Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ЖҰМЫС IСТЕУI ЖӘНЕ ДАМУЫ

   8-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi

  1. Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiн iркiлiссiз қамтамасыз ету, газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн қауiпсiз пайдалану, тауарлық газдың тасымалдануын, сақталуын үздiксiз диспетчерлiк бақылауды ұйымдастыру және оны есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi қалыптастырылады.
  2. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi жалғастырушы, магистральдық газ құбырларын, тауарлық газ қоймаларын, газ тарату және газ тұтыну жүйелерiн, автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және тауарлық газ өндiруге, тасымалдауға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектiлердi қамтиды.
  Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң құрамына кәсiпшiлiк газ құбырлары, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерi, сұйытылған табиғи газды өндiруге және қайтадан газға айналдыруға, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған технологиялық объектiлер кiрмейдi.
  3. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
  4. Мыналар:
  1) ұлттық оператор;
  2) тауарлық газды өндiрушiлер;
  3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
  4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерi;
  5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi;
  6) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары;
  7) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерi;
  8) тауарлық газдың өнеркәсiптiк тұтынушылары тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң субъектiлерi болып табылады.
  5. Уәкiлеттi орган тауарлық газды өндiрушiлердiң, өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебiн жүргiзедi және тiзбесiн интернет-ресурста жариялайды.
  6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында тауарлық газды өндiрушiлер, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiн пайдаланудың белгiленетiн технологиялық режимдерiн сақтауға мiндеттi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   9-бап. Ұлттық оператор

  1. Ұлттық оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады;
  2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
  3) осы Заңға сәйкес шикi және тауарлық газды сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығын жүзеге асырады;
  4) осы Заңға сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестердi және тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн) сатып алуға мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асырады;
  5) тауарлық газдың iркiлiссiз тасымалдануын және сақталуын, оның iшiнде газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етедi;
  6) тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi, сондай-ақ тауарлық газды магистральдық газ құбырларына және (немесе) газ тарату жүйелерiне қосылған тұтынушыларға бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырады;
  7) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң технологиялық жұмыс режимiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды қамтамасыз етедi;
  8) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық газды тасымалдау, сақтау және өткiзу жөнiндегi, мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде шикi және тауарлық газды сатып алу жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiнiң алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын ұсынады;
  9) тауарлық газды тасымалдау режимдерiн басқару мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердiң газ тасымалдау жүйелерiмен өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi;
  10) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiндегi тауарлық газды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
  2. Ұлттық оператор:
  1) осы Заңда белгiленген шарттармен тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне қосылған тұтынушыларды тауарлық газбен iркiлiссiз жабдықтауды қамтамасыз етуге;
  2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiн салуды, пайдалануды, жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды қамтамасыз етуге;
  3) энергия үнемдейтiн және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң ұлттық оператор иелiк ететiн объектiлерiнде пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.
  3. Ұлттық оператордың немесе дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесiлi газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншiгiндегi тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша иелiктен шығарылуы мүмкiн.

   10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi

  1. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерiнiң, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ тұтыну жүйелерiнiң, автогаз құю станцияларының және сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектiлердiң жиынтығын бiлдiредi.
  2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
  3. Мыналар:
  1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер;
  2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
  3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
  4) газ желiсi ұйымдары;
  5) газ толтыру пункттерiнiң және автогаз құю станцияларының иелерi;
  6) сұйытылған мұнай газын өнеркәсiптiк тұтынушылар сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерiнiң субъектiлерi болып табылады.
  4. Уәкiлеттi орган сұйытылған мұнай газын өндiрушiлердiң, өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң, газ желiсi ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын өнеркәсiптiк тұтынушылардың есебiн жүргiзедi және тiзбесiн интернет-ресурста жариялайды.

   11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы

  1. Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудiң басымдығы ескерiле отырып, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндiрудiң, өткiзудiң және тұтынудың болжамды балансы негiзiнде әзiрленедi.
  3. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн орналастыру схемасын, салу, жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң тiзбесi мен техникалық сипаттамасын, қажеттi қаржы ресурстары мен олардың көздерiн, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресурстарын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған және салу жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi бойынша газ беру схемасын қамтиды.
  4. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның iшiнде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған газды пайдалануының басымдығы ескерiле отырып әзiрленедi.
  5. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының iске асырылуын қаржыландыру ұлттық оператордың табыстары, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
  6. Газдандырудың бас схемасын iске асыру үшiн жер учаскелерiн резервке қою Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

   12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн жобалау,
   салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау

  1. Магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органмен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiледi.
  2. Газ тарату жүйелерiн және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
  3. Экспорттық және (немесе) транзиттiк газ құбырларын салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
  4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық талаптарды осындай объектiнi пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату немесе газ желiсi ұйымы бередi. Бұл ретте берiлген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерiнiң жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектiлерiн жобалау үшiн негiз болып табылады.
  5. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелерiнiң қосылатын объектiлерiнiң иелерi есебiнен жүргiзiледi.
  6. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын газ жабдығы техникалық регламенттерге және нормативтiк техникалық құжаттарға сәйкес орындалуға, сондай-ақ жобалық құжаттамамен қамтамасыз етiлуге тиiс.

   13-бап. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн салу және
   пайдалану кезiнде жер пайдалануды реттеу

  1. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн салу және пайдалану үшiн берiлетiн жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қала құрылысы және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс.
  2. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiне кiру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын мүдделi жеке және заңды тұлғаларға беруге мiндеттi.
  3. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн күрделi жөндеу, оларға қызмет көрсету, оларды жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн осы объектiлердi пайдаланатын ұйымға жер учаскелерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалануға берiледi.

