1.4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.
Қазақстандық ара шаруашылығы ерекшелігі бағдарламаны шешу жолдарында көрсетілуге тиісті негізгі бағыт түрлері бойынша басқыштаушылық қажеттілігін (барлушылық, балдық, тозаңданушылық), шығарылатын өнім түрлері бойынша, омарталардың орналасу сипаттамасы бойынша (стационарлы, көшпелі), қарастырады. Барлаушы омарталар үшін ұсыныстар өңдеу кезінде тайпалық материалдың тұқымдық құрамын қадағалау қажеттілігін есепке алу әсіресе маңызды. Ара шаруашылғы бойынша Селекционды-генетикалық ортлықтың тайпалық ұйым негізінің тірек пункті ретінде ара шаруашылығы бойынша Қазақ тәжірибелі ара шаруашылық станциясының () Шымкент тірек пунктнің жұмыс үлгісін алу қажет, мұнда аралардың Скленар және Тройзек жолағының өлкелік тұқымының тайпалық материалынан ұрықты және ұрықты емес аналықтар шығарылып, сосын авиатранспортпен бүкіл Қазқстанға жіберілетін. Тайпалық материалдың ылғи жаңалану есебінен, тұқымдық құрам тұрақтылығы бақыланып, аралардың қыстау кезінде өнімділіктерінің сақталу тұрақтылығы да бақыланды. Қазіргі кезде карпат, ортаорыс және өлкелік ара тұқымдарының аралық жатырларының селекциясын және өндірістік шығаруларын жүргізу керек.
Бал тауарлық омарта бойынша өнеркәсіпті ара кешендік ара жоюшылар есебінен бал таңдауға механизацияланған технологиялық құрылғылар, ара семьяларын жүктеуге механизацияланған репелленттерге, көшпелі ара павильондарының түрлі типтерін өңдеуге, омарталық құрылыстардың типтік жобаларына, республиканың зоналық ерекшеліктерін ескере отырып негізінде бал шайқау(ағызу) өңдемелерді жүргізу қажет.
Тозаңдаушы омарталар бойынша ара тозаңдауына типтік келісімдер формасын өңдеу қажет, түрлі мәдени ара тозаңдану бағасы нормативіне сәйкес есептеп, омарталарды тозаңдануға тасудың қажеттігін дәлелдеп, тұқым өсіретін шаруашылықтарға қызмет ұсыну, әсіресе қазір, жем шөптерінің, жармалық және май дақылдарының дәнін өндіруде аралардың жетіспеушілігі қатты сезілетін кезде.
80 жж соңында бүкіл Қазақстан бойынша ара тозаңдауына алғашқы әрі жалғыз келісім жасалды (ара шаруашылығының Қазақ тәжірибелі станциясы омартасы мен Семей облысы Жарма ауданының Ленин атындағы колхозымен), шарттарды орындағаннан кейін омарташылар да, ара семьясының әрқайсысына тозаңдауға 10 рубльдан алып, тұқым өңдеуші кәсіпорындар да өнімге 20-25% үстеме тұқым алып, олжалы болды.
Омарталардың тозаңдаушы бағыттағы келешегі анық, әсіресе қазір, Қазақстанның шаруа және фермалық қожалықтары жем шөптерінің, жармалық, май дәнектерін өндіруден пайда тауып отырған кезде. Әлемдік ара шаруашылығы тәжірибесі бар, онда өсімдік шаруашылығы мен ара шаруашылығы арасында өзара пайдалы байланыстар тозаңдандыру қызметінде жатыр (мысалы, АҚШ-та омарталардың негізгі кірістері тозаңдандыру қызметінде). Соған орай жобаның басым бағыттрының бірі болып тозаңдау бағытындағы омарта құруды зерттеу, ауылшаруашылық мәдениетті тозаңдау есебінен омарталардың рентабельділігін жоғаылату мүмкіндігі болады.
