Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Мемлекет басқару жұмысының маңызды мәселелерін реттейтін жалпы сипаттағы қаулыларды жарлық деп түсінуге болады. Кейбір жағдайда /мысалы, қызметке тағайындау немесе босату туралы/ қаулының жекелеген адамдарға нақты нұсқаулық қатысы болды. Қаулылар күші жойылғанша пайдаланылды. Жарлықтар, қаулымен салыстырғанда, олар-дың орындаушылық, басқарушылық сипаты төмендеу актілер. Жарлықтардың орындалғанша ғана күші болды. Қаулылар Министрлер Кеңесі төрағасының /немесе оның орынбасарының/ және Министрлер Кеңесі істерін басқарушының қойған қолымен, ал жарлықтар — алғашқылардың бірінің қойған қолымен жарияланды.
Кеңес дәуірінде заң шығаратын жоғарғы өкімет органдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қаулылары да жиі жарияланып тұрды. Оған мысал ретінде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі немесе КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен Бүкілодақтық Коммунисте /большевиктер/ партиясы Орталық Комитетінің /1941 жытіғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қорғаныс Комитетін қүру туралы"/ қаулысын келтіруге болады.
Бірлескен қаулылар мемлекеттік және халық шаруашылығының белгілі саласын дамыту ушін барлық күшті ұйымдастыру мақсатындағы құжаттар болды. Бірлескен қаулылардың заң күші болмаса да, өктемдік күші басым болды.
Қорытып айтқанда, Кеңес өкіметі өзінің актілерін "заң тәртібі" ретінде қоғамның "шаруашылық жөне мәдени-тәрбиелік проблемасына" айнаддырды. Осы шаралардың жүзеге асырылуы Кеңес Одағы коммунисте партиясының өктемшіл саясатына негізделді.
Қазақ елінің қоғамдық дамуы коммунистік партияның еркімен жургізіліл, оның жоғарғы органдарының шешімдеріне сейкес орыңдалды. Кеңес өкіметі органдарының актілері коммунистік партияның бағдарламасына негізделіп жасалды. Кейін келе партияның жоғарғы органдарының қарарлары КОКП Ор-талық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің жеке немесе бірлесіп қабылдаған қаулылары түрінде өкіметтің атқару органдарымен жүзеге асырылып отырды.
Кеңес өкіметінің заң актілерінің жариялануы
Заң актісінің қалыптасу кезеңі оның жариялануымен аяқталады. Заң тексінің баспада ресми жариялануы заңның күшіне енуі болып саналады, ал жергілікті жерлерде - заң тексі жарияланған ресми басылымының келіп түскен уақытынан басталады.
Кеңес өкіметінің алғашқы заңдарын "Нүсқаулар жинағында" ("Собрание указаний") баспадан шығару ісін халықтық заң комиссариаты (Наркомюст) 1917 жыддың желтоқсан айында бастады. Онда заңдар мен қаулылар хронологиялық тертіппен беріліп, актілер шыққан жылдар ретімен орналастырылды. Мерзімдік басылымдардың ішінен "Нұсқаулар жинағы" заң материалдарының толық басылымы болды. "Нұсқаулар жинағына" сипаты мен типі ұқсас басылымдар Украина ССР-ында, Әзірбайжан ССР-ында жөне басқа да республикаларда шықты.
Орталық Атқару Комитет! (ЦИК), оның Президиумы, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі (СНК) мен Еңбек, Қорғаныс Кеңесінің (СТО) бүкіл деректері мен қаулылары 1924 жылы баспадан "КСРО-ның жұмысшы-шаруа үкіметінің зандары мен жарлықтарыңца" жариялана бастады. Жинақ екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде — заңдық сипаттағы актілер, қалғандары: қызметке тағайындау мен марапаттар ту-ралы, акционерлік қоғамдардың уставтарын бекіту ту-ралы жоне т. б. — екінші бөліміңде басылды. "Заңцар жинағының" бірінші бөлімі КСРО халықтарының ал-ты тілінде (орыс, украин, белорус, грузин, армян, түркі-татар) басылып түрды.
