Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласы экономиканың ең іргелі  сегменттерінің бірі, мемлекеттің саяси тұрақтылығын, экономиканың тұрақты өсуін және халықтың жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін «орта» болып табылады. 2011 жылдың 1 қазанына облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің (заңды тұлғаларғ жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар) саны 17664 құрап, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстарғанда 126,9 пайызға өскені байқалуда. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 163 762 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 101,2 пайызға өскен.

Сондай-ақ, 2011 жылдың 1 қазанына облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің түсім көлемі 18,0 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 103,3 пайызға өскені байқалуда.

Кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады. Облыста шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік қолдау екінші деңгейлі банк филиалдары, «Агронесие корпорациясы» ационерлік қоғамының Қызылорда өкілдігі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының филиалы, шағын несие ұйымдары және т. б. түрлі қаржы ұйымдары арқылы жүргізіледі.2011 жылдың 10 айында барлық көрсетілген қаржы институттары арқылы шағын бизнес субъектілеріне 5,9 млрд. теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 4,3 млрд. теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге кемігені байқалуда.

Шағын несие ұйымдары арқылы 4286 жобаға 1319,0 млн. теңге шағын несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,9 есеге жоғарылаған [34].

Статистикалық есептіліктерге сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 43 шағын несие ұйымдары тіркелген, оның ішінде әр ауданда 3-тен 12-ге дейін  ұйымдар тіркелген. Алайда, несие ресурстарының болмауы себебінен қазіргі таңда 10 жуық ШНҰ шағын несие беруде.«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы 253,8 млн. теңгені құрайтын 183 жоба несилендіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге кеміген.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

1) бизнес-бастамаларды қолдау;

2)  кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3)  экспортқа бағытталған өндірісті;

4)  Кәсіпкерліктің әлеуетті арттыру бағыттарында іске асырылуда.

2 сурет - шағын кәсіпкерлік субьектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

Қорыта келгенде, экономикалық тұрғыда дамыған мемлекеттер қатарына жоғарғы технологиялы өнімдер нарығында бәсекеге түсе алатын елдерді жатқызуға болады. Ал тиімді ұлттық инновациялық жүйе бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру мен қалыптастырудың басты механизмі. Дұрыс өңделген инновациялық саясат индустриалды-инновациялық дамудың жетекші тізгіні ретінде отандық ғылыми сиымды өндірісті дамыту мен бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың негізгі құралы бола алады.

3 Инновациялық қызметті жетілдіру негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.

Экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда ғылым жетістігін пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтік зерттеулер, өнімді стандарттау және сертификаттау және т. б. салаларда кейіндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады. Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттің қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшін таңдау бөлігінде іріктеу рәсімдері өзінің мақсатқа сәйкестігі мен ашықтығына ие болады. Қазіргі заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндірістік инфрақұрылымды құру, біліктілігі жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін құру есебінен инвестициялар, технологиялар трансфертті, ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық жүйесі жоғарылайды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Қызылорда облысы бойынша экономикалық өсудің даму орталықтары және «нүктелері» анықталған, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша сұйытылған, көмірсутекті, пропан-бутан газын тасымалдау бойынша теміржол терминалы құрылысының жобасы және керамикалық кірпіш шығару, «Экстра» ас тұзын және жоғары сортты тұзды өңдеу бойынша зауыттардың құрылысы жүзеге асырылуда, Шиелі ауданы бойынша ванадий кенін өңдеу үшін тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау, қиыршық тас өндірісін ашу, концентраттағы уран өндіру және шығару жоспарлануда, Жаңақорған ауданы бойынша уран кенін ұлғайтуды бастау, мырыш және қорғасын шығару бойынша байыту фабрикасының құрылысы, «Қорасан-1» кенішінде уран кенінің құрылысы жоспарлануда, Қазалы ауданы бойынша цемент шығару жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, Арал ауданы бойынша балық өңдеу жобасын жүзеге асыру басталды және жоғарғы сортты ас тұзының және «Экстра» тұзының өндірісін жаңарту жоспарлануда.

