Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Зерттеуде ұсынылған әліпби жобасының латын таңбаларын тегіс пайдалану, басқа әліпбиден таңба алмау, қосарлы таңба алмау жағынан түркі тілдестердің әліпбилерінен әлдеқайда артықшылығы көрінеді. Қазақ дыбыстарына латын таңбаларының жетпеуіне байланысты 4 таңба қосымша белгімен алынған. Басқа елдермен салыстырғанда ең қолайлы әліпби болып табылады.
Латынға негізделген сауат ашу әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізу үш кезеңде өтті: анықтау кезеңі, қалыптастыру кезеңі, бақылау кезеңі. Эксперимент мақсаты – латын әліпбиі негізінде сауат ашу әдістемесінің тиімділігін анықтау. Анықтау эксперименті кезінде баланың латын әліпбиінде оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі дайындық деңгейіне тікелей байланысты екенін көрсетті. Оқушының жоғарғы, орта, төменгі деңгейлерінің критерийі ретінде психологиялық, физиологиялық және тілдік дамуының деңгейлері алынды. Нәтижесінде балалардың латын әліпбиін қабылдау деңгейлері әңгімелесу және түрлі психологиялық тапсырмалар арқылы тексерілді. Қалыптастыру эксперименті латын әліпбиінде сауат ашу кезеңдерінің ұзақтығын анықтау, ұсынылған «Alippe» байқау оқу құралындағы түрлі деңгейдегі берілген тапсырмаларды (буындар, сөздер, мәтіндер) сынақтан өткізу міндеттерін шешуге мүмкіндік туғызды. Балалар әліппеге дейінгі кезеңде «әріп», «дыбыс», «буын», «сөз», «сөйлем» ұғымдарын іс жүзінде меңгерту барысында латынға негізделген әріптердің бірнеше таңбаларымен, әліппе кезеңінде дыбыстардың өтілу реті бойынша латынға негізделген әріптер таңбасымен таныстырылды. Нәтижесінде оқушылардың оқып-жазу дағдыларын қалыпты сауат ашу кезеңіндегідей жылдам меңгергендері байқалды.
9 кесте – Оқушылардың оқу дағдысының нәтижелері
№ | Тәжірибелік сараптамаға алынған топтар | Оқушы саны | І тоқсан | ІІ тоқсан | ||||
Әріптеп оқу | Буындап оқу | Тұтас оқу | Әріптеп оқу | Буындап оқу | Тұтас оқу | |||
1 | 1«А» тобы | 10 | 40% | 40% | 20% | 20% | 30% | 50% |
2 | 1 «Ә» тобы | 10 | 30% | 40% | 30% | 10% | 40% | 50% |
Тәжірибелік эксперимент Сәтпаев қаласындағы №4 мектеп-лицейдің, №7 мектептің, Астана қаласындағы №37 мектептің бірінші сыныптарында ата-аналардың сұрауы бойынша жүргізілді. Эксперимент барысында «Alippe» атты қосымша сабақта оқушылар латынға негізделген дыбыс таңбаларын меңгеру арқылы буындарды, жеке сөздерді, қысқа сөйлемдер мен мәтіндерді әртүрлі деңгейде оқып үйренді. Оқушылардың оқу дағдыларының нәтижесін шығару үшін олардан кесінді бақылаулар алынды (9 кесте). Астана қаласындағы № 37 мектептің эксперимент нәтижелерін сараптай келе, І тоқсандағы оқу дағдысының нәтижелері екі топта да ІІ тоқсандағыдан едәуір артқанын (1 «А» тобында – 20%-дан 50%-ға, 1 «Ә» тобында 30%-дан 50%-ға) байқауға болады.


2 сурет – Оқу дағдысының орташа көрсеткіштерінің диаграммасы
Дәстүрлі сауат ашуға аптасына 7 сағат берілген. Аптада 6 оқу күні бар екенін ескерсек, аптаның бір күнінде әліппені 2 рет өткізуге тура келіп, едәуір қиыншылықтарға тіреліп жүр. Сауат ашу сабақтарының оқу кестесіне бір күнде екі сабақтан қатар берілуі оқу сапасына, баланың қабылдауына тікелей әсері болады. Ал ұсынып отырған әліпбиде 30 дыбыс таңбасы ғана болғандықтан, латын әліпбиінде сауат ашуға барлығы 96 сағат бөлінсе жеткілікті, оның 12 сағатын әліппеге дейінгі, 72 сағатын әліппе, 12 сағатын әліппеден кейінгі кезеңдерге беруге болады. Бұл апта күнімен сәйкес болып, сауат ашуда баланың қабылдауына кері әсерін туғызбайтыны анықталды.
