Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Автор өзінің айтайын деген пікірін қысылмай ашық жазып, әңгіме етіп отырған адамның аты-жонін көрсетеді, қысқартылған сөздерді пайдаланады. Оның жазуының түсініксіз болуы да мүмкін. Осының барльны күнделіктің қолжазбасын оқуды қиындатады.
Жеке адамдар қалдырған басқа да деректер сияқты, күнделіктер де әр түрлі болып келеді. Сондықтан күнделіктерді пайдаланудың алдында зерттеушілер автордың жазу мәнерін, әдісін анықтап алып, оның қысқартқан сөздерінің мәнін ашып, автордың жасаған түзетулерін түсінуі керек.
Күнделіктермен жүмыс барысында зерттеушілердің төменгі мәселелерге мұқият болғаны жөн.
Күнделікте баяндалып отырған оқиғалардың қалай аяқталғанын автор білмеуі мүмкін. Егер ол белгілі процестің аяқталуын болжаған болса, онда оның алғашқы көзқарасын сол процестің аяқталуына байланысты қалыптасқан пікірмен салыстыруға болады. Осының негізінде зерттеушілер жеке адам ойының лабораториясын жете түсініп, автордың көңіл күйі мен оның ерекшеліктері туралы ұғым құрай алады.
Күнделік жазулар әр түрлі болып аталуы мүмкін: күнделік, жазулар, жазу кітапшалары. Кейбір жағдайларда автор күнделіктеріне озінің мамандығына, творчествосына (шығармашылығына) қатысты байқағаңцары мен ойларын жазады. Ол толық мағынасында күнделік емес, бірақ ондай жазулар оның авторы туралы белгілі көзқарастың қалыптасуына комектеседі.
Күнделіктер автордың бүкіл омір жолын қамти бермейді, көбінесе оның омірінің белгілі кезеңіне арналады. Солай бола түрса да, сол деректің өзі адамның ішкі дүниесін ашуға, өткендегі оқиғалардың әсерін елестетуге мүмкіндік береді.
Күнделіктер көп жағдайда баспадан кітап түрінде жариялануымен белгілі. Баспаға дайындауда күнделіктің бастапқы тексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін. Қолжазба вариантында ескерілмеген атаулар, тараулар мен бөлімдер пайда болады. Автор күнделікті жанама эпизодтармен толықтырып басқа деректердің меліметтерін де пайдалануы мүмкін. Баспадан шыққан күнделікке, оның баяндалу мазмұнына көптеген жағдайлардың (адамдардың жеке басы, тарихи жағдай, баспадан шығарудың мақсаты және с. с.) әсер етуі мүмкін. Жариялауға дайындық барысында күңделіктер кейбір жағдайда тікелей естелікке де айналдырады. Бірақ күнделіктен жазулар бұл басылымның басты белгісі болып қала береді. Жеке адамдардың күнделіктерімен қатар, қоғам өмірінен алынған ресми, қызметтік күнделіктер де кездеседі. Жұмыс бабына байланысты практикалық және ақпараттық міндеттері бар күнделіктердің мұндай түрін іздеушілер, саяхатшылар, геолог, географ ғалымдар, этнографтар, археологтар жазады. Сол сияқты мүндай күнделіктерді ірі лауазымды адамдардың іссапарында ресми түрде жанында бірге жүретін, күнделік жазуға міңдетті адамдар да жазады. Сонымен, күнделіктер авторлардың өмірінен, оның кезі көріп, өзі қатысқан оқиғаларынан ең анық және тікелей мәліметтер мен шын куәлік беретін деректер болып саналады.
4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Жеке адамның хаты - ол автордың эпистолярлық элементтерді (хаттың тексі, датасы, қол қоюы т. б.) лайдаланудьщ негізіндее нақты адамға немесе бірнеше дамға жазбаша білдіретін ой-пікірі, хабарламасы. Мұндай хаттардың авторына, адресаттан жауап жайтарылады. Басқаша айтқаңда, жеке адамдардың хаттары - ауызша сөйлесу ролін атқаратын, адамдардың арасыңдағы жазбаша қатынас құралы. Хатты қандай мазмұнда жазуға да автор толық ерікті болады. Ол кез-келген мәселені, оның ішінде адамның жеке басы не қоғам туралы мәселелерді де сөз ете алады. Әдетте хаттар автордың немесе оның адресатыньң күнделікті, іскерлік не өзге де нақты мақсаттарына қызмет етеді. Ол не баспа, не көпшілікке мәлімет үшін емес, тіпті үшінші адамға да оқыту үшін жазылмайды. Жеке адамдардың хаттарының айрықша белгілері осындай.
