Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
6 кесте - Қазақ тілі үшін қосарлы таңбаның тиімсіздігі
ағылшынша | французша | орысша | қазақша |
оur children our nuts our news | nos enfants nos noix nos nouvelles | наших детей наших орехов наших новостей | бала-лар-ы-мыз-дың жаңғақ-тар-ы-мыз-дың жаңалық-тар-ы-мыз-дың |
Өзбектің «Alifbe» оқулығын (2006) қазақ «Әліппесімен» (2001) салыстыра отырып, мынадай тиімді әдістер мен ерекшеліктері анықталды:
1. «Әліппе» Аа әрпінен, «Alifbe» Оо әрпінен бастап оқытылады, өйткені өзбек тілінің ұлттық ерекшелігіне байланысты а дыбысының орнына көбінесе о
дыбысы айтылады (ана – она, баба – бобо, ат – от, ас – ос, алма – олма т. б.);
2. Өзбек әліппесінде жаңа дыбысты танытуға берілген сөздер (оқулықтар бойынша) саны екі еседей аз болып отырады.
3. Өзбек әліппесінде бір дыбысты өтуге берілген екі сағаттың алғашқы сабағында сөздер берілсе, келесі күні одан гөрі күрделірек мазмұнды сурет, сөйлемдер, жеке суреттер, тапсырмалар және жазу үлгісі белгілі бір жүйемен бірінші күндегідей ретпен беріліп отырады.
4. Өзбек әліппесінде алғашқы күні дыбыстың кіші әрпі, келесі күні бас әрпі
үйретілсе, қазақ әліппесінде кіші және бас әріп бір сабақта жазылып үйретіледі.
5. Өзбек әліппесінде жаңа дыбысты өтерде бірден сөздер берілмей, бірінші бағанға (егер ол дыбыс дауысты дыбыс болса) өтілген дауыссыз дыбыстармен мүмкіндігінше құрылатын барлық буындарды береді.
6. Өзбек әліппесінде 15 дыбыс өтілгеннен кейін-ақ тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдер беріле бастаса, қазақ әліппесінде дыбыстарды өткен кезде (әліппе кезеңінде) мақал-мәтелдер берілмейді.
Латын әліпбиі арқылы сауат ашу әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында латынға көшкен Өзбекстан республикасының Ташкент қаласындағы №35, 97 мектептерінің оқу жылындағы қорытындысы алынып, латын және кирилл әліпбиінде оқитын сыныптарға салыстырмалы тәжірибелік сараптамалар жасалды (7 кесте). Латын әліпбиінде оқитын (1«А») 24 оқушының І тоқсанда әріптеп – 38%, буындап – 45%, тұтас оқитыны – 17% болған. Ал ІІ тоқсанда әріптеп оқитын 17%, буындап оқитын 49%, тұтас оқитын бала 34%-ға жеткен. І тоқсанда дәстүрлі кирилл әліпбиінде оқитын (1 «А») 24 баланың пайызға шаққанда әріптеп оқитыны 46%, буындап оқитыны 40%, тұтас оқитыны 14% болған.
7 кесте – Оқу-жазу дағдыларының қорытындысы ( оқу жылы)
№ | Тәжірибелік сараптамаға алынған сыныптар | Оқушы саны | І тоқсан | ІІ тоқсан | ||||||
Әріптеп оқу | Буындап оқу | Тұтас оқу | Әріп диктант | Әріптеп оқу | Буындап оқу | Тұтас оқу | Сөздік диктант | |||
1 | 1«А» латын әліпбиі | 24 | 38% | 45% | 17% | 60% | 17% | 49% | 34% | 71% |
2 | 1«В» латын әліпбиі | 25 | 36% | 40% | 24% | 63% | 12% | 44% | 44% | 74% |
3 | 1«А» латын әліпбиі | 25 | 35% | 40% | 25% | 79% | 12% | 40% | 48% | 73% |
4 | 1«А»кирилл әліпбиі | 24 | 46% | 40% | 14% | 59% | 20% | 48% | 32% | 71% |
5 | 1«Б»кирилл әліпбиі | 26 | 36% | 42% | 22% | 64% | 23% | 48% | 36% | 73% |
6 | 1«В»кирилл әліпбиі | 24 | 41% | 37% | 22% | 59% | 25% | 45% | 30% | 66% |
ІІ тоқсанда пайызға шаққанда әріптеп оқитыны 20%, буындап оқитыны 48%, тұтас оқитыны 32%-ға жеткен. Осыдан шығатын қорытынды – латын әліпбиі арқылы сауат ашқанда оқу сапасы дәстүрлі кирилл әліпбиінен артық болып отырған. Осыдан мектепке алғаш сауат ашуға келген бала үшін әліпби ауыстырудың қиындығы жоқ екенін көруге болады. Өйткені олардың алғаш сауаты осы латын әліпбиімен ашылғандықтан, сол әліпбиде оқып-жазуға бірте-бірте қалыптасып, дағдыланатыны анықталған.
