Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
ӘОЖ 372.416.2:371.3[807.1] Қолжазба құқығында
ДОСАНОВА АЛТЫНАЙ ЖАПАРОВНА
Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Т. М Әбдікәрім
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
доцент
педагогика ғылымдарының кандидаты
Р. Ізғұттынова
Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Диссертация 2009 жылдың «21» мамырында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ( Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, кіші конференцзал) педагогика, филология ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады ( Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).
Автореферат 2009 жылы 20 сәуірде таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Г. С.Қосымова
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі туындап отыр. Ә.Назарбаев алғаш рет бұл туралы 1996 жылы Халықтар Ассамблеясының ІІІ сессиясында: «Латын қарпіне ұсынылып отырған көшудің өзі қазақ тілін басқа этностар өкілдерінің игеруіне, Қазақстанның әлемдік ақпарат кеңістігіне, технологиялық тұрғыдан бейнелеуге, сондай-ақ түркі тілді дүниемен мәдени тұрғыдан бірігуіне неғұрлым тиімді көмек көрсетер еді» – деді, ал осыдан он жыл өткен соң, 2006 жылы ХІІ сессиясында: «Бір кездерде туындаған латынға көшу мәселесіне қайта оралуымыз қажет. Бүгінгі күні коммуникативтік кеңістікте латын графикасы басымдылық танытып отыр. Көптеген елдердің, оның ішінде, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы кейбір елдердің латынға көшуі тегін емес» – деп осы мәселенің ғылыми жағын зерттеп көруге нақты тапсырма берді. Содан бері ғалымдар әліпби жобаларын жасап, өз ойларын ортаға салып жатқанмен, бұл мәселенің бұрын-соңды ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырылмауы зерттеу тақырыбының өзектілігінің дәлелі. Қоғамда бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде бірнеше рет Елбасының, зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың түрлі жиындарда өзекті мәселе ретінде сөз қозғалуы оның маңыздылығын арттыра түседі.
Әліпби мәселесі сауат ашумен тікелей байланысты. Сауат ашу мәселесі оқыту, сауатты жаздыру «Әліппе» оқулығының ғылыми тұрғыда белгілі бір әдістемелік негізге сай құрылуына байланысты. Бастауыш білім беруді әр қырынан қарастырған біршама ғылыми-зерттеу жұмыстары болғанымен, сауат ашу әдістемесінің тарихы бүгінгі күнге дейін ғылыми түрде жүйеленбей келеді. Бастауыш мектепте бағдарлама, оқулықтардағы сауат ашуға байланысты материалдар көлемі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының нақтыланбауы арасында, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі жағдайдағы потенциалдық мүмкіндіктері мен оларды оқытудың әдіс-тәсілдердің арасындағы қайшылықтар және әлемдік бәсекеге қабілеттігімізді арттыруда латын әліпбиі мен әліппе оқулықтарын құрастыру, оның әдістемелік негізін жасау қажеттілігі мәселемізді айқындай түсіп, зерттеу тақырыбын «Латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі» деп таңдауымызға себеп болды.
Қазақстанда қазақша оқулықтарды алғаш кирилл әліпбиі негізінде Ы. Алтынсарин жасаса, А. Байтұрсынов қазақ дыбыстарын араб әліпбиімен қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, сауат ашудың тиімді әдістерін қарастырды. Ал ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Т. Шонанұлы, Е. Омаров, Ш. Сарыбаев, І. Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Қ.Басымов, С. Аманжолов, А. Садуақасов, С. Жиенбаев сияқты т. б. ғалымдардың ғылыми мақалалары мен еңбектерінде әліпби мәселелері сөз болып, сауат ашу оқулықтарын жасап, бастауыш сынып әдістемесі ғылымына өзіндік үлестерін қосты. Бастауыш мектептегі сауат ашу, тіл дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелері Х. Арғынов, Ғ.Сүлейменов, М. Жұбанова, Ш.Әуелбаев, С. Рахметова, Т. М.Әбдікәрім, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Г. Уәйісова, Б.Қабатаева, Р. Ізғұттынова сияқты ғалымдардың еңбектерінде зерттеу нысанына алынды. Cауат ашудың кіріктіріле-сараланған жүйесі біртұтас білім беру құралы ретінде , , Ә.Мұханбетжанова зерттеулерінде қарастырылды. жалпы бастауыш мектепте оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілетін қалыптастыру, Ә.Жұмабаева сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту, бастауыш мектепте байланыстырып сөйлеу туралы қарастырып, ғылыми жұмысымыздың мәселесіне жуықтау нысандарды зерттеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлестерін қосып, зерттеген бірқатар ғалымдарды да атап өткен орынды: Н. Оралбаева, М. Р.Қондыбаева , Қ.Қадашева, А. Жапбаров, К. Жақсылықова, , Г. С.Қосымова, Н.Құрманова, т. б. Аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулері бастауыш мектеп әдістемесін жазуға септігін тигізіп, республикамыздың арнаулы орта, жоғарғы оқу орындарында оқу құралы ретінде оқыту ісін жетілдірудің негізгі құралдары болып отыр.
