-  көркем (очерк, роман, лирика, проза);

-  тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);

-  ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).

Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.

Бақылау сұрақтары

1. Деректану проблемалары мен методологиясы жөнінде не білесің?

2. Тарихи деректерді сыныптау дегеніміз не?

3.Жазба деректүрлерінің эволюцияға ұшырауының факторлары?

Әдебиет

1.  Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

2.  Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

3.  Источниковедение истори СССР. Под. Ред. . 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

4.  , , в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.

5.  , Круглова Отечественной истори М, 2002.

6.  Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. . ред.) Наука М, 1969.

Деректану методы

Кілтті сөздер

Деректанулық сын, деректі аналитикалық сынау, деректің пайда болу негіздерін сынау, деректің мазмұнын сынау.

Талқыланатын сұрақтар

1. Деректанулық «сын».

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Мақсаты: Деректанулық сынды, олар мен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатыралымен танысып, жазба деректердің сыни талдаудың сатыларымен жұмыс істей білуге үйрету

1. Деректанулық «сын».

Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді

Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.

-  Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?

-  Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?

-  Автор неге сүйеніп жазды?

-  Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?

-  Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?

Л Шлецер жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:

1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.

2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.

Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы -Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».

Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш. Лангуа мен Ш. Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.

2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.

Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;

-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;

-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.

Үш құрамдас бөлім - методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.

Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:

Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.

Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.

Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.

3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».

Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.

Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?

Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.

Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.

Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.

Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.

4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.

Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.

Шынайылық проблемасы.

Өкілеттік проблемасы.

Бақылау сұрақтары

1.Деректанулық сын дегеніміз не?

2.Обеьективтілік, париялық және тарихи принціп дегеніміз не?

3.Деректерді сақталу формасына мысал келтір?

4.Тұпнұсқалық проблемасы жөнінде не білесің?

5.Деректің пайда болған уақытын қалай анықтауға болады?

6.Деректің пайда болған жерін қалай анықтауға болады?

7.дерек авторының не құрастырушының атын қалай анықтауға болады?

8.Тарихи деректің әлеуметтік функциясы дегеніміз не?

9. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасын қалау жүргізуге болады?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

Источниковедение истори СССР. Под. Ред. . 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.

, Круглова Отечественной истори М, 2002.

Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. . ред.) Наука М, 1969.

Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек.

Кілтті сөздер

Ауыз әдебиеті, фольклор, шежіре, ауызша тарих, жыр, ертегі, аңыз-әңгіме.

Талқыланатын сұрақтар

1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.

2. Шежіре – тарихи дерек.

Мақсаты: Ауыз әдебиеті және шежіреге түсініктемесіне тоқталып, жанрларын қарастыру.

1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.

Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk – халық, Iore - оқулығымен деген мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған. Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі, орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады. Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдері - жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.

Ертегі – халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар,қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтің ғылым.

Мифология – адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды. Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз- халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.

«Естіп ем ел аузынан бір аңызды

Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды.

Сырламай сол қалпында ұсынайын,

Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М.Әлімбаев.

Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті. Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті, сөйледі.

Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-мәтел – дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың тақырыптары әр түрлі.

-  Білім және ғылым туралы;

-  Еңбек туралы;

-  Ерлік туралы;

-  Адамның қасиеттері.

Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.

Бақылау сұрақтары

1.Фольклор дегеніміз не? Және ол қандай түрлерге бөлінеді.

2.Эпостағы тахи шындық дегеніміз не?

3.Шежіре дегеніміз не? Және оның түрлерін білесің?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

История Мировой культуры. (справочник школьника) под. Ред. , П.В. Кашинский МГУ им. Ломоносова 1996 ж.

Абай Құнанбаев шығармалары. 1957 1,2 кітап.

Төреқұлов Н.Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1,2 кітап. А. Жолын1993ж.

Кәлімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А. Мектеп,1986 ж.

Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер

Кілтті сөздер

Дерек, антикалық, ескерткіш, мәлімет, фиксация.

Талқыланатын сұрақтар

1.Парсы деректері.

2.Антикалық деректер.

3.Қытай деректері.

4.Түркі ескерткіштері

Мақсаты: Студенттерге Қазақстанның көне дәуір тарихы кезеңінен негізгі деректермен таныстыру.

Бақылау сұрақтары

1. Қазақстанның көне дәуір тарихындағы жазба деректердің негізі ерекшеліктері.

2.Қытай деректеріндегі қамтылған негізі мәселені айтыңыз?

3.Антикалық деректердің шынайылығы қандай?

4.Қазақстан территориясын мекендеген тайпаларға парсы авторларының қызығушылығын қалай түсіндіресің?

5.Түркі деректерінің құндылығын атаңыз?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер.

