Тауар - ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы.

Нарықтың мәні мен қызметтері.

Нарықтың түрлері және олардың классификациясы.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1.  Нарық дегеніміз не? Нарық объектілері мен субъектілерін анықтаңдар.

2.  Әр түрлі нышандар бойынша нарықтың түрлерін атаңдар.

3.  Нарық қызметтерін атаңдар.

4.  Нарықтың тиімділігі қалай есептеледі?

5.  Нарық инфрақұрылымын сипаттаңдар.

6.  Нарықтағы «көрінбейтін қол» деп А. Смит нені түсінген?

7.  Нарық тетіктерінің негізгі элементтерін атаңыздар.

Дұрыс - Қате

1.  Нарықтың түрлері: орналасуы бойынша көтерме, бөлшек сауда нарығы болады.

2.  Нарықтың дамуына байланысты дамыған және дамымаған болады.

3.  Нарықтың инфрақұрылымы: бұл өзара байланысты нарықты белгілі бір жағдаймен қамтамасыз ету қызмет атқаратын арнайы мамандырылған мекемелер жиынтығы. (тауар биржасы, жәрмеңке, аукцион, жарнама, маркетинг).

4.  Нарықтың кемшіліктері: еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

5.  Нарықтың басымдылығы: ресурстарды тиімді бөлу.

6.  Нарық тетіктерінің негізгі элементтері нарық бағасы, сұраныстар қатынасы, ұсыныстар мен бәсекелестік болып табылады.

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:

1. Логикалық схеманы толтырыңыз (кесте):

Нарықтың басымдылығы

Нарықтың кемшіліктері

1.  Дж. М.Кейнстің реттелетін нарық теориясының ерекшелігі неде?

2.  Нарықтың неоклассикалық теориясының әдіснамалық сілтемесі қандай болады?

Тақырып 7. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ.

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар.

Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Нарық тепе - теңдігі.

Бәсеке мәні. Еркін бәсеке. Бәсекелік сайыстың тнрлері. Монополия.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1.  Сұраныс және ұсыныс дегеніміз не?

2.  Сұраныс қисығы нені көрсетеді?

3.  Сұраныстың бағалық емес факторларын атаңдар.

4.  Ұсыныс қисығы қандай байланысты көрсетеді?

5.  Ұсыныс детерминанттарын сипаттаңдар.

6.  Сұраныс және ұсыныс заңдарында тағы да қандай ауытқулар болады? Олардың мәні неде?

7.  Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдік жағдай дегеніміз не?

8.  Сұраныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

9.  Ұсыныс икемділігінің коэффициенті қалай есептеледі?

10.  Тұтынушылық таңдау дегеніміз не және оның факторлары?

11.  Тұтынушылық іс-әрекетті қалыптастыру неге негізделеді?

12.  «Бюджет сызығы» мен «немқұрайдылықтың қисығы» нені көрсетеді?

13.  Бәсеке және оның түрлері.

14.  Монополия: экономикалық табиғаты және пайда болу себептері.

15.  Монополияның түрлері мен формалары

16.  Монополияға қарсы реттеу.

17.  Бәсеке дегеніміз не? Бәсекенің түрлерін атаңдар

18.  Таза бәсеке нарықтарын сипаттаңдар.

19.  Монополияның қандай түрлерін білесіңдер?

20.  Монополияның формаларын атаңдар

21.  Салаға кіру үшін қандай кедергілер бар?

Дұрыс - Қате

1.  Нарықтағы тепе - теңдік – бұл сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

2.  Нарықтағы артықшылық- бұл нарықтық баға теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс ұсыныстан артып кетеді

3.  Икемділік бұл белгілі бір фактордың бір %-ға өзгеруінен сол тауарға деген сұраныстың (ұсыныстың) қанша % өзгертетінін көрсетеді.

4.  Бәсеке - бұл қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін нарық субъектілерінің экономикалық жарысы.

5.  Олигополия - нарықта көптеген ұсақ сатушылар мен сатып алушылар, сатушылардың әрқайсысының өнімдері әр текті бір бірінен өзгешелеу алмастыруға болатын өнімдер (сапасы, сыртқы әрленуі, ассортименті, қызмет көрсету бойынша бөлінеді), олар фабрикасына қарай немесе басқаша белгі салу тәсілдеріне қарай ажыратылады. Бағалық бәсеке орын алады, нарыққа кіру және шығуда оңай жеңіл.

6.  Монополистік бәсеке - нарықта бірнеше ғана сатушылар, олардың өнімдері біркелкі, біртекті стандартталынған немесе диференциалданған.

7.  Картель өнімінің көлемі және баға туралы укелісу арқылы бірнеше ірі фирмалардың бірігуі.

8.  Концерн бірнеше бағыттағы фирмалардың біріңғай қаржы орталығына бірлесу.

9.  Конгломерат– бұл бірлесіп ірі жоба жасауда өнеркәсіптің, банктердің уақытша бірлесуі.

10.  Трест бұл меншікті, өндірісті, тауар өткізуді жалпы бірлесіп басқару үшін ұйымдастырылған бірлестік.

