Қазіргі таңда Алматыда өндірілетін өнімнің 80%-нан астам өнім жеке меншік негізінде өндіріледі.

Тағы бір оң фактор – тұрғын үй құрылысының өсуі. Сонымен қатар, салынған үйлер жеке капиталдан тартылған. Капиталды құрылыс саласында коммерциялық негізде аяқталмаған құрылысты бітіруге қызығушылықтар бар. Қазіргі кезде Алматы қаласындағы әр түрлі құрылыс дайындықтағы 20%-дан 80% - ды қамтитын 400 мың шаршы метр жер бар. Қалалық билік әсіресе, өнеркәсіптік өндіріс, транспорт, құрылыс және басқа да әлеуметтік теңсіздікті тудыратын салалларға көңіл бөлуде. Алматы қаласын еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң кей салада өсу байқалып, шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде қалада Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 39740 шағын және орта бизнес қызмет етеді. Ірі жобалардың ішінде троллейбус шығаратын «Шкода» біріккен кәсіпкерлік компаниясының, «Алматы маргарин зауыты» АҚ-ның және «LG Электроникс» зауытының қызметтері бағаланды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Осыған байланысты, Алматыда алғашқы өнеркәсіптік аумақтар мен бизнес-инкубаторлар даму алды. «ТИКО» қазақ-түрік қоры арнайы 3 мың шаршы метр көлемді алатын өнеркәсптік зона құруды көздеп отыр.

Басты мәселе қаланың ішіндегі транспорттық құрылысты шешу болып отыр. Кейінгі кезде қалаішілік тасымал магистралінің даму өткір мәселе болып отыр. Алматы әкімшілігі үкіметтен ішкі қарыз есебінен 700 млн. теңгеден аса қарыз алуға рұқсат алды. Әкімшілік қаладағы барлық асфальт қабатын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Екінші жағынан, әкімшілік қала территориясынан автомайқұю бекеттерін алып тастап, оның орнына «Қазақойлдың» қатысуымен май құю бекеттерінің кешенін соғуды көздеп отыр. Осы кешенді салу үшін 20 жер участогы бөлінді.

Келешекте Алматы әкімшілігі қалалық туризмді қолға алу шараларын қабылдауда. Ең алдымен, ол нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету, туристерді қызықтырудағы кедергілерді азайтуға және инфрақұрылымды дамытуға тиесілі.

Келесі аймақ Қызылорда облысымен аяқталады. Мұнда регионның шикізаттық базасын дамыту көзделген. Арал бассейнін барлау 75 млн. тонна мұнай мен 2,3 трлн. шаршы метр газдың бар екендігін болжады.

Қазіргі таңда мұнай өңдеумен 4 біріккен кәіспорын айналысады және оған шет елдік компания тарапынан 193 млн.$ инвестиция тартылған. Жыл сайын территория аумағында 3 млн. тонна мұнай өңделеді. Облыстың мұнай-газ кешенінің дамуы екі маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асуына байланысты. Оның біріншісі – мұнайды өңдеу зауытының құрылысы, бұл тағы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруге және республиканың оңтүстігінде мұнай өңдеуші базаның альтернативасы болуға кепілдік береді. Екіншісі – 75 млн.$ құны бар газды утилизациялау, ол Оңтүстік Қазақстанды толығымен газбен қамту мәселесін шешеді.

Қызылорда облысы республикада полиметалл қоры бойынша үшінші орынды алады. Мұнда уранның 17%, ванадийдің 90%- ы, мырыштың - 15%-ы орналасқан. Барлау жұмыстарының нәтижесінде онда алтынқұймалы, титанды және басқа да кен түрлері анықталған. Кен қазбаларынан басқа аймақтың үлесіне республикадағы тұздың 60%-ы, толық құрылыс материалын өндіру үшін толық жағдай бар. Шыны өнеркәсібінің дамуы үшін кварц құмының көп мөлшері ашылған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.  Алматыда қаланы дамытудың стратегиялық жоспары бойынша қандай нәтижелер алынды?

2.  Неліктен Алматы қаласының билігі өнеркәсіп өндірісі саласында, транспорт және құрылыс саласында байланыстарды кеңейтуга үлкен мән береді?

3.  Алматыны еркін кәсіпкерлік қаласы деп жариялағаннан соң қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

4.  Астананы жаңа жоспар бойынша салу немен байланысты? Қаланың бас жоспарын құрастырудың мәні неде?

