Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Әкімдіктің

2011 жылғы 30 қырқүйектегі

398 қаулысымен

мақұлданды

Қостанай облысының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Кіріспе

Қостанай облысының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Болжам) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 000 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Болжам Қазақстан Республикасының макроэкономикалық даму көрсеткіштері болжамының негізінде есептелді және:

облыстың экономикалық даму беталысын;

облыс экономикасын дамыту факторлары мен жағдайларын;

нысаналы индикаторларды және бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрлерінің негізгі көрсеткіштерін қамтиды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Болжам бес жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттен, үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

1. Облыстың экономикалық даму беталысы

1жылғы облыстың экономикалық даму беталысы

Экономикалық өсу

2010 жылға қойылған негізгі міндет – қызметтің барлық саласында дамудың оң серпінін сақтау орындалды.

2010 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) 860,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғыдан 18,9% артық, ЖӨӨ нақты өсімі 2% құрады. Тұрғындардың жан басына шаққанда 975 мың теңгеден немесе 6,5 мың АҚШ долларынан келеді.

Өткен жылы 450,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,6%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда – 115,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 103,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны конденсациялауда – 100,2%, сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 98,6% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі негізінен тау-кен өнеркәсібі есебінен қамтамасыз етілді. Оның үлесі 62,1% құрады және 2009 жылғымен салыстырғанда 12,1%-ға ұлғайды, өңдеу өнеркәсібі – керісінше, 10%-ға азайды және 29,1% құрады.

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ) шеңберінде Индустрияландыру картасының шеңберінде 2010 жылы облыста жалпы құны 16,8 млрд. теңге тұратын 10 жоба пайдалануға берілді, 1053 жұмыс орны құрылды.

Барлық 10 жобаны пайдалануға беру мемлекеттік және қабылдау комиссияларының актілерімен белгіленген мерзімдерде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделді.

Кәсіпорындар енгізілген барлық объектілер бойынша жобалық қуаттылыққа шығу жөніндегі жұмысты жүргізуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін (қызметтерді) жалпы өндіру 213,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 2009 жылғыға қарағанда 80,8%, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімдері – 97,1 млрд. теңгені, НКИ – 66,4%, мал шаруашылығы – 115,8 млрд. теңгені, НКИ – 100,9% құрады.

2010 жылғы астық өте қолайсыз жағдайларда өсірілді. Құрғақшылықтың өте қауіпті салдарларына ылғал сақтаушы технологияларды енгізудің және машина-тракторлық паркті жаңашаландырудың арқасында жол берілмеді. Бидай дақылдарын жинау 3 млн. тоннаны немесе гектар түсімділігі 7,3 центнерден айналғанда республикалық көлемнің төрттен бір бөлігін құрады. Аталған көлем облыстың ішкі қажеттілігін жаңа егінге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, экспорттық бидай әлеуеті 1706,8 мың тоннаны құрады.

Мал шаруашылығы саласында 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мал мен құстың санының өсуі орташа есеппен 5,4%, өнім өндіру – 4,2% құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін серпінді дамытуға көрсетілген мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әсер етті. Агро өнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемдері жыл сайын өсуде. 2010 жылы 8436 млн. теңге, оның ішінде субсидиялар – 5308,3 млн. теңге мөлшерінде бөлінді.

2010 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және ұстауға, қалалар мен елді мекендердің көшелеріне 11416,4 млн. теңге (2009 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға артық), оның ішінде: республикалық бюджеттен – 1774,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 9642 млн. теңге бағытталды.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің ұлғаюы көлік қызметтерінің өсуіне себеп болды. 2009 жылға қарағанда – жүк тасымалдау бойынша 22%-ға, жолаушылар тасымалдау бойынша – 8,7%-ға өсім байқалады.

Байланыс кәсіпорындары 7,4 млрд. теңгеге қызметтер көрсетілді, бұл 2009 жылғыға қарағанда 3,3% артық, олардың ішінен: қалааралық телефон байланысы қызметтері – 2,8 млрд. теңгені, жергілікті телефон байланысы – 1,8 млрд. теңгені, Интернет – 1,9 млрд. теңгені құрайды.

Құрылыста жоғары қарқынға қол жеткізілді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 49,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғыға қарағанда 25,8% артық.

Соңғы кезде ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалып отыр: тұрғындарға сату көлемдерінің ұлғаюы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін жүзеге асыратын сауда желілерінің инфрақұрылымын, сауда объектілерін дамыту.

2010 жылы бөлшек сауда айналымында айтарлықтай өсімге қол жеткізілді (2009 жылға қарағанда 28,1%-ға), көтерме сауда айналымы 7,1%-ға ұлғайтылды.

Инфляциялық үдерістер

2010 жылдың желтоқсандағы 2009 жылғы желтоқсанға қарағанда облыста тұтыну бағаларының индексі 107,4% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,4%-ға төмен (республика бойынша – 107,8%) және жоспарланған шектерден асқан жоқ.

