Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

  1. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау құқықтық қамтамасыз ету арқылы, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

  2. Iшкi су көлiгiндегi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 

  3. Iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
  Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
  Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.06. N 209 , 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

  8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
  1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
  2) iшкi су жолдарын және iшкi су көлiгiн дамыту жөнiндегi тұжырымдама мен бағдарламаларды бекiту;
  3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  4) Iшкi су жолдарын пайдалану қағидасын бекiту;
  5) Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасын бекiту;
  6) порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту;
  7) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
  8) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
  9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  10) бiлiктiлiк комиссиялары туралы ереженi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекiту;
  11) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекiту;
  12) Қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын бекiту;
  13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
  14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
  15) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
  15-1) нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн онымен қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiту;
  16) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
  17) Кемелердiң портқа кiру және порттан шығу, кемелердiң порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегiнде жүзуi қағидасын бекiту;
  18) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшiн уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрi одан түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау тәртiбiн айқындау;
  19) Iшкi су көлiгiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау қағидасын бекiту;
  20) Кемелердегi, оның iшiнде iшкi су жолдарындағы шағын көлемдi кемелердегi көлiк оқиғаларын тергеудi, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргiзу қағидасын бекiту;
  21) Iшкi суда жүзетiн кемелердi техникалық пайдалану қағидасын бекiту;
  22) Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекiту;
  23) Шағын көлемдi кемелердi және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекiту;
  24) шағын көлемдi кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру  қағидаларынбекiту;
  25) Iшкi су жолдарында жүзу қағидасын бекiту;
  26) Кемелердегi қызмет жарғысын бекiту;
  27) Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн сүйреу қағидасын бекiту;
  28) Тасымалдаушылардың әлеуметтiк мәнi бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебiнен субсидиялау қағидасын бекiту;
  29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi орындау жатады.
  Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

   9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық
   бөлiмшелерiнiң құзыретi

  1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
  1) iшкi су жолдарын және iшкi су көлiгiн дамыту жөнiндегi тұжырымдама мен бағдарламаларды әзiрлеу;
  2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру;
  3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;
  4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
  5) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнiң, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнiң және кеме кiтабының нысандарын бекiту;
  6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
  7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
  8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекiту;
  9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекiту;
  10) Iшкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекiту;
  11) кемелердiң техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;
  12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекiту;
  13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекiту;
  14) Кемелердiң кеме қатынасы шлюздерi арқылы өту қағидасын бекiту;
  15) Кемелердi жөндеу қағидасын бекiту;
  16) нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз) және айырым белгiлерiнiң үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекiту;
  17) Аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекiту;
  18) Пайдаланылған кемелердiң элементтерiн пайдалана отырып, iшкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекiту;
  19) Iшкi суларда жүзетiн кемелердi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөнiндегi қағиданы бекiту;
  20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  21) Техникалық флот кемелерiн жаңарту жөнiндегi қағиданы бекiту;
  22) Iшкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекiту;
  23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
  24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
  25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
   26) РҚАО-ның ескертпесi!
  26) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
  2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi – аумақтық бөлiмше) құзыретiне:
  1) кемелердiң, салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелi объектiлер мен құрылыстардың кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексерудi жүргiзу;
  2) кемелердi тiркеу;
  3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;
  4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
  5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру;
  6) iшкi су жолдарының жай-күйiн қадағалау;
  7) кемелерде техникалық пайдалану қағидасының, қызмет жарғыларының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
  8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;
  9) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су жолдарында жүзу қағидаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
  10) шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
  11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру;
  12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
  13) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;
  14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
  Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  10-бап. Лицензиялау

   Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-тарау. Iшкi су жолдары

  11-бап. Жалпы ережелер

  1. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы және шлюздер үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады және иелiктен шығаруға жатпайды.
  Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшiн ашық iшкi су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгiленедi.

  2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерiн қоспағанда, кемелердiң iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

  3. Кемелердiң Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелерiндегi iшкi су жолдарымен жүзу жағдайын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттеледi.
   Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  12-бап. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау

  1. Астананың әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы шегiндегi Есiл өзенiнiң кеме қатынасы учаскесiн қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.

   2. Порттарға (осы баптың 1-тармағында көрсетiлмегендерiне) кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттерiндегi жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асыруға мiндеттi.

  2-1. Астананың әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы шегiндегi Есiл өзенiнiң кеме қатынасы учаскесiнде су жолы жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етудi астана әкiмдiгi жүзеге асырады.