5.  Астана қаласының әкімі ауыз су сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолдануда?

6.  Қызылорда облысындағы мұнайгаз кешенін болашақта дамыту неге байланысты?

7.  Қазақстанның 3 аймағының қайсысы стратегиялық маңызы жоғары болып табылады?

8.  Неліктен экономикалық реформалар жүргізудің ауыртпалығын аймақтарға бөлген?

9.  Шет ел инвесторлары үшін өнеркәсіптің қай салалары тартымды болып табылады?

10.  Шет елдік инвесторлардың мүдделері ҚР-ның ішкі мүдделерімен сәйкес келеді ме?

Тақырып 9. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ. КӘСІПОРЫНЫҢ (ФИРМАНЫҢ) ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСЫ.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, қызметтің түрлері және ұйымдық формалары.

Кәсіпорын шығындарының түрлері.

Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және мөлшелрі (нормалды) пайда.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1.  Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2.  А. Смит кәсіпкер деп кімді түсінді?

3.  Кәсіпкерліктің сипатты белгілері қандай?

4.  Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?

5.  Ірі бизнестің басымдылығы неде?

6.  Серіктестік дегеніміз не?

7.  Акционерлік қоғам қалай құрылады және басқарылады?

8.  Акция дегеніміз не?

9.  Облигация дегеніміз не?

10.  Кәсіпкерліктің әр формасының артықшылықтары мен кешіліктерін атаңдар.

11.  Біздің елдегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағыттарын атаңдар.

12.  Қазақстанда кәсіпкерлік қандай ерекше орын алады?

13.  Фирманың нарықтағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қызметі арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңдер.

14.  Марксистік және неоклассикалық концепциядағы шығындардың түсіндірілуі қандай?

15.  Өндірістің пайдасы мен өтімділігі қалай есептеледі?

16.  Шығындардың түрлеріне сипаттама беріңдер.

17.  Өндіріс көлемінің оң, теріс және тұрақты эффектісін сипаттаңдар.

18.  Жалпы, орташа және шекті шығындар қалай есептеледі?

Дұрыс – Қате

1.  Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат.

2.  Өзгермелі шығындар - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар.

3.  Тұрақты шығындар - өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.

4.  Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар.

5.  Шекті шығындар – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады.

6.  Экономикалық шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар.

7.  Бухгалтерлік шығындар – бұл айқын мен айқын емес шығындардың қосындысы.

8.  Бухгалтерлік пайда– бұл жалпы табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырмашылық.

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:

1. Акционерлік қоғамның қызметіне жалпы акционерлер жиналысы арқылы қалай ықпал етуге болады?

2. Төменде келтірілген тізімде қайсысы тұрақты, ал қайсысы өзгермелі шығындарға жатады: қаларалық байланысты төлеу; арендалық төлем; жылуға төлеу; шикізат сатып алу; құралдарды сатып алу; зейнетақы қорына аударымдар; амортизация; басқармалық персоналға еңбекақы төлеу; жұмысшылардың еңбекақысын төлеу; электроқуатына төлеу; телефонды қолданғаны үшін төлеу?

3. Келесі берілгендердің негізінде жалпы және шекті шығындар көлемін есептеңдер:

Шығарылым көлемі, Q

Тұрақты шығындар, FC

Өзгермелі шығындар, VC

Жалпы шығындар, ТС

Шекті шығындар, МС

0

100

0

10

100

50

20

100

100

30

100

150

40

100

200

4. Фермерлік шаруашылық картоп өсіреді. Кестеде өнімді шығарудың көлемі менқысқа мерзімді өзгермелі шығындардың динамикасы көрсетілген. Тұрақты шығындар 40 бірлікке тең. Шығындардың келесі түрлерін есептеңдер: ТС, VС, АТС, АРС, МС. Соңғы төрт көрсеткішті графикалық түрде көрсетіңдер.