Хаттардың сюжеті оларды жазушылардың мақсатымен, жақындық дәрежесімен, хаттардың жазылу себептерімен анықталады. Мағынасы жағынан хаттардың қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми мәселелерге немесе автордың өмірі мен қызметінің басқа салаларына қатысы болуы мүмкін. Әсіресе нақтылы мәселелер туралы пікір алмасу тұрғысында жазылған хаттар көңіл аударарлық болады. Ондай сипаттағы хаттар автор бейнесін, оның жалпы және жеке меселелерге көзқарасын, күнделікті оқиғалар туралы ойларын көрсетеді.
Жеке адамдардың жазысқан хаттарын тарихи дерек ретінде шартты түрде екі үлкен топқа: сырластық меселелеріне, тұрмыс, адамның жеке басы мен отбасы мәселелеріне арналған хаттарға жөне өмірдің қоғамдықсаяси жөне медени мөселелері әңгіме етілген хаттарға бөлуге болады.
Күнделіктер мен эпистолярлық әдебиетке кеп мөселелер ортақ. Хатардың көпшілігі оқиғалардың өту барысында жазылады. Күнделіктер мен жеке адамдардың хаттарынан көбінесе сырластық, сенімділік сипаттағы мәселелер орын алады. Олардың мағынасы жазушының өзі мен оның адресатына түсінікті болады.
Жазысқан хаттар автордың қоғамдық пікірін, оның көзқарасын көрсетеді. Олар автордың өмірбаянын анықтауда да дерек болады.
Хаттар кейде өсиет түрінде де жазылады. Мысалы, гитлершілер тұтқынында азапталған жауынгерлердің көпшілігінің хаттары осындай. Кейбір хаттар бізге тұтқын камерасы қабырғасына тырнап жазған сөздер түрінде де жетті. Жеке адамдардың хаттары көп жағдайда ақпарат міндетін атқарады. Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктермен салыстырғанда, олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хатардың мазмұнына кез келген мәселе, әсіресе адамның жеке басына не қоғам өміріне қатысы бар мәселер арқау болады. Хаттар тарихи дерек ретінде, күнделіктер сияқты, субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сияқты автор мен адресатқа ғана түсінікті тұспалдауларымен сипатталады. Хаттарда көптеген ретте күлдіргі немесе әдейі бүркемеленген қала, мекеме, журнал жене адам аттарының берілуі мүмкін. Осының барлығы жазысқан хаттарды дерек ретінде пайдалануды қиындатады. Мұндай ерекшеліктер түрлі себептермен сипатталады. Хаттарда кейбір сездердің мағынасының толық ашылмауы, сөйлемдердің аяқталмауы, бір жағдайда хат жазушылардың бірін-бірі емеуріннен түсінетіндіктен болса, үшінші жағдайда хаттарды тексеретін органдардан сақтану себебінен болады. Хатарды дерек ретінде пайдалануда тарихшыларға хат авторы туралы мәліметтермен қатар, оған қайтарылған жауаптың да мәні үлкен.
Жеке адамның хаттары тарихи дерек ретінде бір ретте публицистикамен, екінші ретте мемуарлармен де шектесіп жанасады. Бірақ олардың оздеріне тән ерек-шеліктері болады. Эпистолярлық түрде жазылған әдеби. публицистикалық, ғылыми шығармаларды, мысалы, ің "Орыс офицерінің хаты", ің "Табиғатты зерттеу туралы" хаттары сипатында жазылғандарды хат қатарына жатқызуға болмайды.
Жеке адам хаттарының басты белгілері осындай.
