«Toyota Land Cruiser Prado» (түгендеме нөмірі 000000461) көлік құралын сату бойынша сауда-саттық жүргізу тәртібі
1. Жалпы тәртібі
1. «Toyota Land Cruiser Prado» (түгендеме нөмірі 000000461) көлік құралын сату бойынша сауда-саттық жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Сауда-саттық жүргізу тәртібі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған
Осы Сауда-саттық жүргізу тәртібі «Toyota Land Cruiser Prado» көлік құралын сату бойынша іс-шаралардың айқындығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.Анықтамалар мен қысқартулар Сауда-саттық ұйымдастырушы – «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Лот – ұйымдастырушымен жүзеге асырылып отырған «Toyota Land Cruiser Prado (инвентарлық номері 000000461). Комиссия – сауда жүргізу процедураларын орындау үшін ұйымдастырушымен құралатын алқа органы. Қатысушы – саудаға қатысуға тілек білдірген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға, жеке тұлға. Аукциондық номер – саудаға қатысу үшін қатысушыға берілетін номер. Бастапқы баға – бағалаушымен лот үшін берілген баға (бағалаушы – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, өз қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Кепілдендірілген жарна – лотты жүзеге асыру бойынша саудаға қатысуға тілек білдірушілерге сауданы ұйымдастырушылардың банктік реквизиттеріне жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға енгізілетін ақшалай сома. Ағылшын әдісі – лоттың бастапқы бағасы оған дейін жарияланған қадамнан лот үшін әлдеқайда жоғары бағаны ұсынған бір қатысушы қалғанға дейінгі сауда әдісі. Голландиялық әдіс – лоттың бастапқы бағасы жарияланған сәттен бастап лоттың бағасы қатысушылардың бірі оны жарияланған баға бойынша сатып алуға келіскен кездегі сауда әдісі. Төменгі баға – одан төмен бағаға лот жүзеге асырылмайтын баға. Жеребе салу – бұл дауды жорамалдап осы сияқты басқаларының ішінен суырып алу жолы арқылы шешу. Жеңімпаз – сауданы жеңіп алған тұлға, яғни, лот үшін әлдеқайда жоғары баға ұсынған қатысушы, болмаса, сауда қорытындысы жайлы хаттаманы толытған комиссия хатшысымен жарияланған лотты бағасы бойынша алуды бірінші ұсынған тұлға. Лоттың сатып алу құны – сауда қорытындысы жайлы хаттамаға сәйкес, жеңімпаздың лотты сатып алуға тілек және өзіне міндеттеген сома. Сатып алушы – лоттың сатып алу бағасын енгізген саудаға қатысушы/жеңімпаз. Комиссия Комиссия сауданы ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырады. Комиссияның шешімдері Қорытындылар хаттамасымен рәсімделенеді. Комиссия мүшелері болып төраға, комиссия төрағасының орынбасары мен комиссияның басқа мүшелері болып табылады. Төраға жоқ кезде оның міндеттерін орнын басушы тұлға атқарады. Комисия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан құралып, 3 адамнан кем болмауы керек. Комиссия төрағасымен сауданы ұйымдастырушы бірінші жетекшінің орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға болуы керек. Комиссия төрағасы міндетті: Жұмысты жоспарлау және комиссияның қызметін басқару; Комиссияның отырыстарында төрағалық ету; Сауда жүргізудің осы тәртібімен қаралған басқа функцияларды жүзеге асыру. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап қызмет етеді және өз қызметін лотты жүзеге асыру күнінен бастап тоқтатады. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі болған жағдайда өтеді және комиссия хатшысы мен сауда қатысушылары, комиссия мүшелерінің қолы қойылған сауда қорытындысы туралы хаттама толтырылады. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және комиссия мүшелерінің басым бөлігі оған дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасы, немесе ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасарының берген дауысы қабылданған деп саналады. Келіспеген жағдайда комиссияның шешімімен комиссиясынң кез келген мүшесі ерекші пікір білдіруге құқылы, ол хат күйінде жазылып, сада қорытындысы туралы хаттамаға қосып салынады. Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссиямен қабылданған шешімдерге дауыс қосу құқығы жоқ және сауданы ұйымдастырушының құрылымдық бөлімдерінің лауазымдық тұлғалары қатарынан анықталады. Комиссия хатшысы: Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады; Сауда қорытындысы туралы хаттаманы толтырып, қол қояды; Жүргізілген сауда бойынша барлық құжаттардың сақталуын және олардың құпиялылығын; Сауда жүргізудің осы тәртібінде қаралған басқа функциядарды жүзеге асырады.
Лотты жүзеге асыруға дайындық Комиссия лоттың жағдайы мен дұрыстығын тексереді, ал комиссия хатшысы лотты тіркеудің сәйкес актін құрады. Лотты тіркеу акті сауданы жүргізудің осы тәртібінің №1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша құрылады. Саудада лотты жүзеге асыру бәссауда формасында өтеді. Лотты ағылшын әдісі бойынша саудаға шығаруда лоттың бастапқы бағасы тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша анықталған лоттың құнына тең болуы керек. Комиссия хатшысы сауда өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алда тұрған сауда туралы оны ұйымдастырушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды дайындап, орналастыру бойынша барлық қажетті шараларды жүргізді. Сауда жүргізу туралы хабарландыруда келесідей мәліметтер болуы керек: Лоттың атауы, оған сипаттама (қысқаша); Лоттың бастапқы бағасы; саудаға қатысу үшін кепілдендірілген жарнаның мөлшері мен сауданы ұйымдастырушының кепілдендірілген жарнаны аудару үшін банктік реквизиттары; сауданы жүргізу әдістері; күні, уақыты мен сауда өтетін орын; сауда өткізудің тәртібі; мерзім, уақыт және саудаға қатысуға тілек білдіргендерді қабылдау орны; сауданы ұйымдастырушының жеке мәліметтері.
Қатысушыларды тіркеудің шарттары Комиссия хатшысы қатысуға тілек білдіргендердің өтініштерін қабылдап, тіркейді, келіп түскен құжаттарды комиссияның қарауына береді. Қатысушыларды тіркеу саудаға қатысушылардың журналында алда тұрған сауда туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және сауда басталғанша екі жұмыс күніне дейін аяқталады. Қатысушы ретінде тіркелу үшін келесідей құжаттар қажет: Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін:
- Осы Тәртіптің №2 қосымшасына сәйкес саудаға қатысу үшін тапсырылған өтініш; Қатысушының/қатысушы өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі және көшірмені тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасы; Жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі (жеке кәсіпкерлер үшін); Сауданы ұйымдастырушылардың банктік реквизиттеріне кепілдендірілген жарнаны енгізуді растайтын төлем құжатының түпнұсқасы; Жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің өкілеттілігін атқаратынын растайтын сенімхаттың нотариалды көшірмесі (болған жағдайда).
- Осы тәртіптің №2 қосымшасына сәйкес саудаға қатысуға өтініш; Заңды тұлғаның мөрі басылған оның тіркеуі туралы куәлік пен қатысушының құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері; Сауданы ұйымдастырушының банктік реквизиттеріне кепілдендірілген жарнаны енгізуді растайтын төлем құжатының түпнұсқасы; Заңды тұлғаның өкілі екенін арстайтын құжаттың түпнұсқасы, сонымен бірге, заңды тұлға өкілінің жеке куәлігі мен оны тексеру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы.
6. Сауда-саттықты жүргізудің тәртібі
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 |