1938 жылдың 7 сәуірінен бастап "Заңцар жинағының" орнына "КСРО Жоғанғы Кеңесінің ведом-стер!" басыла бастады. Алғашқы жылдары "Ведомстер" газет түрінде шықса, 1944 жылдан бастап бюллетень-дер түрінде шығарылды. Бүл басылым Одақ ыды-рағанға дейін шығып түрды.
жылдары жоғарғы атқарушы өкімет органының қаулылары мен жарлықтарының арнайы басылымы — "КСРО Үкіметінің қаулылары мен жар-лықтарының жинағы" ("Собрание постановлений и распоряжений Правительства СССР") үздіксіз шыгып түрды. Бұл басылым 1951 жыддан бастап мекемелер мен ведомстволар үшін басылса, 1957 жылдан жұртшылық үшін "КСРО үкіметінің қаулыларының жинағы" деген атпен шығып түрды.
1958 жылдан бастап КСРО-ның заңдары мен КСРО Жоғаргы Кеңесі жөне оның Президиумыныңбасқа акгілері одақтас республикалар тілінде шығатын "Ведомстерде" жарияланып, сонымен қатар актілердің маңыздылары "Известия" газетінде де жарық көрш тұрды.
Халықаралық келісімдер бұқаралық баспасөз бен КСРО Үкіметі және Шетелдер министрлігінің арнайы басылымдарында жарияланды.
Сонымен бірге Кеңес мемлекетінің заңцық жөне басқа да актілеріне байланысты ірі ғылыми басылымдарды да атап көрсеткен жөн. Олардың ішінде бүрын-соңцы жарияланбаған құжаттар қамтылған "Декреты Советской власти" жинағының деректік мәні айрықша.
Конституция дайыңдауға байланысты материал-дар арнайы басылымдарда кеңінен берілді. 1957 жылдан бастап "Документы внешней политики СССР" басылымының көптомдығы шыға бастады. Кеңес өкіметінің сайлау органдарының материаддары көптомдық жинақта басыдцы. Оған Кавказдың, Орта Азия мен Қазақстанның бұрын жарияланбаған көптеген қүжаттары енгізілді.
4.Актілік материялдарды деректанулық талдау.
Тарихи деректер болып саналатын заң жөне үкімет актілері белгілі уақыттың тарихи туындысы. Бүл қүжаттардың пайда болуын зерттеу деректердің мағынасын үғуға, жаңа актілік материалдардың пайда болу себептерін түсінуге, оларды жасаушының ролін ашуға мүмкіндік береді.
Заң актілерінің пайда болуью зерттеу торт ке-зеңнен түрады: заң шығару ынтасы - бастама; заң жобасын дайындау мен оны талқылау процесі; заң жобасын заң шығаратын органдарда талқылау мен бе-юту; занды жариялау.
Кеңес өкіметінің дөуірінде "бұрынғы қабылданган заң актілерінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістерге сәйкес болмай қалуының негізінде" деген себеппен жаңа заңдар да шығарылып тұрды.
1918 жене 1924 жылдардағы Конституциялардың 30- жылдардың ортасында қоғамда болған өзгерістерді қамти алмағаны — шындық. Сондықтан Бүкілодақтық Советтердің VII съезінің КСРО-ның жаңа Конституциясы (1936) жобасын жасау туралы қаулысын КСРО-ның Конституциясьш дайындаудың ьштасы ретінде қарауға болады.
1918 жылғы РСФСР-дің конституциясы бойынша Бүкілресейлік Кеңестер съезіне, Бүкілресейлік орталық аткару комитетіые, РСФСР-дің Халық комиссарлар Советі мен наркоматтарына заңцық бастама құқығы берілді. Осы тәртіп 1924 жылғы КСРО Кон-ституциясында да сақталды. 1936 жылғы Конституция бойынша зандық ынта құқығы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Одақ кеңесі мен Ұлттар кеңесі палаталарына берілді. 1977 жылғы Конституция бойынща заңдық ынта куқығы КСРО Жоғарғы Кеңесіне, оның Президиумы мен тұрақты комиссияларына, КСРО Министрлер Кеңесіне, одақтас республикалардьщ жоғарғы мемлекеттік өкімет органдарына, орталық қоғамдық ұйымдардың органдарына және т. б. берілді.
Занды шығарудың ынталық кезеңі өкімет орга-нының заң жобасын дайыңцаудың қажеттілігі туралы шешім кабылдауымен аяқталады.
