ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Менеджмент және маркетинг кафедрасы»

Баяндама

Тақырыбы: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫН КЛАСТЕР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ

Баяндамашы: Ғылыми жетекші :

Өскемен, 2010 ж

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫН КЛАСТЕР НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУ.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1.1 ӘДЕБИ МҰРАҒАТТАР

1.2 КЛАСТЕР ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.3 АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

1.4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда АгроӨнеркәсіптіКешен кластері қалыптасуының бастапқы кезеңін бастан өткізуде. Ұлттық агроөнеркәсіптің бәсекеге қабіліттілігін арттырудың мемлекеттік концепциясының жоқтығы, сонымен қатар ойластырған кластерлік саясатты әзірлеуді кешіктіру АӨК кластерлік ұйымдарды қалыптастыруда көптеген қиындықтарды тудырады. Үкіметке жаңа экономикада және кластерлеу процесінде жаңа роль қызметтерін орындау туындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» Жолдауында «Әртараптандырудың басқа бір маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен.

Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.

Бұл күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек»

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту кезеңінде омарташылықта (ара шаруашылығы) сапалық және сандық қатынасында біршама өзгерістер болды. Экономиканың агроөндіріс секторын мемлекетсіздендіру бірінші орынға өсімдік, ет және сүтті мал шаруашылығы шығарылғанда салалардың басымдылығы жайындағы мәселеде күшті проблемаларды білдірді. Омарта өнімі екінші кезекті дәрежеге өтуі балдың, тозаңның, прополис пен аралардың өздерінің өндіріс объектісі ретінде өтіміне көрінді. Қысқа мерзімде нарықтың өніммен тауарлық іркілуі, ұсақ тауар өндіруші омарталардың кедейленуі, аралардың қалпына келтіру динамикасының түсуі болды. Нарықтың қатыгез жағдайында ең пысық омарташылар аман қалып, олар үшін бүгінгі күні омарташылық саласында негізгі сапалы жаңа құрылым болатын, мемлекет тарапынан тәртіп құру кезінде қолайлы жағдай (микрокредиттер, жанғыш материалдар өңдеу кезіндегі демеу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі, қоғамдық жобалардағы жұмыс және т. б.) туғызу 2-3 жыл ішінде омартаның бұрынғы санын қалпына келтіруге, жаңа технологияларды енгізуге, халықаралық нарыққа кіруге рұқсат етеді.

Кадрлық потенциалдың (тұрақты әлеует) шөлін қандыру(көңілін табу) болмаған жағдайда ескі кадр жоқ болып, ал жаңасы әлі дайындалмаған кезде (егер сала шығынды болса, онда кадрлардың дайындығы да жоқ) мамандардың берілуін (құлдырауын) болдырмау маңызды. Соған орай, мұрагерлікпен омарташылық дағдылы отбасылық социум бар жерде реформалар бастау маңызды. Бұл бұрынғы ара совхозы аудандары, (Катон-Қарағай, Марқакөл, Зырян, Ленинагор, Ұлан). Бұл аудандардың тұрғындарының саны шекті көрсеткіштерге жетткен, еңбекқор халықтың барлығы өнеркәсіпті орталықтарға көшкен кезде ауылдарджа жұмыс жоқ, ішімдікке салыну мен қылмыскерлік өркендейді.