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:

1. Кестені толтырыңдар:

Тауарлар көлемі

Жалпы пайдалылығы

Шекті пайдалылығы

1

10

2

18

3

25

1.  Аяқ қиім бағасына деген сұраныс пен ұсыныс кестеде берілген деп ұйғарайық:

р

1000

900

800

700

600

теңгемен

Qd

2

4

6

8

10

Парымен

Qs

10

8

6

4

2

Парымен

А) Аяқ-киімнің сұраныс пен ұсыныс графиктерін салыңдар. Аяқ-киім нарығындағы графикалық теңдік баға мен теңдік көлемді анықтаңдар.

В) Сұраныс пен ұсыныстыњ теңдігін жазыңдар. Теңдік баға мен теңдік көлемді аналитикалық жолмен есептеңдер.

С) Нарықта баға 980 тенге болып белгіленді дейік, нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар.

Д) Нарықта баға 630 тенге болып белгіленді дейік, нарықта артықшылық әлде тапшылық пайда бола ма әне оның көлемі қандай екендігін анықтаңдар

Е) Тұтынушылардың табысы өсті дейік, бұл сұраныстың өсуіне әкелді:

Р

Р

1000

900

800

700

600

тенгемен

Qd

3

5

7

9

11

Пармен

Бірінші графикте сұраныс қисығының жылжыуын көрсетіңдер. Сұраныстың жаңа теңдігін есептеп, теңдік баға мен көлемді анықтаңдар.

3. Видеокассета нарығындағы жағдайды мына көрсеткіштер бейнелейді:

Баға, ақша бірлігі

8

16

24

32

40

Сұраныс, млн. дана

70

60

50

40

30

Ұсыныс, млн. дана

10

30

50

70

90

Видеокассета сұранысы мен ұсынысының графигін сызып көрсет.

а) Егер бір кассетаның бағасы 8 ақша бірлігін құраса, нарықта қандай жағдай орын алады- видеокассетаның артықшылығы немесе тапшылығы пайда болады. Осы артықшылық немесе тапшылық көлемін анықтаңыздар.

б) Бір кассетаның бағасы 32 ақша бірлігі болған кездегі тап осы тапсырманы орындаңыз.

в) Осы нарықтағы видеокассетаның тепе-теңдік бағасын анықтаңыз.

4. Әр түрлі нұсқалар бойынша сұраныс пен ұсыныс функциялары берілген:

Нұсқалар

Сұраныс көлемі

Ұсыныс көлемі

№1

100-11P

40+4P

№2

80-16P

20+4P

№3

50-4P

10+1P

№4

60-6P

20+2P

a.  Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын сызыңыз;

b.  Графикалық және аналитикалық жолмен тепе - теңдік баға мен көлемді анықтаңыз;

c.  Өнімнің алғашқы бірлігі сатып алынатын максималды бағаны анықтаңыз;

d.  Мемлекеттің өнімнің бағасын тепе-теңдік бағадан 1 бірлікке жоғары етіп орнатуға шешім қабылдаса қандай жағдай орын алады (аналитикалық және логикалық жолмен).

Тақырып 8. КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ АЙНАЛЫМЫ.

Кәсіпорындар капиталының шеңберлі айналымы және толық айналымы.

Негізгі және айналмалы капитал.

Негізгі капиталдың табиғи және моралдық тозуы. Амортизация.

Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1. Капиталдың айналымы мен шеңбер айналымы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Капиталдың негізгі және айналымға бөлінуінің мәні неде?

3. Негізгі капиталдың тозу формалары қандай?

4. Айналым капиталы мен айналым құралдары түсінігі қалай қатысты?

Дұрыс – Қате

1.  Айналым капиталға: ғимарат, салынып жатқан құрылыс, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, т. б. яғни капиталдың пайдалануына қарай құнын өнім бағасына бөлшектеп ауыстыратын бөлігін айналым капиталға жатқызады.

2.  Негізгі капиталы, әдетте өндіріс процесі кезінде өзінің натуралды – заттық формасын өзгертеді, әрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын дайын өнімге көшіріп және оны толық қолданады.

3.  Айналым уақыты– бұл капиталдың бастапқы ақша формасының бір қозғалысынан өтіп алғашқы формасына (қосымша пайда өсімімен) қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалыс уақыты.

4.  Инвестициялар – бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы.

5.  Мультипликатор– көбейткіш, ал акселератор – жылдамдату, деген мағынаны білдіреді.

КЕЙС 1

Инвесторға төмендегі кестеде көрсетілгендей екі түрлі жоба берілген. Оны инвестор бірдей параметрлері бойынша бағалауы қажет:

Жетістікке жеткен жағдайдағы табыс

Жетістік болмаға жағдайдағы табыс

2100

5100

1510

1100

Егер инвесторда жобаның мүмкін болатын максималды табысы қызықтырса, онда ол 1-ші жобаны талдайды. Бірақ, бұл жағдайда жолы болмаса төменгі табыспен шектелуге тәуекелденеді.

Егер екінші жоба таңдалса, онда инвестор үлкен потенциалды табыстан бас тартуға дайын болып, жолы болмаған жағдайда өзін сақтауды ғана ойлайды.

