Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

   16-бап. Iлеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу

  1. Мыналар:
  1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндiрген және Қазақстан Республикасына тиесiлi;
  2) өндiрiлген iлеспе газға жер қойнауын пайдаланушының меншiгi көзделген, жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мемлекет меншiгiне берген iлеспе газ мемлекеттiң меншiгiнде болады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген iлеспе газ уәкiлеттi орган айқындаған көлемде оның шешiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде жасалатын шарттың негiзiнде тартылатын инвестордың меншiгiне берiледi.
  3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына тиесiлi iлеспе газдан тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндiретiн жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттi органның шешiмi бойынша тараптар келiскен бағамен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде одан әрi пайдалану үшiн тауарлық газды ұлттық операторға немесе тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын тартылатын инвесторға бередi.
  4. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде инвестор уәкiлеттi органмен жасасқан шарт, оның iшiнде мынадай талаптарды:
  1) iлеспе газды тауарлық, сұйытылған мұнай газы және (немесе) сұйытылған табиғи газ етiп өңдеудi;
  2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып, өндiрiлген тауарлық, сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың белгiлi бiр көлемiн бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн берудi қамтуға тиiс.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған
   табиғи газды өткiзудiң жалпы шарттары

  1. Қоршаған ортаны және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мақсатында шикiзат ретiнде пайдалану үшiн өнеркәсiптiк тұтынушыларға шикi газды өткiзудi қоспағанда, тұтынушыларға тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газы ғана берiледi.
  2. Осы Заңның талаптары ескерiле отырып, тауарлық газды тек қана:
  1) ұлттық оператордың
  2) тауарлық газды өндiрушiлердiң
  3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың
  4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң
  5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң
  6) газ тарату ұйымдарының
  7) автогаз толтыру компрессорлық станциялары иелерiнiң өткiзуiне жол берiледi.
  3. Сұйытылған табиғи газды өткiзудi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы шеңберiнде Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудiң басымдығын ескере отырып жүзеге асырады.
  4. Осы Заңның талаптары ескерiле отырып, сұйытылған мұнай газын тек қана:
  1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлердiң
  2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң
  3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң
  4) газ желiсi ұйымдарының
  5) газ толтыру пункттерi және автогаз құю станциялары иелерiнiң өткiзуiне жол берiледi.
  5. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өткiзу осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, оларды есепке алудың бақылау аспаптары арқылы мiндеттi түрде өткiзе отырып жүзеге асырылады.
  6. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу шарттары үлгiлiк шарттарға сәйкес жасалады.
  Осы тармақтың ережесi:
  1) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсiптiк тұтынушыларға;
  2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы иелерi тауарлық газды;
  3) автогаз толтыру станцияларының иелерi сұйытылған мұнай газын;
  4) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу жағдайларына қолданылмайды.
  7. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын пайдаланудың артықшылықты құқығына тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар ие болады.
  8. Газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымы осы Заңда белгiленген шарттарда осындай ұйымның газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен iркiлiссiз жабдықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
  9. Мынадай:
  1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң қауiпсiздiк қағидаларын бұзған;
  2) газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi техникалық жарамсыз болған;
  3) тұтынушы газ жабдығын өз бетiнше қосқан;
  4) газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымының өкiлдерi газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жiберiлмеген;
  5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу шартына сәйкес жеткiзiлiп берiлген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшiн дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын берудi бiржақты тәртiппен тоқтата тұруға құқылы.

   18-бап. Газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу

  1. Газ желiсi ұйымдары газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес уәкiлеттi органда аккредиттеуге жатады.
  2. Аккредиттеу аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады.
  3. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды, мерзiмi белгiленбеген, иелiктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.
  4. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай:
  1) аккредиттеу туралы куәлiктi өз еркiмен қайтарған;
  2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иелену тоқтатылған;
  3) заңды тұлға таратылған немесе ол бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылған;
  4) аккредиттеу туралы куәлiктен айырған жағдайларда жүзеге асырылады.
  5. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

   19-бап. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiн және газ
   жабдығын пайдалану

  1. Газ тұтыну жүйелерiнiң және газ жабдығының иелерi олардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
  2. Өнеркәсiптiк тұтынушылар өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсететiн бiлiктi персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерiнiң қауiпсiз жұмысы үшiн жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргiзу құқығына аттестатталған, мамандандырылған ұйыммен өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
  3. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын берудi жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желiсi ұйымымен не газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргiзу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсiз ұйыммен өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
  4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
  5. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
  6. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

   20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта
   көтерме саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк
   реттеу

