Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар ҚР ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАР | |||
Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РК
| |||
ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ЖЫЛУ ЫСЫРАБЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ | |||
МЕТОДИКА ОПРЕДЕЛЕНИЯ ТЕПЛОВЫХ ПОТЕРЬ В СЕТЯХ
| |||
Ресми басылым Издание официальное
| |||
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам строительства | |||
Астана 2011 |
Алғы сөз
ӘЗІРЛЕГЕН: | «Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы |
ұсынған: | Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті |
ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ІСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ: | Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12.2010 ж. № 000 бұйрығымен 01.05.2011ж. бастап енгзілді. |
орнына: | ҚР БҚ 09. |
Предисловие
РАЗРАБОТАН: | Акционерным обществом «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства» |
ПРЕДСТАВЛЕН: | Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства |
ПРИНЯТ И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: | Приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29.12.2010 г. № 606 с 01.05.2011г. |
ВЗАМЕН: | РД 34 РК.09. |
Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства.
БЕЛГІ ҮШІН
ДЛЯ ЗАМЕТОК
___________________________________________________________________
Мазмұны
1. Жалпы мәліметтер........................................................................................................... 2. Сумен жылытатын жылу тармақтарын сынақ өткізу................................................. 2.1. Сынақ өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау міндеті мен тәртіптері................... 2.2. Жылу тармағындағы материалдарды талдау............................................................. 2.3. Сынақ жүргізілетін телімдерді таңдау........................................................................ 2.4. Сынақ параметрлерін анықтау.................................................................................... 2.5. Тармақ пен жабдықтарды сынаққа дайындау............................................................ 2 6. Өлшеу аспаптарын дайындау..................................................................................... 2.7. Сынақтың техникалық және жұмыс бағдарламасын жасау................................... 2.8. Жылу сынақтарын жүргізу.......................................................................................... 2.9. Сынақ нәтижелерін өңдеу........................................................................................... 2.10. Жылу жоғалтуды анықтау нәтижелерін бағалау және қолдану............................ 3. Тұтынушыларда есептегіш құралдар бар болған жағдайда жылу жоғалтуын анықтау................................................................................................................................. 4. Тармақтық кері құбырдағы су температурасын төмендетуге ынталандыру........... А қосымша. Бастапқы мәліметтер мен сынақ нәтижелерін толтыру үлгілері............... Б қосымша. Анықтама мәліметтер................................................................................... В қосымша. Сыртқы ауаның орташа айлық және жылдық температуралары.............. | 3 3 3 3 4 5 9 9 10 10 12 13 14 16 17 19 33 |
ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ЖЫЛУ ЫСЫРАБЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА ОПРЕДЕЛЕНИЯ ТЕПЛОВЫХ ПОТЕРЬ В СЕТЯХ
___________________________________________________________________
Енгізілген күні – 2011.05.01
1. Жалпы мәліметтер
1.1. Осы әдістемелік құрал – пайдалану барысында жылу тармақтарының жылу оқшаулау қабаты арқылы жоғалатын жылуды анықтауға және оны негізге ала отырып, пайдалану барысындағы нормалық жылу шығындарын анықтауға арналған.
1.2. Пайдалану барысында жоғалатын жылу мөлшері тармақтарды сынау арқылы анықталады. Сынақтың мақсаты – сол жылу тармағындағы құбырлардың түрлі конструкциядағы жылу оқшаулағыштары мен түрлі төселім кезіндегі жоғалатын жылу шығындарын анықтау. Сынақ нәтижесінде тартылған құбырлардың нақты пайдалану жағдайындағы жылу оқшаулау қабатының күйі бағаланады.
1.3. Сынақ нәтижесін бүкіл жылу тармағына телу үшін, сол жылу тармағының төселуі мен жылу оқшаулау конструкциясы бойынша өзіне тән телімдерінде (учаскелерінде) жүргізеді
1.4. Жылу оқшаулау қабаты арқылы жоғалатын жылуды нақты анықтау ЖЭП ережесі талаптарына сай 5 жылда бір рет өткізіледі.
