Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканы әртараптандыру және тұрғындардың жұмысбастылығын жоғарылату факторлары сияқты агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

ішкі нарықтың азық-түлікке тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығының сапалы өнімін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

аграрлық саланың экспорттық әлеуетін ұлғайту;

прогрессивтік технологиялардың (ылғал сақтаушы технологиялар) көмегімен өңделетін бидай дақылдарының аумағын 100%-ға дейін ұлғайту;

ЖӨӨ-де өнеркәсіп үлесін 2016 жылы 30,1%-ға дейін ұлғайту;

ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2016 жылы 10,7%-ға дейін ұлғайту;

облыс тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтуды жоғарылатумен қамтамасыз ету есебінен еңбек ресурстарының сапасын жақсарту.

Әкімнің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкімімен бекітілген Қостанай облысының аумағын дамытудың жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспармен қарастырылған іс-шараларды іске асыру үрдісі орта мерзімдік келешекте мақсатқа қол жеткізудің негізгі тетігі болады.

Сол сияқты қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруға отандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасауға бағытталған тиімді сауда саясаты және алақол бәсекелестікті жою ықпал ететін болады. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту және жоғарылату үшін, облыс кәсіпорындарына инвестициялар тарту үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру тұғырнама болады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

жылдары орташа есеппен нақты ЖӨӨ жылына 6,8% өсуі болжамдалып отыр.

2016 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемін 751,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2011 жылғыдан 32,9% артық, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда – 414 млрд. теңгеге дейін немесе 10,6% артық, өңдеу өнеркәсібінде – 267,2 млрд. теңгеге дейін немесе 84,7 % артық.

Жоспарланып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық өсімі 8,1% құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюына тау-кен (9,1%) және өңдеу өнеркәсібі (8,5%) салаларының өсуі әсерін тигізеді.

жылдары металл кендерін өндіруде орташа жылдық өсім 1,5%, азық-түлік өнімдерін өндіру – 4,8%, сусындар – 4,4%, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 10%, металлургия өндірісінің өнімдері – 19,9%, машина жасау – 22,1% құрайды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі жыл сайын өсетін болады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімдері 2011 жылмен салыстырғанда 32,9%-ға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 17,8%-ға, мал шаруашылығы 47,9%-ға ұлғаяды.

Жоспарланған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты орташа жылдық өсу қарқыны 104,5% құрайды.

жылдарға арналған өсімдік шаруашылығын әртатаптандыруды ескеріп, майлы, көкөніс және жарма дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.

2016 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 12,4%-ға, сүт – 8,3%-ға, жұмыртқа – 1,5 есе ұлғаяды.

жылдарға көзделген жол-жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты – облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту және облыс жолдарында тоқтаусыз және апатсыз жүруді қамтамасыз ету.

Болжамдалып отырған кезеңде облыстың елді мекендері автобус қатынастарымен мейлінше қамтамасыз ету, сондай-ақ автобустық паркті кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр.

Жоспарланған кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

2016 жылға қарай 2011 жылмен салыстырғанда көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 45,9% өседі және 400,9 млн. тоннаны құрайды.

жылдары көлік қызметтерінің нақты көлем индексі орташа есеппен жылына 107,8% құрайды.

Болжамдалып отырған байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі орташа есеппен жылына 107,4% құрайды.

2016 жылға қарай құрылыс жұмыстарының көлемі 55,1 млрд. теңгеге жетеді. жылдары құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі орташа есеппен жылына 101,6% құрайды.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2016 жылға қарай 178,5 млрд. теңгеге жетеді, бұл 2011 жылғыға қарағанда 1,5 есе артық, көтерме сауда айналымы тиісінше 460,2 млрд. теңгеге жетеді және 1,4 есе ұлғаяды.

жылдары бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлем индексі орташа есеппен жылына 108,7%, көтерме – 107% құрайды.

жылдары жоспарланған дәлізде жылдық инфляцияның деңгейін 6,0-8,0 % ұстау макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі (өткен жылдың желтоқсанына қарағанда желтоқсан).

Өз өндірісін және көрші елдерден және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен импортты ұлғайту жолымен ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыруға, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі тәжірибені жалғастыруға, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік базарларын және сауда инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру болады.