Кілтті сөздер

Монғолия, миссионер, көпес Орталық Азия, мұсылманның синкретикалық мәдениеті, түріктер, география, діни шығармалар, өмірбаян, этнография, Моғолстан, Ақ Орда.

Талқыланатын сұрақтар

1. Монғол деректері.

2. Араб деректері.

3. Парсы деректері.

4. Еуропа тіліндегі деректер.

5. Қазақ деректері.

6. Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері.

Мақсаты: Студенттерге Ортағасырлық Қазақстан тарихынан монғол, араб, парсы, еуропа, қазақ және орыс деректерімен таныстыру.

Монғол деректері Лубсан Данзан (Алтын тобық) жылнамасы, «Шара Туджи», Атрибуция және текстологиялық мәселелері.

ІХ – ХІІ ғ.ғ. араб деректері Әль – Хорезми (Книга картины земли), Ибн Хордарбек (Книга путей и стран), Аль – Джахиза (Помлание Фатху бен хакану о достойнствах тюрок и всех войск халифата), Ибн Фадлан (Книга Ибн Фадлан), Гардизи (Украшение известий), Махмұд Қашқари (Түркі сөздерінің жинағы), Аль – Гарнати (Аль - Муриб) және т. б. Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Авторлық текст. Деректердің текстологиялық мәселелері. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Деректемелік синтез.

Араб деректері ің «Алтын Орда тарихына қатысты материялдар жинағына» кіретін араб авторларының шығармалары (Ибн аль – Асир, аль – Омари, Ибн Халдун Ибн Арабшах және т. б.) Деректердің пайда болуының тарихи жағдайлары. Деректер нақтылығының кейбір мәселелері. Текстологиялық мәселелер.

Парсы деректері Рашид ад – Дин «Жами ат - тауарих» (Жылнамалар жинағы). ің «Алтын Орда» тарихына қатысты материялдар жинағының ІІ томына кіретін парсы тіліндегі деректер. Деректердегі қазақ халқы мен қазақ мемлекеттілігінің пайда болу мәселелері. Деректерді зерттеудің компаративтік әдістері.

Еуропа тіліндегі деректер. Батысеуропалық саяхатшылар Иоан Плано Карпини Марко поло, Вильгелм де Рубрук, шығармалары.

Түркі және қазақ деректері. Темір бағытындағы түркі деректері: «Темірланның өмірбаяны», Захир ад дин Мұхамед Бабырдың « Бабырнамасы», Шайбанид бағытындағы түрі деректері: Өтеміс қажының «Шыңғыснама» Әбілғазының «Түркі халқының таралуы».

Қазақ деректері: Хайдар Дулати «Тарих – и Рашиди», Қосымұлы Қадірғали бідің «Жылнамалар жинағы», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шежіре». Текстология мәселелері.

Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері: Строгонов жылнамасы (XVII ғ. Орт.) С. Есиповтың «Сібір жылнамасы», «Ремзов жылнамасы» (XVIII ғ.басы).

Бақылау сұрақтары

1.Монғол деректеріндегі керей және найман тапаларына қатысты қандай деректерді білесің?

2.Қазақстан тарихындағы, араб тарихнамасының негізгі бағытын атаңыз?

3.Араб саяхатшыларының көздеген мақсатын айтыңыз?

4.Саяхатшы «жазбаларының» тарихи әдебиеттегі басқа жанрлардан айырмашылығы?

5.Алтын Орда тарихына қатысты парсының қандай еңбегін білесің?

6.Темір бағытындағы қандай деректерді атай аласың?

7.Қазақ хандығына қатысты қандай еңбекті білесің?

8.Орыс жылнамаларындағы қазақ тарихы жайлы не айтасың?

Әдебиет

Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.

Cтатистика - тарихи дерек

Кілтті сөздер

Санақ, демограмия, дерек, миграция, урбанизация,

Талқыланатын сұрақтар

1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.

2.Өнеркәсіп санағы.

3.Жұмысшы мен зиялылар санағы.

4.Ауыл шаруашылығының санағы.

5.Демографиялық жалпы санақ.

Мақсаты: Санақ деректерінің түрлері мен оларды талдаудың негізгі жолдарына тоқталу

1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары.

Деректердің ерекше түрі ретінде санақ материалдары капитализм дәуірінде қалыптасты. Осы дәуірден санақ мәселесінің сапалы өзгеріс кезеңі басталып, тарихи шындықтың негізгі құбылыстарын экономикалық-географикалық және санақ материаддарын жалпылама сипаттау тұрғысынан баяндаудан сандардың негізінен түсіндіруге ауысты.