  3. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.
   Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  13-бап. Iшкi су жолдарындағы акваторияларды,
  жағалау белдеулерiн және жер учаскелерiн
  пайдалану

  1. Қалалық елдi мекендер аумағынан тысқары орналасқан iшкi су жолдары шегiнде iшкi су жолдарының кеме қатынасына жарамды болуын қамтамасыз етумен байланысты жұмыстар үшiн тұрақты жер пайдалануға өтеусiз негiзде жағалау белдеуi берiледi.

  2. Уәкiлеттi органның кәсiпорны:

  1) кеме қатынасын қамтамасыз ету және осы мақсаттарда құрылыстар мен ғимараттар тұрғызу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға;

  2) iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне навигациялық жабдықтар құралдарын орнатуға;

  3) кеме қатынасының қауiпсiздiгiн, оның iшiнде навигациялық жабдықтар құралдарының көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өзен арналары учаскелерiн суретке түсiру кезiнде геодезиялық негiздеме үшiн жағалау белдеуiнде өскен ағаштар мен бұталарды кесiп тастауға құқылы. Навигациялық жабдықтардың жағалау құралдарын орнату және олардың көрiнiп тұруын қамтамасыз ету үшiн ағаштарды кесу жұмыстарын жүргiзу Қазақстан Республикасының орман және су заңдарында белгiленген тәртiппен жағалау белдеуi шегiнен тысқары жерлерде де жүргiзiлуi мүмкiн;

  4) осы тармақта көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу үшiн жағалау белдеуiнiң шегiндегi топырақты, тасты, қиыршық тастарды, ағаштар мен бұталарды пайдалануға құқылы.

  3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  4. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн уақытша жұмыстар жүргiзу үшiн пайдаланушы тұлғалар олар аяқталғаннан кейiн жағалау белдеуiн тазалауға және оны жайластыруға мiндеттi.

  5. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.
  Уақытша шырақтарды орнату мұндай шырақтар кеме жүретiн жол жағынан қоршалған жағдайда жүзеге асырылады.

  6. Егер шаруашылық және өзге де қызметтiң кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысы болмаса, мұндай қызметтi жүзеге асыру үшiн жағалау белдеуiн пайдалануға жол берiлмейдi.

  7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  8. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  9. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  10. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кемелерiнiң тоқтап тұруына, оларды жөндеуге, жасауға арналған жағалау белдеуi мен су акваториясына iргелес учаске уәкiлеттi орган кәсiпорнының пайдалануында болады.

  11. Қазақстан Республикасы шекаралық аймақтары учаскелерiндегi iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

  12. Iшкi су жолдары шегiндегi акваторияда және жағалау белдеуiнде iшкi су жолдары мен жағалау белдеуiнiң жай-күйiне терiс әсерiн тигiзетiн және (немесе) оларды пайдалануға қиындық туғызатын қадағалаусыз кемелердi, құрылғылар мен құрылыстарды қалдырып кетуге тыйым салынады.
   Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  14-бап. Iшкi су жолдарында құрылыстар салу және
  оларды пайдалану

  1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  2. Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi бойынша өз есебiнен навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында олардың iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 

  3. Iшкi су жолдарында пайдаланылатын, сондай-ақ салынып жатқан көпiрлердiң және басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi: 

  1) кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз әрi қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз етуге; 

  2) өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзуге; 

  3) кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен құрылғыларды дайындауға, орнатуға және күтiп ұстауға; 

  4) көтерме көпiрлер қанаттарын ашуға әрi көтеруге мiндеттi. 

  4. Гидроэлектрстанциялардың және iшкi су жолдарындағы су деңгейiн реттеушi су қысымымен жұмыс iстейтiн басқа да гидротехникалық құрылыстардың иелерi мұндай құрылыстардан жоғары және төмен учаскелерде кiдiрiссiз және қауiпсiз кеме қатынасы үшiн қажеттi су деңгейiн ұстап тұруға мiндеттi. 

  5. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

  6. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын және бiрнеше мемлекеттiң аумағынан өтетiн өзендердегi кепiлдiк берiлетiн тереңдiк Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.
  Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.06 N 209 ,  2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  4-тарау. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi

  15-бап. Жалпы ережелер

  1. Кеменi кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес жүзуге дайындау кеменiң меншiк иесiнiң және (немесе) кеме иесiнiң мiндетi болып табылады.
  Кеме, егер ол: 

  1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген iшкi су көлiгi саласындағы қауiпсiздiктi, оның iшiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай болған; 

  2) кеме экипажының саны ол жүзуге шығатын күнгi кеме экипажының ең аз құрамы туралы белгiленген талаптардан кем болмаған жағдайларда жүзуге жiберiледi. 

  2. Кеменiң меншiк иесi және (немесе) кеме иесi: 

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9