«LATVN-QAZAQ ÀLIPPESI» атты оқу құралы өз бетімен үйренгісі келетін мектеп оқушыларына (1 сыныптан басқа), студенттерге, мұғалімдерге, жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен ғалымдарға, т. б. арналады. Еуразия гуманитарлық институтының ҚТӘ-ІІ, ШТ-І, Қ-І, АІ-І топтарынан 50 студенттің латын әліпбиін қабылдау даярлығын тексеруге төмендегідей өлшемдер алынды:
- мотивациялық: латынға негізделген әліпбидің қажеттілігі мен оның бүгінгі күнгі маңызын түсіне білуі сауалнама, әңгіме, сұхбат арқылы анықталды;
- мазмұндық: Студенттер өз бетіндік жұмыстарда ұсынылып отырған әліпби жобасымен танысты, аудиториядан тыс өздік жұмыстарында оқу құралындағы сөздіктерді, мәтіндерді, мақал-мәтелдерді оқып, мәтіндерді латын әліпбиінен қолданыстағы кирилл әліпбиіне аударды.
Бірінші модуль соңында олардан тест жұмысы және бақылау диктанты алынды (3,4 сурет). Латын әліпбиіндегі диктант нәтижелерін қолданыстағы диктант нәтижелерімен салыстырылғанда 2%-ға ғана айырмашылық болғаны байқалды. Тест жұмысында 20 тапсырма болды (1 дұрыс жауап - 1 балл). 18-20 балл – 5, 13-17 балл – 4, 13-тен төмен балл – 3 деген бағалау жүйесі алынды. Тест жұмысының қорытындысында 20 студент 18-20 балл, 25-і 13-17 балл арасында, 5-еуі 13-тен төмен бал жинап, жалпы сапасы 95%-ды көрсетті.

3 сурет – Бақылау диктантының қорытындысы мен сапасының нәтижелері


4 сурет – Студенттерден алынған тест жұмысының нәтижелері
Жалпы мектепке алғаш келген бала үшін де, сауаты бар кез келген адам үшін де латынға негізделген әліпбиді меңгеру жеңіл екендігін тәжірибелік-эксперимент нәтижелері дәлелдейді сонымен бірге орта, жоғары буын оқушыларының, студенттердің әліпби жобасымен танысқаннан кейін өз беттерімен оқып, жазатындығынан байқалды.
ҚОРЫТЫНДЫ
2008 жылдың 29 мамырында Ә.Назарбаев қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша сұхбатында: «...латын әліпбиі мәселесін ғалымдардың жан-жақты зерттеп көруі жөнінде тапсырма бергенмін. Неге десеңіз, бұл – өте күрделі мәселе» деген болатын. Бұл – үкіметтің алға қойып отырған өзекті міндеттерін шешудегі алғашқы қадамдардың бірі. Латын әліпбиінде сауат ашу арқылы тіл біліміндегі екі үлкен маңызды мәселе шешілетіндігін көрсетті:
1. Латын әліпбиі тілдегі артық дыбыстардан арылып, қазақ әліпбиінің табиғи ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді.
2. Латын әліпбиі болашақ ұрпақтың ақпараттық технологияларды еркін қолданып, әлемдік білім кеңістігіне шығуына, бәсекеге қабілетті бола алуына жол ашады.
Латынға негізделген қазақ әліпбиінің жобасын жасауда төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынды: әліпбидегі әрбір дыбысқа жеке әріп таңбасының берілу ұстанымы, әліпбиде мүмкіндігінше қосарлы дыбыстардың болмау ұстанымы, әліпбидегі дыбыстардың латын әріптерінің дыбысталуымен мүмкіндігінше сәйкес келу ұстанымы, әліпбидің халықаралық терминдерді жазуға икемді болу ұстанымы, әліпбидің сауат ашуда баланың жас ерекшелігіне байланысты оның қабылдауына, оқуына жеңіл, жазуына ыңғайлы болу ұстанымы, мектепке алғаш келген баланың психологиясына, тіліне кері әсер етпеуін ескеру ұстанымы.
