з) пайыздық ставка деңгейінің азаюы.

3. Цикл фазалары сипатталады:

а) бағаның төмендеуі, нарықтың тауарларға қанығуымен;

б) өндіріс көлемінің күрт қысқаруымен;

в) жаппай банкроттықпен;

г) жұмыссыздықтың өсуі және еңбекақының төмендеуімен;

д) қор биржасындағы жанталас және акция бағамының жаппай құлдырауымен;

е) несиелік жүйенің дағдарысы, банктердің жаппай банкроттығымен, қарыздық пайыздың күрт өсуімен.

Жоғарыда келтірілгендердің әрқайсысының депрессия, тірілу және өрлеу фазаларындағы іс әрекетіне сипаттама беріңдер.

4. Үлкен сұранысқа ие тауарларды шығаратын кәсіпорынның басшысымын деп елестетіңдер (мысалы үй жићазы). Өндірісті ұлғайтудың екі жолы бар. Табыстылықты кепілдік ететін үйреншікті технологиямен жићаз өндіретін жаңа қосымша цех салу. Және екінші жолы: бастапқы кезеңде өнім көлемінің міндетті түрде қысқаруына кепілдік беретін жаңа өнімдірек технологияны енгізу. Бірақ осы кезде сендерде бәсекелестер қуып жетуі мүмкін.

Кәсіпорын мен өндірісті дамытудың қандай жолын және неге оны таңдар едіңдер? Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде? Мүмкін уақыттың ұзақтылығының мұнда қатысы жоқ шығар? Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін дамудың қандай жолымен кеткендеріңді ойлаңдар. Интенсивті ме, әлде экстенсивті ме?

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

5. Жоспарлы экономикада барлық өндіріс жоспарланады, кәсіпорындар ресурстармен қамтамасыз етіледі, олардың өнімінің өткізілуіне кепілдік берілген және т. б. Нарықтық жүейеде барлығы өзгеше, барлығы нарықтың қолында. Кәсіпорындардың көпшілігі дағдарыс кезінде және жалпы цикл кезінде жойылады. Бірінші жүйеде барлығы келісілген, анықталған, сәйкестендірілген. Екіншісінде – толған қарама-қайшылық, өрлеу мен құлдырау мыңдаған кәсіпорындардың банкроттығы. Сонда жоспарлы жүйенің нарықтық жүйеге қарағанда ұтымсыз жері қайда? Жауаптарыңды саяси және идеологиялық факторларға жүгінбестен негіздеп көріңдер. Жоспарлы жүйеге де циклділік тән екендігі туралы ескерту сендерге жауап беруге көмектесе ме?

6.Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:

А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген зейнеткер;

Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам?

В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;

Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;

Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған, сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;

Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын күтуді шешкен адам.

7. Монетаризмнің негізін салушы М. Фридман мемлекет экономикаға араласпауы керек деп санайды және мемлекеттің ең тиімді ісі келесі лозунгтерді іске асыру: «Бизнесті қозғамау», «Нарықтық жүйе өз ісін істесін» М. Фридманмен не келісіңіз, не қарсы келіңіз.

8. Төменде келтірілген тұлғалардың мәртебесін жұмысбастылық пен жұмыс күшіне қатыстылығы жағынан анықтаңыздар, егерде олар келесідей жіктелетін:

- Жұмысбастылар.

- Жұмыссыздар.

- Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер.

а) оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студент

б) оқу орнының кешкі бөлімінде оқитын автомеханик,

в) өзінің отбасы және үйімен айналысатын үй иесі.

г) уақытының бір бөлігінде кітапханашы болып істейтін үй иесі.

д) өз еркімен жұмыстан шыққан жұмысшы.

е) толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы.

ж) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын мұғалім.

з) ұзақ уақыт бойын жұмыс істеп таба алмай іздеуді қойған жұмыстан шығарылған жұмысшы

9. Кестеде келтірілген жағдай инфляцияның қандай түрін туғызады. (сұраныс инфляциясы – С, ұсыныс инфляциясы - Ұ )

Жағдай

Инфляция типі

1 Мұнайға бағаның күрт өсуі

2. Әскери қажеттіліктерге бағытталатын мемлекеттік шығындардың өсуі

10. Есепті шығарыңдар: Келесідей берілгендер бар: елдегі жұмыс күші 1 млн. 488 мың адамды құрайды. өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны 995 мың адам, 50 мың адам– 16 жасқа дейінгі балалар, 47 мың адам жұмыс күші құрамынан шығарылған. Жұмыссыздық деңейі есептеңдер.