1.5. Жылу тармағының жылу жоғалтуы және оларды нормалау бойынша энергетикалық сипатын жасауда жылу оқшаулау қабаты арқылы нақты жылу жоғалуын анықтау үшін өткізілген сынақ нәтижелері негізге алынады.
2. Сумен жылытатын жылу тармақтарын сынақ өткізу
2.1. Сынақ өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау міндеті мен тәртіптері
2.1.1. Жылу тармақтарын сынақтан өткізудің негізгі міндеті таңдалған режимде, пайдалану барысында жылу оқшаулау қабаты арқылы жоғалатын нақты жылу шығындарын анықтау және оны нормалық көрсеткіштермен салыстыру болып табылады.
2.1.2. Жылу тармақтарын сынамас бұрын, телімдердің бүлінген жылу оқшаулау қабаттарын орнына келтіріліп, жылу камераларын кептіріп, жер үстінде жиналған су болса, басқа жаққа ағызып және басқа да ұйымдастыру жұмыстарын атқару керек.
2.1.3. Сумен жылытатын тармақтарды сынау мынадай жұмыстарды қамтиды:
1) Жылу тармағындағы материалдарды талдау;
2) Сынақ жүргізілетін телімдерді таңдау;
3) Сынақ параметрлерін есептеу;
4) Тармақ пен жабдықтарды сынаққа дайындау;
5) Өлшеу аспаптарын дайындау;
6) Жылу сынақтарын жүргізу;
7) Сынақ нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу;
8) Сынақ нәтижесінде алынған жылу жоғалу шамасын нормативтік көрсеткішпен салыстыру.
2.2. Жылу тармағындағы материалдарды талдау
2.2.1. Сынаққа дайындық барысында жылу тармағының схемалары, оның жұмысындағы температуралық режимдер, жылу оқшаулау конструкциясының түрі мен төселу тәсілдері, құбырлардың жұмыс жасау мерзімі, осы тармаққа тән жағдайлар мен бүлінулер сипаты, жұмыс режимінің схемалары және су дайындайтын қондырғының жабдықтары, ондай-ақ жалпы тармақытң жылу оқшаулау қабаты мен төселу тәсілі туралы толық мәліметтер талдаудан өтуі тиіс. Мәліметтер жинау жұмысы бойынша кесте толтырылады (1 қосымшаның 1-кестесі), онда жылу тармағының жекелеген телімдері бойынша құбырлардың диаметрі, ұзындығы, жылу оқшаулау конструкциясы, төселім түрі, сондай-ақ құбырлардыі жұмыс жасау мерзімі (пайдалануға берілген жылы) енгізіледі.
2.2.2. Сынақ нәтижесінде алынған мәліметтерді түрлі жұмыс режимдеріне есептеу және температуралық параметрлерді анықтау үшін сол жылу тармағы тартылған елді-мекеннің мынадай климаталогиялық мәліметтері болу керек:
1) құбырлар осі жатқан орташа тереңдіктегі (жер астымен төселген тармақтар үшін) топырақ температурасының орташа айлық
және орташа жылдық
мәндері;
2) сыртқы ауа температурасының орташа жылдық
және орташа айлық
мәндері.
Бұл мәндер климатология бойынша ҚНмЕ-нен, болмаса анықтамалық құжаттардан немесе осы елді-мекенге жақын орналасқан метеостанция мәліметтері (соңғы бес жылдан кем емес уақыт аралығында жиналған) бойынша қабылдануы мүмкін.
2.3. Сынақ жүргізілетін телімдерді таңдау
2.3.1. Сынақ жүргізілетін телімдерд төселу және жылу оқшаулау конструкциясы бойынша осы тармаққа тән болуы керек.