Заңның пайда болуының екінші кезеңіне заң жобасын жасайтын арнайы комиссияны құру мен жобаны жариялау жұмысы жатады. Зандық актінің жобасы жарияланғаннан соң, оған жалпыхалықтық талқылау ұйымдастырылды. Заң жобасымен танысып, оны талқылаудың барысында еңбекшілердің оған көзқарасын көрсетуші хаттары мен пікірлерінің зерттеушілер үшін үлкен деректік мәні бар.
Заңның пайда болуының келесі кезеңінде жоба өкіметтің жоғарғы органдарында талқыланады.
Заң актілерін талдау процесінде олардың жарияланған нұсқасын, олардың архивтегі түпнұсқасымен салыстырады.
Заңдық актілерді талдауда зерттеуші актінің аты мен түрін анықтайды, қорытынды хаттамасына баға береді (қойылған қол мен бекітілген күнінің т. б. бо-луы), қажет болған күнде мәжіліс хаттамасы бойынша қаулының қабылданған уақыты салыстырылады.
Заңдық актінің пайда болуын зерттеуде алынған мәліметтер деректің мағынасын талдау үшін көлемді материал береді. Осыңдай талдаудың нәтижесіңце жалпы тарихтық қорытыңцыларды негіздеуге қажетті мәліметтер алынады. Зерттеудің мұндай сатысы үшін күн ілгері бірнеше негізгі сұрақтардың белгіленгені жөн. Мысалы, зерттелетін заңның тарихи орны мен андай маңызы, бұрынғы актілермен салыстырғанда, қаңдай жаңалығы бар? Оның қоғам дамуындағы ролі қандай? .
Заң актісінің тарихи орнын анықтау, оның пайда болуын зерттеумен тығыз байланысты. Осылай зерттеу жаңа нормалардың қалыптасу процесі мен олардың формасын көрсетеді.
Заң актісін талдау объективті зандылықтарға негізделуі керек. Зерттеу жұмысының осындай сипатта ұиымдастырылуы жөне оның тарихи процестермен, члрдің нақты проблемаларымен, қоғам дамуының жалцы бағыгымен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Заң актісі қоғамдық-саяси ойдың көрсеткіші мен оның ескерткіш дерегі ретінде қаралуы керек. Заң құжатьгадағы жаңа нормалар мен анықтамалар екі түрлі дерктер болып табылады: біріншісіңце мемлекеттің қоғамдық қатынастары мен саясаты сипатталса, екіншісінде қоғамдық-саяси ойдың деңгейі айқындалады.
Зан актілерін талдауды бір-бірімен байланысты екі бөлікке бөлуге болады: деректерді тарихи тұрғыдан түсіндіру және оның терминдеріне грамматикалық түсінік беру. Тарихи тұрғыдан түсіндіру дегеніміз заңнъщ қоғам дамуының объективті заңдылықтарьша сәйкестігін ашумен бірге, оның әлеуметтік бағытын саралап, пайда болу себептері мен жүзеге асырылу нәтижелерін және т. б. баяндау. Ал терминдерге тілдік тұрғыдан (этимологиялық, лексикалық т. б.) түсіндірме беру зандар туралы берілетін тарихи түсініктерге сөйкес жүргізілуі керек. )қоғам дамуы барысында жекелеген термин мағыналары да өзгеріске түспей (жаңарып деген сияқты) тұрмайтыны белгілі. Сондықтан заңның жүзеге асырылуын зерттеуде терминдердің мағынасын заңның қабылдау кезеңімен тығыз байланыста қарап түсіну керек.
Сонымен, Кеңес өкіметі заң актілері коммунистік тоталитарлық жүйенің құжаттары екендігі түсінікті. Сондықтан оларды деректанулық зерттеуде ғылыми-методологиялық принциптер негізінде жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары
1.Қазақ мемлекетіндегі қандай заңдарды білесің?
2.Қарамолла ережесінің авторы кім?
3.Кеңес өкіметі кезіндегі қандай заң түрлерін білесің?
Әдебиет
«История государства и права Казахстана», Қараганды 2005
., «Источниковедение отечественной истории», Москва 1996
Источниковедение теоретические и методические проблемы «Наука» Москва 1969 отвественный редактор
Қазақтың көне тарихы Дайындаған М.Қани., Алматы Жалын, 1993
Үш пайғамбар, кұрастырған А. Нысаналы, Алматы Дәуір 1992
Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек
Кілтті сөздер
Естелік, күделік, хат, мемуар.
