік дағдыларды жасай білу, білімді толық көлемде қамту.
• Тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттер және бақылау сұрақтар мәліметтерін қамту, студент сабаққа келуге міндетті.
• Кафедра заттарына ұқыпты қарау.
• Білім алушылар білім ордасындағы оқытушылар мен қызметкерлерді сыйлау керек.
• Дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда және емтихандарда медициналық формада болу керек (халат, калпак).
• Кафедра тынысына белсене қатысу (студенттердің ғылыми үйірмесінде, кафедра шараларына).
• Сабақтарда ұялы телефондарды сөндіру.
• Ұялы телефондарды емтиханға алмау.
• Сабаққа кешікпеу. Дәріс, тәжірибе, ОСӨЖ-ге міндетті түрде қатысу.
• Дәрісті жіберген уақытта дәрісті өтеу түрлері: конспект, баяндама және дәріскермен сұхбат жүргізу.
• Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды себепті жағдаймен жіберген уақытта ( сырқаттанғанда, уйлену тойы болғанда, босанғанда, стационарлық ем қабылдағанда, жақын адамдарын жоғалтқанда, сұрапыл апаттарда және т. б.)
• Студент немесе оның туыстары 3 тәулік ішінде кафедраға болған жағдайларды хабардар ету керек (телефон арқылы және т. б.)
• Егер сабақтан себепті жағдайлармен қалған сәттерде растайтын құжат болу керек: студенттер емханасынан анықтама қағаз, донорлық анықтама, жақын адамдарының қайтыс болғану туралы куәлік, неке куәлігі, туу туралы куәлік. Егер құжат болмаған жағдайда ол себепсіз болып есептеледі. Деканат тарапынан өтеу қағазы болу керек.
• Өтеу қағазы кафедраның «Өтеу журналында» және деканаттың « Өтеу қағаздарын тіркеу журналында» тіркеледі. Өтеу қағазының көшірмесі деканатта ал түп нұсқасы студентің өзінде болады.
• Егерде сабақты себепті жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп баллы қойылады.
• Егер сабақты себепсіз жіберген уақытта өтеу сол сабақтын көлемін өтеп, бірақ баллы қойылмайды(0).
• Жіберілген дәріс және тәжірибелік сабақтар 2 апта ішінде өтелуі керек.
• Егер білім алушы 2 апта ішінде дәріс және тәжірибелік сабақтарды өтемесе аттестацияланбайды.
• Қанағаттанарлықсыз бағаны алған жағдайда рейтингті көтеру мақсатында қайта тапсыруға болмайды.
• Білім алушыларға қорытынды бақылау мен рейтинг бойынша оң баллдары болса қорытынды баға қойылады. Оң баға 50% дан 100% құрайды, қанағаттанарлық емес баға - 0% - 49% құрайды.
• Сабақтарды кафедрада өтеу кестесі бойынша өткізіледі.
• Білім алушы емтихан сессиясының нәтижелері мен қорытынды аттестациямен келіспесе, Университеттің апелляциондық комиссия төрағасының атына апелляция беруге құқылы.
• Халықаралық студентік конференция мен кафера пәні бойынша олимпиада жүлдегерлеріне оң баға жүлдегерлеріне 100% қорытынды аттестатция автоматты түрде қойылады.
• Егер білім алушы пән бойынша қарыздар болса, басқа ЖОО ауысқанда
оқу жоспары бойынша айырмашылық тапсырмаса, онда ол білім алушы ақылы жазғы семестр өту қажет.
2. Бағдарлама :
2.1 Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және халықтың денсаулығын сақтау мәселелері маңызды құрылым бөлігі. «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ уақытқа бірінші кезекте «ҚР-ның азаматтарының денсаулығы мен аман есендігі». Республикадағы ауыр экологиялық жағдай халықтың 20 және одан да жоғары пайызының өлім-жітімінің себебі болды. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өмір сүру жағдайының қауіпсідігі және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұратын азаматтарды аман есендігі жөніндегі мәселелер өзекті болып келе жатыр.
Қазіргі цивилизация қауіп-қатерде және антропогенді әсерлер нәтижесінде пайда болған, бірнеше жаһандық экологиялық мәселерді шешуге талап етеді. Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде адам қоршаған ортаға белгілі негативті әсер етеді. Сол кезде қоршаған орта нысардарының сапасынан басқа адамның өмір сүру жағдайы мен оның денсаулығы өзгереді.
«Қоршаған орта және халық денсаулығы» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша ғылымдарының бірі. Бұл мәселе мен экология, география (медициналық география), химия (аналитика, қалдықтардан тазарту), экономика (қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық шығынды бағалау), санитарлық техника және т. б.