Зерттеу нысаны: латын әліпбиі негізінде сауат ашу үрдісі.
Зерттеу пәні: латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: сауат ашу әдістемесінің тарихын зерттей отырып, латын әліпбиі негізінде сауат ашудың әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу міндеттері:
- қолданыста болған араб, латын, кирилл әліпбилері негізіндегі сауат ашу үрдісіне ғылыми-әдістемелік талдау жасау;
- араб, латын, кирилл әліпбилері негізінде сауат ашудағы әріптердің құрамы және өтілу ретінің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;
- қолданыста болған және шетел әліпбилерін, отандық ғалымдардың әліпби жобаларын ғылыми тұрғыда сараптай отырып, латынға негізделген қазақ әліпбиінің жобасын жасау;
- латын әліпбиі негізінде сауат ашуға, өз бетімен үйренуге арналған байқау оқу құралдарын, тапсырмалар жүйесін ұсыну;
- латын әліпбиі арқылы сауат ашу әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәйектеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер сауат ашу жүйесінің тарихы әдістемелік тұрғыда зерделеніп, әдіскер ғалымдардың тәжірибелері қазіргі ақпараттық заман талабына сәйкес латынға негізделген сауат ашу оқулығын құрастыруда ұтымды пайдаланылса, онда ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік білім деңгейіне көтерілуге, бастауыш сатыда оқу жүктемесінің азайып, білім сапасының артуына жаңа мүмкіндіктер туады, өйткені қазіргі өзгермелі, ақпараттық-коммуникациялық заманда латын әліибиіне негізделген сауат ашу қажеттілігі туындап отыр.
Зерттеудің жетекші идеясы: Ақпараттық заман жағдайында бастауыш сынып оқушыларын бәсекеге қабілетті тұлға етіп дайындауда латын әліпбиіне негізделген әліппе оқулығы мен оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеу
қажеттігі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі философиялық, лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі ғылыми тұжырымдар, үкіметіміздің тіл және тілдерді дамыту туралы заңдары мен құжаттары, сауат ашуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектері, әр кезеңдегі «Әліппе» оқулықтары, латын графикасына көшкен шет мемлекеттердің әліпбилері мен сауат ашу оқулықтары, сауат ашудың оқу-әдістемелік кешендері, латынға көшу жөніндегі баспасөз материалдары, автордың бастауыш мектептегі көп жылдық тәжірибесі, т. б.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, теориялық зерттеу әдістері, оқулық теориясы, сауалнама, әңгіме өткізу, эксперимент әдісі, генетикалық, құрылымдық әдіс, салыстырмалы әдіс, қорытындылау әдістері, диагностикалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Бірінші кезеңде ( ж. ж.) зерттеу мәселелері бойынша лингвистикалық, психологиялық-педагогикалық, философиялық, тарихи, әдістемелік әдебиеттер, әліпбилер мен әліппе оқулықтары, баспасөз материалдары жинақталды, зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері анықталып, болжамы жасалды.
Екінші кезеңде ( ж. ж.) деректі материалдар жинау одан әрі жалғастырылды және жүйеленді. Әр кезеңдердегі араб, латын, кирилл әліпбилеріне негізделген «Әліппе» оқулықтары салыстырмалы түрде талданып, лингвистикалық, әдістемелік қағидалар басшылыққа алынды. Зерттеу мәселесінің бүгінгі таңдағы жайы анықталып, латынға көшкен елдердің әліпбилері, олардың сауат ашудағы тәжірибелері сараланды.
Үшінші кезеңде ( ж. ж.) Әліппе оқулықтарының тұжырымдары, латын әліпбиінің ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, әліпби жобасы ұсынылды, сауат ашуға, өз бетімен үйренуге арналған оқу құралдарының байқау жобасы жасалды, оларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі ұсынылып, тәжірибе жүзінде дәйектелді, әдістемелік қорытындылар түйінделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қолданыста болған араб, латын, кирилл әліпбилері негізінде сауат ашу үрдісіне ғылыми әдістемелік талдау жасалып, әріптердің құрамы және өтілу ретінің тиімді әдіс-тәсілдері анықталды;
- қолданыста болған әліпбилерді, шетел әліпбилерін және отандық ғалымдардың жобаларын сараптай отырып, латынға негізделген қазақ әліпбиінің жобасы ғылыми тұрғыда негізделді;
- латын әліпбиі жобасы негізінде бастауыш мектепте сауат ашуға арналған байқау оқу құралы жасалып, тапсырмалар жүйесі ұсынылды;
- латын әліпбиі арқылы сауат ашудың әдістемесі ұсынылып, оның тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Сауат ашу тарихынан жинақталған әдістемелік ойлар қазіргі кездегі сауат ашу әдістемесінің теориясы мен әдістемесін толықтырады. Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесін дамытуға қосылып, латын әліпбиіне көшкен жағдайда әліппе оқулығын, оның әдістемесін жасауға негіз болады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі латынға негізделген әліпби жобасының жасалуында және бірінші сыныпта, педагогикалық колледждер мен ЖОО-да студенттердің өздік жұмыстарында латын әліпбиінде сауат ашу үшін байқау оқу құралының ұсынылуында:
1) Латынға негізделген әліпби жобасы.