Инфляция серпіні 2010 жылы азық-түлік тауарлары бағаларының озық өсімінің әсерімен қалыптасты. Өсудің негізгі себептері жеміс-көкөніс өнімдерінің (бағалар өндірістің мерзімдік сипаттамасына және ұсынысқа байланысты қалыптасты), сүт өнімдерінің, ет пен ет өнімдерінің (сатып алу бағасының ұлғаюы салдарынан) қымбаттауы болды.

Бюджет

2010 жылы экономика салаларында іскерлік белсенділіктің өсуіне байланысты бюджеттік жүйе кірістерінің ұлғайғаны байқалды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2010 жылы 95,6 млрд. теңге сомасында немесе болжамға қарағанда 111,1%-ға атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда кірістер 27,3 млрд. теңгеге немесе 40%-ға жоғарылады.

Жұмыспен қамту

2011 жылдың 1 қаңтарына дейін 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда облыс тұрғындарының саны 1,9 мың адамға немесе 0,2%-ға қысқарды. Көші-қон үдерістері есебінен тұрғындардың саны 4 мың адамға қысқарды. Ішкі көшіп-қону басым болды. Өңіраралық көшіп-қону сальдосы 3 мың адамды, сыртқы – 1 мың адамды құрады. Облыстың көшіп кеткен тұрғындарының арасында 77,4%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Нәтижесінде облыста экономикалық белсенді тұрғындар санының азаюы жалғасып отыр. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді тұрғындар 0,3%-ға (1,5 мың адамға) қысқарды.

Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын, Жол картасының инвестициялық бағыттарын іске асыру тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыссыздықтың деңгейіне және санына оң әсерін тигізді.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар 0,4%-ға (2,1 мың адамға), жалдамалы қызметкерлер – 0,2%-ға (0,6 мың адамға) ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы 6,3%-дан – 2010 жылы 5,7%-ға дейін қысқарды. Жұмыссыздардың саны 3,6 адамға (2009 жылғы 34,5-дан – 2010 жылы 30,9 адамға дейін) немесе 10,4%-ға қысқарды.

2010 жылы 18,8 мың жұмыс орны, оның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде – 12,8 мың жұмыс орны, Жол картасы бойынша – 6 мың жұмыс орны ашылды.

Негізгі капиталға инвестициялар

2010 жылы негізгі капиталға инвестициялардың 2009 жылға қарағанда машина, жабдықтар, құралдар, жиһаздар сатып алуға арналған инвестициялар көлемінің 18,8% қысқаруы есебінен 6,8%-ға төмендегені байқалып отыр. Шаруашылық субъектілерінің негізгі капиталға өз қаражаттарын салуы 2,9%-ға ұлғайды, бұл олардың үлес салмағының инвестициялардың жалпы көлемінде 70%-дан 72,9%-ға ұлғаюына алып келді. Мемлекеттік бюджеттен алынған инвестициялардың үлес салмағы 2009 жылғы 16,4%-дан 2010 жылғы 22%-ға дейін өсті, заем қаражаттарының үлесі 2,7 есе азайды және 5,2% құрады.

1жылғы облыстың экономикалық даму беталысы

2011 жылдың басынан бастап облыс экономикасында оң серпін байқалып отыр.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындылары бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2%, негізгі капиталға инвестициялар 7,5%-ға, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3,9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 1,8%-ға, бөлшек сауда тауар айналымы 14,9%-ға өсті.

Ағымдағы жылы 2010 жылдың құрғақ жазына және жылдардағы мал қыстатудың қиындығына байланысты сиыр басының азаюы байқалып отыр, бұл сүт өндірудің азаюына алып келді. 8 айдың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін (қызметтер) жалпы өндіру индексі 97%, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімдері – 82,3%, мал шаруашылығы – 99,7% құрады.

Болжам бойынша 2011 жылы экономиканың барлық салаларында оң даму серпіні күтіліп отыр.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 565,7 млрд. теңгені, НКИ – 2010 жылға қарағанда 102,5%, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде – 373,8 млрд. теңгені, НКИ – 103%; өңдеу өнеркәсібінде – 144,7 млрд. теңгені, НКИ – 102% құрайды.

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2011 жылы Индустрияландыру картасының шеңберінде 1186 жаңа жұмыс орындарын ашып, жалпы құны 24,2 млрд. теңге тұратын 25 объектіні пайдалануға беру жоспарланды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару 252,5 млрд. теңге, НКИ 2010 жылға қарағанда – 115,6% көлемінде күтілуде.

Бағалау бойынша ет өндірісі 1,7%-ға, сүт – 0,7%-ға, жұмыртқа – 7,2%-ға өседі.