Q (тонна)

АVС (бірлік)

0

1

0

40

2

3

40

46,6

4

5

55

72

6

86,6

5. Келесі берілгендердің негізінде бухгалтерлік және экономикалық пайданы есептеңдер:

Шығындар түрі

Тенге

Жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы

Кәсіпкерлің айқын емес табысы

Кәсіпкердің әйелінің айқын емес табысы

Несие үшін пайыздарды төлеу

Жеке капиталы үшін айқын емес пайыз

Амортизация

Шикізат пен материалдар

Жалпы пайда

58

12

24

16

4

22

18

186

КЕЙС 1

ҚР-ның 2008-09ж. шәкіртақысы орташа есепппен алғанда – 9500 теңге. Ал, жылдары бұл көрсеткіш 2-3 есе, яғни теңге болатын. ҚР–ның экономикалық жағдайының жоғарылағандығының нәтижесінде көптеген оңды өзгерістер орын алды. Әсіресе, медицина, банк ісі, экономика, білім беру ісінде көп оңтайлы өзгерістер орын алды. Ел Президентінің 2009ж. халыққа Жолдауының нәтижесінде барлық мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 30%-ға өсті, соның ішінде студенттер шәкіртақысы да өсті. Сәйкесінше экономикада инфляция орын алды. Сонымен қатар, студенттердің қалалық көлікте жеңілдікпен жүретін билеттері алынып тасталды. Және маршруттық таксилердің жүру билеттерінің бағасы артты.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

1.  Студент шәкіртақыны жолға қалай жаратуы тиіс?

2.  Қалалық көліктің қандай түрімен жүрген тиімді болар еді?

КЕЙС 2

1997 жылы көптеген елдер мен мемлекеттерде күннің күрт суытуынан барлық жеміс - жидектер, дәнді дақылдар үсікке шалынды. Тек қана Қазақстанның оңтүстік өңірінде олар біршама сақталып қалды. Дәл осы кезде Германияда құс тұмауы вирусынан көптеген құстар қырылып жатты. Және де бұл эпидемия дүние жүзіне тарап, адам өміріне қауіп төндірді. Оны жою үшін грек жаңғағының қабыршағы өте қажет болды. Сонымен бірге Түркияда осы жаңғақтың майына сұраныс өте жоғары болды. Себебі, «Хаят» ғылыми бірлестігі одан дайындалатын қоспадан адамның өмірін сақтап қалатын, әрі арзан тұратын препарат жасап шығарады. Түркияда осындай аурудың алдын алмаса, дүние жүзі халықтарына осы ауру тарау қаупі тұрды. Оны Халықаралық саудаға шығаратын тек Қазақстан болып отыр.

Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

1.  Бұл жағдайда не істеу қажет?

2.  Қазақстан қандай шешім қабылдауы тиіс?

3.  Осы дағдарыстан шығатын басқа да нұсқалары бар ма?

Тақырып 10. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Өндіріс факторларының нарықтық бағасы мен өндіріс факторларының шекті өнімі.

Жалақы – еңбек факторының бағасы ретінде.

Жер рентасы - жер иелерінің факторлық табысы.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1.  Еңбекті жұмыс күшінен ажыратасыңдар ма? Айырмашылықтарын нақты мысалдармен келтіріңдер.

2.  Еңбек нарығында сұраныс пен ұсынысты кім қалыптастырады?

3.  Еңбекақының негізгі формалары мен түрлерін атаңдар.

4.  Қарыздық пайыздың қойылымдарының ауқымы немен анықталады?

5.  Дисконттау дегеніміз не?

6.  Арендалық төлем мен жер рентасының айырмашылығы?

7.  Өндіріс факторының сұранысының қисығы мен оның шекті пайдалылығы арасындағы байланыс қандай?

8.  Жердің бағасы қалай есептеледі?

Дұрыс – Қате

1.  Нақты жалақы – бұл ақшаға шығарып берілетін, яғни еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.

2.  Номиналды жалақы – еңбеккердің алған номиналды жалақысына өзі және отбасы үшін өмір сүруге қажетті тауар сатып алуға болатынын көрсетеді.

3.  Дифференциалды I рента – жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алынатын рентасы.

4.  Абсолютті рента – жердің табиғи құнарлығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың жал төлемі ретінде жер иесіне көшуі.

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:

1. Жұмысшылар мен әкімшілік арасындағы келіссөздердің көбі еңбек келісіміне қол қоюмен аяқталады. Бірақ, кейде келіссөздер тоқатылып қайшылықтарды шешудің басқа жолдары қарастырылады, мысалы, үшінші жақтың араласуы немесе ереуіл.

А) Сіздердің пікірлеріңіз бойынша, үшінші жақтың араласуын еңбектік дауларды шешуде қалай қолдануға болады.

Б) «Ереуіл - бұл жұмысшыларды да, жұмыс берушілерді де жарақаттайтын екі жақты үшкір пышақ». Бұл сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіздер. Ұсынылған сұрақтардың біріне өз таңдауларың бойынша жауап беріңіздер.

