2) шартта белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясы үшiн төлем құжаты төленбеген жағдайда;
3) жылу желiсiне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетiнше қосқанда;
4) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылғанға дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосқанда;
5) жылумен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiнсiз шартпен белгiленген ең жоғары сағаттық жүктемелерден және тұтынудың шарттық режимiнен асып кеткен жағдайда;
6) егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемiнiң кемiнде 30%-ын қайтарса;
7) жылу тұтыну жүйелерiне қызмет көрсету үшiн тиiстi бiлiктiлiктегi қызметшi болмаған жағдайда;
8) Мемэнергияқадағалаудың ұйғарымдарын белгiленген мерзiмдерде орындамаған және энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым берген техникалық шарттардың талаптарын бұзған жағдайда;
9) Мемэнергияқадағалау органдары мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымының өкiлдерiн жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жiбермеген жағдайда;
10) тұтынушы адам өмiрiне қауiп төндiретiн апаттарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қабылдамағанда;
11) жылу тұтынатын қондырғылар мен желiлердiң күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындық актiсiнсiз және сараптамалық ұйымның қорытындысынсыз энергия берушi ұйымды жылу желiсiне қосқан жағдайда;
12) қосалқы тұтынушылар Ереженiң талаптарын бұзғанда оларды ағытып тастау жөнiндегi энергиямен жабдықтаушы ұйымның ұйғарымдарын орындамаған жағдайда.
Бұл ретте энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым:
1), 2), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12) тармақшаларда айтылғандай, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу берудi тоқтатуға немесе шектеуге дейiн кемiнде үш тәулiк уақыт қалғанда тұтынушыларды хабарландыра отырып, толық немесе iшiнара тоқтатуға;
3), 4), 10) тармақшамен - дереу тоқтатуға құқылы.
36. Жабдықтарды жөндеу мен жаңа тұтынушыларды қосу жөнiндегi жоспарлы жұмыстарды жүргiзу үшiн резервтiк қорек болмаған кезде жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшiн тұтынушыларды ажырату тәртiбi көзделуi тиiс.
37. Тұтынушы желi суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну жүйесiне өз бетiмен қосылған, тұтынушы коммерциялық есептеу аспаптарын бүлдiрген, есептеу торабында орнатылған пломбылар бүлiнген немесе болмаған жағдайда энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым акт жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемiнде екi еселенген мөлшерде қайта есептеу жүргiзiледi.
Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесi үшiн жылыту маусымының басынан бастап осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген жағдайлар байқалған сәтке дейiн жүргiзiледi.
Акт энергиямен жабдықтаушы ұйым өкiлiнiң және тұтынушының немесе оның өкiлiнiң қолы болған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бiрақ энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және/немесе құрамында кемiнде үш адам бар кондоминиумның басқару органының комиссиясы ресiмдеген жағдайда, жарамды болып саналады.
38. Өз торабындағы апаттың алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану үшiн энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым мiндеттi түрде хабардар етумен, энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшiн қайта есептеумен, тұтынушының жылу тұтыну жүйесiн уақытша ажыратуға құқылы.
9. Тұтынушыларға жiберiлетiн будағы жылу
энергиясының мөлшерiн анықтау
39. Тұтынушыға жiберiлген жылу энергиясының мөлшерi жылу желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлi шекарасында есептеледi. Желiлердiң бөлiну шекарасынан кейiнгi жылу энергиясының барлық шығындары, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, тұтынушыға жатқызылады.
40. Тұтынушыға келiп түсетiн будағы жылу энергиясының мөлшерi бу мөлшерiн оның жылу ұстауына көбейтiндiсi ретiнде анықталады.
41. Қайтарылатын конденсат үшiн тұтынушыға төлем мөлшерi оның жылу ұстауын ескеру арқылы шартпен белгiленедi.
42. Жылумен жабдықтауға арналған шарттарда жылу тасымалдағыштың әрбiр параметрi бойынша ең көп сағаттық жүктеме, сондай-ақ тұтынушыға жылу энергиясын жiберудiң жалпы көлемi белгiленедi.