Ағымдағы жылы бидай дақылдарының түсімділігі және бидайдың жалпы жиыны жылдардағы орташа көпжылдық деректерден айтарлықтай асып түсті. Дәнді дақылдар 5585,2 мың тонна көлемінде күтілуде, бұл өткен жылғыдан 2 есе артық.

2011 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 7,3 млрд. теңге көлемінде субсидиялар бөлінді.

2011 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге, ұстауға және көгалдандыруға 13932,5 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 5527,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 8405,2 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту көлік қызметінің өсуіне себеп болады.

Бағалау бойынша көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2010 жылмен салыстырғанда 8%-ға, байланыс қызметтерінің көлемі – 6%-ға ұлғаяды.

Құрылыс саласында орындалған жұмыс көлемін 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2%-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Бөлшек сауда көлемінің 14,2%-ға, көтерме сауданың – 12%-ға өсуі күтілуде.

2011 жылдың аяғына инфляция 6-8% деңгейде бағаланатын болады.

Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы болжамдар бойынша 5,6% құрайды.

2011 жылы дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде 8,3 мың жұмыс орнын ашу, 1 мың әлеуметтік жұмыс орнын ашу, 0,4 мың адам кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.

2. 20122016 жылдарда экономиканы дамытудың факторлары мен жағдайлары

Әлемдік экономиканы жандандыру және экспорттық өнімге деген сыртқы сұранымның жоғарылауына орай өнеркәсіп өндірісінің көлемдері өсетін болады.

Ішкі сұранымға бағытталған шикізат емес салаларды дамытуда, ең бастысы өңдеу өнеркәсібінің (азық-түлік өнімдерінің өндірісі) рөлі жоғарылайды және өсімі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыста Индустрияландыру картасына енгізілген басым инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

жылдарға арналған Индустрияландыру картасының өзектілігін ескеріп, Қостанай облысы бойынша 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, сомалық құны 212,3 млрд. теңгелік 40 объектіні іске асыру көзделіп отыр.

жылы сыртқы даму жағдайының әсерін ескеріп ауыл шаруашылығы өндірісі мынадай факторлардың ықпал етуімен дамитын болады:

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсіміне себеп болатын жерді өңдеудің осы заманғы технологиялары мен прогрессивтік әдістерін өндіріске енгізу жөніндегі жүйелік жұмыс;

ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымы құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды мал өнімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;

шаруашылық субъектілерінің ветеринарлық-санитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету;

қайта өңдеу кәсіпорындарын айналымдағы қаражаттарды толықтырумен қатар техникалық және технологиялық жабдықтау үшін алынған кредиттік ресурстар сыйақысының мөлшерін субсидиялау жөніндегі бюджеттік бағдарламалармен барынша қамту үшін жағдайлар жасау;

қайта өңдеуші кәсіпорындарды менеджмент және азықтық өнімдердің қауіпсіздігі саласында халықаралық стандарттарға жедел ауыстыру жөніндегі жұмысты белсендіру;

ауыл шаруашылығы техникаларын және технологиялық жабдықтарды лизингке беруге жыл сайынғы мемлекеттік қаржы заемдарын ұлғайту;

қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау, қатысты қымбат емес займдарға қол жеткізу, басталған ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді фазасына кіру.

Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын тежейтін шарттар: өсімдік шаруашылығының негізгі өнімі – бидайдың бағасын төмендету; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін алыс және таяу шетелдерде қымбат тұратын жоғары өндірістік техниканы сатып алуға мәжбүрлейтін меншікті машина жасау базасының жеткіліксіздігі.

3. жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары және болжамы

3.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 000 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында, жылдарға арналған Қостанай облысының аумағын дамыту бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 23 маусымдағы 699 қаулысымен мақұлданған жылдары экономиканың жетi пайыздық өсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарына, облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 000 шешімімен бекітілген Қостанай облысының аумағын дамытудың жылдарға арналған бағдарламасына қол жеткізуге бағытталатын болады.

2016 жылы 2011 жылға қарағанда нақты ЖӨӨ 48,9%-ға ұлғаяды.

Тұрғындардың жан басына шаққанда ЖӨӨ 2016 жылы 1466 мың теңгеге дейін немесе 9,8 мың АҚШ долларына дейін жеткізіледі, бұл 2010 жылғыға қарағанда 1,5 есе артық.

Жоспарланған кезеңде инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде 6-8% болады.

жылдары жұмыссыздық деңгейін 5,2%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Қостанай облысының аумағын дамытудың жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес болжанып отырған кезеңде облысты дамытудың басты стратегиялық мақсаты тұрақты сату нарықтарымен ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру болып табылады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың аса қажетті нәтижесі тұрғындар әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетті, спортта, көлік инфрақұрылымында және қолайлы тұрғын үйде тіршілік сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін серпінді дамитын, балансталған және бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады.

Экономикалық саясат шеңберінде мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай негізгі міндеттер шешілетін болады:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3