Сауда комиссия хатшысымен жүргізіледі. Барлық қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Лот бойынша сауда комиссия хатшысының лотқа қысқаша сипаттама беріп, сауданың жүргізілу әдісі мен оның бастапқы бағасы жайлы хабарландыруынан басталады. Саудадағы бағаның тіркелген қадамы көтерілу немесе ттөмендеуіне қарай өзгеруі лоттың бастапқы бағасынан 5% (бес пайыз) мөлшерде белгіленеді. Бірінші сауда ағылшын әдісі бойынша жүргізіледі: Комиссия хатшысымен лоттың бастапқы бағасы жарияланғаннан аукциондық номерді көтеру арқылы өзінің лотты алғысы келетінін білдіреді; Бір уақытта бір немесе одан көп аукциондық номерлар кезінде лот бағасы жарияланған қадамнан көтеріледі, ол үшін комиссия хатшысы қатысушылардың аукциондық номерлерін жариялайды және оны көтеруді ұсынады. 

Лот үшін әлдеқайда жоғары баға берген қатысушы жеңімпаз деп жарияланады;

Егер, бір уақытта бір немесе одан да көп аукциондық номерлар болған  жағдайда, жарияланған қадамға қатысушылардың ешқайсысы лотты көтерілген бағаны ескеріп, оны алуға тілек білдірмесе, онда комиссия хатшысы жеребе тартуға құқықты; Егер, лоттың бастапқы бағасын жариялағаннан кейін қатысушылардың ешқайсысы лотты сатып алуға тілек білдірмесе, онда сауда жасалмады деп саналады және сауда нәтижелері туралы Осы тәртіптің №4 қосымшасына сәйкес хаттама толтырылады. Ағылшын әдісі бойынша сауда жасалмады деп саналғаннан кейін, сауда жүргізу талаптарын сақтау арқылы лот саудаға голланд әдісі бойынша шығарылады. Сауданың голландтық әдісі: Комиссия хатшысымен лоттың бастапқы бағасы жарияланғаннан кейін қатысушылар аукциондық номерді көтеру арқылы лотты сатып алуға өз тілектерін білдіреді; Комиссия хатшысы бастапқы бағаны айтқан кезде бірінші болып аукциондық номерді көтерген қатысушының номерін атайды және балғаны ұру арқылы оны лот бойынша жеңімпаз деп жариялайды. Бастапқы бағаны жариялау кезінде бір уақытта бір немесе одан да көп аукциондық номерлер көтерілсе, комиссия хатшысы жеребе тартады; Комиссия хатшысы лоттың ең төменгі бағасын жариялаған кезде қатысушылардың ешқайсысы лотты сатып алуға тілек білдірмесе, онда сауда өткізілмеді деп саналады және сауда нәтижесі туралы сауда жүргізудің осы тәртібінің №4 қосымшасына сәйкес хаттама толтырылады. Сауданың голландтық әдісінде лоттың төменгі бағасы бастапқы бағадан 50% (елу пайыздан) кем болмауы керек; Комиссия хатшысы лотты сатып алмақшы қатысушылар болған жағдайда, басқа аукциондық номерлер болмаса, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқөа сатып алушылар болмаса, лоттың жүзеге асу фактісін балғаны ұру арқылы растайды.

Сауда қорытындысы бойынша, комиссия хатшысымен сауда қорытындысы туралы сауда жүргізудің осы Тәртібінің №5 қосымшасына сәйкес хаттама толтырылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?
Комиссия хатшысы қатысушылар берген ұсыныстардың есебін жүргізеді. Сауда өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаған жеңмімпаз немесе хаттамаға ол қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сауданы ұйымдастырушының банктік есебіне лоттың сатып алу бағасын енгізбесе, лотты алу құқығынан, сонымен бірге, аталған лот бойынша одан кейінгі саудаға қатысу құқығынан айырылады.