Жеке адам хаттарының тұрақты элементтері — адресаттың, хаттың жазылу орнының, датасының, хат тексінің жене хат авторының қойған қолының көрсетілуі болып саналады. Осы элементтердің біреуінің, кейде бірнешеуінің хаттардан орын алмауы да кездесіп қалады. Ал мұндай хаттардың мағынасы тарихшы үшін қажетті болуы мүмкін. Ондай жағдайда хат авторлары туралы дұрыс мәлеметтер іздеп табу қажеттілігі туады.
Сондықтан хаттарды зерттеушілер өз алдына ең алдымен үш мақсат қойғаны жөн: хаттың авторын анықтау, адресатын анықтау, хаттың жазылған уақытын (датасын) тағайындау. Көп жағдайда адресаттын; хатты алған уақытын да анықтау қажет болады.
Әр түрлі нақты жағдайларда осы сұрақтарға жауап іздеу тәсілдері де әр алуан болып келеді. Солардың жиі қолданылатын кейбіреулеріне тоқтайық.
Хаттың авторын айқындаудың үш басты тәсілі бар: 1) автордың хатты жазғандығының құжаттық дөлелдерін табу (автордың куәлігі, осы авторға басқа хаттарда берілген тікелей нұсқаулар); 2) тақырыптық жарыстыру, текстік салыстырулар арқылы идеологиялық талдау; 3) хаттың идеясын айқындауға тілін (лексикасын, сөздердің айтылу ерекшелігін, сөйлесу тәсілінің ерекшелігін т. б.), стилін талдау. Бұл тәсілдерді пайдалануда өте мұқият болған жөн. Олар өзінен өзі авторды анықтауда тікелей қате жібермеудің кепілдігін бермейді.
Хаттың адресатын анықтауда оның аты-жөнін, хаттың мазмүнын, сипатын жөне адресін талдаудың да аса маңызды мені бар.
Хаттың жазылған уақытын анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі — хаттың жазылу уақытының дәл көрсетілуі. Мұндай хаттың конвертінде оның поштаға салынған күнінің штамп басылған белгісі болуы керек. Екіншісі — хаттың датасыз немесе датасы шала көрсетілген, конвертсіз болуы. Мұңдай жағдайда оның датасын жобалап қою керек, дәлірек айтқанда, мүмкін болған екі шеткі даталарды көрсету керек.
Кейде хаттың жазылу мерзімін анықтауға сол хаттың өзінің мазмұны да көмектеседі. Палеографиялық талдаудың мәліметтері: қол жазу (почерк), қағаз, сия; жазу құралдары: қауырсын, қаламұш, қарындаш — датаны анықтауға кейде жақсы көмек беруі мүмкін.
Жеке хаттармен жұмыс үстінде пошта тарихынан, оның мекемелері мен пошталық қызмет практикасынан хабардар болудың да пайдасы бар.
Сонымен, бұл айтылғандардан жеке адамдардың хаттары өзінің жанрлық және әр түрлілік ерекшеліктеріне байланысты күнделіктерден гөрі тым күрделірек және өзіндік сипаты бар деректер болып табылатыны. Және бұлардың көптеген өзге де дерек түрлерімен шектесіп, олардың да деректану саласында атқаратын кей қызметтерін пайдалана алатьны аңғарылады.
Бақылау сұрақтары
1.Қандай мемуарларды білесің?
2.Жеке адамдардың хаттарын қалай зерттеуге болады?
3.Күнделіктерді зерттеудің қандай жолдарын білесің?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Қостанай мемлекетік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Деректану теориясы» пәнінен
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы
Қостанай, 2010.
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы
Түсініктеме жазбасы.
Студенттің өзіндік жұмысы Деректану теориясы пәні бағдарламасы бойынша оқу үрдісіне студенттердің үздіксізқатысуын ескереді. Сабақ барысында пән бойынша білімді игеруді қамтамассыз етіп, оқытушы мен студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Бұл пән теориялық болғандықтан көптеген мәселелерді игеруге қиындық туғызады. Институт кітапханасында арнайы әдебиет деректану базасы әлсіз. Сол себептен Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы кеңес беруші функцияны атқарады. Аудитория сабақтарында оқытушы күрделі тақырыптарды игеруге көмектеседі. Кейбір ауқымды күрделі лекция тақырыптарын қарастырымыз. Екіншіден оқытушы әдебиеті жеткілікті жеңіл тақырып, сұрақтарды лекциядан алады, оны студенттер қарастырады. Сонымен қатар оқытушы лекция және семинар сабақтарын қалдырған немесе қалып қоюшы студенттермен жұмыс жүргізеді.