Әсіресе мемлекеттік қауіпсіздік көзқарасынан кезінде омарташылық есебінен гүлденіп тұрған ауылдар ҚХР-мен шекаралас Катон-Қарағай, Марқакөл аудандары қауіпті жалаңданған, сондықтан бұл аудандарда омарташылықты қалпына келтіру мемлекеттік саясат көзқарасынан басым сипатта болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Аграрлық секторды реттеу қиын және көпқырлы мәселе болып табылады. Оның жағдайы республиканың нақты сұраныстарын қанағаттандырмайды. Дамыған елдердің көп жылдық  тәжірибесі мен Қазақстанның соңғы он жылдық ішіндегі  практикасы нарық жағдайында  мемлекеттің қатысуынсыз экономика қарқынды дамымайтындығын құптайды. 20-шы ғасыр аяғында Шығыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстанның барлық омарталар санынан 60% аралар семьясы шоғырланған болатын, 80%-ға дейін тауарлық бал шығарылып, оның негізгі бөлігі экспортқа қойылатын. 90 – 2004 жж кезеңінде омарталар санының 200-ден 20 мың ара семьясына дейін қысқаруы болды, сонымен қатар өзінің тіршілік қабілеттерін ірі ара совхоздары «Черемшанский», «Путинцевский», «Коробихинский», «Осиновский», (127 мың ара семьялары) тоқтатты. Ауыл шаруашылығының облыстық басқармасының мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстанда кеңшаркәсіпорындарда 4024 ара семьялары ұсталады, жеке секторда 21573 ара семьялары, сандық есептеулерде 90-шы жылдар соңында болғанның 10%-ын ғана құрайды. Омарта санының қысқаруының негізгі себебі болып ара өнімдеріне деген сұраныстың азаюы, халықаралық нарыққа шығудың болмауы, ғылыми-зерттеу өңдемелерінің қаржыландырылуының қысқартылуы, әсіресе селекция саласында, аралардың ауруларын емдеу, ара шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу технологиясы болып табылады. Үкіметтің дұрыс стратегиясының арқасында, Қазақстандағы реформа кезеңі қысқартылған мерзімге өтті. Қазір біз ара шаруашылығының жаңа спада қайта дамуы бойынша бағыт басындамыз. Мемлекет, жеке және қоғамдық ара шаруашылығының қызметін ара шаруашылғына қалпына келтіру үрдісінде нақты шектеу қажет. Табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық себептер күшінде ШҚ аумағында ірі ара шаруашылықтар мен тұрақты бал сатушы бағыт шоғырланған кезде ақырғы 30 жылда ара шаруашылығы үшін ерекше жағдайлар қалыптасты. Бұл Катон-Қарағай, Марқакөл (қазіргі Күршім), Зырян, Большенарым аудандарының аймақтары, мұнда керемет сапалы ара шаруашылығының негізгі массасы өндірілді. 90-шы жылдардың соңындағы өндірістің құлдырауы ең алдымен ШҚ-ның алыстағы аудандарын қамтыды, кәсіпорындық орталықтардан алыстық, транспорттық шығындардың қымбаттауы шығарылатын өнімдедің бәсекеге қабілеттігінің төмендеуіне, тауарлық іркілу мен ақырында ірі совхоздар мен колхоз омарталарының құлдырауына әкелді.

Қайта құру кезеңінде дәл осы аумақтардан еңбекке қабілетті халықтың үлкен саны аудан және облыс орталықтарына кету болып, араларды ұстау үшін қолайлы жүздеген омарта, қыстақ, ауылдар тасталып қалдырылды. Осындай әрбір стационарлы омарталардың әрқайсысы балды өсімдіктердің жинағымен анықталып сипатталды, өзінің микроклиматымен, және ең маңыздысы кәсіби кадрлармен, ара ұстаушылар отбасымен, ара ұстау дағдылары бар, анық бір орынға тұрақтану ұрпақтан ұрпаққа берілді, яғни отбсылық социумдар болды. Қазіргі уақытта көшуді тоқтату, қалған тұрғындарды ара шаруашылығымен айналысуға шақыру үшін проблеманы шешудің жан-жақты келу қажет. Ара шаруашылығының қайта жаңғыруына шешу керек негізгі сұрқтар болып табылатындар:

1. Ауыл шаруашылығының жергілікті территориалды органдарының, орындаушы билік органдарының ара шаруашылығы бойынша барлық мәселелерді шешуде жан-жақты қатысу;

2. Депрессиялық аудандарда, әсіресе ҚХР шекаралас аудандарда омарташылық саласын дамыту саласында жеңілдіктердің тәртібін құру;

3. Микрокредиттерді, грнттарды және т. б. ара шаруашылығын дамыту үшін қаржылауға екінші деңгейлі банктерді, инвестициялық фондтарды және т. б. араластыру.

4. Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс аймақтарында Селекционды Орталығының тіреуіш пункттерін құру бойынша кешенді келу, ара шаруашылығы бойынша ара семьяларының республиканың оңтүстігінде қыстауына, ара ұрғашысын ерте шығару, ара пакеттерін, ара отбасыларының күштерін өсіру. Қойылған тайпалық материалды қатты қадағалау.