Сол үшін табиғат пен қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін анықтаудың керектігі.
Сол үшін табиғат пен қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін анықтау қажеттілігі пайда болды. Осы жаһандық мәселені шешу жолдарын табу үшін БЕҰ шеңберінде қоршаған орта және даму бойынша бірнеше рет конференциялар өткізілді. Соларда болашаққа бағытталған жаңа жол анықталған – орнықты даму жолы. Қазіргі жағдайда қоршаған орта нысандарының сапасын жақсарту мемлекеттің және белгілі аймақтардың тұрақты дамусыз болмайды. Тұрақты даму экономикалық өсуден басқа қоршаған ортаға экологиялық жүктемеде ескеріледі.
Сонымен байланысты қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру медициналық жоғары оқу орнынының барлық мамандардағы дәрігерлердің кәсіптік іс-әрекетінің қалыптасуы үшін керек.
2.2 Пәннің мақсаты: қоршаған орта факторлары мен адам денсаулық күйінің ара байланыс, осы әсерін бағалау әдістері және қолайсыз әсерлерін төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру туралы түсініктерді қалыптастыру.
2.3 Оқыту мақсаттары:
· табиғи жағдайдағы ағзалардың және олардың топтанулардың тіршілік ету ортасымен қарым-қатынастарының заңдылықтарымен студенттерді таныстыру;
· биосфера үрдістеріндегі адамның өзіне тән ролін және «қоғам-табиғат» жүйесіндегі оның іс-әрекетін анықтауға студентті үйрету;
· қоршаған орта мен адам денсаулығына антропогенді әсер салдары туралы түсінік беру;
· қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мен әдістерімен студенттерді таңыстыру;
· қоршаған орта нысандарының сапасын бағалауды үйрету және халықтың денсаулығына антропогенді әсер ету мүмкіншілігін анықтау;
· халықтың сауаттылығын жоғарылату, табиғатты қорғау шараларды және табиғатты рационалды пайдалану насихат үшін өзінің білімдерін пайдалануына үйрету.
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі керек:
* қоршаған орта түсінігінің анықтамасын;
* қоршаған ортаның антропогендік факторлары, олардың организмге әсерін;
* популяциялар, олардың эволюциядағы, табиғи сұрыпталу мен бейімделушілік процестеріндегі ролін;
* биосфераның құрылымын, биосферадағы тірі заттың қасиеттері мен функцияларын;
* биосфераның негізгі қасиеттерін, заттар айналымының маңызын;
* биосфераның эволюциясын, ің биосфера туралы ілімі мен ноосфера туралы түсінік;
* атмосфералық ауаны ластаушы антропогендік фактордың адам денсаулығы мен тіршілік жағдайына әсерін;
* су ресурстарының ластануының тұрғындар денсаулығына әсерін;
* литосфераға антропогендік әсерді, оның тұрғындар денсаулығына әсерін;
* табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялар, олардың тұрғындар денсаулығына әсерін;
* қалалар мен ауылды елді мекендердегі экологиялық проблемалар және олардағы тұрғындар денсаулығының ерекшеліктерін;
* қоршаған орта жағдайын сипаттайтын критерийлерін;
* қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалану проблемаларын;
* экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілерді;
* қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалауды;
* қоршаған ортаны инженерлік қорғау мәселелерін;
* экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы.
Студент қолдана білуі керек:
· қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласында нормативтік құжаттармен жұмыс істей білуі керек;
· қоршаған ортаны қорғау саласының мәселелерін өзінің болашақ мамандығы бойынша қолдана білуі керек;
· экологиялық факторлардың тұрғындар денсаулығына әсері бойынша алған білімін өзінің кәсіптік қызметінде қолдана білуі керек;
· қоршаған ортаның объектілеріне әсер ететін антропогендік факторларды анықтай білуі және қоректік тізбектерде ластаушы заттардың биологиялық жинақталу заңдылықтарын ескеруі қажет;
· адамның биосфералық функцияларын түсіне білуі керек;
· организм мен ортаның өзара әсер ету заңдылықтары, популяциялардың тіршілік етуі туралы білімін пайдалана білу;
· қоршаған орта объектілерінің сапасын бағалау және қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсер ететін факторларды анықтай білу;
· аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын көтеру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ен табиғат қорғау іс-шараларын насихаттау.
2.5 Реквизитке дейінгі: экология, экологиялық құқық, молекулалық биология мен медициналық генетика, медбиофизика, биохимия, микробиология, физиология, социология, математика, қоғамдық денсаулық, жалпы гигиена. құқық негіздері.
2. 6 Реквизиттен кейінгі: қоғамдық денсаулық сақтау, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, коммунальдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, эпидемиология.