43. Тұтынушыға шартпен көзделген өткiр, кемiтiлген немесе iрiктелген бу жiберiлген кезде тұтынушымен есеп айырысу тұтынушы шын мәнiнде алған бу үшiн белгiленген тариф бойынша жүргiзiледi.
44. Жылу энергиясын тұтыну режимiнiң ауытқуы шарттық шамадан
+_ 10 %-дан аспауы тиiс.
Жылу энергиясын тұтыну шарттық шамадан +_ұ10 %-дан аса
ауытқыған жағдайда экономикалық санкциялар шарт ережелерiне сәйкес
қолданылады.
10. Тұтынушыларға жiберiлетiн ыстық судағы жылу
энергиясының мөлшерiн анықтау
45. Тұтынушыға жiберiлген жылу энергиясының мөлшерi жылу желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлi шекарасында есептеледi. Желiлердiң бөлiну шекарасынан кейiнгi жылу энергиясының барлық шығындары, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, тұтынушыға жатқызылады.
46. Тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын коммерциялық есепке алу аспаптарынсыз қосқан жағдайда жылумен жабдықтаушы ұйыммен жiберiлетiн жылу энергиясының көлемi нормативтiк-техникалық құжаттамамен белгiленген тәртiппен анықталады.
47. Берiлетiн жылу жеткiзгiштiң температурасын шартта қабылданған температуралық кестеге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым бередi.
48. Энергиямен жабдықтаушы ұйым ыстық суда жылу энергиясын пайдалану және температуралық режимдi сақтау кезiнде тұтынушы кейiн қайтатын желiлiк суды кесте бойынша оның мәнiнен аспайтын температурамен қайтарады. Есепке алу аспабы жоқ тұтынушыларға шарттық көлемнен артық жiберiлген жылу мөлшерiн есептеу нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргiзiледi.
49. Жiберiлетiн желi суының температурасы көтерiлуi себептi тұтынушыға орташа тәулiктiк кестеге қарсы шарттық көлемнен артық жiберiлген жылу энергиясына, егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы ақы төлемейдi.
50. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесi кезiнде тұтынушы, шарттың ережелерiнде айтылғандай, шығатын судың құнын, оны тазалау және химиялық дайындау бойынша шығындарды төлейдi.
51. Тұтынушының меншiгiндегi жылу желiлерiндегi жылу тасымалдағыштың нормадан артық ысырап болуын энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым анықтайды және кесiмге тұтынушының қатысуымен актiге жазылады. Соңғысының актiге қол қоюдан бас тартуы оны белгiленген тәртiппен ақы төлеуден босатпайды.
52. Тұтынушының жылу желiлерiндегi жылу энергиясының шығыны егер де тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, олар мен қосалқы тұтынушылардың арасында жылу энергиясын тұтыну үлесiне қарай тепе-тең жылу торабының ұзақтығына қарай бөлiнедi.
11. Тұтынушылар қайтаратын конденсаттың
мөлшерiн анықтау
53. Тұтынушылар жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау үшiн бу түрiндегi жылу энергиясын пайдалану кезiнде энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға қайтаруға, ал ол өз кезегiнде конденсаттың кем дегенде 95% (егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе) қайтаруға мiндеттi, ал бу технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылған кезде, конденсатты қайтару шартта белгiленген көлем мен сапада жүзеге асырылады.
54. Тұтынушы қайтаратын конденсат шартта келiсiлген көлем мен сапаға сәйкес болуға тиiс.
12. Төлем құжаттарын ұсыну және ақы төлеу
тәртiбi
55. Тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшiн өтiнiм берiлген шарттық келiсiмнiң, коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткiштерiнiң негiздерiнде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжаттары бойынша, ал олар болмаған жағдайда - нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген тәртiппен есеп айырысу жолымен есеп айырысады.
Есеп айырысудың шарттары мен нысандары жылумен жабдықтауға жасалған шартта белгiленедi.
56. Тұтынылған жылу энергиясы үшiн ақы төлеу белгiленген тәртiппен реттеушi орган бекiтетiн тарифтер бойынша жүргiзiледi.
57. Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартқа сәйкес мерзiмi өткiзiлген ақы төлеу сомасына өсiм тағайындайды. Тағайындалған немесе ерiктi тәртiппен танылған өсiм сомалары акцептiсiз, кейiннен тұтынушының есеп шотына ақша алғашқы түскен кезде ұсталады.
58. Егер тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы үшiн ақы төлемегендiгi үшiн белгiленген тәртiппен ажыратылып тасталса, онда оны қосу қарызды жапқаннан және оны ажырату/қосу жөнiндегi шығындарды өтегеннен кейiн жүргiзiледi.
59. Ақшаны қайта есептеуге алып келген барлық өзгерiстер тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжат берген күнiнен бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
60. Есепке алу тұтынушының кiнәсiнсiз уақытша бұзылған жағдайда жылу энергиясы үшiн есептесу, егер шартта жылу энергиясының өзгеше (сырттағы ауаның нақты температурасын қайта есептей отырып) мөлшерi көзделмесе, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңiнiң орташа тәулiктiк шығыны бойынша жүргiзiледi.
Жылу энергиясының орташа тәулiктiк шығыны бойынша есептесу кезеңi, бұл мерзiм iшiнде есептiк есепке алу толық көлемде қалпына келуi тиiс болатын 15 тәулiктен аспауы тиiс.
Егер есептiк есепке алуды белгiленген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, есептеу тәртiбi мен есепке алуды қалпына келтiру мерзiмдерi тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы келiсiммен белгiленуге тиiс.
13. Келiспеушiлiктердi шешу тәртiбi
61. Жылу энергиясын берудi тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес еместiгi уақыты (күнi, сағаты) туралы белгi қойылып энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның диспетчерлiк қызметi журналында белгiленуi тиiс, кейiннен тиiстi (тиесiлi) сападағы жылу энергиясын берудi жаңғыртудың уақыты (күнi, сағаты) туралы белгi қойылуы керек.
62. Жылу энергиясын беруде үзiлiстер болған немесе жылу энергиясы тиесiлi емес сапада берiлген жағдайда, тұтынушы бұл туралы энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға тiкелей өзi (өтiнiммен) немесе берiлген уақыты, күнi және оны берген және қабылдаған адамның аты-жөнiн мiндеттi түрде көрсете отырып, телефонограммамен хабарлауы тиiс. Телефонограммада тауар сапасының төмендей бастаған (болмаған) уақыты, нашарлау сипаты және энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкiлiнiң қатысу қажеттiгi (егер тауар сапасының нашарлауы немесе оны энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның тоқтатуы журналда тiркелмеген болса) көрсетiледi.
Тұтынушы жеке өзi өтiнiш жасаған жағдайда өтiнiмнiң көшiрмесi болуы тиiс, онда оның түсу сәтiндегi тiркеу нөмiрi, өтiнiмнiң берiлу күнi мен уақыты, оны қабылдаған энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкiлiнiң қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтатылған жағдайда, өтiнiм дереу, параметрлерi нашарлаған жағдайда - ауытқушылық басталған сәттен бастап бiр тәулiктен кешiктiрiлмей берiледi.
Энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым тауар сапасының өтiнiмде (телефонограммада) көрсетiлген нормадан ауытқуы туралы журналдағы белгiлердi, тұтынушыларға оны берудегi үзiлiстердi салыстырады және келiспеушiлiктер болмаған жағдайда оның нақты тұтынылуына сәйкес параметрлердiң есептегiден орта тәулiктiк ауытқуынан шығара отырып тауар құнын қайта есептеудi орындайды.
63. Энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясының берiлмеуiнiң немесе сапасы төмен тауардың (жылу энергиясының) берiлу фактiсiн растаудан бас тартқан жағдайда тұтынушы жазбаша өтiнiш жасауға құқылы, онда:
тауар беруден (ажыратудан) немесе оны сапасыз жеткiзуден бас тарту басталған уақыты;
тауар сапасының нашарлау сипаты;
өтiнiм беру уақыты және оның тiркелу нөмiрi (энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымның журналы бойынша);
жылу энергиясын берудi қалпына келтiру (оның сапасын қалыпқа келтiру) уақыты;
тауардың болмау (сапасының нашарлау) кезеңi көрсетiледi.