5. Қазақстанның барлық облыстарында ара шаруашылығымен айналысу бойынша кадрларды ауылшаруашылық колледждерінде, училище, ЖОО-да орта және жоғары санатты мамандарды дайындау мәселесін шешу. Ұлттық аграрлық университетінде ара шаруашылығы факультетін ашу. Ара шаруашылығы бойынша мамандардың омарташылық дамыған елдерге кәсіби үстеме алуға бару мүмкіндігі (Австралия, АҚШ, Аргентина және т. б.)

6. Ара шаруашылығындағы қолданбалы бағыттағы ұйымдардың ғылыми-зерттеуінің жаңа ұйымдастырушы формасын құруды қолдау. «Омарташылықтың селекционды-генетикалық орталығы», әлден бар штатты бірліктер мен қойылған міндеттерді орындауды қаржыландырумен.

7. Аудандардағы бұрынғы ара совхоздарының омарталарын белгілі бір аумақта орналастыру жөнінде мағлұматтар жинау (бұрын болған және қазіргі бар ара семьяларының көлемін көрсетумен)

8. Омарташылықпен айналыса алатындар мен қазір де айналысушылардың кадрлық әлеуеті бойынша мағлұматтар банкін құру

9. Ауыл шаруашылығын басқарудың статистикалық берлігендерін өнімдірек аудандарда жаңа ара шаруашылығын қалыптстыру үшін 20 ғасырдың 80-90 жж кезеңіндегі омарталардың өнімділігі бойынша ұқсас мағлұматтар жинау.

10. Өсімдіктердің балдық қорын бағалау жүргізу.

Осы сұрақтардың ауқымдылығы  баяндамалық жұмыстың  тақырыбын таңдау алдын анықтады.

Зерттеудің мақсаты.

Қазақстан Республикасының БСҰ-ға ену үшін мемлекеттік, жеке және қоғамдық сектор кәсіпорындарының қатысуымен зерттеудің ара шаруашылығы өнімдерін шығару, сапаны қадағалау, олардың қайта өңделуі мен іске асырылуы мәселелерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері.

· Ара шаруашылығының жағдайын және даму мүмкіндіктерін қарастыру.

· Кластер ұғымы туралы түсінікті жоғарлату.

· Ара шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсынылатын шараларды экономикалық бағалау.

· Қазақстан Республикасындағы ара шаруашылығының даму болашағын қарастыру.

Зерттеу обьектісі – Қазақстан экономикасының аграрлық секторы, аса терең зерттеулер жүргізілген жеке аумақтар мен шаруашылықтар.

1.1 ӘДЕБИ МҰРАҒАТТАР

Қазақстан Республикасы 272,5 млн. га жерді алып жатыр. Оның ішінде шексіз далалық, шөл және шөлейт аймақтар, көлдер мен өзендер, орман-тоғайлар, шалғындықтар мен таулар бар. Республиканың солтүстігінде суық - сібір климаты, ал оңтүстігінде ыстық шөл.

Қазақстанның егістік жерлерінде бидай, тары, күріш, күнбағыс, қант қызылшасы, темекі, мақта, жоңышқа, эспарцет және тағы басқа дақылдар өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында бау-бақша, жүзім өсіру жақсы дамыған. Қазақстанның ауылшаруашылығының маңызды саласы - мал шаруашылығы. Мұнда қой, ірі қара мал, шошқа, жылқы, түйе, құс және ара шаруашылықтары даму үстінде. Қазақстанның табиғи жағдайлары ара шаруашылығын дамытуға қолайлы. Бұл саланың ең өркендеген кезінде Қазақстанда 220 мыңнан аса ара ұясы болған еді.

Қазіргі Алтай және Сібір аймақтарының тарихи ескерткіштерін зерттеген археологтар, Енисей өзенінің бойындағы жартастардан араның қашалып жасалған бейнелері табылған.