11. Жұмыссыздықпен байланысты өнімнің нақы шығынын есептеңдер: жұмыссыздықтың нақты деңгейі - 9,5% жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - 6% ЖҰӨ номиналды көлемі = 3300 млрд. теңге.

12. Келесідей ақпарат бар:

Жұмысбастылардың саны 90 млн. адам.

Жұмыссыздардың саны 10 млн. адам.

А) Жұмыссыздық деңгейін есептеңдер.

Б) 1ай өткеннен кейін жұмысы бар 90млн. адамнан 0,5млн. адам жұмыстан шығарылды, ресми тіркелген жұмыссыздардың 1млн. адамы жұмыс іздеуді тоқтатты. Жұмысбастылардың, жұмыссыздардың санын анықтаңдар, жұмыссыздық деңгейін есептеңдер.

ж. тұтынушылық тауарларға баға индексі 130,7 тең болған, ал 2006 ж.- 136,2 тең. 2006 жыл үшін инфляция қарқынын есептеңдер.

14. Кестеде жылдар бойынша баға индексі келтірілген;

Жыл

Баға индексі

Инфляция деңгейі ( %-бен)

1

100,00

2

112,00

3

123,00

4

129,00

А) Әр жыл үшін инфляция деңгейін есептеңдер.

В) Нақты табыстың пайыздық өзгеруін есептеңдер, егерде екінші жылы номиналды табыс бірінші жылмен салыстырғанда 15% және үшінші жылы екінші жылмен салыстырғанда 7% өссе.

Г) Егерде екінші және үшінші жылдағы номиналды табыс 25 мың $-ға тең болса, осы жылдардағы нақты табыстың нақы мөлшері қандай?

Д) Егерде несие үшін пайыздың номиналды деңгейі екінші жылы 14%-ға (бірінші және екінші жылдар аралығындағы қарыз алушылар үшін) және үшінші жылы - 18% тең болса (екінші және үшінші жылдар аралығындағы қарыз алушылар үшін), онда сәйкес жылдары оның нақты деңгейі қаншаға тең?

15. Өткен жылды негізге ала отырып кестені толтырыңдар.

Көрсеткіштер

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

4-ші жыл

5-ші жыл

Номиналды ЖҰӨ трлн. теңге

500

622

600

860

980

Баға индексі

1.2

1,3

0.9

1.4

1,1

Нақты ЖҰӨ, трлн. теңге

Номиналды ЖҰӨ-нің өсу қарқыны

16. Мына адамдардың халықтың қандай санатына (Е - жұмысбастылар, U - жұмыссыздар немесе NL - жұмысшы күшіне кірмейтіндер) жататындығын анықтаңыз:

Ø  Өз қалауымен жұмыстан кеткен және жоғары ақы төлейтін жұмыс табуды көздейтін дипломат.

Ø  Тек қана өз үйі және жанұясымен айналысатын үй шаруасындағы әйел.

Ø  Университеттің күндізгі бөлімінде оқитын студент.

Ø  Толық емес жұмыс күні бар және бұдан пайдалырақ жұмысты сонша ұзақ іздеп, онысын доғарған бухгалтер.

Ø  Ұзақ мерзімге ауырған және сол себепті жұмыс істемейтін трамвай жүргізушісі.

Ø  Толық емес жұмыс аптасы бар және басқа жұмысты белсене іздеуші, сәнді шаштараз.

Ø  «Макдональдс» мейрамханасында ақша табатын 15 жасар жасөспірім.

Ø  Қыс басталғандықтан жұмыс істемейтін сүңгуір.

Ø  Зейнеткерлікке шыққан шенеунік.

Ø  Ауруды қарауға көмектесетін күтуші қыз.

Ø  Балалар мерекесінде Аяз Ата болып ақша табатын театр артисі.