Сонымен, Өзбекстан тәжірибесін ескерсек латын әліпбиіндегі сауат ашу сапасының қалыптасқан кирилл әліпбиіндегі сауат ашудан жоғары болуы латын әліпбиінде сауат ашу әдістемесінің тиімді болатынын дәлелдеді.
Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі бойынша қарастырылатын бірқатар мәселелердің ең негізгілері:
- оқушылардың дыбыстарды (фонемаларды) есту қабілетін дамыту;
- оқушыларды латын әліпбиінде буындап, біртіндеп тұтас оқуға үйрету;
- әртүрлі буындардан сөздер құрастыра білуге үйрету;
- әріптерді дұрыс қосып жазуға, сөйлемдерді қатесіз көшіруге үйрету;
- сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту, ойын жүйелеп айта білуге үйрету.
Латын әліпбиінде сауат ашу қалыптасқан әдістеме бойынша 3 кезеңде оқытылады: әліппеге дейінгі кезең; әліппе кезеңі; әліппеден кейінгі кезең. Дыбыстарды танытудың бірінші кезеңінде оқулыққа дауыстылардан а, о, дауыссыздардан n, t, u, l, d, r, ш, q, b, s дыбыстары алынды. Екінші кезеңінің негізгі мақсаты – жуан дауыстылардан v, u, дауыссыздардан c, m, p, z, y, j, ņ дыбыстарын меңгерту. Үшінші кезеңде е, і, ù, à, o’ жіңішке дауыстылары, p, k, q, g, h, z дауыссыз дыбыстары, төртінші кезеңде х және f үйретіледі. Зерттеу барысында латын таңбаларын жазуға үйрету әдістемесінің міндеттері анықталды: өтілген дыбыстарды тани білу; әр дыбысқа арналған латын әріптерін тани білу; таныған әріптерін жаза білу; жазған әріптерін дыбысымен атай білу.
Жазу барысында жүргізілетін жұмыстар:
- сөздер мен сөйлемдерді естілуінше жазу, бұл сөздерге фонетикалык талдау
жасап, сөз ішінде дыбыстар тәртібін анықтап алу (мысалы, jol, jaņa, Jamal деген
сөздерді алуға болады);
- жазылған мәтінді талдап болғаннан кейін, көшіріп жазу, сөздерді буын мен дыбыстарға ажырату (Japvraqtar jap-jasvl, Ormanda jolbarvs boladv).
8 кесте – Әліппелердегі дыбыстардың өтілу ретінің қорытынды кестесі.