Осындай суреттер Алтайдағы атақты Телецк көлінің маңынан да табылған. Алтайды мекендейтін халықтар: алтайлықтар мен жоңғарлардың тілінде аралардың тіршілігімен байланысты көне сөздер әлі сақталған. Осы және басқа да деректер Алтайдың Қазақстанға жататын бөлігінде аралар ерте заманнан-ақ тіршілік еткенін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының тарихи мұражайда сақталған мәліметтер бойынша 1776 жылы Секисовка және Бобровка ауылдарының тұрғандары сол уақытта Ертіс жолындағы әскери ауруханаларды тексеріп барған Беренс дәрігеріне ара шаруашылығымен айналысуға қолдау көрсетуді сұрады. Сол жылы қыста Башкирия мемлекетінен 30 ара ұялары әкелінген болатын. Олар қыстың аязына шыдай алмай қырылып қалған. Бірақ 1792 жылы Өскеменге келген Аршеневски қолбасшымен 60 ара ұялары және білікті омарташы жіберілген болатын. Екі жыл өткенен кейін Аршеневский ара ұяларын ауыл тұрғындарына сатып ақша істеген. Сол жылдан бастап бал тегін берілмей ақшаға сатылып, бал бағасы балықтан, еттенде жоғары болған. Егер балдың ең төмеңгі сорты – 3 рубль турса, ал жоғарғы сорты-5,6 рубльға жеткен. Біраз жыл ішінде ара шаруашылығы тез дамып Томскіге де жетіп үлгерген. Шығыс Қазақстанда жазасын өтеп жүрген саяси жер аударылғандар Александр Федоров, Евгений Михаэлис ара шаруашылығымен айналысқан, олар зерттеулер жүргізіп, ауыл тұрғындарына омарташылық туралы дәрістер жүргізген болатын. Орыс ғалымы Яхонтов 1924 ж. былай деп жазған еді: «Азия араны тым көне заманнан біледі. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын алтайлықтар жабайы араны тауып, арасын өлтіріп, балы мен балауызын алып отырған. Араны қолға үйретіп, үй жануары етіп алу Алтайдың жартылай тағы адамдарының қолынан келмеді».

Алтайда жабайы аралардың болуына шек келтірмегенмен ара өсірудің шаруашылық саласы болып қалыптасуы, тек қана араны басқа аймақтардан әкелген соң ғана қалыптасты. Сондықтан жергілікті аралардың бұл өзгеріске ешқандай әсері болған жоқ. Бұл көрсеткіштерден осы кезеңдегі ара шаруашылығының тиімділігі өте төмен болғанын көруге болады. Сонымен қатар егер мемлекегге 300-500 км радиуста орын ауыстыра алатын мобильді омарталар құрылғанда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді. Бұл саланың маңызды экономикалық көрсеткіші балауыз, гүл тозаңы, ара уы, аналық сүт сияқты өнімдерді өндіру болып табылады. Өкінішке орай бұл кұнды өнімдерді өндіру де соңғы кездерде өзінің өтімінің әлсіздігінен төмендеуде. Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында ара өндірісі үшін құрал-жабдық дайындаумен айналысатын кішігірім кәсіпорындар құру қажет, себебі мемлекетке қазіргі заман талаптарына сай жаңа технологиялық жабдықтар шығаратын ұйымдар кажет. Ара шаруашылығының өнімдерін сатудан түсетін пайдадан басқа омарташылар ауылшаруашылығы мәдениетін жүзеге асырудан түсетін пайданың жартысына кұқылы. Шығыс Қазақстан облысында ара шаруашылығының негізгі пробемаларына ара шаруашылығы өнімдерін сатып алу мен өткізу болып табылады. Ара өнімдерінің құны өнеркәсіп тауарлары, қызмет көрсету салаларының бағаларымен сәйкестігі бұзылып, арзандап кетті. Мысалы: бал шайқайтын қондырғыны реформаға дейін 10-12 кг балдың құнына сатып алуға болатын болса, қазір ол үшін 30-40 кг бал қажет; бұрын 1 кг балға 10-15 л бензин келсе, қазір 4-5 л ғана ала аласың.