Тәжірибелік-эксперимент нәтижелерінен шыққан қорытындылар:
- 30 әріптен тұратын латын әліпбиі сауат ашуда уақытты үнемдеуге;
- латынға негізделген әліпбиде 12 дыбыс таңбасының қысқаруы тілдің табиғи қалпын сақтауға;
- сауат ашу кезеңдері мен әр дыбысты таныстыруға кететін сағат санының нақтылануына;
- әліпбидің ықшам болуы баланың дұрыс оқу, сауатты жазу мүмкіндігінің артуына;
- сауат ашуда дыбыс санына байланысты туындап жүрген артық оқу жүктемесінен арылуына;
- тіліміздегі емле ережелерінің 4 еседей азаюына;
- сауат ашуда дауысты, дауыссыз дыбыстар санының нақтылануына;
- баланың алғаш сауаты латын әліпбиімен ашылғандықтан, сол әліпбиде оқып жазуға дағдыланатынына көз жеткіздік Бұл зерттеу жұмысының ғылыми болжамының дұрыстығын, яғни латын әліпбиінде сауат ашу ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік білім деңгейіне көтерілуге, бастауыш сатыда оқу жүктемесінің азайып, білім сапасының артуына мүмкіндіктер туғызады. Латын әліпбиіндегі сауат ашу сапасының дәстүрлі сауат ашудан едәуір жоғары болуы латын әліпбиінде сауат ашу әдістемесінің тиімді болатынын дәлелдеді.
Диссертация мазмұны бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1 Үздіксіз білім беру – нәтижеге бағытталған сапалы білім берудің негізі // Нәтижеге бағдарланған білім беруде оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбие жүйесінің даму болашағы, бағыттары мен проблемалары: облыстық ғылыми-практикалық конференция. -Қарағанды, 20бб.
2 Мемлекеттік тілімізді коммуникативтік тілге айналдырудың кейбір мәселелері // Қазақстан республикасының білім беру саласындағы тіл саясаты: Тәжірибелер, мәселелер, перспективалар: республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 20бб.
3 Латын графикасына көшу мәселелері және әліппе оқулығын құраудағы орфографиялық ұстанымдар // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - Алматы. 2007, №1. бб. (Т. М.Әбдікәріммен авторлас)
4 Әліпбилер тарихы және қазіргі кездегі әліпби мәселелері // Әлемдік білім
беру кеңістігіндегі қазіргі үрдістер және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері: Әдістаным, инновация, ізденіс: республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 20бб.
5 Қазақ жазуының әліпбилері мен «Әліппе» оқулықтарының тарихы қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу мәселелері // Қазақстан қоғамының модернизациялану жағдайындағы педагогикалық білім: мәселелері мен болашағы: республикалық ғылыми-практикалық конференция. -Жезқазған, 20бб.
6 Латын әліпбиі тиімділігін көрсететін шетел тәжірибелері // А. Байтұрсынов
оқулары. Алаш құндылықтары: Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі: халықаралық ІІ-ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 20бб.
7 Әліпбилер тарихы - «Әліпби» оқулығының ғылыми негізі // Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері: республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Алматы, 20бб. (Т. М.Әбдікәріммен авторлас)
8 Әліпби оқулықтарының тарихы – әліпбилер тарихының ғылыми-педагогикалық негіздері // М. Серғалиевтың 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция. - Астана, 20бб.
9 А. Байтұрсыновтың «Әліб-бій» оқулығында әріптердің өтілу ретінің жүйеленуі // Қазақстанның тұрақты дамуындағы білім беру: мәселелер, ізденістер, перспективалар: республикалық ғылыми-практикалық конференция. -Астана, 20бб.
10 А. Байтұрсыновтың «Әліб-бій» (1928) оқулығындағы әдістемелік нұсқаулар // ЕАГИ Хабаршысы. - Астана, 2008. №4. бб.
11 Латынға негізделген әліпби жобасы және оның ғылыми негіздері // Ғылыми ізденістердің мәселелері, перспективалық бағыттары: халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция. - Алматы, 20бб.
12 Латынға көшкен түркі тілдес мемлекеттердің әліпбилері және әдістемелік тәжірибелері // Ғылыми ізденістердің негізгі мәселелері және перспективалық бағыттары ‘2008: халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция. –
Алматы, 20бб.
13 Латын әліпбиінің жаңа жобасы және оған қойылатын талаптар // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. –Алматы. 2008, №4. бб.
14 Ізгілік иелері // Қазақстан кәсіпкері. Ғылыми-әдістемелік журнал. - Астана, 2009, №1(6бб.
15 С. Кеңесбаевтың латын әліпбиіндегі сауат ашу оқулығына әдістемелік талдау // Қазақстандағы үздіксіз кәсіби білім берудің мәселелері мен перспективалары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 20бб.
