Егер сынақ алдында осы магистрал құбыр бойынша тұтынушыларға сынақ температурасына
шамалас температурада ыстық су берілген болса, топырақтың жылыну уақыты мүмкіндігінше қысқарады.
2.8.4. Барлық өлшем нүктелерінде жылулық күй қалыптасқаннан кейін барлық өлшеу нүктелеріне термометрлер орнатылып, су температуралары өлшенеді. Термометрлер мен шығын өлшегіш аспаптардың көрсеткіштері әрбір 10 минут сайын бір мезгілде тіркеліп отырады. Сынақтың негізгі режимінің ұзақтығы
+ (8¸10) сағаттан кем болмауы керек.
2.8.5. Сынақтың соңғы этапында «температуралық толқын» әдісімен айналым сақинасының алдын-ала (15) өрнекпен анықталған
температурасының сәйкестігі тексеріледі. Бұл этапта беру құбырындағы су температурасы 20-40 минут бұрын
- қарағанда 10-20 оС көтеріледі де осы деңгейде 1 сағат бойы ұсталып тұрады. Сосын сондай жылдамдықпен су температурасы
-ға дейін төмендеп, сынақ соңына дейін ұсталып тұрады.
«Температуралық толқын» режимінде су шығыны өзгеріссіз қалады. Сыналатын сақина бойынша «темпертуралық толқынның» өтуі барлық бақылау орындарында әрбір 10 минут сайын тіркеп, су бөлшектерінің нақты өту ұзақтығын анықтауға мүмкіндік туады.
«Температуралық толқын» кері құбырмен жылу дайындау қондырғысына келіп кіргенде, сынақ аяқталды деп саналады.
2.8.6. Негізгі сынақ режимі мен «температуралық толқынды» қосы есептегенде, жалпы сынақ ұзақтығы 2
+ (10¸12) сағатты құрайды.
2.9. Сынақ нәтижелерін өңдеу
2.9.1. Сынақ нәтижелері бойынша айналым сақинасының беру және кері құбырлары бойынша жылу жоғалту мөлшерлері анықталады.
2.9.2. Сынақ температурасының режимі қалыптасқан жағдайға жақындаған тұсын анықтау үшін барлық өлшеу орындары бойынша темперптураның өзгеру графигін тұрғызу керек.
Сынақ режимі қалыптасқан жағдайға жақын болған кездегі 20-30 өлшемдерді орташаландырып, әрбір өлшеу орындары бойынша су температурасының орташа мәндері есептеп шығарылады. Осы уақытта тармақтық су мен толықтыру суларының шығынының орташа мәндері анықталады.
Температураның орташаланған мәні уақыт бойынша өлшеу орындарыны арасында «температуралық толқын» әдісі бойынша анықталған судың жүру ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады.
2.9.3. Сыналатын сақинаның беру
және кері
құбырлары бойынша жоғалатын жылу мөлшері мына өрнектермен анықталады, Вт немесе ккал/сағ:
; (16)
, (17)
мұндағы | жылу дайындау қондырғысынан шығу кезіндегі беру құбырындағы орташаланған су шығыны, кг/с (т/сағ); |
| толықтыру су шығынының орташаланған мәні , кг/с (т/сағ); |
| беру құбырының басында және аяғында өлшенген су температуралары, °С; |
| кері құбырдың басында және аяғында өлшенген су температуралары, °С. |
2.9.4. Егер сыналатын учаскеде төселімі және жылу оқшаулау конструкциясы басқадай, ұзындығы шамалы құбыр кесіндісі болатын болса, ол учаскенің сынақ нәтижелерін былайша есептейді:
(16) және (17) өрнектер бойынша, сипаты бөлек кесіндіні қоса есептегенде беру және кері құбырлардың нақты жылу жоғалту мөлшері анықталады;
әрбір сипаты бөлек кесінді үшін беру және кері құбырлар бойынша орташа температуралары анықталады, °С:
; (18)
, (19)
мұндағы | барлық сыналған айналым сақинасындағы, сәйкесінше беру және кері құбырлардың материалдықсипаттары, м2; |
| айналым сақинасының сәйкесінше, беру және кері құбырлар бойынша учаскенің басынан сипаты бөле кесіндіге дейінгі учаскенің материалдық сипаты, м2; |
| сипаты бөлек кесіндінің беру және кері құбырлары бойынша материалдық сипаты, м2. |
Осы методикалық нұсқаудың 2.4.3. п. әдіспен сынақ температуралық режимінде сипаты бөлек құбыр кесіндісінің шамамен жылу жоғалу мөлшері анықталады; L —сипаты бөлек кесінді ұзындығы (м), ал
,
және
мәндері
,
және топырақпен қоршаған ортаның температуралары бойынша анықталады.