4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI

   14-бап. Мемлекеттiң газ және газбен жабдықтау саласындағы
   басым құқығы

  1. Энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тауарлық газға iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң иелiктен шығарылатын объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестерiн және тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн) сатып алуға басым құқығы (бұдан әрi – мемлекеттiң басым құқығы) бар.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған объектiлерге қатысты мемлекеттiң басым құқығын iске асыру «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылмаған объектiлерге қатысты мемлекеттiң басым құқығын iске асыру осы баптың 4-6-тармақтарында көзделген тәртiппен ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
  4. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар тұлға ұлттық операторға осындай иелiктен шығарудың бағасын және өзге де шарттарын көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жiбередi.
  5. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiң басым құқығын iске асыру туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және коммерциялық ұсыныс жiберген тұлғаны қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
  6. Егер ұлттық оператор мемлекеттiң басым құқығынан жазбаша түрде бас тартқан не бiр ай мерзiмде оны iске асыру ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермеген жағдайда, онда осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) өзге тұлғаларға иелiктен шығарып берудi жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте иелiктен шығару шартының осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тұлға үшiн тиiмдiлiгi ол ұлттық операторға ұсынған шарттардан кем болмауға тиiс.
  7. Осы баптың ережелерi мынадай жағдайларға:
  1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсiптiк тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiн иелiктен шығаруға;
  2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға түсетiн акцияларды иелiктен шығаруға;
  3) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестерiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн):
  қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесiне тиесiлi болатын еншiлес ұйымға;
  әрқайсысында қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде белгiлi бiр тұлғаға тиесiлi болатын заңды тұлғалар арасында беруге;
  4) егер осындай берудiң нәтижесiнде тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi – заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде 0,1 пайызына тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығын сатып алса, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерiн) беруге қолданылмайды.

   15-бап. Мемлекеттiң газ және газбен жабдықтау саласындағы
   артықшылықты құқығы

  1. Энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тауарлық газға iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесiлi иелiктен шығарылатын шикi газды, сондай-ақ өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдаланушылар өндiрген және өздерiне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға сәйкес тиесiлi тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығы (бұдан әрi – мемлекеттiң артықшылықты құқығы) бар.
  2. Мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асыру ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi газдың бағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
  1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетiн шикi газ көлемiнiң бiрлiгiн өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құнының негiзiнде айқындалатын шикi газды өндiруге жұмсалған шығыстарды;
  2) ұлттық операторға шикi газды өткiзетiн жерге дейiн оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
  3) он пайыздан аспайтын мөлшердегi рентабельдiлiк деңгейiн қамтиды.
  4. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
  1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетiн шикi газ көлемiнiң бiрлiгiн өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құнының негiзiнде айқындалатын шикi газды өндiруге жұмсалған шығыстарды;
  2) шикi газдан тауарлық газды өндiруге жұмсалатын шығыстарды;
  3) ұлттық операторға тауарлық газды өткiзетiн жерге дейiн оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
  4) он пайыздан аспайтын мөлшердегi рентабельдiлiк деңгейiн қамтиды.
  5. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi немесе тауарлық газдың бағасы сараптауға және уәкiлеттi органның бекiтуiне жатады.
  6. Алдағы күнтiзбелiк жылы шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газ бағасының құжаттамалық расталған есептерiн уәкiлеттi органға сараптамаға жiбередi.
  7. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын сараптау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган материалдарды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер қойнауын пайдаланушыға мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын бекiту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттiгi туралы дәлелдi қорытындыны жiбередi.
  8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың уәкiлеттi орган бекiткен бағасынан асырмауға мiндеттi.
  9. Алдағы күнтiзбелiк жылы шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланған кезең басталғанға дейiн бес айдан кеш емес мерзiмде ұлттық операторға мыналарды:
  1) иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың көлемiн;
  2) иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың бағасын;
  3) шикi және (немесе) тауарлық газдың жеткiзiлу пунктiн көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жiбередi.
  10. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асыру немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы мерзiмде коммерциялық ұсыныс жiберген тұлғаны қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
  11. Егер ұлттық оператор мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асырудан жазбаша түрде бас тартқан не оны iске асыру ниетi туралы жазбаша хабарламаны бiр ай мерзiмде жiбермеген жағдайда, тауарлық газдың меншiк иесi, жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
  12. Ұлттық оператор мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық оператор арасында жасалатын шарттар күнтiзбелiк бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
  13. Тараптардың келiсiмi бойынша көрсетiлген шарттарға иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың көлемiн ұлғайтуды және (немесе) осы баптың 5–7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсiмдердi сақтамай, шарттардың қолданылу мерзiмдерiн ұзартуды көздейтiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
  14. Осы баптың ережелерi мыналарды:
  1) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндiрiлетiн шикi газды;
  2) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндiрiлетiн шикi газдан өндiрiлген тауарлық газды;
  3) сұйытылған табиғи газды және оны қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған тауарлық газды;
  4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өткiзiлетiн шикi газды;
  5) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газды;
  6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газды;
  7) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде жасалатын шарттың негiзiнде өндiрiлген тауарлық газды;
  8) ережелерi иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығын көздейтiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 308-1-бабына сәйкес салық режимiнiң тұрақтылығын иеленетiн, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушы өндiрген шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.
   Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.06.22 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4