Бағдарламаның негізгі кезеңдері:
Берілген жобаны қаржыландыру бойынша оңды шешім қабылданса, жұмыс МСХ РК-да, облыстық, аудандық ауыл шаруашылығын басқару, биліктің ауылдық атқарушы органдары, омарташылардың қоғамдық бірлестіктері, ветеринарлық зертханалықтары бағдарламаны қолдау ұсынысымен басталады. Жоғарыда аталған құрылымдардың барлығының қызығушылығы жобаны іске асыруда айқын, инвестицияларды араластыру, артықшылықтрды құру, аудандардың экономикалық көтерілуі көрсеткіштері бүгінгі күні мемлекеттік құрылым жұмыскерлері қызметінде артықшылық болып табылады. әуесқой омарташылар үшін топтасушы бағдарлама айналасында бірігу мәселесі бұрын жетілген, сондықтан ауылдағы жұмыссыздық, омарта пайдалылығы есебінен жобаға ауылдықтардың үлкен көлемінің қатысуы айқын. Барлық ауыл әкімшіліктері, ауыл шаруашылығын аудандық басқармасын ара шаруашылығы туралы, ара шаруашылығының бұрынғы және қазіргі статистикалық мағлұматтары бейнеленген анкетамен анкеталау болады (жоба үйлесімді республикалық ауыл шаруашылық санақ үрдісіне еніп, онда сельхоз қалыптасулардың барлық түрлерін, аудандарын, жануарлардың, сонымен қатар аралардың да саны есептеледі). Анкеталау мағлұматтары негізінде, адами әлеует бар, омарталарды орналастыру келешегі бар, артынан материалды шығындар есептеліп, болжанатын өнімділік, өзін-өзі ақтау болжамдары (сондай-ақ қауіп те), кепілдің болуы, жұмыс iстейтiн және потенциалды омарташылардың, сельхоз құрылыстардың шаруашылық қызметін талдау (толық досье), маңыздырақ аймақтар анықталады. Жоғарыда аталған барлық ақпараттарды ескере отырып жобаның тартымдылығы сұрағын екінші дәрежелі банктер үшін, түрлі қорлар, сонымен қатар ҚР азық-түлік бірлестігі үшін де зерттеу болады.
Ара шаруашылығы бойынша Селекционды-генетикалық орталық қызығушылығы осы жобада қатысуы тайпалық аралардың, инвентарь, кадрлар төлеміне дайындық, өніммен жабдықтаушы өз нарығыңды қалыптастыруды, ара шаруашылығының қайта жаңғыруының өтім нарығын ұйымдастыру болып табылады.
Келесі кезең нормативті-әдістемелік ұсыныстар, барлаушылық ұйымдар бойынша, зоналық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық республика аудандары ерекшеліктерін бал тозаңдаушы ара шаруашылығын есепке ала отырып өңдеу болып табылады. Бұл ұсыныстар негізінде шеттелген аудандарда ауыл шаруашылық өнімдері бойынша сатып алушы базаларды ұйымдастыру жүргізу болады, сол ауылдықтар және оларды жүзеге асыру күшімен өнімді нарық талаптарына жеткізу.
Өнімнің потенциалды қолданушыларын іздестіру жүргізуге оқыту бойынша маркетинг-план қосарлы өңделетін болады (жәрмеңке өткізу, көрме, презентациялар), өнімді фармацевтикалық, парфюмерлік нарққа дүкендер арқылы айырма торға, көтерме сатымға қою тәртібі, өнімді сату кезінде қажетті барлық нормативті құжаттар өңделді.
Күтілетін нәтижелер.
- ҚР-да меншіктің түрлі формаларын, зоналық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рационалды ара шаруашылығы бойынша бағдарлама өңделіп, енгізіледі.
- Ара шаруашылығында дайындау шараларының толық кешені ара шаруашылық өнімдерін модернизациялау үшін, тайпалық шаруашылықтың қайта өңдеу сферасының, жаңа технологияларды енгізу өткізіледі,
- Артықшылық тәртібін құру қажеттігі турлы сұрақтар республиканың депрессивті аудандарындағы ара шаруашылығы үшін, берілген сұрақтың мемлекеттік маңыздылығымен байланысты, әсіресе ҚХР шекаралас аймақтарда халық көшуін тоқтату үшін қарастырылады.
- Республиканың оңтүстігінде тайпалық материалдарды ұстау бойынша тіреуіш пунктілерін құру туралы сұрақ шешіледі. Ол қысқа мерзімде республикадағы ара семьяларының санын қалпына келтіруге рұқсат етеді.
- Омарталардың бал-тозаңдандырушы кешен жүйесін өңдеу мен енгізу, тозаңдандырушы омарта типін құру мәселесі шешіледі.