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы
№ | Тақырыбы және жоспары | Сағат | Әдебиет | Апта |
1 | Кіріспе лекция 1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті. 2.Сыни деректеме пәнінің қалыптасуы. | 1 | Н.Ә-1,4, 6, 7, 9 | 1 |
2 | Деректану теориясы 1. Деректану проблемалары мен методологиясы. 2. Тарихи деректерді сыныптау. | 1 | Н.Ә-1,4,6, 7, 9 | 2 |
3 | Деректану методы 1. Деректанулық «сын». 2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері. 3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын». 4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы. | 2 | Н.Ә-1,4 | 3-4 |
4 | Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек. 1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек. 2. Шежіре – тарихи дерек. | 1 | Н.Ә-1,6,7, 9 Қ.Ә-18, 19, 20, 21, 22, 23, | 5 |
5 | Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер 1.Парсы деректері. 2.Антикалық деректер. 3.Қытай деректері. 4.Түркі ескерткіштері | 2 | Н.Ә-1,4 | 6- 7 |
6 | Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер. 1. Монғол деректері. 2. Араб деректері. 3. Парсы деректері. 4. Еуропа тіліндегі деректер. 5. Қазақ деректері. 6. Қазақстан тарихы жайлы орыс деректері. | 2 | Н.Ә-1,4 | 8-9 |
7 | Cтатистика - тарихи дерек 1.Санақ деректерінің ерекшеліктері, оларды талдаудың негізгі жолдары. 2.Өнеркәсіп санағы. 3.Жұмысшы мен зиялылар санағы. 4.Ауыл шаруашылығының санағы. 5.Демографиялық жалпы санақ. | 2 | Н.Ә-1, 5, 6, 7, 9 Қ.Ә-3,14, 15,16, | 10-11 |
8 | Мерзімді басылым – тарихи дерек 1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты. 2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері. | 1 | Н.Ә-1,6,7, 9, 14, 16 Қ.Ә-31,35, 36 | 12 |
9 | Заңдық актілер 1. Қазақтың заңдық деректеріне жалпы шолу. 2.Қарамола Ережесі. 3.Кеңес өкіметінің заң акттілері мен нормативтік қаулыларының негізгі түрлері. 4.Актілік материялдарды деректанулық талдау. | 2 | Н.Ә-1, 3, 4, 5, 6, 7, 9 Қ.Ә-3, 27, 30, | 13-14 |
10 | Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек 1.Естеліктер, күнделіктер, жеке адам хаттарының жалпы сипаты: жиналуы, есепке алынуы, зерттелуі. 2.Меуарларды деректанулық зерттеудің тәсілдері. 3.Күнделіктерді деректанулық зерттеудің жолдары. 4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері. | 1 | Н.Ә-1,4,6,7, 9, 14, 16 Қ.Ә-31, 32, 33, 34 | 15 |
Барлығы | 15 |
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том.-А: Атамұра, 2002.
3. Абиль государствоа и право Казахстана. Қараганда, 2005.
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
5. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М.Қани) А, Дәуір, 1993.
6. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. . 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.
7. , , в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.
8. , Круглова Отечественной истори М, 2002.
9. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. . ред.) Наука М, 1969.
10. Историческая наука. Вопросы методологии. М 1986.
11. Исторические записки. Т.1. М., 1995.
12. Исторические исследования в России. М., 1996.
13. Источниковедения истории СССР. Под. Ред. . М., 1973.
14. Ермұханов Б. Б. Қазақстан: тарихи-публисцистикалық көзқарас. –А, Ғылым, 2000.
15. Газулов по истории отечественной статистики. М. 1972.
16. Тәтімов М. Қазақ әлемі (Қазақтың саны қанша? Қазақ қашан, қайдан
қуылған және атылған?) А. Атамұра. 1993.