Санақ материалдары негізгі екі топтан тұрады. Оның біріншісі — үкімет қажеті үшін, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың міндетті қызметін жүзеге асыру үшін жиналған мәліметтерден тұрады. Екінші тобын санақтық талдау үшін арнайы жиналған мәліметтер құрады. Олар, ең алдымен, бірақ рет жүргізілген тексерулер — санақ материалдарын, сонан соң күнбекүнгі санақ мәліметтерін қамтиды. Бұл материалдардың жиналуы мен өнделуі есеп-санақ ғылымының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап халық шаруашылығын жоспарлау мемлекеттік басқару ісінің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік санақ жүйесі болып құрылды. Өндіріс пен бүкіл шаруашылық салалары жұмысын басқару тек қана бақылау мен есеп жүргізудің негізінде мүмкін болады деген желеумен, ол социалистік принцип деп аталды.

Сөйтіп, бұрынғы санақ жұмыстарынан түпкілікті айырмашылығы бар кеңестік санақ жұмыстарының негізі салынды. Оның мәні бүкіл санақтық жұмыстарды орталықтандыру мен санақ қызметінің бірегей мемлекеттік жүйесін құру, жоспарлау органдарынын арасында тұрақты байланыс орнату болды. Сөйтіп, санақ материалдары арқылы құнды тарихи дерек ретінде қоғамның түрлі даму кезеңдерінің әлеуметтік құрылымына талдау жасау жөне өкіметтің саясатын қорытындылауда ғьлыми мәні зор қажетті мәліметтер алу мақсаты көзделді.

Кеңес заманында ел ішінде санақ жүргізу жұмысы экономиканың көптеген салалары мен негізгі қоғамдық процестерді (халық саны, өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, байланыс, сауда, қаржы, мәдениет салалары, денсаулық, еңбек пен еңбекақы т. б.) қамтыды,

Бүл тізімнен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының санағын және демографиялық санақты бөліп алып қарасақ, олардың материалдары кеңес дәуірінің санақтық деректерін талдаудың жалпы тәсілімен танысуға мүмкіндік береді.

Санақтық деректі қысқаша талдаудың мақсаты оның дүрыстық дәрежесін анықтау болады. Санақ мәліметтерінің дұрыстығы бірнеше себептерге: зерттеудің мақсаты мен маңыздылығына, оның түрі мен құрылымына, санақ ғылымының методологиялық деңгейіне, бастапқы материалдардың дайындалу әдістеріне — байланысты.

Санақтық деректі сыни тұрғыдан талдау санақ жұмысының ұйымдастырылуын тексеріп танысудан басталады. Ол объектінің бір типке жататындығын анықтау үшін, территория мен объектіні есепке алу жөне оларды іріктеу тәсілдерін анықтау үшін, алынған мәліметтерді жинау мен тексерудің өндістерін білу үшін керек.

Зерттеулердің ұйымдастырыуы туралы ақпарат архивтік құжаттар мен материалдарға санақтық басылымдарда жарияланды. ("Вестник статистики", "Бюл­ле­тень ЦСУ", "Статистическое обозрение" жене т. бшы жылдары Орталық санақ басқармасы (ЦСУ) басып шығарған санақтық жинақтардың алғы сөзінде, түсіндірме кестелеріңде зерттеудің әдістемесі мен материалдарын дайындау әдістері сөз етілген.

Санақ мәліметтерін дайындау мен баспадан шығаруда көптеген жағдайларда санақ бланкілерінде берілген маңызды қорытындылар толық көрсетілмеуі мүмкін. Сондықтан алғашқы көрсеткіштерді белгілеу тәртібін және дайындалған кестелердің маңызын айқындау керек. Мұндай жағдай тарихшыға қандай мәліметтердің жинаққа енбей қалғанын анықтау үшін қажет.

Санақ материалдарының дұрыстығына көз жеткізу үшін бұрынғы көрсеткіштерге түзетулер енгізілген соңғы зерттеулер мен басылымдарды ескерген жөн. Санақ материалдарына сыни тұрғыдан қарамаушылық көптеген қателіктерге әкеліп соғатынын да естен шығаруға болмайды.

