3) "репо", "керi репо" операциялары және "овернайт" заемдары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi;

  4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есебiнiң құрылымын айқындайды;

  5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерiне, филиалдарына және өкiлдiктерiне бюджеттi (шығыстар сметасын) бөледi;

  6) Қазақстан Ұлттық Банкi ұйымдарының бизнес-жоспарын және еңбекақы төлеу қорын бекiтедi;

  7) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнiнде, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ашу және жабу жөнiнде шешiм қабылдайды;

  8) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiткен номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келiсiм бередi;

  9) қажет болғанда Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi алдын ала қарайды;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

  10) өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететiн және (немесе) нарық инфрақұрылымының бөлiгi болып табылатын ұйымдардың құруға және оның қызметiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қатысуы туралы мәселенi шешедi;

  11) Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтер үшiн ақы түрлерiн және мөлшерiн бекiтедi;
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген өзге мәселенi қарауға және шешiм қабылдауға құқылы.

  27. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi Парламент Сенатының келiсуiмен 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
  Төраға Қазақстанның Ұлттық Банкiнiң атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржылық, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы орнынан түсу туралы өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне екi ай бұрын берiп, орнынан түсуге құқылы.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметтен Қазақстан Республикасының Президентi босатады.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
 Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.13. N 436 Жарлығымен.

  28. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттiктерiне ие, оның iшiнде:

  1) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң отырыстарын жүргiзедi;

  2) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiң құқықтық актiлерi, Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулылары негiзiнде және/немесе оларды орындау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң қаулыларына қол қояды;

  3) республикада және шет елдерде өз құзыретi шегiнде Қазақстан Ұлттың Банкiнiң атынан өкiлдiк етедi;

  4) Қазақстан Ұлттық Банкiнен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерiн тағайындайды және босатады;

  5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тағайындауы үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларына үмiткерлердi ұсынады;

  6) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымдар номенклатурасын бекiтедi;

  7) бекiтiлген номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды қызметтен босатады, көзге түскен қызметкерлердi көтермелейдi, тәртiптiк шаралар қолданады;

  8) Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары арасында мiндеттердi бөледi, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң, филиалдарының, өкiлдiктерi мен ұйымдары басшыларының жұмыс тапсырылған учаскедегi iстiң жай-күйi үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;

  9) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жалпы штат саны негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң штат кестесiн бекiтедi;

  10) жоғары кәсiби бiлiктiлiкке ие және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақы белгiлейдi;

  11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң барлық мүлкi мен қаражатына билiк етедi, Қазақстан Ұлттық Банкi атынан сенiмхат бередi, мiндеттемелерге қол қою және сенiмхат беру тәртiбiн белгiлейдi;

  12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар (келiсiмдер, келiсiм-шарттар) жасайды;

  13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiн, филиалдарын, өкiлдiктерi мен ұйымдарын тексерулер және аудит жүргiзу нәтижелерiн қарайды;

  14) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы (не Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қаралуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының және Директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешiм қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдарының және өкiлдiктерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
  Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
 Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.01.30. N 527 Жарлығымен. 

  29. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасын тағайындау мерзiмiне қарамастан 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
  Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi, өз құзыретi шегiнде құжаттарға қол қояды және сотта және басқа ұйымдарда iстерi қаралған кезде, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң қатысуы үшiн сенiмхат бередi.
  Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады.
  Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасымен келiсiлген жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынып, қызметтен кете алады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өздерiне бөлiнген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде мәселелер қарайды және шешiм қабылдайды.

  30. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң басшылары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтетiн осы бөлiмшелер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады.

 5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары

  31. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары (бұдан әрi - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей бағыну схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

  32. Филиалдың Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады.

  33. Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ұлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады.

  34. Филиал өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады.

  35. Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережемен айқындалады.

  36. Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бас сенiмхаты негiзiнде жүзеге асырады.
 Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2006.09.11. N 177 Жарлықтарымен. 

 6. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi

  37. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi және Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мүддесiн қорғайды және өкiлдiк етедi.