Егер телімнің материалдық сипаты үлес салмағы
бойынша жалпы тармақтың 20 % - нан кем болмаса, телім тармаққа тән болып саналады:
, (1)
мұндағы,
- тармақтың беру немесе кері құбырлары бойынша төселулі және жылу оқшаулау конструкциясы осы іспеттес телімдердің қосылған жалпы материалдық сипаты, м2;
- тармақтың беру немесе кері құбырлары бойынша жалпы материалдық сипаты, м2;
- бір телімдегі құбырдың сыртқы диаметрі, м;
L – тармақ телімінің ұзындығы, м.
2.3.2. Матариалдық сипаты бойынша анықталатын жылу тармағының сынаққа жататын өзіне тән телімдерінің көлемі сынақ өткізуге техникалық мүмкіндіктің жетуімен және сынақ жүргізілмеген телімдерге жатқызуға болатын нәтижелер алу қажеттілігімен анықталады. Демек, жылу тармағының сынаққа ұшырайтын телімдерінің минималды көлемі жалпы тармақтың 20% - нан кем болмауы керек.
Сынақ жүргізілетін көлемнің бұдан кем болуы ерекше жағдайларды, мысалы мұндай телімдердің жылу тармағы бойынша шашыраңқы орналасып, оларды бір сақинаға жинау мүмкіндігі болмаған жағдайларда ғана болуы мүмкін.
2.3.3. Қос құбырлы жылу тармағында жылу шығынын анықтау бойынша сынақты беру, кері құбырларынан және оларды жалғайтын аралық құбырдан тұратын айналымды сақинада жүргізу қажет.
Айналым сақинасының бас жағында жылу дайындайтын қондырғылар мен жабдықтар орнатылады.
Айналым сақинасы бір-біріне кезекпен жалғанған диаметрі, оқшаулау конструкциясы, төселуі әр түрлі телімдерден тұрады. Сынақты жылу тармағының негізін құрайтын магистраль және жылу көзінен барынша алыста орналасқан құбырда жүргізген жөн. Айналым сақинасының соңғы жағына тарату тармағының құбырларын жалғауға болады. Сынақ кезінде айналым сақинасына қосылған барлық тармақтар мен тұтынушылар сынақ уақытында тармақтан ажыратылады.
2.3.4. Сынақ кезінде айналым сақинасының барлық телімдерінде су шығыны бірдей болуы керек және осы әдістемелік құралдың 2.4.4. пунктінде айтылған шамадан артық емес мөлшерде ғана тармақтан жоғалатын су шығынына ерекшеленуі мүмкін.
Жылутасымалдағыштың айналым сақинасынан өту бойында температурасының төмендеуі құбырлар мен арматуралар арқылы сыртқы қоршаған ортаға жылу жоғалуын көрсетеді.

Сыналатын айналмалы сақинаның схемасы
I — жылу дайындау қондырғысы; II — айналым жалғаушы құбыры;
1 — тармақтық сорғы; 2 — жеңіл сорғы; 3 — толықтыру сорғысы;
4 — тармақтық судың негізгі қыздырғыштары; 5 — тармақтық суды қыздырғыш немесе су қыздырғыш қазан; 6 — беру құбырындағы өлшегіш диафрагма;
7 — толықтыру құбырындағы өлшегіщ диафрагма; ТК — жылу камерасы;
беру құбыры;
кері құбыр;
толықтыру құбыры;
— температура өлшеу орны;
- өлшегіш аспап.
Қауіпсіздік техникасы ережелері талаптарына сай дайындалған бақылау орындары мен өлшеу аспаптары жеткілікті болған жағдайда, бірнеше айналым сақинасын қатар сынауға болады.
2.4. Сынақ параметрлерін анықтау
2.4.1. Сыналатын айналым сақинасының басқы теліміндегі су шығыны мен жылу дайындау қондырғысыынан шығатын су температурсының мәндері сынақ барысында есептік жолмен анықталатын негізгі параметрлер болып табылады. Сонымен қатар, сынау барысында кері құбырдан су дайындау қондырғысына қайтқан су температурасы мен толықтыру су шығыны, сондай-ақ сынақтың өту ұзақтығы анықталады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 |