Ø  Астыртын автокөлік жөндеп ақша табатын және өз жайына толықтай риза, жұмыстан шығарылған көлік механигі.

Ø  Жалақының төмендеуіне қарсы шығып, жұмыска бармайтын жұмысшы.

Ø  Жайсыз ауа райының салдарынан жұмыс істемейтін көше сыпырушы.

Ø  Басқа қалаға көшуіне байланысты жұмыс орнынан кеткен дәрігер.

Ø  Электрмен жарықтандыруға көшкендіктен жұмысынан айырылған шам жағушы.

Ø  Ереуілге қатысқандығы үшін жұмыс істемейтін шахтер.

Ø  Жұмыс тапқан, бірақ оған әлі кіріспеген аспазшы.

Ø  Жұмысбастылыққа қызмет көрсету ұйымдастырған компьютерлік курсқа баратын үй шаруасындағы әйел.

Ø  Қатты аяз болғандықтан жұмыс істемейтін құрылысшы.

Ø  Оқу орнын бітірген және өзіне ұсынылған жұмыстардың қайсысын таңдауды әлі шешпеген жас жігіт.

Ø  Денсаулық жағдайы бойынша әрі қарай жұмыс істей алмайтын полицей қызметкері.

Ø  Авиациялық институттың кешкі бөлімінде оқитын аэропорт диспетчері.

Ø  Теміржол көлігінің жылу тартуға ауысуымен байланысты жұмысынан айырылған паровоз машинисі.

Ø  Рецессия нәтижесінде жұмысынан айырылған сәнді кутюрье.

Ø  Жарты уақытында кітапханашы болып жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел.

Ø  Бастығымен жанжалдасқандықтан жұмыстан қуылған және бірнеше ай бойы жұмыс істемеуді ұйғарған шаштараз.

Ø  Еңбекке орналастыру бюросы бухгалтерлер курсына жіберген машинист қыз.

17. Мына адамдар жұмыссыздардың қай түріне (уақытша - У, құрылымдық - Қ, немесе циклдық - Ц) жататындығын анықтаңыз:

·  Оқу орнын бітірген және өзінің мамандығы көнергендіктен экономикада қажет еместігіне тап болған жас жігіт.

·  Тұмаумен ауырып, сондыңтан жұмыс істемейтін программист.

·  Жеңілірек жұмыс табуға үміттенетін, жұмысынан кеткен жүк көтеруші.

·  Компастерлардың енгізілуіне байланысты жұмыстан шығарылған троллейбустың коңдукторы.

·  Өзіне ұсынылған жұмыстардың қайсысын таңдауды әлі шешпеген, жоғары оқу орнының түлегі.

·  Су жолының ашылуы аяқталуына байланысты жұмыс істемейтін өзен кемесінің жұмысшысы.

·  Экономикадағы құлдыраушылықтан жұмыстан шығарылған казино крупьесі.

·  Денсаулық жағдайына байланысты жұмысынан кеткен, жұмыс істемейтін өрт сөндіруші.

·  Пешпен жылытудан газбен жылытуға көшу салдарынан жұмысынан айырылған мұржа тазалаушы.

·  Жұмысбастылық қызметі бухгалтерлер курсына жіберілген үй шаруасындағы әйел.

·  Рецессия нәтижесінде жұмысынан айырылған дизайнер.

·  Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған және басқа жұмысты белсене іздеуші - имиджмейкер.

·  Автокөліктерге сұраныстың төмендеуіне байланысты, жұмыстан кеткен автомеханик.

·  Басқа жұмыс іздеп, бірақ өнімсіз ізденісін кейін доғарған, өз қалауымен жұмыстан кеткен автобус жүргізушісі.

·  Экономикалық құлдырау жағдайында фирманың банкротқа ұшырауына байланысты жұмыстан кеткен менеджер.

·  Банкоматтардың пайда болуына байланысты жұмыстан кеткен банк қызметкері.

Іскерлік ойын «Жұмыссыздық және инфляция»

Мәселелік жағдай: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен инфляцияны төмендету макроэкономикалық реттеудің басты мақсаты болып табылады.

Пікір талас тапсырмалары:

1.  ҚР-ғы жұмыссыздықпен күрес;

2.  ҚР Үкіметінің инфляцияны төмендету жолдары.

