Мемлекеттің негізгі инновациялық қызметі келесі шараларды қамтуы тиіс:

-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;

-өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;

-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;

-отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.

Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:

-өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;

-халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.

1Сурет - Инновациялық өнімдердің құрылымы

Мұндағы 1 - Жаңадан енгізілген немесе маңызды технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер – 15,6%; 2 - Жетілдірілген өнімдер – 72,2%; 3 – Басқа да өнімдер – 13,2%.

Қазақстанда ғылымды несиелеу, яғни ғылымның ЖІӨ-гі үлесі 0,3%-дан аспай отыр, ал ЮНЕСКО дамушы мемлекеттерге ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 1%-нан кем болмауын ұсынады. Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне қарай 2010 жылы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 2%, ал 2015 жылы 2,5-3% жеткізу қажет. Еуропалық одақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға салынатын қаржы үлесі ЖІӨ-нің 2,5%-дық үлесін нұсқап отыр.

Ғылыми-техникалық өнімдер нарығын зерттеу нәтижелері бойынша өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және ауыл шаруашылық салаларындағы 2146 сұрастырылған мекемелердің тек 16,5 % ғана болашақта инновациялық процесс негізінде жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр екен. Егер отандық өндірушілер тарапынан инновациялық селқостық жалғаса беретін болса, онда өнімнің шығындары, сапа, қызмет көрсету параметрлері бойынша ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіншіліктері шектеледі. Өйткені нарықтағы жаңа өнімнің сапасы мен бағасы, технико-технологиялық параметрлері бәсекеге қабілеттіліктің басты анықтауышы.

Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.

Индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда шағын және орта бизнестің ролі зор. Сондықтанда қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің даму деңгейіне тоқталатын болсақ (2 кесте).

Кесте2 - Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктер саны

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Ауытқу+,-

11/10

11/09

Барлығы

643376

707821

663373

-44448

19997

Қызмет түрлеріне қарай, ауылшаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

173715

173559

174295

736

580

Балық өсіру мен аулау

754

757

798

41

44

өнеркәсіп

16621

18084

16129

-1955

-492

Тау-кен шаруашылығы

500

584

618

34

118

өңдеу шаруашылығы

15662

16975

14901

-2074

-761

Су, газ және электр энергиясын өңдеу және тасымалдау

459

525

610

85

151

құрылыс

16432

16407

17346

939

914

Сауда, жеке қолдануға арналған құралдар мен үй-тұрмыс жабдықтары және автомобиль жөндеу шаруашылығы

240142

275902

251468

-24434

11326

Қонақ үй қызметін ұсыну

17997

18999

17542

-1457

-455

Көлік және байланыс қызметі

57503

62222

51652

-10570

-5851

Қаржы саласындағы қосымша көмек көрсету қызметі

46828

53118

53980

862

7152

Тұтынушыларға қызмет көрсету, аренда және жылжымайтын мүлік операциялары

64123

78253

71929

-6324

7806

Дербес, әлеуметтік және коммуналдық қызмет көрсету

6518

7105

5247

-1858

-1271

Ескерту - ҚР статистика агенттігінің материалдары

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, тіркелген шағын кәсіпорындар саны жыл өткен сайын көбейгендігі байқалады. Егер де кәсіпорындарды қызмет түрлеріне қарай талдайтын болсақ, онда ауылшаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы бойынша кәсіпорындар саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 44448 кәсіпорынға, ал 2011 жылы2009жылға қарағанда 19997 кәсіпорынға өскен. Сол сияқты балық өсіру және аулау бойынша да кәсіпорындар саны біршама өскені байқалады. Атап айтатын болсақ, 2011 жылы 2010жылға қарағанда 736 кәсіпорынға көбейсе, 2011жылы 2009жылмен салыстырғанда 580 кәсіпорынға жоғарылағанын көреміз. Сонымен қатар барлық салалар бойынша алға жылжулар байқалады. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар саны жоғарылап отыр. Келесі кестеде тіркелген шағын кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі көрсетілген( 3 кесте)

Кесте 3 - Қазақстан Республикасының тіркелген шағын кәсіпорындардың өнім, (тауар, қызмет көрсету) көлемі, млн теңге

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

2011ж

Барлығы

4872,9

5366,9

8465,3

 

Қызмет түрлеріне қарай, ауылшаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

486,7

588,3

648,2

 

Балық өсіру мен аулау

26,3

66,5

69,1

 

өнеркәсіп

913,5

1025,5

1346,5

 

Тау-кен шаруашылығы

238,8

405,1

456,3

 

өңдеу шаруашылығы

595,9

511,4

612,5

 

Су, газ және электр энергиясын өңдеу және тасымалдау

78,7

108,9

152,3

 

құрылыс

488,0

1091,8

1128,0

 

Сауда, жеке қолдануға арналған құралдар мен үй-тұрмыс жабдықтары және автомобиль жөндеу шаруашылығы

625,9

1044,7

1156,3

 

Қонақ үй қызметін ұсыну

71,8

66,3

74,0

 

Көлік және байланыс қызметі

179,2

501,0

373,2

 

Қаржы саласындағы қосымша көмек көрсету қызметі

360

478

245,2

 

Тұтынушыларға қызмет көрсету, аренда және жылжымайтын мүлік операциялары

21,5

32,1

33,8

 

Дербес, әлеуметтік және коммуналдық қызмет көрсету

114,2

110,7

87,3

 

Ескерту - ҚР статистика агенттігінің материалдары

 

Кестеден байқағанымыздай шағын кәсіпорындар бойынша өндірілген өнім көлемінің динамикасы көрсетілген. Кестеде өнім көлемінің салыстырмалы деңгейі есептелмеген себебі өнім көлемінің өсуі біріншіден бағаның тұрақсыздығы басты фактор болып отыр. Атап айтатын болсақ, барлық өнім өндірі көлемі 2011жылы 2009 жылмен салыстырғанда 73%-ға көбейген. Сол сияқты қызмет түрлеріне байланысты өнім өндіру көлемі барлық салалар бойынша артып отырғаны байқалады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4