Өтiнiшке тұтынушы, тұтынушының жылу шаруашылығы үшiн жауапты адам, екi тәуелсiз куәгер қол қояды және ол энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға жiберiледi. Дау реттелмеген жағдайда тұтынушы Мемэнергияқадағалауға жүгiнуге немесе сотқа талап-арыз беруге құқылы.
64. Жылу энергиясын тұтыну кезiнде тұтынушы жiберген ереже бұзушылықтар екi дана етiлiп энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым өкiлдерi мен тұтынушының екiжақты актiсiмен ресiмделедi, олардың бiреуi тұтынушыға берiледi.
Акт оған тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бiрақ оны құрамы кемiнде үш адамнан тұратын энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы ресiмдеген жағдайда жарамды болып есептеледi.
65. Акт негiзiнде энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым есепке алынбай қалған жылу энергиясының мөлшерiн анықтайды және үстеме төленетiн соманы негiздей отырып тұтынушыға сотқа дейiнгi талабын жiбередi.
Дау тараптардың келiсуiмен реттелмеген жағдайда энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым тұтынушыдан тағылған соманы мәжбүр ету тәртiбiмен өндiрiп алу туралы сотқа талап арыз бередi және белгiленген тәртiппен шарттың орындалуын тоқтатуға құқылы болады.
14. Тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясын
пайдалануы туралы қосымша ережелер
66. Тұрмыстық тұтынушыларды жылумен жабдықтауға байланысты және осы Ережелердiң 14-бөлiмiнде қарастырылмаған мәселелер осы Ережелердiң тиiстi тармақтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
67. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң тиiстi техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгi мен коммерциялық есепке алу аспаптары мен жалпы үйлiк меншiктi құрайтын басқа да заттардың сақталуын қамтамасыз ету тұтынушының уәкiлеттi тұлғасының (кондоминиум объектiсiн басқаруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға) мiндетi болып табылады. Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсатында тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын берудi жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады (Көпшiлiк шарт).
Кондоминиум объектiсiн басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жылу тұтынатын қондырғыларға қызмет көрсетудi дербес немесе шарт бойынша басқа мамандандырылған ұйыммен атқара алады.
Тұтынушы жылу энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша белгiленген тәртiппен бекiтiлген тариф бойынша есеп айырысады. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынылған электр энергиясы үшiн ақы төлеу мөлшерi жергiлiктi атқарушы орган бекiткен нормалар бойынша анықталатын болады.
Үй-жайлар меншiк иелерi кооперативтерiнiң басқаруындағы көп пәтерлi тұрғын үйлердегi тұтынушы мен энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы басқару торабының (Элеватор) кiру ысырмаларының бiрiншi бөлу ернемегi бойынша анықталады.
68. Жылумен жабдықтау жүйесiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыға:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiнсiз пәтерiшiлiк желiлердi, инженерлiк жабдықты және қондырманы қайта жабдықтауға;
2) жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеушi және бекiтушi арматураны орнатуға және бөлшектеуге;
3) жылыту жүйелерiнде жылу тасымалдағышты тiкелей мақсаттан тыс (жылу жүйесiнен және аспаптардан суды ағызу) пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
69. Осы шарт бойынша тұтынушы энергияны тұрмыстық мақсатта пайдаланушы азамат болып шықса, шарт тұтынушының қосылған желiге белгiсiз мерзiмге алғашқы нақты қосылған сәтiнен бастап жасалған деп есептеледi (егер де тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе) және азаматтық заңнамамен көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
70. Пәтерде тұратын адамдар (бiр немесе бiрнешеу) бiр айдан артық мерзiмге уақытша кетiп қалған жағдайда коммерциялық есепке алу аспабы болмаса, тұтынылған ыстық суға бiр адамға есептелетiн ақы олар жоқ кезде алынбайды. Өтiнiш бергенде және 30 күндiк мерзiмде болмағаны жөнiнде растаушы құжатты тапсырғанда (емдеу мекемесiнен немесе жұмыс орнынан анықтама, санаторийге жолдаманың түбiршегi, уақытша тұратын орны бойынша тiркеу туралы анықтама және сол сияқтылар).