17. История Казахстана: народы и культуры. ( и др.) А., Дайк-Пресс, 2001.
Қосымша әдебиеттер
18. Әбілғазы Баһадүр Түрік шежіресі А, Ана тілі, 1991.
19. Маданов Х Кіші жүз шежіресі, А: Атамұра-Қазақстан, 1993.
20. Мұқанов С.Қазақ қауымы: (Тарихтық және зтнографиялық шолу).- А: Ана тілі, 1995.
21. Мәшқұр Жүсіп Көпейұлы. Қазақ шежіресі А. 1993.
22. Мұхамеджан Тынышбайұлы Қазақ руларының шежіресі (үш тараудан құралған жинақ) Қаламгер, Целиноград-1991.
23. Қадырғали Жалайыр Шежірелер жинағы А: Қазақстан, 1997.
24. Шәкәрім қажы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Жұлдыз, 1991.
25. Көне түріктер. А: Жалын, 1994.
26. Қазақстанның әскери тарихы.- А: Білім, 1999.
27. , Султанов . Летопись трех тысячелетий.- А: А-А, Рауан, 1992.
28. Кенжеахметұлы Сейіт. Жеті қазына.(бірінші кітап) А: Ана тілі, 2002.
29. Үш пайғамбар (Құрастырған, А. Нысаналы) А, Дәуір, 1993.
30. Өсеров Н. Қазақ әдет ғұрып заңдарына шариаттың әсері А. Жеті жарғы, 1998.
31. Қонаев Д. А. Өтті дәурен осылай. –А, Дәуір, 1993.
32. Бөкейханов Ә. Таңдамалы.-А: 1995.(Хаттар, естеліктер).
33. Әуезов современников. – А-А. 1972.
34. Қозыбаев М. Жұлдызым менің (естелік) А, Арыс, 2001.
35. Айқап журналы «Қазақ энциклопедиясы» А, 1995.
36. Қазақ газеті «Қазақ энциклопедиясы» А, 1998 .
37. Абай. Энциклопедия. (Бас ред. Р. Н. Нұрғалиев) Атамұра, А, 1995.
38. Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы. 2-бас.- А: Жазушы,1985.(Сот реформасы жайында хат).
39. , Козина процессы современного Казахстана. А. 1995.
Қостанай мемлекетік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Деректану теориясы» пәнінен
Студенттің өзіндік жұмысы
Қостанай, 2010.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары.
Түсініктеме жазбасы.
Білім беру жүйесінде лекциядан және семинар сабақтарымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы да маңызды орын алады. Сол себептен бұл курстан студенттер келесі жұмыс түрлері қарастырылған.
1. Тыңдалған конспектіленген лекцияны өңдеу.
2. Семинар сабақтарына дайындық.
3.Пәннен емтиханға дайындық.
4.Баяндама және реферат жазуға дайындық.
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№ | Жұмыс түрі | Тақырып | Көлем. | с/б | Бақылау. |
|
1. | Лекция коспекциясымен жұмыс | Кіріспе лекция Деректану теориясы Деректану методы Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек Ежелгі Қазақстан тарихынан жазба деректер Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жайлы деректер. Cтатистика - тарихи дерек Мерзімді басылым – тарихи дерек Заңдық актілер Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек Барлығы Барлығы: | 0,5 с 0,5 с 1 с 0,5 с 1 с. 1с. 1с. 0,5 с. 1с. 0,5 с. 7,5 с. | 3 сағат 3 сағат 3 сағат 3сағат 3сағат 3сағат 3сағат 3сағат 3сағат 3сағат 30 с | Конспектіні тексеру |
|
2. | Семинар сабақтарына дайындық | Студент семинар сабағына дайындалғанда кем дегенде 2 сағат жұмсауы керек | 30 сағат | 30 сағат | семинарда сұрау |
|
3. | Пәннен емтиханға дайындық | Пәннің барлық тақырыбы бойынша. | 7 сағат | 10 сағат |
| |
4. | Баяндама рефератқа дайындық. | Таңдап алынған тақырыбы бойынша. | 7,5 с. |
| ||
Барлығы: | 45 сағат 70 час | |||||
Әдебиеттер тізімі
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 |