Осының бірі ретінде индустриялық-инновациялық жобалардың бірі «Қызылқия» және «Арысқұм» кен орынында мұнай және газды жинау жүйесінің құрылысы жобасын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Аталған жобаның мақсаты: Арысқұм кені мен Қызылқия кені Қызылқия-Арысқұм газқұбырынан келіп түсіп жиналған газды жинау және орналастыру болып табылады.

Инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады. Біріншіден, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпшілік шаралары болса, ал екіншіден – белгілі бір жұмысты жүзеге асыруға қажетті ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық есеп құжаттарының жүйесі. Өндірістік объектілерді жобалау бірнеше кезеңмен жүреді. Объектінің құрылысын игеру кешені негізгі 2 топқа бөлінеді: жоба алдындағы, жобалық жұмыстар. Инвестициялық жоба шығындары алғашқы, ағымдық және өтімділік болып бөлінеді. Кез-келген инвестициялық жобаны талдауда қаржылық-экономикалық өміршеңдігін бағалау, тәуекелдік пен шығындарды талдау, табыстылық пен өтімділік потенциалын бағалау жүргізіледі.

Берілген жоба оны жүзеге асыру барысында сатылатын өнімнен алынатын пайда мен операциялық және ағымдық шығын мөлшерін, сонымен қатар, табысқа салынатын салық пайызын анықтау үшін қажет. Баға газды сатып алушылардың барлығы үшін бірдей болады деп жоспарланған. Ол газды өңдеу жұмыстарының 15 пайыздық тиімділігін қамтамасыз ететін мөлшерге немесе қарастырылып отырған жобаға сәйкес әр пайдаланушының есептік бағасының ең жоғарғысына тең.

Барлық есептер келесі варианттар бойынша жүргізіледі:

-  «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның ІГП (ілеспе газды пайдалану) экономикалық тиімділігін есептеу;

-  «Арысқұм» магистральді газ құбырының экономикалық тиімділігін есептеу.

Техникалық тапсырмаларға сәйкес жобаның экономикалық бөлімі 20 жылға жасалған. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылы 2010 жыл болып, ал 2010 жылдың ΙV кварталы өнімді өндіруді жүзеге асырудың басталу кезеңі болып қабылданды.

Барлық өзіндік құн шығындарын қоспағандағы көмірсутек шикізатын сатудың жыл сайынғы жалпы табысын мына төмендегілер бойынша анықтайды:

а) сұйық көмірсутек; б) құрғақ газ.

Кесте4 - Жоба бойынша шығын нормативтерінің есебі.

Көрсеткіштер

өлшем бірліктері

Көрсеткіш көлемі

1 Активтелген көмір

г/1000м3

80

2 метанол

г/1000м3

20

3 Коррозия ингибиторы

г/1000м3

5

4 термомайы

г/1000м3

33

5 Компрессорлық май

тонна/жыл

19.1

6 Активтелген көмір бағасы

тенге/т

584400

7 Метанол бағасы

тенге/т

146100

8 Коррозия ингибиторының бағасы

тенге/т

438300

9 Термомайының бағасы

тенге/т

47482,5

10 Компрессорлық май бағасы

тенге/т

102270

11 Тұрақты өндірістік қызмет шығындарының үлесі

мың тг/жыл

11688

12 Тұрақты шаруашылық және басқарушылық қызмет шығындарының үлесі

мың тг/жыл

5844

13 өндірістегі 1 жұмысшының 1 жылдағы еңбекақы қоры

тенге

672060

14 Басқару бөліміндегі 1 жұмысшының 1 жылдағы еңбекақы қоры

тенге

730500

15 Жөндеу және профилактика жұмыстарына кеткен шығын

%

%

16 Сақтандыруға кеткен шығындар

%

1%

17 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

%

5%

18 Жұмыспен қамту қорына аударымдар

%

2.0%

19 Зейнетақы қорына аударымдар

%

85.00%

20 Медициналық сақтандыру қорына аударымдар

%

10%

21 НДС

%

20

22 Жағылған газ бағасы

тенге/т

9642,6

3 ШФЛУ бағасы

тенге/т

11688

Ескерту - « Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ –ның жоба мәліметтері негізінде

