Комиссия по вопросам борьбы с коррупцией
Комиссия при акимате города по вопросам борьбы с коррупцией (далее-Комиссия) является консультативно-совещательным органом.
Основными задачами Комиссии являются выработка и принятие согласованных мер, направленных на усиление борьбы с коррупцией, повышение уровня ответственности государственных служащих. Комиссия является важным инструментом реализации антикоррупционной стратегии страны и координирующим центром в вопросах противодействия коррупции, обеспечения взаимодействия госорганов, а также институтов гражданского общества в борьбе с коррупцией.
Комиссией принимаются последовательные меры по созданию атмосферы нетерпимости к коррупции в казахстанском обществе, а также объективному освещению результатов антикоррупционной деятельности госорганов и формированию их положительного имиджа.
В рамках перспективных направлений развития антикоррупционной политики государства Комиссией будет акцентировано внимание государственных органов на обеспечение защиты прав и свобод граждан от коррупции, дальнейшее совершенствование законодательства, а также системы выявления и противодействия коррупции, взаимодействие со структурами гражданского общества, расширение международного сотрудничества в сфере борьбы с коррупцией.
Главным приоритетом деятельности Комиссии является обеспечение безусловной реализации поставленных Главой государства задач в сфере антикоррупционной деятельности.
Орал қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Орал қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны қала әкімі басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары қала әкімінің орынбасары, хатшысы – қала әкімінің аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болып табылады.
Комиссия құрамы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары (келісім бойынша), мәслихат депутаттары (келісім бойынша), өзге лауазымды тұлғалар есебінен құрылады.
Комиссия құрамына басқа ұйымдардың, бизнес, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіруі мүмкін.
2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалалық бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау, орындалуда болған іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның және облыстық комиссияның ұсынымдарын қарау, оның жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
6. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және басқа ұйымдардың басшыларымен өзге тұлғаларын Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға;
2) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруына бағытталған шараларды қабылдау туралы, сондай-ақ Комиссия құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды енгізуге;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардан қылмыстық-істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың мемлкеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін алуға және ауызша түсініктемелерін тыңдауға құқылы;
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.
8. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерінің құрамының жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
9. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
10. Комиссия отырысына комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
11. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;
2) оның отырыстарында төрағалық етеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы.
12. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
13. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын Комиссия мүшелеріне хабарлайды;
2) Комиссия отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;
3) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
4) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссия төрағасының тапсырмасы негізінде өзге функцияларды жүзеге асырады;
5) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды.
14. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және басқа да ұйымдардын басшылары Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.
15. Комиссияның жұмысшы органы Орал қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі болып табылады.
4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
16. Комиссия қызметінің тоқтатылуына, қала әкімдігінің Комиссия қызметін тоқтату туралы қаулысы негіз болып табылады.