Жеңімпаз лотты алу құқығынан айырылған жағдайда, сонымен бірге, саудаға екі немесе одан да көп қатысушы қатысса, лот қатысушыларға керісінше кезекте, соңғы ұсынылғаннан әлдеқайда жоғары бағаға ұсынылады.

Қатысушылар лотты алудан бас тартқани жағдайда жеңімпазды лотты алу құқығынан айырғаннан кейін комиссия хатшысымен сауда нәтижесі туралы Сауда жүргізудің осы тәртібінің №4 қосымшасына сәйкес хаттама толытырады, және лот бойынга жаңа сауда жүргізіледі.

7. Сауда-саттық өткізу нәтижелері

1.        Сауда-саттық өткізу нәтижесі комиссия мүшелері мен хатшысы, сондай-ақ сауда-саттық қатысушылары қол қоятын сауда-саттық  нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді (егер сауда-саттық өтті деп танылған жағдайда).

2.        Хаттама сауда-саттық ұйымдастырушысына және қатысушысына бір-бір данадан жасалады (егер сауда-саттық өтті деп танылған жағдайда).

Сауда-саттық егер лот бойынша сауда-саттықта екі қатысушы болса, өтпеді деп жарияланады. Сауда-саттық нәтижесі туралы хаттама сауда-саттық ұйымдастырушысы сатып алушыға лотқа меншік құқығын беру үшін негіз болып табылады. Лотқа меншік құқығын беруді ресімдеу бойынша шығыстарды сатып алушы көтереді.

8. Кепілді жарнаны қайтару тәртібі

Сауда-саттық жеңімпазы болып танылмаған не сауда-саттыққа қатысу туралы өтінімін қайтарып алған қатысушының кепілді жарнасын осы сауда-саттықты өткізу тәртібінің жағдайларына сәйкес сауда-саттық ұйымдастырушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарады. Кепілдік жарна осы тәртіпте көзделген жағдайларды жеңімпаз орындамаған жағдайда,  қайтарылмайды.

бекітілген Сауда-саттық өткізу тәртібіне

№1 Қосымша

Лот тізімдемесінің актісі

Астана қ.  2015 жылғы  «___»____

Осы лот тізімдемесінің актісі төмендегі туралы сауда-саттық ұйымдастырушысының Төрағасы мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жасалды:

- сипаттама: _____________________;

- дайындаушы: _____________________;

- дайындалған (өндірілген) күні: _____________________;

- белгіленген қалдық теңгерімдік құны: ___________________;

- орналасқан орны: _____________________;

- техникалық жай-күйі, ескірген: _____________________;

- ақаулары/кемшіліктері туралы мәліметтер: _____________________.

Комиссия төрағасы

Бас директордың Әкімшілік-қаржы жұмысы

жөніндегі орынбасары                                                                _________

Комиссия төрағасының орынбасары:

Құқықтық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз

ету басқармасының шаруашылық жұмыстары жөніндегі

менеджері – ТҚ және ЕБ бойынша инженері                                _________

Комиссия мүшелері:

Экономикалық талдау бөлімінің бастығы                                _________

Бөлім бастығы - бухгалтерлік есеп және

салықтық есептілік бөлімінің бас бухгалтері                                _________

Құқықтық және әкімшілік-шаруашылықты

қамтамасыз ету басқармасының заңгері                                        _________

Комиссия хатшысы:

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері                                _________

бекітілген Сауда-саттық өткізу тәртібіне

№2 Қосымша

Сауда-саттыққа қатысуға арналған

ӨТІНІМ

1. (ЖТ үшін – Т. Е.Ә., тұрғылықты мекенжайы, ЖК, ЗТ үшін – толық атауы, заңды мекенжайы, банктік реквизиттері), Сауда-саттық өткізу тәртібімен және сауда-саттық өткізу хабарламасымен танысып, № (лоттың нөмірі мен атауын көрсете отырып)  лотты іске асыру бойынша сауда-саттыққа қатысуға осы өтінімді қабылдауды сұраймын/сұрайды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6