Талқыланатын сұрақтар
1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.
2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.
3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.
4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Мақсаты: Естеліктер, күнделіктер, мемуарлар және жеке адамдардың хаттарының деректік мәнділігі маңыздылығын зерттеу.
1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі.
Естеліктер (мемуарлар), күнделіктер, жеке адамдардың жазысқан хаттары (эпистолярлық ескерткіштер) - тарихшылар үшін өздерінің пайда болуы, сипаты, мән-мағынасымен бір-біріне жақын тарихи ескерткіштер. Солай бола түрса да, олар дерек ретінде үш түрге бөлінеді. Және оларды іздестірудің, зерттеудің, пайдаланудың өзіндік ерекше жолдары бар.
Естелік, күнделік, хаттар — субъективтік сипатты деректер, себебі оларды жеке адамдар, өз пікірі тұрғысынан жазады. Күнделіктер мен хаттардың сырластық, сенімділік баяндау сипаты басымырақ келеді. Олар көбіне жазған адамның өзіне және арналып жазылған жекелеген адамдарға жақсы түсінікті болады.
Естеліктердің күнделіктер мен хаттардан өзгешелігі — олар күні бұрын белгілі, шектелген адамдарға: өздерінің балалары, отбасының мүшелері үшін, әлбетте оқушылардың көпшілігіне арналып, замандастары, ұрпағы, тарихшылар үшін жазылады. Мұндай жағдайда естеліктің авторы белгілі мақсат қойып, оны орындау үшін жадында сақталған материалды жинақтап, тәртіпке келтіреді.
Жеке адамдар мен қоғам өмірінің түрлі оқиғаларын көзімен көрген замандастарының олар туралы баяндаулары - естеліктер немесе мемуарлар деп аталады.
Естеліктер кең ұғымда тарихи шығармалар болғанмен, олар тарихшылар үшін құжаттық деректер бола алмайды. Әдетте жеке адамдар, құбылыстар мен оқиғалар әңгімеленген естеліктер тарихи - аналитикалық аналитикалық және тарихи-синтетикалық тұрғыдан толық, жан-жақты баяндалмайды. Олардың мақсаты басқа - мемуаристің өзі қатысқан немесе өзі байқаған оқиғалардың ойында сақталған әсерлерін ғана баяндау. Естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың ерекшеліктері көбінесе оларды жазушылармен, сол сияқты ол ескерткіштің арналып жазылған адамдарымен (мысалы, эпистолярлық текстерде) анықталады. Әрбір текстің, оны жазушыларға байланысты ерекшелік сипаты болады. Мұндай деректердің авторы мен сол деректер арналып жазылған автордың нақты тарихи жағдайда өмір сүріп, қоғамның белгілі әлеуметтік тобына жататыны белгілі. Деректердің көбінде әлеуметтік топтың немесе нақты адамдар тобының мүдделеріне тән мәліметтер орын алады. Деректерді пайдалануда зерттеушілер бұл жағдайды ойдан шығармауы керек. Жеке адамдармен жазылған деректерді пайдаланушы тарихшылар "қоғамда өмір сүрген адамдар сол қоғамнан тыс тұрмайды" деген белгілі қағиданы басшылыққа алуға тиісті.
Деректердің осы үш түрін талдауда олардың авторларының жеке басының ерекшелік-терін ескеріп отырудың мөні бар. Автордың және естеліктердің, күнделіктер мен хаттардың арналып жазылған адамдарының жеке басының ерекшеліктері осы деректердің мағынасы мен ақиқаттығына әсер етеді. Бұл жағдай деректердің ғылыми-тарихи объективті маңызын айтарлықтай анықтай түседі. Фактілік материалдардың жинақталып, бағаланып жариялануының сипаты жеке адамға байланысты. Демек, оқушылар мен зерттеушілердің деректерді объективті түрде қабылдауына олардың авторларының жеке басы ерекшеліктерінің әсері тиері сөзсіз. Дерек материалдарынан автордың жынысы, жасы, мінезі, жадының жағдайы, дүниетанымы, көзқарастары мен сезімі байқалады
Осындай сипаттағы деректермен шұғылданудағы бірінші мақсат — олардың авторын (есімін, өмір сүрген уақытын, өмірбаян мәліметтерін, әлеуметтік және кәсіби жағдайын), немесе сол деректердің кімге арналғанын анықтаудан туындайды. Кім жазып. кімге жазылғаны белгісіз естеліктер, күнделіктер мен хаттар тарихшыларға жиі кездеседі. Мұндай авторы туралы негізгі мәлеметтері анықталмаған ескерткіштер толық жарамды деректер бола алмайды.