  1. Қазақстан Республикасында тауарлық және сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк реттеу жүзеге асырылады.
  2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жарты жылға жеке белгiленедi.
  3. Уәкiлеттi орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жарты жылға арналған шектi бағаларының деңгейi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi.
  4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде жоспарланған кезең басталғанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде iшкi нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң алдағы жарты жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.
  5. Iшкi нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағасы тоқсан сайын белгiленедi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
  6. Уәкiлеттi орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы тоқсанға арналған шектi бағаларының деңгейi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi.
  7. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 6-тармағында көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде жоспарланған кезең басталғанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы тоқсанға арналған шектi бағаларын бекiтедi.
  8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң белгiленген шектi бағаларын шектен асырмауға мiндеттi.
  9. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң осы бапта белгiленген шектi бағалары:
  1) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық операторға;
  2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң ұлттық операторға;
  3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған;
  4) ережелерi иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығын көздейтiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 308-1-бабына сәйкес салық режимiнiң тұрақтылығын иеленетiн, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушы өндiрген тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
   Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.06.22 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   21-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған
   табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау
   және өткiзу мониторингi

  1. Уәкiлеттi орган:
  1) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру көлемiнiң мониторингiн;
  2) тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемiнiң мониторингiн;
  3) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткiзу, оның iшiнде олардың экспорты мен импорты көлемiнiң мониторингiн;
  4) Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме сауда бағаларының мониторингiн;
  5) Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн тауарлық және сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларының мониторингiн;
  6) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген iшкi қажеттiлiктерiнiң мониторингiн қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткiзу мониторингiн жүзеге асырады.
  2. Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға тауарлық, оның iшiнде тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген газды өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей ұсынады.
  3. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары ұлттық операторға тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемдерi туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
  4. Ұлттық оператор уәкiлеттi органға:
  1) тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау көлемдерi туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей;
  2) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде сатып алынған шикi және тауарлық газдың көлемдерi туралы мәлiметтердi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi ақпанынан кешiктiрмей;
  3) Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiнiң алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
  5. Өндiрушiлер уәкiлеттi органға:
  1) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру жөнiндегi мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей;
  2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiрудiң алдағы бес жылға арналған болжамды көлемiн жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
  6. Сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар аумақтарында осындай өткiзу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызды қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына сұйытылған мұнай газын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына  әкелiнген сұйытылған мұнай газын өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
  7. Облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органға:
  1) облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткiзу және тұтыну жөнiндегi мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей;
  2) облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
  8. Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға сұйытылған табиғи, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген газды өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
  9. Осы баптың 2–8-тармақтарында көзделген мәлiметтер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес ұсынылады.
  10. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасындағы тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың импорты мен экспорты туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
  11. Уәкiлеттi орган мониторинг деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндiрудiң, өткiзудiң және тұтынудың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамды балансын жасайды.

5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКIЗУДI
ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

   22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау

  1. Тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөнiндегi, сондай-ақ тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөнiндегi қызметтердi газ тасымалдау ұйымдары көрсетедi.
  2. Бiр ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екi және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салынады.
  3. Газ тасымалдау ұйымдары тек қана:
  1) ұлттық операторға;
  2) тауарлық газды өндiрушiлерге;
  3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
  4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға ниет бiлдiрген оның иелерiне тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетуге құқылы.
  4. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары:
  1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулердi ескере отырып, тауарлық газдың иелерiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесiнiң қуаттарына тең жағдайларда қол жеткiзудi ұсынуға;
  2) уәкiлеттi органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесiнде бос тұрған қуаттардың бар екенi туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсынуға;
  3) тауарлық газ иелерiн және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға әсер ететiн жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етуге мiндеттi.
  5. Газ тасымалдау ұйымы:
  1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген;
  2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерiн сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгiнгенге дейiн бiр ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерiн иелiктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, тауарлық газ иесiнiң тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тартуға мiндеттi.
  6. Газ тасымалдау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында және тауарлық газды тасымалдау және сақтау жөнiндегi қызметтердi ұсыну шартында көзделген тәртiппен тауарлық газды тасымалдаудан және сақтаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн жауапты болады.
   Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

   23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткiзу

  1. Тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi:
  1) ұлттық оператор;
  2) тауарлық газды өндiрушiлер;
  3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
  4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерi;
  5) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткiзiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi;
  6) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерiне өткiзiлген жағдайларда, газ тарату ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.
  Өзге тұлғалар тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
  2. Газ тарату ұйымдарының ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерiне көтерме саудада өткiзу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалардан тауарлық газды сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруына тыйым салынады.
  Осы тармақтың ережелерi ұлттық операторға қолданылмайды.

   24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткiзу

  1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткiзудi:
  1) газ тарату ұйымдары;
  2) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерi;
  3) ұлттық оператор;
  4) газ тұтыну жүйелерi магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тiкелей қосылған өнеркәсiптiк тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткiзiлген жағдайда, тауарлық газды өндiрушiлер, өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық  газдың меншiк иелерi жүзеге асырады.
  Өзге тұлғалар тауарлық газды бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын газ тарату жүйесiне қосуды, бос тұрған қуаттар болмаған жағдайда, қосылатын тұтынушылардың қосымша жүктемелерiн жабуға қажеттi газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ мұндай қосудың технологиялық схемасын өзгертудi газ тарату ұйымы осындай тұтынушылардың есебiнен жүзеге асырады.
  3. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне тауарлық газды берудi газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы жүзеге асырады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4