Санақ материалдарын талдаудың бұлжымас талаптарына сай пайдаланылатын мәліметтерге тұтастық тұрғысынан қарау қажет. Зерттеушілер кейде материалды зерттеу мен оны қорытуда жекелеген көрсеткіштермен ғана шектеледі. Қоғамдық көріністерді жан-жақты зерттеу үшін ол жеткіліксіз болады. Сондықтан қолда бар мәліметтер мен түрлі санақтық деректерді салыстыра отырып, олардан алынған материалдарды қорыту керек. Сонымен қатар материалды дайындауда түрлі әдістерге сәйкес санақтық байқауларды да пайдаланған теріс болмайды. Мұндай тәртіпті сақтамаушылық кешірілмес қателіктер жасауға апарып соғуы мүмкін. Мысалы, шаруалар тұрмысының жекеленген бір көрсеткішіне қана жасалған талдау олардың әлеуметтік дифферендиацияға ұшырау дәрежесін бұрмалап керсетуі мүмкін. Шаруалардың ыдырауын дұрыс ұсынып, оның себептеріне көз жеткізу үшін, аренданың, жердің сатылуының да, машинаның, еңбекақының, жер саудасы өсуінің, жалдамалы еңбектің — барлығынын да мәліметтерін толық алу керек.

Санақ мәліметтерін талдауда көптеген жағдайда салыстыру әдісі пайдаланылады. Соның негізінде құбылыстардың даму бағыты ашылып, оның қарқыны анықталады, зерттелетін құбылыстың әртүрлі буындарын сипаттайтьш пропорциялардың қалыптасуы нақтыланады. Сонымен қатар мұндайда тек салыстыруға келетін деректерді ғана салыстыру керек екенін ойдан шығаруға болмайды.

Кейде санақ мәліметтеріне талдау жасауда территориялық өзгерістердің де еленбей қалатын кездері болады.

Санақ мәліметтерін салыстырмалы талдаудың міндетті шарты-санақтық зерттеудің методологиясын анықтау болады. Санақтық жария материаддарда, кейде есептеудің жаңа өдістемесін енгізуге байланысты, өткен деуірдің кейбір мәліметтері олардың өлшемін анықтау нәтижесіңце немесе басқа ұқсас керсеткіштермен салыстыруда өзгеріп отырады.

Статистика көпшілік процестердің сандық заңдылықтарын көрсету мен зерттеуге ар-налғандықтан, ол санақ материалдары анық көрсетілген көпшілік деректердің қатарына жатады. Кеңестік санақ ғылымы мен оның практикасында математикалық санақпен қоса, санақ мәліметтерін талдаудың түрлі тәсілдері қалыптасты. Олар тарихи зерттеулерден біртіндеп орын алып келеді. Архив қорларының санақ материалдарын игеруде санақтың математикалық әдісінің үлкен болашағы бар. Осы әдіс арқылы тарихшылар деректік мәліметтерді топтастыру мен жіктеуден жөне санақ көрсеткіштерінің өзара қатынастарын талдаудан бастап, күрделі математикалык модельдер (үлгілер) құруға дейінгі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік алады,

Алайда, мұндай математикалық санақ әдісі — та­рихи зерттеу жұмыстарында негізгі тәсіл емес, ол қосалқы ғана роль атқарады. Негізгі мақсат зерттелетін қоғамдық оқиғалар мен құбылыстардың сапалы, мағыналы талдануында. Математикалық санақ әдістерін қолдану тарихи зерттеулердің сандық өлшемдеріне дәлдік бере отырып, талдау мүмкіңдіктерін көтере түседі.

Санақ материалдарының әрбір түрі жалпы принціптерден басқа сын тұрғысынан да талданып бағаланудың арнайы әдістерін талап етеді. Олар тура­лы сол санақ материалдарын сипаттағанда сөз болады.

2.Өнеркәсіп санағы.

Өнеркөсіп санағы елдің экономикалық дамуьш бақылауға мүмкіңдік береді. Өнеркөсіптің санақ деректері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біріншісіне өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе күнгі мәліметтер жатады.

Бұрынғы КСРО өнеркөсібінің бірнеше санағы өткізілді. Бүкілресейлік өнеркәсіптің бірінші санағы 1918 жылы тамыздың 31-іне дейінгі өнеркөсіптің жағдайын анықтады. Онда өндеуші жөне өңдіруші өнеркәсіп орындары есепке алынды. Санақтың бағдарламасы бойынша елдің кәсіпорындары, олардың иелері, құрылымы мен басқарылуы, әкімшілігі мен техникалық мамандары, жұмысшылары, қаржы жағдайы, техникалық жабдықталуы, шикізаты, өндірілетін өнімдері т. б. туралы мәліметтер жиналды. Бұл санақ жылдың тамыз айына дейінгі Ресей өнеркөсібінің даму жолын анықтауға арналады.

Санақпен елдің европалық бөлігінің 31 губерния-сының 9750 кәсіпорны камтылып, оның толық қорытындылары 1926 жылы "Труды ЦСУ" деген екі басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда өнеркөсіп санағының көптеген қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды.

1920 жылы өнеркәсіптің жаңа санағы өткізілді. Санақ материалдарын Орталық санақ басқармасы топтастырып, территориялық принцип пен өндіріс топтары негізінде берді.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18