  38. Өкiлдiктердi ашу, жабу тәртiбi, олардың өкiлеттiктерi және құқықтық мәртебесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi туралы ережеде айқындалады.

 7. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары

  39. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсiпорын нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.

  40. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдарын құру, қызметiн тоқтату және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi қабылдайды.

  41. Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi.

  42. Қазақстанның Ұлттық Банкi өзi құратын ұйымдарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органы ретiнде танылады.

  43. Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, тарату тәртiбi мен қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, құқықтық мәртебесi мен жарғылық құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

8. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi және қызметiн
тексеру

  44. Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есептi ұсынады.
  Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын түзу үшiн бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн келiсiлген мерзiмде ұсынады.

  45. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негізiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметін тексеруді, оның ішiнде қаржылық есептілікке аудиттi құрылтайшылар құрамына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердiң орталық банкiнiң аудитiн жүргізу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметін тексерудi тек қана Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi немесе тапсырмасы бойынша кез келген мемлекеттік орган жүзеге асырады.
 Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.11.15. N 1672 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.

 9. Қорытынды ережелер

  46. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкiн. Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi заңда көрсетiлген құқықтық мұрагерiне берiледi.

  47. Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк атқарады.
  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды және жеке тұлғалардың арасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен 
БЕКIТIЛГЕН 

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы

  Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2004.12.10. N 1495, 2006.09.11. N 177, 2008.01.30. N 527,  2009.03.27. N 775 Жарлықтарымен.

1. Орталық аппарат:

  1. Зерттеулер және статистика департаментi

  2. Төлем балансы және валюта реттеу департаментi

  3. Заң департаментi

  4. Монетарлық операциялар департаментi

  5. Бухгалтерлiк есеп департаментi

  6. Ақпараттық технологиялар департаментi

  7. Iшкi аудит департаментi

  8. Қызметкерлермен жұмыс департаментi

  9. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi

  10. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).

  11. Төлем жүйелерi департаментi

  11-1. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

  12. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).

  12-1. Қаржы тұрақтылығы басқармасы

  13. Операциялау басқармасы

  13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы

  14. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы

  14-1. Тәуекел-менеджмент басқармасы

  15. Автоматтандырылған банк ақпарат жүйелерiн енгiзу

  басқармасы

  16. Қауiпсiздiк басқармасы

  17. (Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.03.27. N 775 Жарлығымен).

  18. Шаруашылық басқармасы

  19. Үйлестiру департаментi (Астана қаласы)

  20. Бiрiншi бөлiм

 2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары:

  1. Орталық филиал (Астана қаласы)
  2. Алматы қалалық филиалы
  3. Алматы облыстық филиалы
  4. Ақмола филиалы
  5. Ақтөбе филиалы
  6. Атырау филиалы
  7. Шығыс Қазақстан филиалы
  8. Жамбыл филиалы
  9. Батыс Қазақстан филиалы
  10. Қарағанды филиалы
  11. Қостанай филиалы
  12. Қызылорда филиалы
  13. Маңғыстау филиалы
  14. Павлодар филиалы
  15. Солтүстiк Қазақстан филиалы
  16. Оңтүстiк Қазақстан филиалы
  17. Касса операциялары және құндылықтарды сақтау орталығы
  (филиал)
  18. Қызметтi қамтамасыз ету орталығы (филиал)

 3. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары:

  1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (Алматы қаласы)

  2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банк сервисi бюросы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (Алматы қаласы)

  3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

  4. алып тасталды

  5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
  6. алып тасталды

  4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi:

  1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Ресей Федерациясындағы өкiлдiгi

  2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiндегi өкiлдiгi

  3. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қытай Халық Республикасындағы өкiлдiгi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1271 Жарлығымен 
БЕКIТIЛГЕН 

 Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi

  1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы.
  2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 мамырдағы N 400 Жарлығы.
  3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 587 Жарлығы.
  4. "Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 4-тармағы.
  5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 668 Жарлығы.
  6. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығының 3-тармағы.
  7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 924 Жарлығы.
  8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығы.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4