Газды пайдалану бойынша жоба үлкен инвестициялық салымды қажет етеді. Мұнай өндіру кезеңі 15 жылдан астам уақытқа созылатын мұндай масштабты жоба үшін ең бастысы әрі арзан, әрі сапасы төмен құрылғылардан көрі, сапасы жоғары сенімді құрылғылар орнатқан тиімді. Бұл әсіресе құрылғының жиі тозып, жұмысқа жарамай, жиі ауыстырылатын элементтеріне қатысты, себебі бұзылған элементсіз құрылғы жұмысын жалғастыра алмай тұрып қалады, ал жаңасын алдыруға уақыт кетеді.

Сондықтан сатып алынатын құрылғыны таңдағанда оның бағасына емес, оның сапа стандарттарына сәйкестілігіне көз жеткізу керек. Құрылғының нақты стандарттарға сәйкес келу керектігін негізге ала отырып, кәсіпорындар жабдықтаушыларды конкурс бойынша анықтап алулары қажет. Қазіргі таңда көптеген жағдайларда жабдықтаушылар ТМД елдерінен күтіледі.

Салым салу есебі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-  Газды өңдеуді жүргізу;

-  Газды өңдеуші электростанция;

-  Газды бөлу станциялары;

-  Электрмен жабдықтау, байланыс, телемеханика жүйелері;

-  Тағы басқа обьектілер.

Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау келесі экономикалық көрсеткіштер бойынша жүргізілді:

1.  Таза табыс;

2.  Қаржылық ағымдар;

3.  Таза кіріс нормасы (NPV) – 10%;

4.  Табыстың ішкі нормасы (IRR) – 15%;

5.  Инвестицияның өтелу мерзімі;

6.  Максималды қаржылық тәуекелдік;

7.  Үлестік көрсеткіштер.

Ақша қаражаттарының ағымы таза табыс аумағында есептелген, онда таза табысқа амортизациялық аударымдардың реинвестициялық бөлігі кірістіріліп, ал салымдық шығындар есептелмеген[38, 40,41,42,43,44].

Кірістің ішкі нормасы (IRR) жылдық ақша ағымының есебінен анықталатын. Сонымен қатар, инвестициялық салымдарды дисконттау
есебі жүргізілген.

Кесте5 - Ақша ағымының есебі

жылдар

ақша ағымы

дисконт. коэф. 10%

NPV (10%)

дисконт. коэф. 15%

NPV (15%)

2010

752356.56

0,909

11

0,870

2

2011

18

0,826

13

0,756

11

2012

53

0,751

6

0,658

73

2013

81

0,683

18

0,572

28

2014

23

0,621

37

0,497

53

2015

62

0,564

17

0,432

73

2016

6

0,513

01

0,376

33

2017

42

0,467

05

0,327

79

2018

19

0,424

8

0,284

7

2019

96

0,386

47

0,247

92

2020

59

0,350

65

0,215

13

2021

43

0,319

45

0,187

78

2022

28

0,290

14

0,163

99419,939

2023

54

0,263

8

0,141

80575,231

2024

17

0,239

78

0,123

64507,985

2025

14

0,218

04

0,107

50140,321

2026

79

0,198

84871,272

0,093

39863,779

2027

18

0,180

73997,312

0,081

33298,79

2028

81

0,164

59711,712

0,070

25486,706

2029

79

0,149

46888,033

0,061

19195,772

2030

77

0,135

35417,488

0,053

13904,643

Барл.

85

,7

24

Е с к е р т у – « Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның мәліметтері негізінде автордың есептеуі

Осы болжамдар үшін пайдаланылатын экономикалық модель бірнеше өзгермелілерге қатысты сезімтал болып келеді. Олар:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4