- Ара шаруашылық өнімдерін Қабылдау, қайта өңдеу жаңа технологияларын енгізу туралы сұрақ шешіліп, ара өнімдерін медицинада, фармокологияда, парфюмерияда, азық өнеркәсібінде пайдалану көлемін кеңейту
Экономикалық эффект:
Ара шаруашылығының сатып алынуы, ауыл шаруашылығының басқа салаларынан айырмашылығы, әсіресе таптық жағдайында, 2-3 жыл ішінде мүмкін. Әлемдік ара шаруашылығының өңдемелерін, өнеркәсіптік ара шаруашылығының элементтерін енгізу саланың рентабельділігін 20-25%-ға көтеруге рұқсат етеді. Рентабельді жұмыс істеуші кәсіпорындарда еркін құралдар болған жағдайда, олардың аударылулары егер оларды ара шаруашылығына салса шығын әкелмейді. Ара семьяларын ерте көктемде Оңтүстік Қазақстаннан алу, олардың екі еселенуі мен бал жинағының Шығыс Қазақстанға жеткізілуі, ешқашан бұзылмайтын өнімді қабылдау, нақты өтімдері бар – бұл ара шаруашылығының жоғары рентабельдігінің мысалы. 20 ғасырдың 80 жылдарының соңында Шығыс Қазақстан ара шаруашылығында технологиялық алға ұмтылуда тұрды. Әрбір кәсіпорын өзінің қосымша омартасы болғанда, Қазақстанның тәжірибелі ара шаруашылығы станциясының бірегей ғылыми Орталығы, өнімді экспортқа шығаратын, омарталық кешен, ірі ара шаруашылық массасы болды. Содан қалған омарташылықтан қазіргі кезде ең жақсыларын қалпына келтіру жеңілірек. Бұл жағдайда мемлекеттің міндеті – қолайлы жағдай туғызу, ғылым міндеті – жаңа жетістіктер ұсыну.
1. Өндірісті ұйымдастыру, өнім дайындау, қажетті құралдар, ұялар, дәрі-дәрмектер, балауыз т. б. өз дүкендері мен қоймаларында сатуды реттеу.
2. Бал, балауыз өнімдерін дайындау, оларды ішкі және сыртқы рынокқа шығару.
3. Арашылардың барлық сұрақтары мен мұң-мұқтажын біліп отыратын нұсқаушы ұстау қажет.
4.Үлгілі оқыту-тәжірибелік омарта ұстауды ұйымдастыру.
5. Арашылардың курстарын ашып, біліктілігін арттыру.
6. Кооператив мүшелерінің ара ұяларын кездейсоқ апаттардан, аурудан, өлімнен т. б. сақтандыру жүйесін іске асыру.
7. Банктерден несие алу және кооперативтің жеке мүшелерін несиелеу.
Шетелдегі қазіргі кездегі кооперативтердің тәжірибелерін шығармашылықпен Қазақстанда пайдалану қажет.
Бұл салада АҚШ тәжірибесі қызық: кәсіпқой арашылар мамандандырылған ірі кооперативтер құрып, өнімдерін қайта өңдеп, ыдыстарын әсем безендіріп, дүкендерге өздері таратады. Сөйтіп, арадағы делдалдардан өздерін сақтандырады. Қазіргі заман талабына сай қондырғыларының балды ыдысқа құю жұмысының өнімділігі аса жоғары және қымбат тұрады. Бұл мекемелер әуесқой арашылардың балын да қабылдап, өңдеп береді. Балды сиымдылығы аз ыдыстарға құйып сату көп пайда келтіреді. Отбасылық ара фермалары да осы кооперативтер тәрізді жұмыс істейді.
Тіпті кішкентай деген арашылар ұжымы көптеген мамандық иелерін қамтиды. Сондықтан, бал өндіру үшін шыққан шығынның қайтарымы да тез. Осындай тұрақты пайда беретін кәсіпорындар фермерлік ара шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. Шет елдерде (Франция, Венгрия, Австралия) ірі отбасылық ара фермаларымен қатар, отбасылық емес кооперативтер де баршылық. Кооператив мүшелерінің құрамында жүргізушілер, тракторшылар, балташылар, ұсталар т. б. мамандық иелері болады. Кооперативте тәжірибе алмасу үздіксіз жүріп отырады, сондықтан әрбір арашы өзінің кәсіпқой дең- X гейін тез көтереді. Мұнда ғылымның жетістіктері мен озат тәжірибені басшылыққа алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Жеке кәсіпкер-арашыға қарағанда кооперативтердің ірі көлемді жұмыстарды атқаруға және қымбат тұратын көлік, трактор сатып алуға мүмкіндігі мол. Ірі кооперативке құрылыс жұмыстарын жүргізу, күрделі техника сатып алу, әр ара ұясына шаққанда әлдеқайда арзанға түседі. Ара шаруашылығының кооперативі, егер ол ірі болса, ағаш өңдеу шеберханасын салып алуға да мүмкіндіктері болады. Ал жеке арашы-фермердің бұған шамасы келмеуі де мүмкін. Өз шеберханасы бар кооперативтер құрылыс жұмыстарың ара ұяларын жасауды өздері атқарып, өндіріс қуаттарын арттырып, экономика тұрғысынан тиімді жұмыс істейді.
