16) электр энергиясын еркiн беру - электр энергиясын айлық тұтыну көлемдерiнде және электрмен жабдықтау шартымен белгiленетiн мәндерден аспайтын қуатпен беру;
17) қосалқы тұтынушы - энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушысының электр желiлерiне тiкелей жалғанған тұтынушы;
18) электр энергиясы нарығының субъектiсi - энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар мен электр энергиясы нарығындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар;
19) электр энергиясын есепке алу схемасы - оларға есеп айырысу үшiн берiлетiн және тұтынылатын электр энергиясының есебiн алуды қамтамасыз ететiн электр энергиясын есепке алу құралдарын белгiлi бiр электрлiк жалғау;
20) технологиялық броны - технологиялық процестердi аяқтау үшiн тұтынушыға қажеттi электр қуаты;
21) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) электр энергиясын тұтыну сипаты - электр энергиясын тұтынудың маусымдық, уақытша, ауысымды, авариялық, тұрмыстық немесе өндiрiстiк тұтыну үшiн; технологиялық, электрмен дәнекерлеу жұмыстары үшiн, электрмен жылыту және/немесе ыстық сумен жабдықтау қажеттiктерi үшiн деп бөлiнетiн типтерi;
23) электр энергиясын бекiтiп жеткiзу - тұтынушыға электр энергиясын тәулiктiң әр сағаты үшiн дәл келiсiлген көлемде беру;
24) сараптау ұйымы - электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптама өткiзуге арналған уәкiлеттi органның рұқсаты бар ұйым;
25) электр қондырғы - электр энергиясы өндiрiлетiн, түрлендiрiлетiн, берiлетiн, таратылатын, тұтынылатын қондырғы;
26) энергия үнемдеу - отын-энергетикалық ресурстарды тиiмдi және үнемдi пайдалануға бағытталған (ұйымдық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет.
2. Электрмен жабдықтауды ұйымдастыру
3. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау:
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сату-сатып алу шарттары мен көтерме сауда нарығына қатысушылардың арасындағы орталықтандырылған сауда-саттықтарында жасалған мәмiлелер негiзiнде жүзеге асырылады.
Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, шарт бойынша сатып алынған электр энергиясының тұтынушыға дейiн жеткiзiлуiн (тасымалдануын) қамтамасыз етудi энергия берушi ұйым жүзеге асырады;
2) бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатуды шарт бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия берушi ұйыммен электр энергиясын беру шартын жасасады. Көтерме сауда нарығына шығу шегiнен асып кеткен электр тұтынудың орташа тәулiктiк қуатымен тұтынушылар мен электр энергиясын энергия өндiрушi ұйымдардан сатып алушылар энергия берушi ұйымдармен электр энергиясын беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге шарт жасасады;
3) электрмен жабдықтау шарты жазбаша түрде жасалады. Оған: тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiгi мен пайдалану жауапкершiлiгiн шектеу актiлерi, тұтынушының электр қондырғыларының техникалық жай-күйiн зерттеу жөнiндегi сараптау ұйымының актiсi, қажетiне қарай авариялық және (немесе) технологиялық брондар актiсi, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы (энергия берушi) ұйым белгiленген тәртiппен жасаған өзге де құжаттар қоса берiледi;
4) электр энергиясын беру шарты жазбаша нысанда жасалады. Оған тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiгiн және пайдалану жауапкершiлiгiн шектеу актiлерi; қажетiне қарай авариялық және (немесе) технологиялық брондар актiсi және белгiленген тәртiппен жасалған өзге де құжаттар қоса берiледi;
5) электр энергиясы нарығына қатысушылардың өңiрлiк және (немесе) жергiлiктi деңгейлердегi электр желiлерiне еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және нарық субъектiлерiнiң арасындағы көрсетiлген желiлер бойынша олардың электр энергиясын беру жөнiнде жасасқан мәмiлелерi кезiнде туындайтын қарым-қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 214 бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1708 Нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде тiркелген Қазақстан Республикасының Электр желiлерi ережесiмен (бұдан әрi - ЭЖЕ) және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдермен регламенттеледi;
6) нарыққа қатысушылардың (ұлттық энергия берушi ұйымның) өңiраралық деңгейдегi электр желiлерiне қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету тараптар арасында көрсетiлген тораптар бойынша электр энергиясын беру жөнiнде мәмiлелер жасасу кезiнде туындайтын қарым-қатынастармен реттеледi, ЭЖЕ және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен регламенттеледi.
4. Электр энергиясы субъектiлерiнiң арасында туындайтын келiспеушiлiктер заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.