Саланың тиімділік деңгейі соңғы өнімнің терең өнделуіді, тиімді бумалауды қамтамасыз ететін фармацевтика, парфюмерлі косметика және басқа салалармен байланысу есебінен артады, Қазақстан Республикасында ара шаруашылығын дамытудың ұлттык бағдарламасы жоқ. Қойылған мақсатгы жүзеге асыру үшін омарташылардың инновациялық кластерлік ұйымдарын құру жолымен ара шаруашылығы жүйесін түрлендіру бойынша зор күш салу кажет. Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында қазіргі заман талаптарына сай ірі ара шаруашылық ұйымдарын құру мемлекет қолдауынсыз мүмкін емес.

1.2 КЛАСТЕР ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Кластерлік дамыту ұлттық және аймақтық бәсекелестікті көтерудің факторы ретінде қазіргі таңдағы инновациялық – экономикалық сипатты белгісі болып табылады.

Кластерлер бос, тұрғылықты емес жерлерде пайда болмайтындығын сызып қоюымыз керек. Кластерлердік туылуы (немесе, нақтысы инкубациялануы, өсуі) алдыңғы тарихи қалыптасқан белгілі бір экономикалық базасынан пайда болады. Кластерлерді құру, негізінен кәсіпорындардың мүдделік қызығуынан бастау алады, бірақта аймақтық билік кластерді дамыту және өсуіне жағдай жасауда артықшылық рольді ойнайды.

Кластер – бұл соңғы бәсекеге қабілетті өнімді өндіру үшін, келісіп іс-қимылдар жасайтын бір-бірімен тығыз байланысқан компаниялар тобы.

Өндірістік кластер – бұл жақын орналасқан және бәсекелестік өнім өндерісінде бір-біріне әсер ететін экономикалық байланыстағы фирмалардың және басқа заңды тұлғалар мен институттардың тобы.

Кластердің әрқилы элементтерін суреттеуде әйгілі модель болып, Майк; Портер және Гарвард бизнес мектебінің моделі саналады(diamond model)

Бұл модельде:

 компания құрылымы мен бәсеке жергілікті тұтыну;

 аралас компаниялар және қолдаушы компаниялар;

 факторлық жағдайлар (и нф р а қ ұ р ы л ы м, ғ ы л ы ми зерттеулер, капитал) карастырылған.

Басқа жалпы қолданылыг жүрген модель, SRI International ұсынған пирамида түріндегі модель. Онда жоғары жағында жүргізуші компания-экспортерлар, оның төменінде жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілер соңғы қорытынды да, маңызын көрсетуші болып саналатын, бес негізін қалаушы факторлар: білікті және дағдыланған еңбек ресурстары; технологияның жеткізілуі; капитал салымының жеткізілуі; озық мәтериальдық инфрақұрылым; және салықтар және бәсеке аумағындағы заңдылық берілген.

Кластер кәсіпорындарының құрылуы, негізгі тәртіп бойынша келесі үш субъекттердің біреуінің бастамасы бойынша құрылады: жекеменшік кіші кәсіпорындар, аймақтық билік органдары және үлкен корпорациялар. Кәсіпорындар арасындағы кластерлік байланыстар жасырын түрде орнығуы мүмкін, немесе саналы түрде болуы да мүмкін. Он бір елде жұмыс жүргізіп жатқан кластер жүйелеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде және олардың тәжірибелерін үйрену ЮНИДО (UNIDO) мамандарына, кәсіпкерлік бәйланыс желілерін қолдауға бағытталған, аймақтық саясаттың жалпы концепциясын өңдеуге ықпал жасайды.

Кластерлерді құру және басқару істері Германияда, Жоғары Австрияда, Ұлыбританияда, Италия және Испанияда өзіне бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1 кезең. Мақсат, әлеует және стратегия. Алғашқы қадам қалыптаспаған және болашақ кластерді бастаушы ойыншыларын біріктіруден құралады. Кластерлердің қурылуы, қатысушылардың ортақ стратегия мен кластер мақсатын келісуіне байланысты басталады.

2 кезең. Қызметтің басталуы. Тағайындалған үйлестірушілөр кластердің ағымдық жұмыс жоспарын дайындәйды. Бұл жоба басқарудың кәсіби жоспары болып табылады және өзіне жобаның құрылымын, орындалу тізбесін, бюджетті, персоналдәрға қажеттілікті т. с.с және қызмет іс-шараларын кластер қызметіне сай, оларды жүзеге асыру жағдайлары берілуі керек. Сонымен қатар, қатысушылардың әр қайсысының рольдері мен байланыс қатынастарына жалпы ереже орнату өте маңызды болып табылады.

