http://www. /index. php? option=com_content&task=view&id
Биография Жангир хана // http://www. /zkolib/old/azo/ru/zhangir. htm Боранғалиұлы Т. Сүрер салтанат-уақыт бiр сағат: Жәңгiр хан туралы / Т. Боранғалиұлы // Егемен Қазақстан. – 2000. – 24 қараша (сурет). Боранғалиұлы Т. Жәңгiр хан: "Cүрер салтанат-уақыт бiр сағат": Жәңгiр хан әулетiнiң жақсы аты мен мақсаты, қасиетi мен қасiретi жайындағы ақиқат-сыр / Т. Боранғалиұлы // Орал өңiрi. – 2001. – 20 қаңтар. Боранғали Т. Жәңгір хан және Қазан университеті // http://www. zhastar. biz/index. php? name Бөкейханов Ғ. Хан Жәңгiр - Бөкей Ордасының реформаторы / Ғ. Бөкейханов // Түркiстан. – 2002. – 5 қаңтар. Габбасов Э. "Наружность привлекательна...": (По страницам изданий "Букеевской Орде-200 лет" и "История Букеевского ханства.гг.") / Э. Габбасов // Приуралье. – 2003. – 26 апреля. Дастан о трагедии народа / Э. Габбасов // Приуралье. – 2001. – 7 апреля. О Жангир хане. Достанбаев Т., Поэт-борец: Жангир хан / Т. Достанбаев, Д. Кожамжаров // Казахстанская правда. – 2003. – 26 августа. Почта и телеграф от хана Жангира / Г. Жумабаева // Приуралье. – 2003. – 8 ноября. История Букеевской Орды. Инночкин, В. Вглядись в глаза друга / В. Иночкин // Казахстанская правда. –2003. – 21 января. Казахстанско-российские отношения - это прежде всего отношения двух братских народов, уходящих своими корнями в глубину веков. История денег - история страны / В. Иночкин // Приуралье. – 20ноября. Кредитно-денежная система и хан Жангир. Рыцари Свободы: (К 200-летию Букеевского ханства) / В. Иночкин // Приуралье. – 2001. – 16 января. Слово о Жангире: К 200-летию Букеевского ханства / В. Иночкин // Приуралье. – 2002. – 25 октября. Слово о Жангире / В. Иночкин // http://www. /elib/collect/statyii/slovo_zhangir. htm Жангир-хан и экономика Букеевской Орды / Г. Карабалин // Приуралье. – 1997. – 2 октября. Жангир хан: главы из романа // http://www. /article/31/ Летопись Букеевского ханства / Л. Корина // Казахстанская правда. –2002. – 8 октября. Вышел сборник документов и материалов “История Букеевского ханства годы”, который собрал воедино разрозненные документальные средства о Букеевском ханстве и хане Жангире. Двести лет спустя / Л. Корина // Казахстанская правда. – 2002. – 8 ноября. История Букеевского ханства. Неразрывная связь времен: история Уральска, Хан Жангир / Л. Корина // Казахстанская правда. – 2004. – 19 марта. Жәңгiр хан Ордасы: бұрын және бүгiн: Бөкей Ордасына 200жыл / С. Сабыров // Сарыарқа. – 1999. – № 2. – 52-54 бет. Жәңгiр хан Ордасы: кеше және бүгiн / С. Сабыров // Зерде. – 1998. –№ 10. – 14-16 бет. Бөкей хан мен Жәңгiр хан / Р. Сариева // Егемен Қазақстан. – 2001. – 31 шiлде. Шәрiп-қали Т. Хан Жәңгiр қашан дүниеге келген? / Т. Шәріп-қали // Орал өңiрi. – 2002. – 31 қантар. Шәрiпқалиев Т. Хан Жәңгiр ұрпағының тағдыры не болды: Бөкей Ордасына / Т. Шәріпқалиев // Орал өңiрi. – 1997. – 12 маусым. Хан Жангир-государственный деятель (гг.) Исторические личности / Ж. Касымбаев // Вестник КазГУ.(сер. ист.). – 2001. – № 1. – С. 106-113. Қойгелдиев М. Исатай старшын және Жәңгiр хан: өмiр ағынынан туған қайшылық / М. Қойгелдиев // Егемен Қазақстан. – 2003. – 6 қыркүйек. О Жангир-хане сквозь призму документов: книжная полка / О. Щелоков // Приуралье. – 2001. – 13 декабря.
ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІ
1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұлтан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. Ресейдің қол астында отырып, сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап, Еуропа билеушілеріне лайықталған сый-құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды.
Мәскеудің ресмилігі мен салтанатын түгесіп, еліне қайтқан Жәңгір қазанның 13 күні Қазан қаласына жетті. Император ағзамның қазақ ханын шетелдік мәртебелі меймандар дәрежесінде қабылдағанынан хабардар Қазан қауымы Жәңгірді өз үстерінен елеусіз өткізіп жібере алмады. Хан алыс жолдан аяқ суытпай жатып қаланың азаматтық губернаторы барон Розен әдейілеп сәлем бере келді. Сәтті сапарымен құттықтап, енді ежелгі Қазанға қош келдіңіз деп қол қусырды. Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын. Сөйтіп, келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттады.
қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатты. Алдымен физика кабинетіне бастады. Дәліздегі есігінің реті солай болғанына ректор қынжылғандай. Қырдан келген әміршіні физика құралдары тым қызықтыра қоймас деп ойлаған. Ал хан кейбірінің не үшін қолданылатынын білмесе де, өзін қараңғы етіп көрсетпеуге тырысып бақты. Сұрағын сақтықпен қойып, алды-артын ойлай сөйлеп, оқымыстылардың іштей мазағына айналмауды ойлады
Есесіне, минц-кабинетте Жәңгірдің жүзі біршама жадырады. Бедеріне қарап әр заманда соғылған араб пен шығыстың мәнет ақшаларын, құнын, нақышталған жерін айтып тұрды. Көне күмістердің сырына біршама қанық екенін аңғартты.
Кітапханаға кіргенде Жәңгір өзін еркін сезінді. Араб, парсы, татар тіліндегі манускриптерді қолына кезек ұстап қарады. Алтын әріпті көне құрандарды сипап көрді. Университет баспасынан шыққан кітаптар мұқабасын мүдірмей оқыды.
Фукс осы сәтті пайдаланып Жәңгірге Хиуа ханы Әбілғазы жазған түрік шежіресін тарту етті. Жазылғанына бір жарым ғасыр өтсе де бұл еңбек Ресейде тұңғыш рет осында, Қазан университетінде басылыпты. Ректор ұсынған сыйды қолына алған Жәңгір “Шежіре-и түрк” деген атын жанындағыларға естірте оқыды.
Жәңгір университет ғалымдарының қолынан бұл шежірені ала тұрып, кейіннен алғанының салмағын еселей қайтарарын, осы кітапхананы шығыс әдебиетінің құнды қазыналарымен толықтырар қамқор жанның бірі өзі боларын ойлаған жоқ.
Университеттегілер ханның алдына енді тарихи суреттер жайды. Қазақтардың сыртқы жаулармен шайқасы деп түсіндіріп жатыр.
Кейіннен Фукс “Казанский вестникте” жазғанындай: “Мен ханға көп оқиғалары қазақ даласына қатысты татарлардың қытайлармен соғысын бейнелейтін бедерлі суреттер көрсеттім. Ол әскери шатырларға, туырлықты үйлерге, түйе өркешіне орнатылған зеңбіректерге зер салды. Өз халқының қаһарман жүздерін байқап тұрды. Алайда, оған көп тамсанып жатпастан әңгімені қайтадан кітап жағына ойыстырды:
– Мұндағы кітап қанша?
– Жиырма мың том.
Кітапханамен дәліздес бөлмеде ол біздің үлкен глобустың жанына тоқтады. Әріптесім, тілмаш, тумысы парсы Александр Казымбек оған глобустың жай-жапсарын түсіндіріп берді. Жер күнді айналады дегенге көп сенгісі келмеді, өйткені оның дінбасы басқаша түсіндірген көрінеді. Дегенмен ол глобустың пайдасы туралы біраз нәрсе аңғарып алды”.
Аңғарғаны сонша:
– Мекке Қазанмен бір сызықтың бойында орналасқан дегеннің ақиқаты қаншалық? – деп ғалымдардың өзіне тосын сұрақ қойды.
Қоштасарда Жәңгір өзінің екі ұлы – Ескендір мен Зұлқарнай тезірек ер жетіп, осы университеттен білім алса деген арманын айтты.
– Біздің қазаққа да бір нәрсеге ден қойып, оқып, қараңғылық халден шығатын кез жетті. Бұл істің бастамасын мен мектеп ашу арқылы жүзеге асырғым келеді, – деп толқып сөйледі.
Университет ғалымдары Жәңгірді осылайша өздері күтпеген қырынан таныды. Қазақ ханы мен Қазан университетінің ұстаздары арасындағы бұл таныстық ұзақ уақыт сыйластыққа ұласты. Фукстен кейін 1827 жылдың 3 мамырында университетке отыз төрт жасар Лобачевский ректор болып тағайындалды.
Етене араласып кетпегенімен, бір көрген – біліс, Лобачевсийдің 1844 жылы Жәңгірді университеттің құрметті мүшесі етуі көп нәрсе аңғартады. Математиканың майын ішкен ғалым кезінде өзі де өлең жазған әдебиетші, ректорлыққа дейін университетте кітапханашы болған көне мұралар құнтшысы еді. Ректор болып сайланғаннан кейін де ол бас кітапханашылық міндетінен қол үзбеген. Жүйелік, алфавиттік, жылжымалы каталогтар енгізіп, ғылыми кітапхана құруға тер төкті. Көне кітаптар мен қолжазбалар сатып алу арқылы шығыс қорларын толықтырды. Осындайда Хиуа, Бұқар, Самарқанға қолы жететін Жәңгірдің көмегі Қазан университетіне аса қажет еді.
Ресей ғылымының қара шаңырағы Қазан университеті қала үстінен өткеннің кез келгені кіріп-шыға беретін аяқасты орын емес. Оның ғылыми кеңесі тек лайықты тұлғаларға ғана есік ашатын. Жәңгірден кейін, 1829 жылдың мамырында мұнда неміс ғалымы, атағы жер жарған Гумбольдт болды. Алтай мен Каспийге саяхат жасап бара жатқан жаратылыстанушыға Мусин-Пушкин университеттің құрметті мүшесі дипломын тапсырды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