Тақырыпты ашу және өткізу әдістемесі топтық сипатқа негізделген.

Іскерлік ойынды орындау үшін топ студенттері екі командаға бөлінеді. Әрбір команда үш - төрт адамнан құралуы тиіс. Олар кейс бойынша дайындалған тапсырмалар мен таратылатын көрнекілік материалдарды алады. Материалдармен танысқаннан кейін әр команда өз ұстанымын таңдайды: I-команда – Оппозиция, II - команда – Үкімет, ал қалғаны - халық немесе бағалаушы көрермендер болады. Бір адам спикер, яғни пікір-таласты жүргізуші болуы қажет (студенттердің өзі болса да болады).

Әрбір команда ең алдымен, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша баяндама жасауы тиіс (оған 3-5 минут беріледі). Тапсырмаларды орындау кезінде әрбір командадан өз командасы-ның шешімін ортаға салып, түсіндіру үшін бір студент сайланады. Оның жауабы жазбаша түрде көрсетілуі тиіс және де талдау кезіндегі студенттің ауызша жауаптары нақтылы, үйлесімді және жинақы болуы тиіс. Әр команданың баяндамасы тыңдалынып болған соң, ондағы келісетін және келіспейтін жақтарына тоқталуы тиіс. Бір адам секундант болып уақытты шектеп отырады. Тапсырманы орындау кезінде екі команда да қойылған сұрақтарға жеке-дара, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша пікір - талас жүргізіп, кезек – кезек жауап береді. Әр сұраққа жауап беру үшін командаларға 5-10 минуттан беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін әр команда өздерінің тұжырымдамаларын ортаға салып, талдауға салады. Әр команда өз пікірінің дұрыстығына айғақтар келтірулері керек және де оларды дәлелдеулері тиіс. Соңында пікір - таласқа қатыспаған студенттер тақырып бойынша және қатысушылардың пікірі бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір - таласты бағалайды.

Тапсырманы орындауда белсенділік көрсеткен, берген жауаптары нақтылы әрі айқын және дұрыс болған студенттерге 2-3 баллдан беріледі.

Тақырып 14. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МӘНІ, МАҚСАТЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.

Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеулер.

ҚР-ғы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1.  Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары қандай?

2.  Экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметтері қандай?

3.  Ақша жүйесінің элементтерін атаңыз.

4.  Биметаллизм және монометаллизм дегеніміз не?

5.  Ақша агрегаттарына не жатады?

6.  «Квази ақшалар» дегеніміз не?

7.  Несиенің атқаратын қызметтері қандай?

8.  Коммерциялық несиемен банктік несиенің айырмашылығы қандай?

9.  Банк операциялары дегеніміз не?

10.  ҚР-дағы банк жүйесі неше деңгейлі?

11.  Қаржы жүйесі дегеніміз не?

12.  Қаржы қатынастары дегеніміз не?

13.  Мемлекеттің қаржы жоспары дегеніміз не?

14.  Мемлекеттік бюджет тапшылығының пайда болу себептерін атаңыз?

15.  Салық салу қағидаларын атаңыз. Салық түрлерін атаңыз.

16.  Лаффер қисығы нені көрсетеді?

17.  Фискальды саясат дегеніміз не?

18.  Мемлекеттің қарызы дегеніміз не?

Дұрыс – Қате

1.  Коммерциялық банктердің міндеттері ақша болып табылмайды.

2.  Өтімділік қасиетіне тек ақша ие.

3.  Дамыған елдерде ақша жиынының негізгі компоненті болып қолдағы ақшалар табылады.

4.  Аңшаны банкке салу оның өтімдірек нысанға өткендігін білдіреді.

5.  М1 ақша агрегаты қолдағы ақшалардан, жол чектерінен, талап етілгенге дейінгі депозиттерден және басқа чектік депозиттерден тұрады.

6.  М1 ақша агрегатына қолдағы ақшалар, чектік салымдар және жедел салымдар жатады.

7.  М2 ақша агрегатының өтімділігі М1-ге қарағанда төмен.