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын және болжамдалып отырған мерзімде жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды іске асыру облыс жұмыссыздарының санын төмендету қарқынын жыл сайын 0,2%-ға дейін қысқартуды қамтамасыз етеді.

Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 2016 жылға қарай 0,5 адамға, жұмыспен қамтылғандар – 0,5%-ға немесе 2,8 мың адамға, жалдамалы қызметкерлер – 0,9%-ға немесе 2,5 мың адамға өседі.

Жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын және Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты қысқарады. жылдары индустрия саласында ҮИИДМБ іске асыру барысында 3,1 мың жаңа жұмыс орындарын пайдалануға беру қарастырылды.

4. Бюджеттік параметрлердің болжамы

4.1 Салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

Өткен жылдары бюджеттік жоспарлауды айқын вертикальды мемлекеттік жоспарлауға сәйкес жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс басталды: мемлекеттік мақсаттары – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет.

2011 жылы облыс азаматтарының тіршілік деңгейін жоғарылатуға және жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған әлеуметтік проблемаларды шешу саласында бұрын қабылданған шараларды іске асыру жалғасуда.

Алдағы орта мерзімдік кезеңде бюджеттік саясат экономикаға, бюджеттің баланстығын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетін оңтайлы шаралар мен бюджеттік қаражаттар көлемін анықтауда қалыптасатын болады.

Сондай-ақ, бюджеттің ағымдағы шығындарының өсуін тежеу, басталғандарын аяқтау және жаңа жобаларды, оның ішінде әртүрлі бағыттар бойынша жобалардың көбісін қаржыландыруға қабылдауға байланысты іске асырудың созылуына жол бермеу арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруды реттеу көзделіп отыр.

жылдары облысты дамытудың негізгі басымдықтары болып:

тұрғын үй құрылысын дамыту;

кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес;

индустриялдық-инновациялық дамыту;

көлік инфрақұрылымын дамыту;

облысты сумен, электрмен, энергиямен, жылумен жабдықтау белгіленді.

Алдағы үш жылдық мерзімде бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруды, соңғы, өлшенген, қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджеттік процестердегі барлық қатысушылардың тұрақты қызығушылығын және ынталарын қамтитын өткізіліп жатқан әкімшілік реформалардың іс-шараларын бағыттау жоспарланып отыр.

Әкімшілерге бюджеттен белгілі нәтижелерге бөлінген қаржы ресурстарын бөлуде және пайдалануда тәуелсіздік және осы нәтижелерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту берілетін болады.

Бюджетті жоспарлау және орындау бюджеттік қаражаттарды бағыттау және пайдалану нәтижелері туралы толық ақпаратпен бірге жүзеге асырылатын болады, оның негізінде бюджеттік саясатты өзгерту туралы шешім қабылданатын, ал мемлекеттік органдар – өз функцияларын сапалы орындағаны үшін жауапты болады.

Бюджетті орындау және жоспарлау үдерісін жетілдіру жөніндегі шаралар мынадай қағидаттарда негізделген:

республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілетті тұрақты өсуінің стратегиялық, орта мерзімдік мақсаттарымен, міндеттерімен үйлесімділік;

республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілетті тұрақты өсуінің стратегиялық, орта мерзімдік міндеттерінің индикаторларына сай соңғы нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;

мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастыру объективтігіне қол жеткізу;

бюджетті әзірлеу және орындау жөніндегі үдерістерді шоғырландыру;

мемлекеттік орган ішіндегі, олардың арасындағы бюджетті орындау үдерістерінде қайталанатын іс-әрекеттерді алып тастау;

ақпараттық жүйелерді оңтайлы пайдалана отырып, бюджетті жоспарлау және орындау кезеңдерінде еңбек өнімділігін арттыру.

Ахуалға байланысты бюджеттік саясатты түзететін, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен түзететін шаралар шұғыл түрде және икемді қабылданады.

Инвестициялық жобалардың қымбаттау проблемасы экономикалық сараптауды өткізу кезеңінде бір мезгілде анықталатын болады, бұл жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік қаражаттарды тиімсіз жұмсауды қысқарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Орта мерзімдік кезеңде өткізілетін шығыстардың саясаты бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдалана отырып, атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларымен қарастырылған ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен шығыстардың нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталатын болады.