Қазіргі заман талаптарына сай ара шаруашылығын ұжымдық негізге көшіру Қазақстан ауылшаруашылығының алдында тұрған негізгі бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына байланысты бал өнімдеріне сұраныс та арта түсуіне шүбә келтіруге болмайды. Балға деген сұраныс тек қана оның тағамдық және дәрілік қасиеттерінде емес, одан тамаша ашытқылар, алкогольсіз ішімдіктер өндіруге болатындығында да жатыр. Өнеркәсіптің 50 ден астам түрлеріне қажетті ара балауызының өзі ара шаруашылығын өркендетуге итермелейді. Жасанды балауызды химиялық жолмен алу әзірше мүмкін болмай отыр.
Болашақта ара шаруашылығының дамуына қазір көптеп қолданысқа кірген биологиялық белсенді тағам түрлері (бал, балауыз, прополис, тозаң, ара сүті, ара уы) медицинада, талғамды тамақтануда, косметикада да қолданылуы оң әсерін тигізері сөзсіз. Мысалы, 1985 ж. Қытайда 200 т ара сүті өндірілген болса, 1990 ж. 1000 т асты.
Қазақстан жері әлі пайдаланылмаған бал беретін өсімдіктердің қорына бай. Осыны пайдалану, бал өндірісін бірнеше есе арттыруға жеткізеді. Осындай табиғаттың байлық қоры тек ішкі сұранысты ғана емес, басқа елдерге де ара шаруашылығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Шетелдік дәрілердің тым қымбат бағасы, іс жүзінде бұл дәрілерді қарапайым адамдардың пайдалана алмауы, осы дәрілерді алмастыру жолдарын қарастыруға мәжбүр етеді. Бұл орайда ара өнімдері, олардың қоспалары, биологиялық белсенді өнімдері таптырмас алмастырғыштар. Ара шаруашылығы, ауылшаруашылығының барлық салаларымен салыстырғанда қаржыны аз шығындайтын сала. Оның үстіне арашының үнемі омартада болуы міндетті емес, белгілі бір уақытта келіп ағымдағы жұмыстарын атқарса жетіп жатыр. Сондықтақ ара шаруашылығы ірі бизнес ұйымдастыруға да, қосымша табыс көзі ретінде де пайдалы.
Ара шаруашылығының өркендеуінің негізгі кепілі - аралардың өсімдіктерді тозаңдан-дыра алуы. Біздің Жер планетасының өсімдіктерінің бестен төрт бөлігі, егер насекомдар тозаңдандырмаса құрып кетер еді. Араларды тозаңдандыруға пайдалану жеміс-жидек, көкөніс, мал азығын, техникалық дақылдардың өнімін 30-50 пайызға арттырады. Осы дақылдардан алынған қосымша өнімнің құны, бал мен балауыз бағасынан 15-20 есе артық, оның үстіне алынатын жеміс пен тұқымның сапасын арттырады. Сонымен, ара шаруашылығының ауылшаруашылық дақылдарының агротехникасындағы маңызы аса зор. Табиғатта тозаңдандырушы насекомдардың азайып бара жатуынаң аралардың маңызы арта түспек. Болашақта насекомдармен тозаңданатын дақылдар, тікелей ара шаруашылығы-ның даму деңгейіне тәуелді болуы ықтимал. Қоршаған ортаның радионуклидтермен ауыр металдардың тұздарымен, пестицидтермен ластануын бақылауда араның көмегі зор. Аталған заттардың аз мөлшерінің бар екендігі тозаң мен шірнеден оңай анықталады.
Соңында, әуесқой ара шаруашылығы адамды қызықтырып, қанағаттану сезімін, қуаныш, күш-қуат, денсаулық сыйлайтынын ұмытпауымыз керек. Қазақстанның ара ша-руашылығының дамуына оң әсер етуге тиіс.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 |