2) LATVN-QAZAQ ÀLIPPESI. Байқау оқу құралы, 20б. (Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 000, 2009 жыл, 9 ақпан)
Зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогика, филология мамандықтарының студенттері өздік жұмыстарында, магистранттар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, осы саладағы т. б. мамандар кәсіби біліктіліктерін арттыру ісінде көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаулардан, педагогикалық зерттеудің логикасынан, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарын орынды пайдаланудан, зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолдануынан, әдістемелік талдау, тәжірибелердің педагогикалық мақсатпен сәйкестілігінен, эксперимент жұмыстарының нақтылығынан көрінеді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қолданыста болған араб, латын, кирилл әліпбилеріне негізделген әліппе оқулықтарына ғылыми-әдістемелік талдаулар;
- сауат ашу үрдісіндегі әріптердің өтілу ретінің тиімді әдіс- тәсілдері;
- қолданыста болған әліпбилерді, шетел әліпбилерін, отандық ғалымдардың әліпби жобаларын сараптай келе жасалған латынға негізделген қазақ әліпбиінің ғылыми жобасы;
- ұсынылған әліпби жобасының тиімділігін анықтау мақсатындағы сауат ашуға арналған байқау оқу құралы мен тапсырмалар жүйесі;
- латын әліпбиі арқылы сауат ашудың ғылыми-әдістемелік негізінің тиімділігі.
Зерттеу базасы Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Еуразия гуманитарлық институтында студенттермен, Сәтбаев қаласындағы №7 орта мектебі мен №4 мектеп-лицейінде, Қарағанды облысына қарасты №7 Сарысу, №15 Малшыбай орта мектептерінде, Астана қаласының №37 мектебінде бірінші сынып оқушыларымен жүргізілді. Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы №35,51 мектептердің оқу қорытындылары алынды.
Зерттеуге әр түрлі типтегі мектептердің бастауыш сынып оқушылары мен оқытушылар, орта буын және жоғары сынып оқушылары, студенттер, білім жетілдіру курсының тыңдаушылары, ата-аналар, мектеп басшылары қамтылды.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелері, негізгі тұжырымдары мен қорытындылары халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық, интернет-конференцияларда, халықаралық, республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланып, 19 еңбекте жарық көрді.
Зерттеу жұмысы Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы мен педагогика кафедраларында жүргізілетін ғылыми зерттеу бағыттарымен сәйкес келеді.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертацияның «Қазақстанда сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен даму тарихы» атты бірінші тарауында сауат ашудың қалыптасу негіздері түркі тектес бабаларымыздың жазу сауаттылығымен байланыстыра қарастырылды. Қазақстандағы сауат ашу мен оның әдістемесі негіздерінің қалыптасуы, әр кезеңдердегі сауат ашуда қолданылған араб, латын, кирилл әліпбилеріндегі әліппе оқулықтарындағы оқытудың тиімді әдістер анықталып, ұқсастықтары, айырмашылықтары, А. Байтұрсыновтың сауат ашу оқулығымен сабақтастығы сараланды. Латын әліпбиінде сауат ашудың өзіндік тарихы бар. Олай дейтініміз, түркі тілдес ата-бабаларымыз ұлт болып қалыптасқанға дейін де латын әліпбиін қолданған, елімізде жылдары жаппай сауат ашуда қолданған. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін б. з.б. ІІІ мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан. Сауаттылықтың жазумен байланысты екенін А. Байтұрсынов: «Сауаттылық негізі жазу болады. Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырған», – деп түйіндейді. Жазу – тарихи дерек, материалдық айғақ. Сол себепті ата-бабаларымыздың өз ойлары мен шығармашылықтарын жазуда қолданған әліпбилеріне қысқаша шолу жасалды. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқанға дейін де сауатты болғаны, еңбектерін орхон-енисей, ұйғыр, латын, араб, т. б. әліпбилер арқылы кейінге мұра етіп қалдырғаны, әдеби-көркем, ғылыми, әдістемелік мәселелерді қарастырғаны мәлім болып отырғандығы сөз етілді. Зерттеу барысында әл-Фарабидің дидактика, әдістеме мәселелеріне ерекше мән беріп, ғылымды меңгеруде «қарапайымнан күрделіге», «жекеден жалпыға» көшу қажет, сезімге жақын нәрседен бастау – шәкірт табиғатына сәйкес келеді» деген сөзі дидактикадағы көрнекілік ұстанымының сол кезеңдерде белгілі болғандығын айғақтайды.