Авторлары, шыққан жылы, мектебі | Әріптердің өтілу реті | |||
Жуан дауыстылар, дауыссыздар | Жуан, жіңішке дауыстылар, дауыссыздар | Жіңішке дауысты, дауыссыз | Орыс тілінен енген дыб. | |
А. Мақсуди «Мұғалім сәні» жж. Татар-орыс мектебі 1 клас | ﺍ ﺮ ﺯ ﻢ ﺕ ﻥ ﻲ ﺏ ﻙ ﻞ ﻮ ﻩ ﻑ ﻖ ﺵ ﺱ ﺙ ﺹ ﻁ ﺞ ﺦ ﺢ ﻍ ﻉ ﺪ ﺽ ﺫ ﻆ | у әрпімен - о, ө, ұ, ү, у; и әрпімен ы, і, и таңбаланды, аралас | - | - |
А. Байтұрсынов Оқу құралы (1912,1914) | арз м т и н к б у л ф һ ш қ с с тс х ж ғ х д й з д з | |||
А. Байтұрсынов, Әліб-бій, 1928 | (а з р о н с т қ ы б л д у й ұ ш ғ м ж ң п) | е к і г ү ө ә | - | |
Т. Шонанұлы, М. Жолдыбаев, Әліппе 1935 | (дыбыстарды тұтас сөздер (бала) арқылы танытқан) b а l r q о m s ь n ж с ғ u ң p t d z | v е і ө g k j y ә | һ | |
І. Кеңесбаев, Әліппе, 1940 | а n, s l c o z е ә t m q ө u k i p ь j b g d g u y n | x v f h | ||
1 кластағы оқыту, 1954 | а о ы р л ш н с т ұ д у б |
| е ә ж п к қ ө и і ғ гң ү | я ю х в ф ц э щ ч ё ь ъ |
1 кластағы оқыту М. Жұбанова, 1971 | а ш с й р н л т д п о м у б ы ж ұ қ ғ |
| е к і ә и з ө ң ү г | я ю х в ф ц э щ ч ё ь ъ |
Ұ.Ботабаева, Б. Баймұратова, Ж. Дәулетқалиева 1996 Гимназия мектебі, 1-сын. | а о р л ш с у ы д т м н ң ғ ж | і ә ө қ к е б и й г з ұ ү р | һ я ю х в ф ё щ ц э ч ь ъ | |
М. Жұбанова 1997 Бастауыш мектеп, 1-сын. | а о л у й н ш с м ғ т р п д қ б ы ж з ұ ң | и е к і ө ә г ү | һ х в я ю ф эч ц ё щь ъ | |
Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова 2001 Жалпы б. б.мектеп, 1-сын. | а т п н ғ р л у ш й о қ д м б с ы ж ұ ң
| е к і ә и з ө ү г | я ю х һ в ф ё э щ ц ч ь ъ | |
Е. Жексенбай, Ә.Әмірова, Ә.Наурызбаева 2004 12 жылдық мектеп, 1-сын. | а н т й л о ш р с у д ы б қ ұ м п ж ң ғ
|
| е к і ә и з ө ү г | я ю х һ в ф ё э ц щ ч ь ъ |
T. M.Àbdikàrim, A. J.Dosanoba ÀLIPPE. .2009 1-сын. оқу. құралы. жобасы | a n t w l h r o d q b s v с m p y j u n |
| e k z i ù à g ò | x f |
T. M.Àbdikàrim, F. C.Orazbaeba, A. J.Dosanoba. Latvn-qazaq àlippesі. 2009 | a à b g h d e j z y k q l m n n o ò p r s t w u ù с v i |
| x f |
1996, 2001, 2004 жылғы «Әліппелерде» жуан және жіңішке дауыстыларды бөліп оқыту жалғастық тапқан. Латынға негізделген «ÀLIPPE» оқу құралында да осы рет сақталған. Оған орыс тілінен х (халық, хабар, хан) дыбысы мен халықаралық терминдерде кездесетін ф (файл, факс, футбол) дыбыстары енген, ол дыбыстар әліппе кезеңінің соңында оқытылады. Латынға негізделген әліппенің тиімділігі – орыс тілінен енген сөздерде кездесетін я, ю, в, ё, э, ц, щ, ч, (ь, ъ) дыбыстары мен һ дыбысының әліпбиге алынбай, қазақ тілінің дыбыстық құрамының нақтылануынан, тіл ерекшелігінің сақталуынан байқалады. Ал «Latvn-qazaq àlippesі» (Т. М.Әбдікәрім, , ) сауаттыларға арналғандықтан жуан-жіңішке дыбыстар аралас оқытылады (8 кесте).
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 |