8.  Сандық ақша теориясы ақша ұсынысы өскенде сәйкесінше шынайы өнім көлемі артатындығын ұсынады,

9.  Ақша айналымының жылдамдығы жоғары болған сайын, барлық тепе-тең жағдайда айналысқа аз ақша талап етіледі.

10.  Егер бағаның жалпы деңгейі жоғарыласа, онда барлық тепе-тең жағдайда ақша айналымының жылдамдығы азаяды.

11.  Қазіргі жағдайда ақша эмиссиясы қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімде де инфляцияға әкеледі.

12.  Коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі оның өз клиенттеріне салған салымдарын қолдағы ақша түрінде қайтарып беру мүмкіндігі арқылы анықталады.

13.  Коммерциялық банктер өздерінің несиелік мүмкіндіктерін үнемі толық пайдаланады.

14.  Қолдағы ақшаны банкке салу ақша жиынының азаюына әкеледі.

15.  Монетарлық саясаттың мақсаты болып жұмыссыздықпен емес, инфляциямен күресу табылады.

16.  Монетарлық саясатты үкімет экономиканы тұрақтандыру мақсатында жүргізеді.

17.  Барлық азаматтар бірдей салық төлесе дұрыс болар еді.

18.  Дамыған елдерде жанама салықтар салық түсімдерінің негізгі қайнар көзі болып табылады.

19.  Инфляция кезеңінде мемлекетке жанама салықтарды пайдалану тиімдірек, өйткені олардан түсу көлемі табысқа емес, бағаға тәуелді.

20.  Салықтар жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да әсер етеді.

21.  Салық мөлшері жоғары болған сайын, одан бюджетке көп түсім түседі.

22.  Салықтар экономиканы тұрақтандырудың құралы болып табылады.

23.  Жеке салықтардың өсуі тұтынуды да, жинақтауды да төмендетеді.

24.  Жоғары салық мөлшері жиынтық табыстардың қысқаруына қарамастан, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайтады.

25.  Салықтан түсулер өрлеу кезеңінде артады және құлдырау кезеңінде азаяды.

26.  Лаффер қисығы салық мөлшері мен бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты сипаттайды.

27.  Мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржы жоспары болып табылады.

28.  Мемлекеттік бюджет үкіметтің табыстары мен шығындарының негізгі түрлерін көрсетеді.

29.  Егер бюджеттің табыстары шығындарына тең болса, онда мұндай бюджет теңестірілген деп аталады.

30.  Мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекет шығындары салық түсімдерінен жоғары болғанда туады.

31.  Өрлеу кезеңінде мемлекеттік бюджет тапшылығы азаяды.

32.  Мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттің табыстары өскенде қалыптасады.

33.  Дамыған елдерде ақша эмиссиясы бюджет тапшылығын қаржыландырудың кең пайдаланылатын тәсілі болып табылады.

34.  Ішкі қарыз табыстарды мемлекеттік және жеке секторлар арасында қайта таратуға әкеледі.

35.  Қазыналық саясаттың мақсаты циклдық экономикалық тербелістерді басу болып табылады.

36.  Қазыналық саясаттың маңызды мақсаттарының бірі экономикалық өсу шапшаңдығын жылдамдату және өмір сүру деңгейін өсіру болып табылады.

37.  Қазыналық (фискальды) саясат инфляциямен емес, жұмыссыздықпен күресу үшін қолданылады.

38.  Қазыналық саясатты үкімет ең алдымен жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында жүргізеді.

39.  Қазыналық саясаттың құралдарына тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар, салықтар, әлеуметтік трансферттік төлемдер жатады.

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңіздер:

1. Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдаймен салыстырғандағы бұрынғы Кеңес одағындағы тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

2. Банк жүйесіндегі Интернет – кассаларды енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

3. Есепті шешіңдер: Қазақстанда экономикалық құлдырау созылып кетті. Экономиканы экономикалық белсенділік жағына бұру үшін және оны тоқтату үшін шаралар қолдану керек. Сіз жас, белсенді – Қазақстанның Ұлттық Банкінің Председатель болып сайландыңыз. Сіздің қолыңызда монетаристік саясаттың мазмұыны құрайтын ақша-несие саясатының құралдары ғана бар.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6