- өнім бағасы;
- өндіру қуаты;
- капитал салымдары;
- операциялық шығындар.
Осы өзгермелілердің біреуін 20%-ға жоғарлатқандағы немесе төмендеткендегі кірістің ішкі нормасына әсері зерттелген. Нақты жағдай үшін келесі өзгермелілер пайдаланылған:
- Құрғақ газ бағасы вариант бойынша есептерге сәйкес
- Капитал салымдары нақты
- Операциялық шығындар нақты
Күтілгендей, жоба капитал салымдарына сезімтал болып шықты. Капитал салу көлемін 20%-ға төмендеткенде, 26,4% мөлшерлемесі бойынша кірістің ішкі нормасы 33%-ға жоғарлайды. Сонымен қатар, жоба экономикасына газ бағасының да әсері зор екендігін айта кеткен жөн.
Кесте6 - Жобаның интегралды – экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы | өлшем бірлігі | Жоба мәліметтері |
Жобалық кезең | 20 | |
Тасымалданатын құрғақ газ көлемі | млн. м3 | 2298,5 |
Өнімді өткізуден түсетін табыс | тенге | 37986 |
Қызылорда қаласындағы ГРС-ке дейін тасымалдау құны | тенге | 1592,49 |
Эксплуатациялық шығындар | 13,6 | |
Орташа шығындар | мың м3, тенге | 5,9 |
Капитал салымдары | тенге | 2727687 |
Кірістің ішкі нормасы | % | 15,0 |
Өтелу мерзімі | жылдар | 8 |
Жиналған таза табыс | тенге | 95 |
Ескерту – « Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ –ның мәліметтері |
Экономикалық талдау нәтижелері бойынша келесі қорытынды жасауға болады:
1. Кірістің ішкі нормасы үшін жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері мен өнімді бөлу Қазақстан Республикасының жалпы ережелеріне сәйкес жүргізілген.
2. Жоба ірі көлемдегі инвестицияны қажет етеді.
3. Өнімнің 1 тоннасына кететін үлесті капиталдық және эксплуатациялық шығындар Қазақстан Республикасының стандарттарына және әлемдік стандарттарға сәйкес болып табылады.
4. Инвестицияның өтелу мерзімі 8 жылға есептелген.
5. Жобаға салынатын инвестиция жергілікті экономикаға тиімді болады және қосымша жұмыс орындары пайда болады.
6. Жобаны жүзеге асырушы кен орындарының қалдықтарын тастағаны үшін төлемдерді азайту мүмкіндігіне ие болады.
7. Жоба сезімтал экономикалық факторлардың өзгерісіне тұрақты болып келеді.
8. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-мы 20 жыл көлемінде Қызылорда қаласын 2 миллиард кубометрден астам құрғақ газбен қамтамасыз ете алады.
Қорыта айтқанда, аталған факторларды ескере отырып, Қазақстанның бәсекелестік қабілеттілігін қалыптастыру, өз кезегінде еліміздің әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, дамыған 50 немесе одан жоғары елдердің қатарынан табылуға мүмкіндік жасайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазір Қазақстан – үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты нәрсе – экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты - инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту.
Зерттеу жұмысын орындау барысында төмендегідей қорытындылар жасалынды:
1.Инновациялық процесстерге бет бұру дегеніміз – бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның түрлері мен әдістері анықталуы тиіс. Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттың инновация, кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық» деген тұжырымдар бар. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясаттын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
3. Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
4. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс. Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
5. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өнімнің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кәсіпқойлығының артуы қамтиды. Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуын, тұрғындардың менталитеті, олардың білім мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланысқа тәуелді.
6.Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық бағдарламасының бағыты шикізат тәуелсіздігінен бірте-бірте арылып, түсті металлургияны, мұнай химиясын, құрылыс индустриясын дамыту, аймақтың кластер күріш пен балық шаруашылығын өркендетуге, минералдық ресурстарды өндіруде жоғары қосымша құнға ие болатын өнімдерді өндіруге бағыт алу. Сол арқылы экономиканы әртараптандыру, шикізатты импорт алмастыру мен экспортқа бағытталған өнімге ауыстыру мақсаты алға қойылған.
7. Облысымызда өндіріс саласында едәуір ілгерлеушілік болды. Өткен жылы аймақта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде болашаққа арналған жобалар бойынша жұмыстар іске асырылды. «Қызылқия» Арысқұм кенішіндегі ілеспе газды қайта өңдейтін 240 млн. текше метр құрғақ газ бен 96 мың тонна сұйытылған газды өңдеу зауыты, 50 мегагерц электр энергиясын, 90 Гкал сағ. жылу өндіретін газ электр стансасы, Жаңақорған ауданындағы жылына қуаттылығы 1,0 млн. тонна өнім шығаратын «Шалқия цинк ЛТД» ЖШС-нің қиыршық тас зауыты. Шалқия кенішінде металды сілтілеу жолымен алу және конденсатты жолмен мырыш пен қорғасын алу бағытында ғылыми-зерттеу орталықтарымен, іскерлік топтармен келіссөздер жасалып, болашаққа бағдарланған ауқымды іс игеріле бастады.