Ы. Алтынсариннің Орынбордан 1864 жылы шыққан «Киргизская (казахская) хрестоматия», 1871 жылы шыққан «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты алғашқы оқулықтары «миссионерлік кириллицамен» басылған. Кирилл әліпбиінен қазақ тіліне лайықталып жасалған «миссионерлік кириллица» 1917 жылға дейін араб әліпбиімен қатар ішінара қолданылып келді. Татар ғалымы А.Мақсудидың «Мұғалім сәні» (1892) атты әліппесі Қазақстанда сауат ашуда көп қолданыс тапты. Әліппеде барлығы 29 әріп таңбасы, 1 белгісі ( ٭ ) бар. А. Мақсуди әліппесі мен А. Байтұрсыновтың араб әліпбиінде (қадим) жасаған (1912, 1914) «Қазақша алифбасында» бір ғана у әрпімен бес дыбысты (о, ө, ұ, ү, у) белгіледі, и әрпін үш дыбысқа (ы, і, и) пайдаланды. Сөз ішіндегі қысаң дауыстыларды жазбау сөздердің дыбыс, буын, құрамын анықтауда қиындық келтірді: қйсық – қисық, алу – алұу, салқн – салқын, т. б. (1 кесте).
1 кесте – Қолданыста болған әліпбилердің салыстырмалы кестесі
№ | Миссионерлік | Араб әліпбиі 1924 | Латын әліпбиі 1929 | Кирилл-қазақ әліпбиі 1940 | Дыбысталуы |
1 | Аa | ا | Aa | Аa | /a/ |
2 | Аa | ٵ | Əə | Әә | /æ/ |
3 | Бб | ب | Bʙ | Бб | /b/ |
4 | Уу |
| Vv | Вв | /v/ |
5 | Гг | گ | Gg | Гг | /ɡ/ |
6 | - | ع | Ƣƣ | Ғғ | /ɣ/ |
7 | Дд | د | Dd | Дд | /d/ |
8 | Ее | ە | Ее | Ее | /e/, /je/ |
9 | (Йо йо) |
| - | Ёё | /jo/, /jө/ |
10 | Жж | ج | Çç | Жж | /ʒ/ |
11 | Зз | ز | Zz | Зз | /z/ |
12 | Ии | ي | - | Ии | /ɯj/, /ɪj/ |
13 | Йй |
| Jj | Йй | /j/ |
14 | Кк | ك | Kk | Кк | /k/ |
15 | - | ق | Ққ | /q/ | |
16 | Лл | ل | Lʟ | Лл | /l/ |
17 | Мм | م | Mm | Мм | /m/ |
18 | Нн | ن | Nn | Нн | /n/ |
19 | Ҥҥ | ڭ | Ŋŋ | Ңң | /ŋ/ |
20 | Оо | و | Оо | Оо | /o/, /o/ |
21 | Ӧӧ | ٶ | Ɵɵ | Өө | /ø/ |
22 | Пп | پ | Pp | Пп | /p/ |
23 | Рр | ر | Rr | Рр | /r/ |
24 | Сс | س | Ss | Сс | /s/ |
25 | Тт | ت | Тт | Тт | /t/ |
26 | Уу | ۋ | Vv | Уу | /w,yw/,ɯw/, ɪw/ |
27 | Уу | ۇ | Uu | Ұұ | /ɤ/ |
28 | Ӱӱ | ٷ | Yy | Үү | /y/ |
29 | - |
| Ff | Фф | /f/ |
30 | Хх |
| Hh | Хх | /x/ |
31 | - |
| - | Һһ | /h/ |
32 | (Тс тс) |
| Цц | /ʦ/ | |
33 | (Тш тш) |
| Чч | /ʧ/ | |
34 | Шш | ش | Cc | Шш | /ʃ/ |
35 | (Шш шш) |
| Щщ | /ʃʃ/ | |
36 | - |
| Ъъ | ||
37 | Ыы |
| Ƅƅ | Ыы | /ɯ/ |
38 | Ии | ﯼ | Ii | Іі | /ɪ/ |
39 | - | ٸ | Ьь | ||
40 | Ее | Ээ | /e/ | ||
41 | (Йу йу) |
| Юю | /jɤ/, /jy/ | |
42 | (Йа йа) |
| Яя | /ja, /jæ/ |
А. Мақсуди әліппесіндегі (1892) әріптердің оқытылу реті:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 |