Сөйтіп, инвесторды үлкен табыстар қызықтырмайды, табыстың төмен болуы да ойландырмайды, тек өзге ақпараттар болмаған кезде екі жоба да бірдей құндылықта деп бағалайтын болады.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

1.  Екеуінің қортындысының ықтималдылықтары қандай?

2.  Инвестор қай жобаны іске асыруы қажет?

3.  Қай жоба инвесторға тиімсіз және неліктен?

КЕЙС 2

Халқы тығыз орналасқан Шымкент аудандардың бірінде орналасқан «Визит» Акционерлік Қоғамының негізгі өндіріс көзі – алкогольсіз сусындар болып табылады. Қазан айында анықталғандай, көктемгі, жаз айларындағы қызу жұмыстың нәтижесінде кризистік көлемде 55 тонна қатты өндіріс қалдықтары жиналыпты. Қалдықтың көпшілігі пластикалық ыдыстар, қағаз этикеткалар және қақпақтардан тұрады. Кәсіпорынның қатты өндіріс қалдықтарын тастауға арналған арнайы орынның сыйымдылығы – 60 тонна.

«Визит» Акционерлік Қоғамының басшылығының алдындағы негізгі мәселе – «Қандай жолмен ешқандай зардаптарсыз осынша қалдықтан құтылуға болады?». Қалдықтарды утилизациялау қымбат шара болып табылады, дәл осы кезде кәсіпорынның басшылығы түскен пайданың негізгі бөлігіне жаңадан өнім шығаруға арналған қымбат тұратын құрал-жабдық сатып алуға шешім қабылдады. Қоқысқа төгейін десе, Қоршаған Ортаны Қорғау басшылықтары рұқсат бермейді.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

1. Қалдықты утилизациялаудың оптималды шешімін табыңыздар;

2. Кандай мүмкін болатын шешімдер осы мәселеден мүлдем құтылуға көмектеседі?

КЕЙС 3

Қазақстанға капитал тартымдылығы мен даму тәжірибесіне байланысты инвесторларды қызықтыратын үш аймақты қарастыруға болады.

Біріншісі Астана болып табылады және экономиканың әр түрлі секторларына инвестиция тарту 2000ж. 56 млрд. құрады.

Өте жоғарғы қарқынмен құрылыс жүргізілуде. Қала жаңа қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әкімшілік - шаруашылық және тұрғын үй ғимараттарымен көркейтілуде. Архитектуралық жоғарғы сапа және қазіргі дизайн еліміздің астанасына көрік беріп тұр.

1999ж. бастап Астана қаласының «Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендірудің қалалық бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар және халық 2001ж. маусымында жалпы көлемі 104586 шаршы метр болатын 727 пәтер тұрғызды және 2003ж. маусымымен салыстырғанда тұрғын үй салу 1,3 пунктіге өскен.

Қала халқы жоғарғы қарқынмен өсіп, 2005ж. 529,3 мың адамға жеткен. Сондықтан, қаланы тұрғызудың жаңа көзқарастарының бағдарламаларын жасау қажет. Оның даму Есіл өзенінің оң жағында орналасқан ескі қаланы қайта салу арқылы және сол жағалауға ірі құрылыс жүргізу арқылы жүзеге аспақ.Қазіргі кезде шет елдік компаниялармен бірлесіп қаланың жаңа бас жоспары қарастырылуда. Өзеннің сол жақ жағалауында жаңа әкімшілік орталық салынады деп күтілуде. Қаланың өсуіне жағдай жасайтын ірі құрылыс құрылымдары үшін территория ізделінуде. Басты инвестициялық жобалардың ішінде – «Астана - сити» деңгейлі іскер және мәдени кешенді салу тұр. Ол қаланың орталығында орналастырылып, бизнес орталықтарды, экспозициялық орталықты, мейрамханаларды және де басқа нысандарды біріктіреді.

Бұдан басқа, қаланың сол жақ жағалауын тұрғызудың негізгі инженерлік обьектілері су және электр қуатымен, жол мен көпірлерді, территорияны инженерлік қорғау, байланыс және коммуникациямен қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Жалпы Есіл өзенінің сол жағалауын тұрғызуға 300 млн.$ жұмсалады. Осы ауданда құны 12 млн.$ болатын дипломатиялық қалашық орналасуы қажет.

Қаланы салу жоспарына кірпіш және басқа да материал өндіретін зауытты салу да бар. Қазіргі уақытта қала троллейбус паркін жаңарту мен қайта жөндеуге мәжбүр. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Вячеслав су қоймасын біріктіретін су құбырын салу жобасы қарастырылып отыр және ол қала әкімшілігінің айтуынша ауыз су сапасын да жоғарылатуға сапасын тигізеді. Осы жобаны қаржыландыруды француздық несие бағытына бері жоспарланып отыр.

Келесі аймақ Алматы болып табылады. Алдыңғы қатарда қаланы дамытудың нақты стратегиялық жоспарлар, сонымен қатар, ағымдағы жылдың салалық бағдарламалары мен орта мерзімді перспективалар алынған.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6