71. Коммерциялық есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, тұтынылған ыстық су үшiн бiр адамға есептелетiн ақы нақты тұрып жатқандардың саны бойынша алынады.
72. Жылу энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, энергия берушi ұйым мен кондоминимум объектiсiнiң (тұтынушының) өкiлi жүргiзедi.
73. Коммерциялық есепке алу аспабымен жабдықталмаған пәтерде нақты тұратындардың саны жылумен жабдықтау шартында көрсетiлгенмен сәйкеспеуi байқалған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым ыстық су үшiн ұсынылған төлемдi жыл басынан бастап екi есе мөлшерде қайта есептеуге құқылы.
74. Тұтынушы жылу энергиясын ұрлаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жауапкершiлiк арқалайды.
"Электр энергиясын пайдалану және
Жылу энергиясын пайдалану
ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрiнiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 10 бұйрығымен бекiтiлген
Электр энергиясын пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Электр энергиясын пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын көтерме және бөлшек сауда рыногындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, ережелермен және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдермен реттеледi.
Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен анықтамалар:
1) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке тұлға;
2) электр торабының теңгерiмдiк тиесiлiк шекарасы - электр энергиясы рыногының субъектiлерi арасындағы: энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдар мен тұтынушылар, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы электр торабының теңгерiмдiк тиесiлiлiгi бойынша анықталатын электр торабын бөлу нүктесi;
3) тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы - энергетикалық жабдықтар және/немесе теңгерiмдiк тиесiлiлiгi бойынша немесе шартпен анықталатын және теңгерiмдiк тиесiлiлiгi немесе осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы пайдалану жауапкершiлiгiн шектеудiң тиiстi актiсiмен расталатын ұсталып тұруы, қызмет көрсетiлуi мен техникалық жай-күйi үшiн жауапты шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы торапты бөлу нүктесi;
4) электрмен жабдықтауға арналған шарт - соған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған торап арқылы энергия беруге мiндеттенетiн, ал тұтынушы қабылданған энергияны төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимiн сақтауға, өз иелiгiнде тұрған электрлiк тораптарды пайдалану қауiпсiздiгi мен өздерi пайдаланатын аспаптар мен энергияны тұтынуға байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттенетiн құжат;
5) шарттық қуат - тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiсiлген 1 сағат iшiнде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшерi;
6) электр энергиясының сапасы - электр энергиясының "Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелерiндегi электр энергиясы сапасының нормалары" ГОСТ қолданыстағы Мемлекетаралық стандартпен белгiленген нормаларына сәйкестiк дәрежесi;
7) электр энергетикасының объектiсi - электр энергиясын өндiруге, түрлендiруге, беруге, таратуға және тұтынуға арналған электр станциясы, шағын станция, электр беру желiсi;
8) электр энергетикасы объектiлерiнiң ерекше жұмыс режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзушылықтар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлi режим;
9) төлем құжаты - тұтынушылар соның негiзiнде (шот, хабарлама түбiртек, алдын алу шоты) төлем жасайтын құжат;
10) пломб салу құрылғысы (пломб, пломб салу арқансымы) - бұл рұқсат етiлмеген кiруден бақылауды қамтамасыз ететiн бекiту тетiктерi бар бiржолғы пайдалану құралы;
11) коммерциялық есепке алу құралдарын тексеру - өлшеу құралдарының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет органдары немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
12) электр энергиясын қабылдағыш - электр энергиясын қабылдау мен пайдалануға арналған қондырғы немесе аспап;
13) тұтынушының электр қондырғысына жалғанған қуат - электр торабына тiкелей және (немесе) коммутациялық аппарат арқылы жалғанған тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарының атаулы қуаттар жиынтығы;
14) коммерциялық есепке алу аспаптарының схемасын тексеру - есепке алу аспаптарының жай-күйiн және оны қосу схемасын анықтау мақсатымен энергия берушi ұйымның өкiлi тұтынушының қатысуымен орындайтын операциялар жиынтығы;
15) есептiк кезең - тұтынылған электр энергиясының есепке алынуы және тұтынушыға ақы төлеу үшiн ұсынылуы тиiс электрмен қамтамасыз етуге арналған шартпен белгiленетiн уақыт кезеңi;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