5. Электрмен жабдықтаудың авариялық бронiнiң актiсiн (бұдан әрi - АБА) тұтынушы және энергиямен жабдықтаушы ұйым бiрлесе отырып жасайды. АБА жөнiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда тараптар дауларды шешу үшiн сараптау ұйымына жүгiнедi.
Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдар тұтынушы авариялық және (немесе) технологиялық бронь жөнiндегi электр энергиясы үшiн ақы төлеу кепiлдемесiн орындаған жағдайда, авариялық және/немесе технологиялық бронь тiзбесi бойынша енгiзiлген объектiлердi үздiксiз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
Авариялық және/немесе технологиялық бронь тiзбесiне қосылған тұтынушылардың объектiлерiн электрмен үздiксiз жабдықтаудың техникалық мүмкiндiгiн сараптау ұйымы шарт бойынша анықтайды және келiседi.
6. Тұтынушының өзi тұтынатын электр қуатын шартта көрсетiлген мәннен (техникалық шарттар бойынша қуат шегiнде) ұлғайтуына, сондай-ақ жаңа қосалқы тұтынушыларды қосуына тек энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының келiсiмiмен шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана жол берiледi.
7. Тұтынушы өзiне тиесiлi желiлерге өз электр қондырғыларын шартта көрсетiлген қуат шегiнде, энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдарының қосымша рұқсатынсыз, ал осы қуаттан жоғарыны, қосылған қуатқа қарамастан, тек энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен ғана қоса алады.
3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын
қосуға арналған техникалық шарттар
8. Тұтынушылардың электр қондырғыларын электр желiлерiне қосуы ЭЖЕ-нiң 3-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
Техникалық шарттарды тұтынушының жазбаша өтiнiмi бойынша энергия берушi ұйым бередi.
9. Тұтынушының өтiнiмiнде:
1) объектiнiң толық атауы және оның жай-күйлiк жоспары қоса берiлген мекен-жайы;
2) объектiнiң ең жоғары жүктемесi, электр энергиясын тұтыну сипаты;
3) шағын тұтынушылардың тiзбесi және олардың электр қондырғыларының сипаттамасы;
4) электр жүктемелерiн жылдар бойынша iске қосу мерзiмдерi;
5) тұтастай электр қабылдағыштардың және жекелеген технологиялық қондырғылардың энергиямен жабдықтау сенiмдiлiгi жөнiндегi техникалық құжаттамалар нормаларының талаптарына сәйкес келетiн санаты;
6) мәлiмденген қуаттың негiздемесi;
7) лизингтi, сенiмдi басқаруды және энергиямен жабдықтау объектiсiнде пайдаланудың өзге де түрлерiн қоса алғанда, меншiк құқығын немесе мүлiктiк жалға алғандығын растайтын құжаттың көшiрмесi көрсетiледi.
10. Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттарды мынадай:
1) жаңа электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымның желiлерiне қосылған;
2) электр қондырғыларының тұтынатын қуаты өзгерген;
3) сыртқы электрмен жабдықтау схемасы өзгерген;
4) энергия қондырғыларын пайдалануға қойылатын техникалық талаптар өзгерген;
5) тұтынушының электрмен жабдықтау сенiмдiлiгiнiң санаты өзгерген;
6) объектiнiң иеленушiсi өзгерген жағдайларда тұтынушы сұратып алуға және энергиямен жабдықтаушы ұйым беруге тиiс.
11. Энергия берушi ұйым тұтынушыдан өтiнiм алғаннан кейiн бiр айлық мерзiмде жаңадан құрылатын немесе қайта жаңғыртылатын қолданыстағы кәсiпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кезектерiнiң немесе жекелеген өндiрiстердiң электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттар мен жиынтық қуаты 1000 квт. дейiнгi осы объектiлердегi электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар бередi.
Объектiлердiң жиынтық қуаты 1000 квт. асқан кезде алдын ала техникалық шарттар берiледi.
12. Жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектерiн, жекелеген өндiрiстердi немесе сырттан электрмен жабдықтау схемасын өзгертудi талап ететiн кеңейтiлетiн және жаңғыртылатын жұмыс iстеп тұрған объектiлердi энергиямен жабдықтау жөнiндегi тұтынушылардың жобалық шешiмдерiн келiсу желiсiне тұтынушы жалғанған энергия берушi ұйыммен жүргiзiледi.
Жылдық отын-энергетикалық ресурсы 500 және тоннадан жоғары шартты отын тұтынатын жаңа және жұмыс iстеп тұрған объектiлер мен кәсiпорындар құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесi мен жобалары мiндеттi түрде энергия үнемдеу сараптамасына жатады.
13. Электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларының желiлерiнен қоректенетiн қосалқы абоненттер техникалық шарттарды энергия берушi ұйыммен келiсу бойынша тұтынушылардан алады.
14. Электр желiлерiне тұтынушыны қосуға арналған техникалық шарттарда:
1) объектiнiң орналасқан жерi (кент, көше), жалғаным нүктелерi (шағын станция, электр станциясы немесе электр беру желiлерi), объектiнi қоректендiру орындалуы тиiс әуелiк және кабельдiк желiлердегi кернеу, жалғаным нүктелерiндегi кернеудiң күтiлетiн деңгейi;
2) жаңа тұтынушының пайда болуымен байланысты қолда бар тораптарды күшейту жөнiндегi негiзделген талаптар - сымдардың қиылысын арттыру, трансформаторлардың қуатын ауыстыру немесе арттыру, тарату қондырғыларының қосымша ұяларын салу және заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де талаптар;
3) қысқа тұйықталу тоғының есептiк мәнi, релелiк қорғауға, автоматикаға, телемеханикаға, байланысқа, қорғаныш жерлендiргiшiне, оқшаулауға және кернеулерден асып кетуден қорғауға қойылатын талаптар;
4) реактивтi қуатты өтеу, электр энергиясының сапасын бақылау мен есепке алу, желiге жалғанған нүктедегi электр энергиясының сапасына тұтынушының ықпал ету дәрежесi, тұтынушы жүктемесiнiң тәулiктiк кестесiн реттеу жөнiндегi талаптар;
5) болжамды жүктеме мен электр тұтынуды көрсетумен тұтынушының торабына қосылатын шағын тұтынушылардың тiзiмi;
6) пайдалануға рұқсат етiлген қуат;
7) электрмен жабдықтау схемасының электр қабылдағыштардың сенiмдiлiк санаттарына сәйкестiгi;
8) электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру талаптары;
9) электрдi тұтынудың сипаты (тұрақты, уақытша, маусымдық);
10) техникалық шарттардың қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
15. Қажет болған және берiлген техникалық шарттардың негiздiлiгiне күмәнданған жағдайда тұтынушы сараптау ұйымына жүгiнедi.
16. Желiсiне тұтынушы жалғанған энергия берушi ұйым берген техникалық шарттардың орындалуы тұтынушылар үшiн де, электрмен жабдықтау жобасын әзiрлеу тапсырылатын жобалау ұйымдары үшiн де қажет.
17. Техникалық шарттарды алу жаңадан құрылған және бұрын жұмыс iстеген ұйымдардың базасында қайта ұйымдастырылған ұйымдар үшiн мiндеттi. Техникалық шарттарды беру және қайта рәсiмдеу үшiн төлем алынбайды.
4. Тұтынушылардың электр қондырғыларын
пайдалануға рұқсат ету
18. Тұтынушылардың барлық қайта жалғанатын және қайта жөнделетiн электр қондырғылары қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкестiкте орындалуы, жобалау және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
19. Пайдалануға жiберiлгенге дейiн электр қондырғылары қабылдау-тапсыру сынағынан өтуi және оны тұтынушы монтаждау, жөндеу ұйымынан кесiм бойынша қабылдап алынуы тиiс.
Энергия берушi ұйым өзiнiң электр желiлерiне электр қондырғыларын тұрақты пайдалануға тұтынушылар анықталған кемшiлiктердi жойғаннан және сараптау ұйымының қорытындысы мен мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органының (бұдан әрi - Мемэнергияқадағалау) рұқсатын алғаннан кейiн жалғайды.
Энергия берушi ұйым өзiнiң электр желiлерiне тұтынушылардың кернеуi 1000 В дейiнгi, белгiленген қуаты 100 кВт аспайтын электр қондырғыларын сараптама ұйымының оң қорытындысын алғаннан кейiн жалғай алады.
20. Энергия тұтынатын жабдықты пайдалануға енгiзер алдында сараптама ұйымы мемлекеттiк стандарттарға, қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен жобалық деректерге сәйкестiгiне сараптама жүргiзедi, сондай-ақ белгiленген мерзiмдерде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан объектiлерге тиiмдiлiк көрсеткiштерi жөнiнде сараптық баға бередi.
Сараптама нәтижелерi бойынша Мемэнергияқадағалау немесе энергия берушi ұйым осы Ережелердiң 19-тармағына сәйкес энергия тұтынатын жабдықты пайдалануға енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
21. Электр энергиясын тұтынуы маусымдық сипаттағы электр қондырғыларына кернеу берудi энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының электр қондырғыларына сараптама ұйымының техникалық куәландыру актiсiн тұтынушы ұсынғаннан кейiн жүргiзедi.
22. Электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат ету тәртiбi шағын тұтынушылардың (қосалқы тұтынушылардың) жаңадан орнатылған және жаңғыртылған электр қондырғыларына, сондай-ақ электр қондырғыларының иелерi ауысқан жағдайда қолданылады.
23. Электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат ету тек тұтынушыда меншiк түрiне қарамастан тиiстi бiлiктiлiктегi электр техникалық персонал мен электр қондырғыларының сенiмдi, қауiпсiз жұмысына жауапты тұлға немесе қызметтiң осы түрiмен айналысу құқығына лицензиясы бар ұйыммен электр қондырғыларына қызмет көрсетуге шарты болғанда ғана мүмкiн болады.
Объектiнi (үй-жайларды), лизинг, сенiмгерлiк басқаруға және өзге де пайдалану түрлерiн қоса алғанда, мүлiктiк жалға (жалгерлiк) беру кезiнде электр қондырғыларының сенiмдi, қауiпсiз жұмысы үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта басқаша көзделмесе, жалға берушi арқалайды.
24. Тұтынушылардың электр қондырғыларын құрастыруда кемшiлiктер, жалғауға арналып берiлген техникалық шарттар мен нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарынан ауытқушылықтар табылған, тиiстi кәсiби бiлiктiлiгi бар қызмет көрсетушi болмағаны, сондай-ақ электр қондырғыларының сенiмдi, қауiпсiз жұмысына жауапты адамның жоқтығы анықталса, оларды пайдалануға жiберуге тыйым салынады.
5. Электр энергиясын тұтыну шарттары мен
режимдерi
25. Тұтынушыларға электр энергиясын жеткiзудi энергиямен жабдықтаушы ұйым электрмен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес жасалған жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларға және электр энергиясын босатудың тәулiктiк кестесiне сәйкес үздiксiз жүргiзедi.
26. Электр энергетикасы объектiлерiнiң ерекше жұмыс режимi кезiнде тұтынушыларды электрмен жабдықтау авариялық бронь көлемiнде электр қуатын жеткiзудi қамтамасыз ететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым әзiрлеген схемалар бойынша жүзеге асырылады.
27. Көтерме сауда нарығында электр энергетикасы объектiлерiнiң ерекше жұмыс режимiн енгiзу тәртiбiн жүйелiк оператор белгiлейдi.
28. Бөлшек сауда нарығындағы электр энергетикасы объектiлерiнiң ерекше жұмыс режимiн енгiзу тәртiбiн өңiрлiк электр желiлiк компаниясы белгiлейдi.
6. Электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi
тараптардың жауапкершiлiк шекарасы
29. Электр қондырғылардың жай-күйi мен оларға қызмет көрсетудiң жауапкершiлiк шекарасы олардың теңгерiмдiк тиесiлiгiмен белгiленедi және электрмен жабдықтау шартына қоса берiлетiн электр желiлерi мен пайдалану жауапкершiлiгiн шектейтiн актiде бекiтiледi.
30. Кернеуi 1000 В және одан да жоғары электр қондырғылардың жай-күйi мен қызметi үшiн жауапкершiлiк шекарасы:
1) жабық тарату қондырғыларының сырт жағындағы әуе желiсiнiң өтпелi оқшаулағышының жалғанымы мен ашық тарату қондырғылары оқшаулағыштарының тартпалы портальды тiзбегiнiң керiлген қысқышынан шығатын сымның шығар жерiнде;
2) қоректiк және шығар желiлердiң кабельдiк немесе ауалық кiрмелерiнiң ұшында белгiленедi.
Бұл ретте осы тармақта көрсетiлген жалғанымдардың техникалық жай-күйi үшiн жауапкершiлiк шағын станцияны пайдаланатын ұйымға жүктеледi.
31. Түрлi ұйымдарға тиесiлi дәнекерi бар (бiтеу немесе айырғыштар арқылы) кернеуi 1000 В және одан да жоғары, түрлi ұйымдар мен олардың қызмет көрсетуiне тиесiлi электр берушi желiлердiң жай-күйi мен қызметiне жауапкершiлiк шекарасы дәнекер жасалған негiзгi желiнiң тiреуiшiнде белгiленедi.
Дәнекердi жалғастырушы қысқыштардың жай-күйiн бақылау және қызмет көрсету иелiгiнде негiзгi желi бар ұйымға жүктеледi.