16 Қазақ әліпбиінің латынға көшу қажеттіліктері және ол туралы ғалымдар
ойлары // Ұлт тағлымы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - Алматы. 2008, №4.
бб.
17 Т. Шонанұлының латын әліпбиіне қосқан үлестері // Вестник КарГУ. 2009, №1. бб.
18 А. Байтұрсынов және латын әліпбиінде сауат ашу // Республикалық ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 2009. (Т.Әбдікәріммен авторлас).
19 LATVN-QAZAQ ÀLIPPESI. Өз бетімен үйренуге арналған байқау оқу құралы. 20б. (№ 000 зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. 2009 жыл, 9 ақпан), (Т. М.Әбдікәрім, авторлас)
РЕЗЮМЕ
Методика обучения грамотe на основе латинского алфавита
13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания
(казахский язык в системе начального, среднего и высшего образования)
Актуальность исследования. В свете масштабно развивающихся информационно-коммуникативных технологий проблема обучения грамоте на основе латиницы представляется одной из актуальных на современном этапе в системе образования, в частности, в системе начального образования.
Несмотря на наличие значительных научно-исследовательских работ по проблеме начального образования, на сегодняшний день до сих пор научно не систематизирована история разработки методики обучения грамоте, которая тесно связана с проблемой латинского алфавита. Несмотря на имеющиеся различные проекты латинского алфавита, объект нашего исследования всесторонне не рассматривался с научной точки зрения.
Тема исследования не раз рассматривалась в нашем обществе на государственном уровне, что обусловило актуальность исследования.
Переход на латинский алфавит делает возможным реализацию стратегических задач казахстанского образования, обеспечивает самостоятельное и естественное вхождение в мировое образовательное пространство.
Цель исследования: разработать методику обучения грамоте на основе латиницы, исследуя историю становления методики обучения грамоте.
Объект исследования: процесс обучения грамоте на основе латиницы.
Предмет исследования: методика обучения грамоте на основе латиницы.
Задачи исследования:
- провести научно-методический анализ процесса обучения грамоте на основе существовавших арабского, латинского, кириллического алфавитов;
- определить эффективные методы содержания и порядка изучения букв в обучении на основе арабского, латинского, кириллического алфавитов;
- создать проект казахского алфавита на основе латиницы с проведением научного анализа ранеесуществовавших, зарубежных алфавитов, и проектов алфавитов отечественных ученых;
- разработать учебные пособия, системы заданий для обучения грамоте и самостоятельного обучения на основе латинского алфавита;
- обосновать методику обучения на латинском алфавите, и экспериментально проверить ее эффективность на практике.
Научное обоснование исследования: при условии методологического изучения истории образования, эффективного использования опыта создания методистами-учеными в соответствии с требованиями современной эпохи информатики учебника на основе латиницы появятся новые возможности для достижения мирового образовательного уровня при сохранении наших национальных ценностей, уменьшения учебной нагрузки на начальной ступени обучения и повышения качества образования, так как в нашу динамичную, информационно-коммуникационную эпоху возникает необходимость обучения грамоте на основе латинского алфавита.
Руководящая идея исследования: Необходимость научного обоснования использования учебного пособия и методики обучения на основе латинского алфавита в подготовке учащихся начальных классов конкурентоспособными личностями в условиях века информации.
Методологическая основа исследования: научные положения в философской, лингвистической, педагогической, психологической, методологической литературе; законы и документы о государственном языке и развитии языков; научно-методические труды по вопросам обучения грамоте; опыт ученых-составителей учебников «Әліппе» разных лет; алфавит и учебники по обучению грамоте государств, перешедших на латинскую графику; учебно-методический комплекс обучения грамоте; материалы средств массовой информаций о переходе на латиницу; многолетний опыт работы автора в начальной школе и мн. др.
Научная новизна исследования:
- выявлены наиболее эффективные методы изучения состава алфавита путем научно-методического анализа обучения грамоте на основе первичного использования арабского алфавита, латиницы, кириллицы;
- разработан проект казахского алфавита на латинице на основе анализа алфавитов зарубежных стран и изучения проектов алфавитов отечественных ученых;
- разработан проект пробного учебного пособия, предназначенного для обучения грамоте в начальных классах и самостоятельного изучения, на основе предложенного проекта алфавита;
- предложенных основ методики обучения грамоте на основе латиницы экспериментально доказана эффективность.
Теоретическая значимость исследования.