2.6 Пәннің қыскаша мазмұны: «Қоршаған орта және халық денсаулығы» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша ғылымдарының бірі. Бұл мәселе мен экология, география (медициналық география), химия (аналитика, қалдықтардан тазарту), экономика (қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық шығынды бағалау), санитарлық техника және т. б.
2.7 Тақырыптық жоспары:
Дәрістердің тақырыптық жоспарлары:
№ | Тақырыптардың атаулары | Өткізу түрі | Сағат саны |
1 | Кіріспе.«Қоршаған орта және денсаулық» пәні, оның қалыптасуы. пәнді оқытудың мақсаты, міндеттері, нысандары. Зерттеу әдістері. Қоршаған орта және тұрғындар денсаулығы. | Дәріс | 1 |
2 | Атмосфералық ауаны ластаушы көздер. Атмосфера ластануының адамның денсаулығына зиянды әсері. Қазақстанның кейбір аймақтарындағы атмосфералық ауа бассейні ластануының қауіптілік дәрежесін комплексті және интегралды бағалау. | Дәріс | 1 |
3 | Су ресурстары, олардың түрлері, Жер шарында таралуы, ластануы мен оның адамның денсаулығына зиянды әсері. Су ресурстары ластануының қауіптілік деңгейін интегралды бағалау. | Дәріс | 1 |
4 | Топырақ – биосфераның негізгі компоненттерінің бірі. Топырақтың ластануы және оның адамның денсаулығына зиянды әсері. Қазақстандағы табиғи және жасанды (антропогенді) биогеохимиялық аймақтар, | Дәріс | 1 |
5 | Қазіргі заманғы қалалар мен ауылдық елді мекендердің экологиялық проблемалары. | Дәріс | 1 |
6 | Қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерінің алдын алу үшін атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыру принциптері. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы жағдайын интегралды санитарлық-гигиеналық бағалау. | Дәріс | 1 |
Барлығы: 6 сағат |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:
№ | Тақырып атаулары | Өткізу түрі | Сағат саны |
1. | «Қоршаған орта және денсаулық» пәні, мақсаты, міндеттері, даму тарихы, негізгі түсініктері. Жердің табиғи ресурстары, табиғатты пайдалану принциптері. | Шағын топтар | 2 |
2. | Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын зерттеу әдістері. Қоршаған орта жағдайын талдау. Тұрғындардың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық бағалау. | Шағын топтар | 2 |
3. | Атмосфералық ауа - қоршаған орта объектісі. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер, олардың сипаттамасы. Атмосфералық ауа ластануының қауіптілік деңгейін комплексті және интегралды бағалау әдістері | дискуссия | 2 |
4. | Су ресурстары- қоршаған орта объектісі. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су объектілерінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, оларды ластаушы көздер мен сипаттамасы. Су ресурстары ластануының қауіптілік деңгейін комплексті және интегралды бағалау әдістемесі | Шағын топтар | 2 |
5. | Топырақ- қоршаған орта объектісі. Топырақты ластаушы көздер, олардың сипаттамасы. Топырақтың ластану деңгейін және тұрғындар денсаулығын комплексті және интегралды бағалау, оның әдістемесі. | Шағын топтар | 2 |
6. | Атмосфералық ауа, су мен топырақты ластаушы заттардың комплексті және жалпы көрсеткіштерін есептеу, оны бағалау. Қоршаған ортаның заттармен техногенді ластануы және оның тұрғындар денсаулығына зиянды әсері. | Шағын топтар | 2 |
7. | Организмге химиялық қосылыстардың нақты әсері туралы түсінік, химиялық қосылыстар мен ксенобиотиктердің организмге түсу жолдары. Қоршаған ортаның ластану деңгейін және оның тұрғындар денсаулығы үшін қауіптілік деңгейін интегралды бағалау. | Шағын топтар | 2 |
8. | Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлар және қазіргі қалалардағы тұрғындар денсаулығы. Ауылдық елді мекендердегі қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлар. Ауыл шаруашылығын химияландыру және оның тұрғындар денсаулығына әсері. | Шағын топтар | 2 |
9. | Экологиялық аймақтарға бөлу, оның гигиеналық негіздері. | Шағын топтар | 2 |
10. | Қоршаған орта объектілерін қорғаудың негізгі принциптері. «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі», оның маңызы мен мәні. | Шағын топтар | 2 |
11. | Қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына зиянды әсерлерін алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың принциптері. | Шағын топтар | 2 |
12. | Қорытынды консультация | Шағын топтар | 2 |
Барлығы: 24 сағат |
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратың жұмысының тақырыптарының жоспары:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 |