32. Тараптардың келiсiмi бойынша шартпен электр қондырғыларды пайдалану ерекшелiктерiмен шартталған өзге де негiзделген жауапкершiлiк шекарасы белгiленуi мүмкiн.
33. Тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы кернеуi 1000 В дейiнгi электр қондырғыларының жай-күйi мен қызмет көрсетуi үшiн жауапкершiлiк шекарасы:
1) әуелiк тармақталу кезiнде - ғимаратқа орнатылған бiрiншi оқшаулатқыштағы қоректендiрушi желi жалғауының түйiспесiнде;
2) кабельдiк ену кезiнде - ғимаратқа кiрердегi қоректендiрушi кабельдiң ұштарындағы болтты жалғанымдарда белгiленедi.
Электр тораптарының теңгерiмдiк тиесiлiк шекарасы осы тармақта көрсетiлген орындарға сәйкеспеген жағдайда, олар тiкелей шартта көрсетiлуi мүмкiн.
34. Тұтынушының құрылмаларындағы немесе өзге де жылжымайтын мүлiк объектiлерiндегi электр торабының баланстық тиесiлiгi шекарасындағы жалғанымдардың жай-күйi үшiн энергия берушi ұйым жауапкершiлiкте болады.
35. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның басқа да тұтынушыларына транзитпен электр энергиясы берiлетiн тұтынушының электр беру желiлерiн, тарату бекеттерiн және трансформаторлық шағын станцияларын жөндеуге шығару, сондай-ақ аталған жабдықты жөнделгеннен кейiн қосу энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келiсiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
7. Есепке алу аспаптарын орнату және пайдалану
36. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымнан тұтынылған электр энергиясы үшiн есеп айырысуға қажеттi коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етiлуi тиiс. Электр энергиясының есебiн жүргiзу үшiн типтерi Өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлетiн есептеу аспаптары пайдаланылады.
Электр тұтынудың 100 кВт. астам шарттық қуаты бар, бекiтiлiп жеткiзiлген электр энергиясы тұтынушыларда тұтынылған электр энергиясы, жүктемелердiң қуаты мен сағаттық кестесi туралы деректердi жадында ұзақ уақыт сақтайтын активтi және реактивтi энергияның коммерциялық есепке алу есептеуiштерi болуы тиiс.
Электр тұтынудың 40-100 кВт шарттық қуатымен еркiн жеткiзiлген электр энергиясын тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы туралы деректердi жадында ұзақ уақыт сақтайтын активтi және реактивтi энергия мен ең жоғары қуатты есептеуiштерi болуы қажет.
Электр тұтынудың 40 кВт дейiнгi шарттық қуатымен электр энергиясы еркiн жеткiзiлген тұтынушылардың активтi энергия есептеуiштерi болуы қажет.
37. Коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату Ережелердiң және уәкiлеттi орган бекiткен электр энергиясын есепке алуды ұйымдастыру жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк техникалық құжаттардың талаптарында көзделген тәртiпте орындалады.
38. Электрмен жабдықтаудың бiр көзiнен бiрнеше тұтынушыларды қоректендiрген жағдайда әрбiр тұтынушы үшiн есепке алу қамтамасыз етiлуi тиiс.
39. Коммерциялық есепке алу аспаптарында осыған құқылы ұйымдардың алғашқы немесе кезеңдiк тексеруi туралы белгiсi болуы тиiс.
40. Коммерциялық есепке алу аспаптарын ұстау мен техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерiмдiк тиесiлiгiне сәйкес жүзеге асырылады. Коммерциялық есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетудi меншiк иесiмен шарт бойынша энергия берушi ұйым немесе осындай қызмет түрiне рұқсаты бар басқа мамандандырылған ұйым жүргiзе алады.
41. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру салыстырып тексеру әдiстемесiнде көрсетiлген мерзiмдерде, сондай-ақ мүдделi тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша олардың көрсеткiштерiнiң дұрыстығына күмән келтiрiлген жағдайда аспапқа аралық тексеру интервалына сәйкес жүргiзiледi.
42. Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргiзiлген жағдайда тексеру бойынша шығындарды (соның iшiнде алып тастау мен орнату бойынша) жоспардан тыс салыстырып тексерудi талап еткен тарап көтередi.
43. Егер салыстырып тексеру кезiнде коммерциялық аспаптардың көрсеткiштерi олардың дәлдiк сыныбымен рұқсат етiлетiн кiнараттан асып кетсе, онда жоспардан тыс салыстырып тексеру жөнiндегi шығындарды аспаптардың иесi төлейдi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