Осы мақсатпен 2011 жылы тиімділік және нәтижелілік индикаторларға негізделген бюджетті құрастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ қадағаланатын салаларда стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесін, тікелей, түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді (қол жеткізбеуді) талдауды белгілеуге мүмкіндік беретін облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесі енгізілуде.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі, олар алкогольдік өнімді өндіретін кәсіпорындардан түсімдердің ұлғаюына апарады. Спирт бойынша акциздердің мөлшерлемелері 10%-ға, араққа 25%-ға, виноларға 75%-ға, сыраға 4%-ға өседі.

Алкоголь өнімдеріне арналған акциздер бойынша мөлшерлемелерді ұлғайту өндірістік секторға салық жүктемесін ұлғайтусыз бюджетке түсетін түсімдердің өсуін қамтамасыз етеді, өйткені акциздер жанама салықтарға жатады.

Қостанай облысының 2012 – 2016 жылдарға арналған бюджет кірістері Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескеріп, орта мерзімдік кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдық параметрлерінің негізінде белгіленді.

Кірістердің есебінде: шаруашылық субъектілерінің еңбек ақы қорын жалпы ішкі өнімнің өсіміне пропорционалды ұлғайту, 1.07.2011 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға жоғарылату, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға байланысты жаңа жұмыс орындарын құру, 2012 жылы алкогольдік өнімге арналған акциздердің мөлшерлемесін ұлғайту.

Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжамның үлес салмағы бюджетте жылдары орташа есеппен 63% құрайды. 2013 жылы көрсетілген салық түсімдерінің өсуі 7,1% құрайды.

Кірістердің өсуі сол сияқты салық заңнамасын жетілдіру, салық әкімшілігін жақсарту есебінен қамтамасыз етіледі.

Қостанай облысының жылдарға арналған бюджеті кірістерінің болжамы кестеде көрсетілген.

Қостанай облысының жылдарға арналған жергілікті бюджетке кірістер түсімдерінің болжамы.

млн. теңге

Атауы

2011 жыл бағалау

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

болжам

Салықтық, салықтық емес түсімдер және капиталмен операциялардан түсетін кірістер

36481

38533,6

41105,7

42599,5

Салықтық түсімдер

34551

37757,9

40279,3

41874

Жеке табыс салығы

12331,9

13375

14369,1

15442

Әлеуметтік салық

9534,9

10436,5

11137,5

11742,6

Мүлік салығы

2727,6

2969,8

3177,7

3474,7

Жер салығы

331,9

373,6

373,6

371,6

Көлік құралдарына салынатын салық

1138,2

1377,9

1474,4

1671,3

Бірыңғай жер салығы

109,6

122,3

122,3

122,5

Акциздер

1569,9

1585,4

1650,8

1649,1

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін кірістер

6175,2

6807,3

7214,1

6516,5

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар

317,5

322,1

344,6

493,3

Ойын бизнесіне салынатын салық

45,1

48,3

51,7

0

Мемлекеттік баж салығы

269,2

339,7

363,5

390,4

Салықтық емес түсімдер

592,4

327,2

346,6

338,5

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері

23

28,2

30,2

7,9

Мемлекеттің меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер

0,2

0

0

0,1

Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті жалдаудан түскен кірістер

139,4

175,2

187,4

204,7

Депозитте уақытша бос бюджеттік қалдықтарды орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер)

1,2

0

0

0

Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)

8,2

5,1

1,9

0

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер

11,4

12,6

13,5

5,9

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін түсімдер

16,3

0,3

0,3

21,6

Әкімшілік айыппұлдар

315

0

0

0

Басқа да салықтық емес түсімдер

77,7

105,8

113,3

98,4

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1337,6

448,5

479,8

386,9

жылдары жергілікті бюджетке төлемдерді ұлғайтуға қарамастан бюджеттер деңгейлерінің арасындағы түсімдерді бөлудің қолданыстағы тәртібімен облыс алдағы орта мерзімдік кезеңге субвенциялық болып қалады, өйткені салықтық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жиынының 65% республикалық бюджетке аударылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3