Айналым сақинасының негізгі бөлігінің нақты жылу жоғалтуы әр құбыр бойынша (16) және (17) өрнектер бойынша анықталатын жылу жоғалтулардың жән сипаты бөлек құбырлардың жылу жоғалтуларының айырымымен анықталады және келесі еспетеулерде қолданылады.
2.10. Жылу жоғалтуды анықтау нәтижелерін бағалау және қолдану
2.10.1. Сынақ нәтижесінде алынған нақты жылу жоғалту мөлшерлері жылу тармағы жұмысының орташа жылдық температуралық жағдайына келтіріліп, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымның жылу тармақтары арқылы жоғалатын жылу шығынын келесі бес жылдыққа нормалауға негіз ретінде, сонымен қатар, жылу тармақатырының техникалық жағдайын және жылу оқшаулау қабаттарының жылутехникалық жағдайын бағалауға қолданады.
2.10.2. Орташа жылдық жағдайға келтірілген нақты жылу жоғалту 2 қосымшада келтірілген Нормалармен салыстырылып, бағаланады.
2.10.3. Жылу тармағының барлық сыналған учаскелерінің жылу жоғалтуын орташа жылдық жағдайға айналдыру мына өрнектер бойынша жүргізіледі, Вт немесе ккал/сағ:
беру және кері құбырлары бойынша, жер астымен төселген учаскелер үшін:
; (20)
беру және кері құбырлары бойынша, жер бетімен тартылған құбырлар үшін:
; (21)
, (22)
мұндағы | сынақ кезіндегі топырақ және қоршаған орта температуралары, °С. |
2.10.4. Сыналған учаскелер үшін норма бойынша орташа жылдық жылу жоғалту мына өрнектермен анықталады, Вт немесе ккал/сағ:
жер астымен төселген учаскелер үшін
; (23)
жер үстімен тартылған учаскелер үшін
; (24)
, (25)
мұндағы
,
,
және b мәндері осы методикалық нұсқаудың 2.4.3. п. бойынша анықталады
2.10.5. Нақты және нормалар бойынша анықталған жылу жоғалту мөлшерлерінің қатынасы мына өрнектер бойынша анықталады:
жер астымен төселген учаскелер үшін
; (26)
жер үстімен тартылған учаскелер үшін
; (27)
. (28)
2.10.6. Сынақ нәтижелерін талдағанда мыналарды ескеру қажет:
К қатынасы түрлі төселім түріне байланысты жылу оқшаулау қабатын жобалағандағы нормаланған жылу жоғалтудың нақты жылу жоғалтуға қаншалықты сәйкестігін көрсетеді. Нормалаушы құжаттарда жылу жоғалтуды анықтау және олардың пайдалану барысында нормаға сәйкестігін тексеру қарастырылмағандықтан, олардың жылу оқшаулау конструкиясының техникалық күйінің пайдалану барысында өзгеруі ТПЕ бекіткен уақытта сынақ өткізіп тұру арқылы анықталады;
К қатынасының түрлі төселім түрлерінде бірдей шығуы жылу оқшаулағыш конструкцияларының техникалық күйінің әр түрлілігін көрсетеді. Жер астымен төселген құбырлардың жылу оқшаулағышының жылу техникалық күйі нашар болғанда К коэффициентінің өзгеру диапазоны аз, және ереже бойынша жер үстімен тартылған құбырлардың К коэффициентінен абсолютті мәнінен кем болады.
Жылу жоғалтуы бұрынғы нормаларға сай жобаланған құбырлар үшін К қатынасының мәні ҚНжЕ 2.04.14-88* және МҚН 4. бойынша нормаларға қарағанда аз болады.
2.10.7. Сынақ нәтижелері негізінде барлық жылу тармағының пайдалану барысындағы жылу жоғалтуын келесі кезеңге нормалау, сондай-ақ нақты және нормалық жылу жоғалтуларды өткен кезең үшін салыстру - жылу жоғалту көрсеткіштері бойынша жылу тармағының энергетикалық сипатын жасауға арналған методикалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі керек.