Екінші мақсат - деректің негізгі тексінің түпнүсқасының жазылған уақытын анықтау. Көп жағдайда деректің түпнұсқасы табылмай, ол жеке кітаптан немесе мерзімдік баспасөзден кездеседі. Ондай жағдайда деректің алғаш жариаланған уақты мен орнын анықтап алған жөн. Оның алғашқы жариялануы сол деректің түпнұсқасы болады. Сонан соң зерттелетін деректі басып шығарған жердің редакторлық принциптеріне талдау жасау керек. Өйткені кейде мерзімдік баспасөз редакторлары авторлардың қолжазбаларын баспаға дайындауда олардың тексінің өзгертілуіне шамадан тыс еркіндік жасайды. Мұны ойдан шығаруға болмайды.
Деректі басып шығарған баспаның қоғамдық-идеялық бағытын білудің де зерттеуші үшін үлкен мәні бар. Оның келесі басылуы мен қайта басылуының әр қайсысын есте ұстаған дұрыс. Анықталған алғашқы басылуы сол деректің жазылған уақыты мен оның жазылу себептерін, міндетін анықтауға көмектеседі. Авторлық түпнұсқа бізге келіп жеткен деректің жазылған уақытын анықтау үшін палеографиялық және тексталогиялық талдау амалдарын қолдануға мүмкіндік береді. Көрсетілген деректердің үш тобының (естеліктер, күнделіктер, эпистолярлық текстер) бәрін зерттеудегі әдістемелік қағида — автордан қалған екі топтың деректеріне назар аударуды талап етеді (әрине, егер ондай деректер болса). Атап айтқанда, бір қайраткердің белгілі уақытта жазылған өмірбаяны мен оның мемуарын сыни - салыстырудың қорытындылары жақсы нәтиже береді. Мысалға, кеңес заманында ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарған Д. А.Қонаевтың өмірбаяны мен естелігін немесе Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің ірі өкілдері Қ.И. Сәтбаев пен М. О.Әуезовтің ғылыми жөне еңбек қызметін сипаттайтьш естеліктерін алуға болады.
2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Мемуарлар аса маңызды деректер болып саналады. Олар ортағасыр дәуірінде пайда болып, XIX-XX ғасырларда кеңінен дамыды. Жеке адам мен қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларын көзімен керген тұстас адамдардың олар туралы жазбаша баяндауларын естеліктер немесе мемуарлар деп аталады дедік. Мемуарларда автордың өзі қатысып, көзі көрген көптеген фактілер орын алады. Фактілер мен олардың құрамдас бөліктерінің басқа деректерден кездеспеуі мүмкін. Мемуарлар оқушылар мен тарихшыларға әңгіме болған уақыттың рухын сезінуге мүмкіндік береді. Олар оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси жөне рухани өмірдің түрлі әлеуметтік топтарымен қалай қабылданып, қалай бағаланғанын көрсетеді. Мемуарларда күнделікті өмір мен өткен уақыттың әдет-ғүрпы, тұрмысы туралы сирек кездесетін деректер орын алады. Маңызды оқиғалардан тысқарылау тұратын, тек шала-шарпы ескерілетін "қатардағы адамдардың" мемуарларының да құндылығы осында. Осылардың барлығы мемуарлардың тарихи дерек ретіндегі маңызын сипаттайды.
Мемуарлардың дерек ретінде бірнеше кем-шіліктері де болады. Мемуар - естеліктердің негізгі дерегі болып адам-ның жады саналады. Ол адамның тәжірибесін қорытады, дәстүрлерді сақтайды, бұл - оның құндылығы, жақсы жағы. Алайда, өткеннің бәрі адам есінде жақсы сақтала бермейді. Соның салдарынан авторлар кейде жекелеген немесе тіпті кездейсоқ фактілерді пайдалануы мүмкін. Адам жадының бұл кемшілігі деректің жаңсақ болуына апарып соғады. Өткендегіні еске алу үшін пайдаланылған фактінің жаңсақтығы жорамал негізінде емес, сын тұрғысынан жасалған таңдаудың негізінде ғана анықталуға тиісті.
Күнделіктер мен хаттарда деректердің мүндай қажеттілігі орын алмайды дерлік. Мемуаристер деректердің басқа түрлерін жиі пайдаланады. Естеліктер күнделікгердің негізінде жасалады. Сонымен қатар күделіктерде, деректік ролі төмен болса да, кейде хаттар да пайданылады.
Естелік авторлары мерзімді баспасөздің мәліметтерін, басқа авторлардың естеліктерін, түрлі құжатгарды, тіпті ғылыми зерттеулерді де пайдалана алады. Бірақ зерттеуші естеліктерде автор пайдаланған пікірлерге шартты түрде қарауы керек. Өйткені мемуарларға енген деректер күнделіктер мен хаттардың негізсіз материалдары немесе белгілі оқиға туралы адамның жалаң, көп жағдайда сезім әсерінен туған пікірі болуы да мүмкін. Сөйтіп, долбарлы елестер жанжақты зерттеулерге дерек бола алмайды.
Әдетте өткен оқиғалар мемуарларда көп жылдардан кейін жазьшады. Өкіндіретіні сол оларда қателер де кездеспей қалмайды. Атап айтқанда, оқиғалардың болған мезгілі (айы, күні, жылы), орындарының қате берілуі, бір адамның іс-әрекетінің басқа бір адамға ауыстырылып жазылуы жөне т. б. жиі кездеседі. Мұндайда автордың өз жадына күмәнданып басқа деректер мен әдебиетті пайдаланғанын немесе оқиғаның басы-қасында болған басқа адамның пікіріне сүйенгенін айыру қиынға түседі.
Мемуарлардың басқа деректердің барлығынан айырмашылығы олардың өте-мөте субъективтілігіңде. Бұлардың көпшілігінде баяндалған материалдарда автордың өз ролін асыра көрсетуге тырысушылығы да орын алады. Мемуарлардың субъективтілігі сонымен
бірге автордың және оның өзі жазған оқиғаларына сәйкес қоғамдық, әлеуметтік топтардың позициясын неғұрлым анықтай түсуге мүмкіндік береді.
Мемуарлармен жұмыс үстінде олардың тағы бір ерекшелігін дұрыс түсінген жөн болады. Мемуарлар - дың авторы кім болса да жене мемуарларды жазуда өзіне қандай мақсат қойса да, ол баян етілген оқиғаның қалай аяқталғанын, оқиғаға қатысушылардың онан әрі қандай әрекет жасағанын жөне т. б. біледі. Мұның барлығы материалдардың ірікгелуіне, оқиға мен оған қатысушылардың алған бағасына да әсерін тигізеді. Сондықтан көп жағдайда мемуарларға берілетін баға оқиғалардың болған уақытына емес, олардың жазылған уақытына сәйкес келеді. Баяндалатьн оқиғалардан мемуарлардың жазылған уақытының алғашқы қаралған мәселелердің ішіндегі нақтылы материалдар, ұйымдар, органдармен жеке адамдар т. б. автордың оларды не ұнататынын, не ұнатпайтынын, көңіл күйін не көтеріп немесе төмендетіп тұрғанын тану да оңай емес. Мемуар авторының ірі оқиғаларға қатынасы жөнінде айтпай кетуі де жиі кездеседі.
Мемуарлардың ерекшеліктерін түсіну үшін алдымен олардьщ жазылу мақсатын анықтап алу қажет. Сөз жоқ, оқушылардың үлкен тобына арнап жазылған естеліктердің қоғамдық-тәрбиелік мәні болады. Олардың ерекшеліктері фактілердің іріктелуімен, өткенді талдаудың және оқиғалар туралы автордың жеке көзқарастарды түсіндіруге тырысушылығымен сипат-талады.