В настоящее время педагогические и методические идеи из истории обучения грамоте служат основой методики обучения грамоте. В исследовании усовершенствованы, дополнены теоретические и методические основы обучения грамоте в начальных классах.
Практическая значимость исследования.
В целях обеспечения учебного процесса педагогических специальностей вузов и колледжей, также для самостоятельного изучения предложено следующее пробное учебное пособие:
1) Проект казахского алфавита, основанный на латинице;
2) LATVN-QAZAQ ÀLIPPESI. Өз бетімен үйренуге арналған (пробное учебное пособие). - Астана, 20б. (Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 000, 2009).
Основные положения, представленные на защиту:
- научно-методический анализ учебников обучения грамоте на основе существовавших арабского, латинского, кириллического алфавитов;
- эффективные методы содержания и порядка изучения букв в обучении грамоте;
- научный проект казахского алфавита на основе латиницы, созданный путем анализа существовавших алфавитов, зарубежных алфавитов, проектов алфавитов отечественных ученых;
- наглядные учебные пособия и система заданий по обучению грамоте в целях определения эффективности предложенного проекта алфавита;
- эффективность научно-методической основы обучения грамоте на основе латинского алфавита.
Апробация и внедрение исследования.
Основные положения диссертационного исследования были апробированы на международных (Астана, 2007; Алматы, 2008; Алматы, 2008; Алматы 2008; Астана, 2009), республиканских (Астана, 2006; Жезказган, 2007; Астана, 2007; Астана, 2008; Астана, 2008) научно-практических конференциях; в научных, научно-педагогических, научно-методических журналах, входящих в Перечень Комитета по надзору и аттестации в сфере образования и науки МОН РК («Ізденіс». - Алматы, 2007. -№1; «Ізденіс». - Алматы, 2008. -№4; «Хабаршы ЕАГИ». - Астана, 2008. - №4; «Ұлт тағлымы». - Алматы, 2008. -№4; «Вестник КарГУ». - Караганда, 2009. -№1; «Қазақстан кәсіпкері». - Алматы, 2009. -№1/68).
Область применения.
Материалы диссертационного исследования могут быть использованы в качестве дополнительных учебных пособий для студентов педагогических колледжей, педагогических, филологических специальностей высших учебных заведений, магистрантов, учителей общеобразовательных школ, преподавателей вузов в программах повышения квалификации.
Перспектива.
Диссертационное исследование может служить основой для учебников по обучению грамоте при переходе на латиницу, развивая и совершенствуя теоретические основы методики обучения.
RESUME
Dossanova Altynay Zhaparovna
Scientific and methodical foundations of teaching reading and writing in Latin
13.00.02 – Theory and methods of teaching and educating
(the Kazakh language in the system of primary, secondary and higher education)
The actuality of the research. In the light of large-scale developing informational and communicative technologies the problem of teaching reading and writing on the basis of the Latin alphabet is one of the actual ones at the modern stage in the system of education, particularly, in the system of primary education. While teaching reading and writing a great significance is paid to the development of the text-book, corresponding to the requirements of modern informational technologies, calculated for the effective teaching of reading and writing, the sample of which is «Әліппе».
Teaching of reading and writing on the basis of the Arabic alphabet, Latin, the Cyrillic alphabet is supported by historical facts. Lately, due to the development of communicative technologies, the problem of the transition to the Latin alphabet has arisen again. The basic problem of teaching reading and writing is the difficulty in perceiving the sounds, not characteristic of the Kazakh language. That’s why, as a result of the transition to the Latin alphabet the sound system of the Kazakh language will approach at most the natural phonetic and ortho-epic principle.
The transition to the Latin alphabet makes the realization of the strategic tasks of the Kazakhstani education possible and provides independent and natural; joining the world educational expanse.
The aim of the research: Theoretical, practical and scientific and methodical substantiation of teaching reading and writing on the basis of the Latin alphabet.
The object of the research: the process of teaching reading and writing.
The subject of the research: methods of teaching reading and writing on the basis of the Latin alphabet.
Tasks of Research:
- carrying out scientific and methodic analysis of the process of rendering literacy on the basis of having existed Arab, Roman and Cyrillic alphabets;
- defining efficient methods of contents and procedure of learning letters in teaching on the basis of Arab, Latin and Cyrillic alphabets;
- creation of the draft Kazakh alphabet on the basis of the Roman alphabet with scientific analysis of having existed and foreign alphabets, and draft alphabets of domestic scientists;
- recommendation of visual teaching aids, system of tasks for training and self-training on the basis of the Roman alphabet;
- justification of the method of teaching through the Roman alphabet, confirmation of its efficiency in practice.