3. Тұтынушыларда есептегіш құралдар бар болған жағдайда жылу жоғалтуын анықтау
3.1. Қазіргі таңда орталықтан жылумен қамтитын жүйелердің көпшілігінде есептегіш құралы бар ондаған тұтынушысы бар болуы әбден мүмкін. Олардың көмегімен тармақтағы жылу жоғалтуды көрсететін параметрлерді анықтауға болады (qп – қос құбырлы жылу тармағының бір километріндегі бір текше метр жылутасымалдағыштың жылу жоғалтуы).
3.2. Жылу есептегіштердің архивтеу мүмкіндігін пайдалана отырып, әрбір есептегіш құралы бар тұтынушыға берілген судың орташа айлық температуралары мен су шығындары анықталады.
3.3. Сол уақыт кезеңінде жылу көзінде де орташа су температурасы
және шығыны а
нықталады.
3.4. і-ші тұтынушыға дейінгі беру құбырының жылу оқшаулағыш арқылы орташа жылу жоғалтуы мына өрнекпен анықталады:
, Гкал/ч (3.1)
мұндағы,
және
- есептегіш ұрал көрсетуі бойынша беру құбырындағы жылу тасымалдағыштың температурасы мен шығыны;
- жылу көзінен шыққандағы беру құбырындғы жылутасымалдағыш температурасы, оС.
3.5. Есептегіш құралы бар тұтынушылардың беру құбыры бойынша барлық жылу жоғалтуы:
(3.2)
3.6. Тармақтың беру құбырындағы орташа меншікті жылу жоғалуы:
(3.3)
мұндағы, li . жылу көзінен і-ші тұтынушыға дейінгі ең аз арақашықтық, м.
3.7. Есептегіш құралы жоқ тұтынушылар үшін де жылутасымалдағыш шығыны есептеп шығарылады:
а) жабық жүйе үшін
(3.4)
мұндағы
– талдау кезеңіндегі жылу көзіндегі жылу тармағын орташа сағаттық толықтыру шығыны;
б) ашық жүйе үшін
(3.5)
мұндағы:
– жылу көзінде жылу тармағын түнгі уақытта орташа сағаттық толықтыру шығыны;
– іші тұтынушының түнгі уақытта орташа сағаттық тұтыну шығыны.
Күндіз-түні жылутасымалдағыш тұтынатын өндірістік тұтынушылардың, ереже бойынша, есептегіш құралы боуы керек.
3.8. Есептегіш құралы жоқ әрбір j - тұтынушы үшін беру құбырындағы жылутасымалдағыш шығыны
тұтынушыларға орташа сағаттық жүктеме бойынша пропорционал түрде тарату арқылы анықталады.
3.9. j – тұтынушыға келтірілген беру құбырының жылу оқшаулағышы арқылы орташа жылу жоғалуы былай анықталады:
(3.6)
мұндағы, lj - жылу көзінен j-тұтынушыға дейінгі ең аз арақашықтық.
3.10. Есептегіш құралы жоқ тұтынушылардың беру құбыры бойынша барлық жылу жоғалтуы:
(3.7)
Жүйенің барлық беру құбыры бойынша жылу жоғалтуы
(3.8)
3.11. Кері құбыр бойынша жылу жоғалту, осы жүйе үшін белгіленген нормалық жылу жоғалту қатынасы бойынша анықталады:
(3.9)
3.12. Орталықтан жылумен қамту жүйесінің есептегіш құралдар көрсеткіші бойынша анықталатын жалпы жылу жоғалуы:
(3.10)
Жүйеде орнатылған есептегіш құрал саны неғұрлым көп болса, жылу жоғалуын есептеу мөлшері де соғұрлым дәл шығады. Дегенмен, тұтынушылардың 10 % есептегіш құрал орнатылған болса, жылу жоғалтуын анықтау нақты жылу жоғалтумен шамалас шығады. Сондай-ақ, тұрақты орнатылған есептегіш құралдар бойынша анықталған жылу жоғалту, жаз кезінде жеке құбырларды сынау арқылы анықтағаннан дәлірек болады деген тұжырым бар.
4. Тармақтық кері құбырдағы су температурасын төмендетуге ынталандыру
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 |


