Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
1) кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
2) кемелердi қауiпсiз пайдалануға жауапты адамды тағайындауға;
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес кеме экипажы мүшелерiнiң, басқа да қызметкерлердiң дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
4) кеме экипажын жасақтауды қамтамасыз етуге және кеменi осы Заңда белгiленген кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес техникалық жарамды күйде ұстап тұруға мiндеттi.
3. Алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн:
1) су жолдарын кеме қатынасы жағдайында және шлюздердi күтiп ұстауды қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес iшкi су жолдарын күтiп ұстауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Судың деңгейi жобалық деңгейден төмендеген және уәкiлеттi орган өзеннiң сағасының отыруына әкеп соғатын түбiн тереңдету жұмыстарын одан әрi жүргiзудiң орынсыздығын айқындаған кезде уәкiлеттi органның кәсiпорындары кеме жүрiсiнiң кепiлдiк берiлген габариттерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттен босатылады;
2) кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн шлюз және каналдар арқылы өткiзудi жүзеге асыруға мiндеттi, бұл ретте мұндай iс-шаралар тасымалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардың иелерi тиiстi шаралар қолдану үшiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы аумақтық бөлiмшелердi дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
6. Аумақтық бөлiмшелер кеме қатынасының қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзушi теңiз кемесiне немесе шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кемеге iшкi су жолдарына кiрген кезде iшкi су жолдарымен жүзетiн кемелермен бiрдей негiздерде тексеру жүргiзуге құқылы.
7. Кеме жасау өнiмдерiн шығару және кемелердi жөндеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларда Кеме қатынасы тiркелiмi беретiн сәйкестiк құжаты болуға тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.06. N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық
реттеу
1. Iшкi су көлiгi саласындағы қызметтi iске асыратын жеке және заңды тұлғалар адам өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жол жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ кеме қатынасы қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, iшкi су көлiгi саласында авариясыз жұмыс жағдайларын жасауға, iшкi су жолдарын кеме қатынасы жағдайында, кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерiн және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстауға, сонымен қатар кемелердегi авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
Мыналар:
1) iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң кемелерi, порттар, жағалаудағы объектiлер және құрылыстар;
2) iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту);
3) iшкi су көлiгi кемелерiн, порттарды, iшкi су жолдарында жағалау объектiлерi мен құрылыстарды пайдалану;
4) iшкi су көлiгi кемелерiн сақтау;
5) iшкi су көлiгi кемелерiн тасымалдау және тiркеп тарту;
6) iшкi су көлiгi кемелерiн жою және кәдеге жарату техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.
15-2-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгiнiң
кемелерiне, порттарға, жағалаудағы
объектiлер мен құрылыстарға қойылатын
қауiпсiздiк талаптары
1. Қауiптi жүктердi жөнелтетiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi), қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (оның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
2. Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде авариялық жағдайлар туындаған кезде жағдайда қауiптi жүктi жөнелтетiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi), қабылдайтын алушы (жүк алушы) аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.
15-3-бап. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi
кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы
объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс
жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде
қойылатын қауiпсiздiк талаптары
1. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде жобалық құжаттама мен Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.
2. Iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды салу (құрылыс жүргiзу, жөндеу, қайта жаңарту) кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және iшкi су көлiгiнiң қауiпсiздiгiне байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Егер iшкi су жолдарындағы iшкi су көлiгi кемелерiн жасау, порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды дайындау процессiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
4. Әрбiр кемеде корпусына жазылатын тiркеу нөмiрi таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс.
5. Кеме адамдардың борт жиегiнен құлау тәуекелiн мейлiнше төмендететiндей етiп әзiрленуге және борт сыртында қалғандарды құтқаруды қамтамасыз етуге тиiс.
6. Негiзгi рульдiк басқару орны айнала шолуды қамтамасыз етуге тиiс.
7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаумен жабдықталуға, онда өрт және су басу қатерiне баса назар аударылуға тиiс.
Ескерту. 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.06. N 209 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15-4-бап. Iшкi су көлiгi жолдарындағы iшкi су
көлiгi кемелерiн, порттарды, жағалаудағы
объектiлер мен құрылыстарды пайдалану
кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Кеме қатынасы процесiне байланысты iшкi суда жүзетiн кемелер, iшкi су жолдарындағы порттар, жағалаудағы oбъектiлер және құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Iшкi суда жүзетiн кемелердi, iшкi су жолдарындағы порттарды, жағалаудағы объектiлер мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелер шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
4. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердi техникалық қадағалауды уәкiлеттi орган бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргiзу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексерiп қарауды жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
5. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердi және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемдi кемелердi және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын өздiгiнен жүзетiн кемелердiң кеме жүргiзушiлерi кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және олардың шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған куәлiгi болуға тиiс.
Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған куәлiктi берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды уәкiлеттi орган кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ашу кезiнде аумақтық бөлiмшеге:
1) оқытушылар құрамы үшiн су көлiгi мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
2) кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлаудың үлгiлiк бағдарламасы негiзiнде әзiрленген шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi оқу бағдарламасын;
3) оқу процесiн ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың бар екендiгiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтiң басталуы туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама жасау «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-4-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
16-бап. Кемелердi техникалық қадағалау және
сыныптау
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Сыныптауға, техникалық қадағалауға және куәландыруға олардың тиесiлiгiне қарамастан, iшкi су жолдарында пайдалануға арналған iшкi суларда жүзетiн кемелер мен «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелер жатады, олар:
1) жолаушылар кемесi;
2) басты қозғалтқыштарының қуаты елу бес киловатт (жетпiс бес ат күшi) және одан астам болатын жолаушыларға арналмаған iшкi суларда өздiгiнен жүзетiн кемелер;
3) сыйымдылығы тiркелiмдiк сексен және одан да көп тонна өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелер.
3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелердi өтеусiз негiзде куәландыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте кеме иесiнiң кiнәсiнен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру кеме иесiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
17-бап. Кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау
және қадағалау
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Iшкi су көлiгiн, оның iшiнде шағын көлемдi флотты пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер ұшыраған көлiк оқиғаларын тексерудi, сыныптауды және есепке алуды жүргiзу;
2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиiсiнше күтiп ұстауды бақылау және қадағалау;
3) кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлерi мен құрылыстарының кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай болуын тексерiп қарауды жүргiзу;
4) кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң талаптарына сай келмейтiн кемелердi (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi), салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;
5) кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оларға тыйым салу;
6) кеме иелерiнiң, кеме экипаждары мүшелерiнiң, iшкi су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау және қадағалау;
7) кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) мемлекеттiк тiркеу және Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылатын тиiстi құжаттарды беру;
8) кемелердiң командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттау арқылы жүргiзiледi. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр келесi бес жыл өткен соң жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында бiтiрген, сондай-ақ сол жылы диплом алған адамдар аттестаттаудан босатылады;
9) кемелердiң командалық құрамының адамдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес диплом беру арқылы жүргiзiледi. Диплом беру кезiнде жұмыс дипломын алу үшiн тиiстi бiлiмi бар, аумақтық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
еркiн нысандағы өтiнiштi;
жеке куәлiгiн немесе паспортын;
жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
медициналық комиссияның кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысын табыс еткен адамдар жiберiледi.
Диплом беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнiнде құжаттар ұсынған адамға құжаттар табыс етiлген кезден бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жазбаша хабарланады;
10) анықталған iшкi су көлiгiнiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) жұмыс iстеуiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
11) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау және қадағалау;
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
14) шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалауды жүргiзу;
15) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
17) меншiк иесiнiң тұрақты тұратын жерi өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
18) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алу;
19) шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) тиiстi мамандарды шағын көлемдi көлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамаларға қатысуға тарту;
22) алкогольдiк, есiрткiлiк және уытты мас күйiнде болған шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;
23) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;
24) паромды өткелдердi мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-1-бап. Уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшелерiнiң кемелердi қарап шығуды
жүргiзуi
1. Кемелердi қарап шығу кеменiң (оның мемлекеттiк тiркелген орнына қатыссыз) және экипаждың кемелердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. Кемелердi қарап шығу капитанның немесе бiрiншi штурманның (капитанның аға көмекшiсiнiң) және шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсiнiң қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезiнде де жүргiзiлуi мүмкiн.
Iшкi суларда жүзетiн кемелердi қарап шығу навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал "өзен-теңiз" жүзу кемелерiн - теңiзде пайдаланғаннан кейiн, олар iшкi су жолдарына кiрген кезде жүргiзiледi.
Кемелердi бақылап қарап шығу навигация кезеңiнде екi айда бiр реттен жиi емес немесе көлiк оқиғасы болған кезде жүргiзiледi.
2. Өздiгiнен жүзетiн кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар тексеруге жатады:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);
2) штат кестесi мен кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң бұйрығы (немесе басқа құжат);
3) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;
4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерiн, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (саны, жүргiзу сапасы):
вахталар кестесi;
дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;
ауа-райы болжамдарының журналы (тiгiнi);
жол ақпараттарының және кеме жүргiзушiлерге берiлген хабарламалар журналы (тiгiнi);
магниттiк компастың девиациясының кестесi;
кеменiң маневр элементтерiнiң кестесi;
адамның борт сыртына құлауы кезiндегi маневрлеу сызбасы;
радиолокациялық станцияның көлеңкелi секторларының сызбасы;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |


