Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Облыс бюджетінің кіріс бөлігінің өсуі 2012 жылы 5,6%, 2013 жылы 6,6%, 2014 жылы 3,6% құрайды және әлеуметтік және жеке табыс салықтары бойынша салық салу базасының өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Облыс бюджетінің кіріс бөлігінде маңызды резервтер бар.
Салық кодексінің 495-бабының 9-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар осы баппен бекітілген мөлшерлемелерді жылына екі рет жоғарылатуға құқығы бар. 2011 жылдан бастап жоғарыда айтылған бапқа сәйкес 100%-ға ұлғайтылған күл және күл-қоқыс қалдықтары бойынша мөлшерлемелерді қоспағанда 50%-ға ұлғайтылған мөлшерлемелер қолданылатын болады.
2012 жылы салықтық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша облыстық бюджеттің кірістері 5935,4 млн. теңге сомасында қалыптастырылатын болады, осы сомадағы айтарлықтай үлес салмақты қоршаған ортаға эмиссиялар үшін түсімдер 97,4% немесе 5 785 млн. теңгені құрайды.
Қостанай облысының жылдарға арналған
бюджетіне кірістер түсімдерінің болжамы.
млн. теңге
Атау | 2011 жыл бағалау | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014жыл |
болжам | ||||
Салықтық, салықтық емес түсімдер және капиталмен операциялардан түсетін кірістер | 5626,4 | 5935,4 | 6342,5 | 5595,1 |
Салықтық түсімдер | 5258,1 | 5860,5 | 6265,9 | 5514,9 |
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін кірістер | 5258,1 | 5860,5 | 6265,9 | 5514,9 |
Салықтық емес түсімдер | 367,4 | 70,9 | 72,3 | 75,6 |
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері | 6,6 | 0,7 | 0,8 | 0,8 |
Мемлекеттің меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер | 0,2 | 0,2 | 0,2 | 0,3 |
Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті жалдаудан түскен кірістер | 45,0 | 48,2 | 51,6 | 55,2 |
Депозитте уақытша бос бюджеттік қалдықтарды орналастырудан алынған сыйақылар (мүдделер) | 1,2 | 0 | 0 | 0 |
Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 8,2 | 5,1 | 1,9 | 0,4 |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер | 6,3 | 4,7 | 5,0 | 5,3 |
Әкімшілік айыппұлдар | 292,3 | 1,6 | 1,7 | 1,8 |
Басқа да салықтық емес түсімдер | 7,6 | 0 | 0 | 0 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0,9 | 4,0 | 4,3 | 4,6 |
4.3. Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттердің болжамдары
Облыс бюджеттік саясатының негізгі бағыты бюджетке шығыс жүктемесінің түсуі болып табылады.
Даму бюджетін іске асыру тәсілдері қайта қаралды, бұл инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды қысқартуға және мемлекеттік ұйымдардың жарғы капиталдарын ұлғайтуға себеп болды.
Облыс бюджетінің өз кірістерін және республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттердің пысықталған көлемін ескере отырып, жоспарланған кезеңде қарқыны үш жылдық кезеңге орташа есеппен 7 %-дан аспайтын шығындардың өсуін бір қалыпта ұстау саясаты жүргізілетін болады. Бұл шығыстардың өсуі ЖІӨ өсу қарқынынан аспайтынын білдіреді.
Бюджеттік саясат барлық алынған міндеттемелерді, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды толық және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырлауға бағытталатын болады.
Осылайша орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталатын болады және шығыстарды жоспарлау барысында негізгі басымдық облыс азаматтарының амандық-саулығы, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау, денсаулықтары және білім беру, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Шығыстардың өсуі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы негізінен Мемлекет басшысының азаматтардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айтылып өткен іс-шараларды іске асыруға байланысты болады.
Алдағы тұрған кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмалардабелгіленген мақсаттар мен міндеттерге бағытталатын болады (қосымша).
Орта мерзімдік кезеңдебюджеттік инвестициялардың басты бағыттары білім беру объектілерін дамыту, халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту, тұрғын үй құрылысы арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту және т. б.
Жоспарланған кезеңде бюджеттік инвестициялар «Әулиекөл ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» МКК, «Арқалық ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» МКК, «Қостанай» Халықаралық әуежайы» АҚ, «Костанайюжэлектросервис»МКК және «Костанайгаз» МКК сияқты заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