8. Облыста шағын кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры негізінде, бизнес орталықтары, қоғамдық бірлестіктер арқылы жұмыстар атқаруда. Облыстағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жасай отырып, мынадай ұсыныстар айтуға болады:
· шағын және орта бизнесті ұйымдастырып, оның жұмысын тиімді етіп жүргізуге оған мемлекет тарапынан қолдау қажет;
· әрбір аудандарда бизнес жұмысын жүргізуде кәсіпорындарды біріктіретін ассоцияциялық орталық қажет;
· шағын және орта бизнес жұмыстарын жүргізу үшін маркетингтік қызметті жетілдіру қажет;
· шағын кәсіпкерліктің дамуына қаржылық жағдай жасау үшін салық төлемдерінің мөлшерін төмендету керек;
· жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық даму қорларынан пайызсыз несие ретінде қаржы тарту;
· шағын бизнестің жұмысын кеңейте отырып, оны одан әрі дамыту керек.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.
1. Инновациялық қызметтің аймақтағы дамуы. // «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары Қазтұтыну одағы Қарағанды Экономикалық Университеті. Қарағанды. 2012 ж.
2. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметтің дамуы.// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналып өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Қызылорда.
Резюме
Еримбеткызы Аида
Совершенствование видов инноваций в предпринимательстве (на материалах Республики Казахстан)
Диссертация на соискание академической степени магистра экономики и бизнеса
Специальность 6М050600 – Экономика
Цели и задачи магистерской диссертации. Цель исследования – определение роли государственной политики в инновационной деятельности, исследование с научной, методической и экспериментальной точек зрения схемы формирования и развития предпринимательства и разработка предложений на основе экспертизы индустриально-инновационных программ.
Объект исследования – стратегия управления индустриально-инновационной деятельностью, программа индустриально-инновационного развития Кызылординской области на годы и инвестиционный проект.
Научная новизна диссертационной работы. На основе проведенного исследования получены следующие научно-методические и экспериментальные результаты, представляющие научную новизну диссертации:
· уточнены теоретическое содержание и научные основы, факторы и предпосылки современного экономического положения;
· проведен анализ индустриально-инновационного развития Кызылординской области и рассмотрены конкретные направления решения современных проблем;
· определена роль малого бизнеса в совершенствовании индустриально-инновационного развития региона;
· предложены основные направления совершенствования инновационной деятельности и пути их реализации;
· рассмотрены особенности, источники и направления финансирования индустриально-инновационной деятельности.
Основные результаты исследования:
· теоретико-методические аспекты экономического содержания индустриально-инновационной деятельности;
· особенности формирования инновационной деятельности, структура, стратегические направления инновационных продуктов;
· обоснование роли малого предпринимательства в индустриально-инновационном развитии региона;
· меры и направления совершенствования индустриально-инновационной деятельности;
· экономическая эффективность развития конкурентоспособного малого предпринимательства.
SUMMARY
Erimbetkyzy Aida
Perfection of innovations types in business (on materials of Republic of Kazakhstan)
The dissertation on receiving of the academic degree of the master of economy and business
Speciality 6М050600 – Economy
The purposes and problems of master’s dissertation. A research objective – definition of a role of a state policy in innovative activity, research from the scientific, methodical and experimental points of view of the scheme of formation and development of business and working out of offers on the basis of examination of industrially-innovative programs.
Object of research – strategy of management by industrially-innovative activity, the program of industrially-innovative development of Kyzylorda area for and the investment project.
Scientific novelty of dissertational work. On the basis of the conducted research the following scientifically-methodical and experimental results representing scientific novelty of the dissertation are receiving:
· the theoretical maintenance and scientific bases, factors and preconditions of a modern economic situation are specified;
· the analysis of industrially-innovative development of Kyzylorda area is carried out and concrete directions of the decision of modern problems are considered;
· the role of small business in perfection of industrially-innovative development of region is defined;
· the basic directions of perfection of innovative activity and ways of their realization are offered;
· features, sources and directions of financing of industrially-innovative activity are considered.
The basic results of research:
· teoretiko-methodical aspects of the economic maintenance of industrially-innovative activity;
· features of formation of innovative activity, structure, strategic directions of innovative goods;
· a substantiation of a role of small business in industrially-innovative development of region;
· measures and directions of perfection of industrially-innovative activity;
· economic efficiency of development of competitive small business.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