3 кезең. Қызметті жургізу. Бұл кезеңнің негізгі мәселесіне кластер менеджментіне барлық қатысушылар және сыртқы ортамен байланыс орнататын парапар ақпараттық және қатынас кеңістігін құру.

4 кезең. Менеджмент. Менеджмент қызметі қатысушылардың сұранымы мен күтілген нәтижелеріне жауап беруі шарт. Кластерді басқару өзіне жобаларды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін қолдануды қажет етеді және сапаны, экономикалық тиімділікті және барлық іс-шаралар мен жұмыстардың өз уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуді өз ішіне қамтуы керек.

5 кезең. Қызметті бағалау. Кластерді басқаруды уздіксіз жақсы нәтижелерге жеткізу үшін реттеуші аудиттік тексеруді жүргізу және кластер қатысушыларынан әр кезде пікірлер жинап бару керек.

Өндірістің кластерлік концепциясын енгізу көптеген мемлекеттерге өздерінің экономикасының репродуктивтілігін неғұрлым жақсартуға мүмкіндік тудырады. Өзіне деген экономист – ғылымдардың аса қызуғышылығы нәтижесі түрлі саяси және әлеуметтік экономикалық эксперименттермен, инновациялармен біршама өсуі ғана болған емес, сонымен қатар бүкіл дүние жүзіндегі 10 мыңдаған кластерлердің қалыптасуы болған үлкен зерттеулер жүргізу бастамасына әкеледі.

Кластерлік үлгіні меңгерудің шешуші проблемалардың бірі – территориялық жақындақ, әлеуметтік, әлеуметтік ерекшелік технология артықшылары, өндірістік бағыттары жэне т. б берілген желілік қалыптасуының өндірістік байланысын нақты сызбасының көптеген түрлі кластерлер байланыстар ішінен анықтау ерекшелеу болып табылады. Кластерлер мүшелерінің айтылған құраушылары бойынша жаһандық дәрежесінің дәл өзі берілген нақты кластерлік өндірістік жүйесінің нормативті әрекет етуінің бекемділігімен тиімділігін анықтайды.

Кластерлеу - бұл бірігіп «жұмыс атқаратын кәсіп - қрылымдарының алдында өндірістің жоғарыда көрсетілген белгілері бойынша күш біріктіруі, мүшелерге пайда әкелетіні жайлы логикамен алдын ала болжамдалған қорытындының нақты жүзеге асуы.

"Кластер сипаттамасының нақты білінуі «тұтынушы - жеткізуші» жергілікті байланыс фонында көрінеді. Фирмалардың көпшілігі өздеріне қажеті шикізатты, құраушыларды басқа жергілікті фирмалардан сатып алады. Қамтамассыз етуші мен тұтынушылардың жалпы желісіне ие болу бұл — осындай өндірістік жайдайдағы кластердің қатысушы фирмалары үшін үлкен артықшылық. Кластерлік байланыстың иаңызды бөлігі болып, кластер қалыптастырылған «қосымша құн тізбегінің» жүзеге асуы табылады. Оның ықпал етуіне көз жеткізу үшін бәсекелес фирмалардың белсендігінің бірігуі, жобаны өндеуден бастап және материалды сатып алу, өнімді дайындау, сату және қызмет көрсету логикасы болып табылады.

Инновациялық экономикада кластерлер нәтежиелі құрастырушы рөл атқарады. Кең мағынада кластерлер агломерация фирмасының жабдықтаушылар ретінде локольносконцентрированные еңбек нарығын құруға мүмкіндік тудырады. Аймақтардағы фирмалардың кластерлеуі жеке фирмаларға операцияның неғұрлым кең масштабын ұсына отырып мамандану процестерімен фирмалар арасындағы еңбек бөлінісін нығайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар мен сатушыларды жүйелік әрекеттесуге тарту, біріккен іскерлігі арқасында дайындаған өнім бірлігінің құңын төмендетуге болады, сонымен қатар кластерлер мүшелеріне көрсетілген техникалық қызмет бірлігінің қүңында төмендету мүмкіндігі туады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6