Scientific Justification of Research: Subject to methodological investigation of the history of education, efficient use of experience of methodists-scientists in creation of, in accordance with requirements of the modern epoch of informatics, the manual on the basis of the Roman alphabet, new possibilities for achievement of the world educational level at preservation of our national values, decrease of academic load at the initial stage of training, and raising quality of education will appear, as necessity of rendering literacy on the basis of the Roman alphabet have arisen in our dynamic information and communication epoch.
Basic Idea of Research: Necessity of scientific justification of the ABC book and method of teaching on the basis of the Roman alphabet in training pupils of primary classes as competitive persons in conditions of the century of information.
The methodological basis of the research: the scientific propositions in philosopthical, linguistic, pedagogical, psychological, methodological literature; laws and documents about the state language and the development of the languages; scientific and methodical works on the issues of teaching reading and writing; the experience of the scientists – the compilers of the text-books of different years; the alphabet and textbooks on teaching reading and writing of the states passing to the Latin alphabet; the teaching methodical complex of teaching reading and writing; published materials on the transition to the Latin alphabet; the multi-year experience of the author at the primary school.
The scientific novelty and theoretical significance of the research:
- there were revealed the effective methods of teaching reading and writing on the basis of having existed Arab, Roman and Cyrillic alphabets;
- the basis of the Arabic alphabet, the Latin alphabet, the Cyrillic alphabet;
- there was developed the project of the Kazakh alphabet on the Latin alphabet of foreign countries and the study of the projects of the alphabets of domestic scientists;
- there was developed the project of the test teaching aid and the system of exercises, intended for teaching reading and writing in primary classes an independent study on the basis of the suggested project of the alphabet;
- there were substantiated and improved the basics of the methods of teaching reading and writing on the basis of the Latin alphabet; the effectiveness of the introduction of the Latin alphabet was approved in the form of the experiment.
Theoretical significance of the research.
Nowadays pedagogical and methodical ideas from the history of teaching reading and writing serve the basis of methods of teaching reading and writing. In the research there were improved and added the theoretical and methodical bases of teaching reading and writing at the primary school.
Practical significance of the research:
With the aim to provide the educational process of pedagogical specialties of higher educational establishments and colleges and also for the independent study there was suggested the following test teaching aid:
1) Prtoject of the Kazakh alphabet based on the Latin alphabet
2) LATIN-QAZAQ ALIPPESI. (Test teaching aid). – Astana, 2009. – 194 p. (Certificate about the state registration of the object of the intellectual property No.033. February, 2009)
Provisions submitted for defense:
- Scientific and methodological analysis of ABC books on the basis of having existed Arab, Roman and Cyrillic alphabets;
- Efficient methods of contents and procedure of teaching letters in educational process;
- scientific draft Kazakh alphabet on the basis of the Roman alphabet created by way of examination of having existed alphabets, foreign alphabets, and draft alphabets of domestic scientists;
- visual teaching aids and system of tasks for teaching for the purposes of defining efficiency of the suggested draft alphabet;
- efficiency of scientific and methodological basis of teaching through the Roman alphabet.
The proof and introduction of the research:
The basic propositions of the dissertation research were approved at the international (Astana, 2007; Almaty, 2008; Almaty 2008; Astana, 2009), Republican (Astana, 2006; Zhezkazgan, 2007; Astana, 2008; Astana, 2008), scientific practical conferences; in scientific, scientific pedagogical, scientific methodical journals, which are included in the List of the Committee on Control and Attestation in the sphere of education and science of the Ministry of Education and Science of RK («Ізденіс» – Almaty, 2007. – No. 1; «Ізденіс». – Almaty, 2008. – No. 4; «Хабаршы ЕАГИ». – Astana, 2008. – No. 4; «Ұлт тағлымы». Almaty, 2008. –No. 4; «Хабаршы Кар ГУ». – Karagandy, 2009. – No. 1; «Қазақстан кәсіпкері». – Almaty, 2009. – No. 1/68).
Field of application: the materials of the dissertation research may be used as an additional teaching aid for the students of pedagogical colleges, pedagogical, philological specialties of higher educational establishments, the students studying for the degree of a Master of Arts, the teachers of secondary schools, the teachers of higher educational establishments in the programmes of improving the qualification.
The perspective. The dissertation research can serve the basis of the textbooks on teaching reading and writing during the transition to the Latin alphabet, developing and improving the theoretical basics of the methods of teaching.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 |