Мемуарлардың хаттардан айырмашылығы, егер хаттар жеке бір адамға ғана арналып жазылса, естеліктер күні бүрын белгілі бірнеше адамға: өзінің балаларына, отбасы мүшелері мен әулетіне, замандастары мен тарихшыларға немесе қалың жүртшылыққа арналып жазылады. Алдына қойған мақсатқа жету үшін естелік - мемуардың авторы жадында сақталған бүкіл материаддармен бірге қажетті деректерді жинап төртіпке келтіреді.
Материаддар сюжетіне байланысты әр түрлі жанрларда жазылуы мүмкін. Мемуар - естеліктердін көбі нақтылы оқиғаларға арналып жөне әдетте есте қаларлық даталарға байланысты жазылады. Оңдай естеліктерде автор, негізінен, өзінің ойында сақталғандарын пайдаланады. Мемуарлар кейде еткен оқиғаларға қатысушымен немесе замандасымек еңгімелесу ыңғайындағы естелік-очерк ретінде де жазылады,
Оқиғалық естеліктер жанрының ерекше түрінің бірі - коллективтік естеліктер болады. Мысалы, Ұлы отан соғысына қатысушылардың бірігіп шығарған естеліктері Адамның өз өмірі, жолдастары туралы жазғандары өмірбаяндық жанрға жатады. Оқиғаға қатысушының өз басынан кешкеңдері мен өз байқағандары бұл жанрға негізгі арқау болады. Өмірбаяндық жанрға көпшілік жағдайда мемуарлар жатады.
Өмірбаяндық естеліктердің авторы өз мемуары-ның тарихи ауқымын кеңітіп те көрсете алады. Мұндайда уақыттың жалпы сипатын толығырақ керсету үшін оның кейбір тарихи деректерді пайдалануына тура келеді.
Өмірбаяндық жанрға, оның бір түрі ретшде, естелік қазанаманы да қосуға болады. Естеліктің бұл түріне оқырман өмірден откен адамға беріліен мінездемемен, оның өмірінің жеке фактілермен танысады.
Естелік жанрларын көп жағдайда мемуаршының өзі тандайды, бірақ кейде автор өз естелігін жазуға немесе оны әдеби тұрғыдан өндеуге көмекшіні пайдаланады. Соның негізінде кей мемуарлар әдеби шығарма түрінде пайда болады. Мемуарларды деректанулық тұрғыдан талдауда бүл жағдайлар мұқият ескерілуі керек.
3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары.
Мемуарлық шығармалардан, естеліктер сияқты, күнделіктерді де жеке бөліп қарауға болады. Автордың оқиға барысыңда пайда болған ойлары мен байқағандары туралы күн сайын жазғандары күнделіктер деп аталады. Күнделіктерде автордың қоғамдық құбылыстардан, түрлі оқиғалардан, адамдармен қарым-қатынасынан, т. б. алған әсерлері, оның көргендері, өзінің басынан кешкендері жазылады. Күнделікгер жеке адамның өзі үшін жазылады, бірақ мақсатсыз жазылмайды. Орыс зиялыларының бірі В. Вишневский өз күнделігінің мақсатын төмендегіше сипаттайды: "Біздің мақсатымыз: тарих үшін біздің байқауларымыз бен біздің бүгінгі көзқарастарымызды сақтау. Бір жылғы, он жылғы уақыт мерзімінен кейін мұның барлығы түсінікті болады ғой. Басқа көзқарастардың да болуы мүмкін. Өз баяңдауларымызды немерелеріміз бен шөберелерімізге қалдырайық. Біздің қателеріміз бен жеңістеріміз ертеңгі күнге сабақ болады".
Күнделіктер - көбіне авторларының нақты көрген, қатысқан, қысқасы өзі куә болған оқиғалары туралы жазған баяндаулары. Мұнда бұларды жазу үстіндегі автордың толғаныстары мен көңіл күйі, ой-сезімі дәлме-дәл баяндалады. Демек, күнделіктің жазылуы баяндалған құбылыстарға сәйкес келеді және жазылған күні міндетті түрде көрсетіледі.
Сонымен бірге күнделік жазулары бірімен-бірі байланыссыз, үзік-үзік түрде де кездеседі. Өйткені, біріншіден, күнделіктің біраз уақыт бойы толтырылмауы мүмкін. Екіншіден, материалдары күн сайын жазылғанмен, әр тақырыпқа арналуы мүмкін.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 |