2. Келесі берілгендер тамақ өндірісіндегі еңбектің сұранысы мен ұсынысын көрсетеді дейік:

a.  нарықта өзінің қызметін ұсынған жұмысшылардың саны мен теңдік еңбекақы мөлшерін есептеңдер;

b.  кестенің берілгендерін қолданып, еңбектің сұранысы мен ұсынысының қисығын салыңдар;

c.  кәсіпкерлер мен кәсісподақтың ұжымдық келісімінің негізінде еңбекақы сағатына 10 теңге болып келісті дейік;

Еңбекақы деңгейі,

сағат үшін теңге

Жұмысшылардың қажет саны, адам

өзінің қызметін ұсынған адамдар саны, адам

2

500

100

4

400

200

6

300

300

8

200

400

10

100

500

12

50

600

d.  графикте еңбекақының жаңа деңгейін көрсетіңдер;

e.  еңбекақының жаңа деңгейінде жұмысшыларға деген сұраныс қандай болады?

f.  еңбекақының жаңа жоғарғы деңгейінде қандай жұмысшылар ұтады, ал қандай жұмысшылар ұтылады?

3. Күтілетін пайданың нормасы - 9%, пайыздың нарықтық ставкасы - 12, инфляцияның жылдық қарқыны - 9%. Тиімді экономикалық тұрғыдан қарастырғанда инвестициялық жоба іске аса ма?

4. Кредитор жоғары немесе төмен пайыздық ставканы белгілейді, егерде ол жұмысын жүргізсе:

А) салқындатылғн сусын шығаратын белгілі фирмамен жұмыс істесе; сондай сусынды шығаратын бірақ жаңа ұйымдастырылған өдірістік кооперативпен жұмыс істесе?

Б) 5 жылға қарыз сұрайтын фирма болса; 9 жылға қарыз алғысы келетін фирма болса?

5. Студентте 100$ бар және ол осы ақшаны жұмсау немесе сақтау туралы шешім қабылдайды. Егерде ақшаны банкке салатын болса, онда бір жыл өткеннен кейін 112$ алады. Инфляция жылына 14% құрайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

a.  номиналдық пайыздық ставка қандай?

b.  нақты пайыздық ставка қандай?

c.  студентке қандай кеңес бересіңдер?

d.  өзгеріссіз номиналды ставка кезіндегі инфляцияның қарқынының 14%- ға төмендеуі сендердің кеңестеріне қалай әсер етуші еді?

6. Нақты бір ақша соммасына иесіңдер. Бұл ақшаны қолдану жолдары мұндай: жер телімін сатып алу; банкке жедел салым салу; үлкен сұранысқа ие және жақсы пайда әкелетін өнім шығару үшін негізгі құралдарды сатып алу. Қандай жағдайда сендер жер сатып алуға тоқталасыңдар? Қандай экономикалық көрсеткіштерді ескересіңдер? Жер телімің бағасын анықтаудың формуласы қандай?

Тақырып 11. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

Қоғамдық өндірістің нәтижелері, олардың жалпы ұлттық өнімде (ЖҰӨ) көрініс табуы.

Шығындар мен табыстар айналымдарының макроэкономикалық моделі.

Макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ұлттық есептеу жүйесінің (ҰЕЖ) жалпы сипаттамасы.

Тақырып бойынша ауызша сұрау:

1. Осы тақырыпта ЖҰӨ-ді есептеудің қандай әдістерін білдіңдер? Атаңдар.

2. ЖҰӨ-ді есептегенде не кірмейді?

3. Трансферттік төлемдер дегеніміз не?

4. Тағы да басқа қандай макроэкономикалық көрсеткіштерді білесіңдер?

Дұрыс – қате

1. Макроэкономикалық агенттердің макроэкономикалық нарықтардағы іс-әрекетін оқу макроэкономиканың пәні болып табылады.

2. Мемлекеттік қарыз көрсеткіші - бұл ағындар көрсеткіші, өйткені оның шамасы жыл сайын ауысып тұрады.

3. Үй шаруашылығының жинақтаулары қор көрсеткіші болып табылады, өйткені оның көрсеткіші үй шаруашылығының жинақтаған қаржыларының сомасын көрсетеді.

4. Жалпы баға деңгейінің көрсеткіші салыстырмалы макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады.

5. Қазіргі жағдайда жалпы ішкі өнім ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып табылады.

6. Жалпы ұлттың өнім - бұл жыл ағымында экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің құндарының сомасы.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6