Жүгіру соғуын орындау тігінен тәсілі арқылы орындалады.

Тұрақты жүгіріс нақты соғудың негізі болады. Кейбір ойыншылар доптан белгілі бір қадам санына шегінеді. Түзумен жүгіріп келе жатқан ойыншылардың қателіктерін байқау қиын емес.

Келесі ойыншының қателігі – соғуды орындаған ойыншының тірек аяқтың доп алдында дұрыс емес қоюы болып табылады. Аяқ допқа жақын тұру керек (табан енінің ұзындығына жуық) және кішкене артқа қарай, бірақ аяқ ұшы допқа бағытталуы керек.

Соғудың екі түрінің бір мақсаты – аяқпен соғуды дұрыс әрі нақты орындау теориялық жақтан аяқ неғұрлым ұзын болса, доп соғұрлым алысқа ұшады. Бойы төмен ойыншыларға күшті соғуды орындау үшін, бір жақтан көтеріліспен орындаған дұрыс. Егер соғу ауырлық центрінен өтсе, ол мақсатына міндетті түрде жетеді. Соғушы ойыншының бар көңілі соғу нүктесіне аударылу керек. Жақсы ереже бар, ол – допты көз алдында ұстау. Егер ойыншы техниканың жүгіруден аяқ соғушының қозғалуына дейін орындаса, оның соғуды дәл, нақты болады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Соғу бастапқы соғу ретінде қолданылса, секіру кезінде соғу тактикасын қолдану керек. Және бұл үшін алаңның әлсіз қорғанған жерлерін таңдау керек. Бастапқы соғудай кейін көбінесе допты қарсыластың алыс жағына жібереді. Бұл жерде 22 м зонасынан соғу амалсыздан орындалады. Бұл желмен ойналғандағы ойын кезінде жақсы болады, себебі қарсылас дәл осындай ұзын соғумен жауап бере алмайды.

Оң жақ әлсіз қорғалғандықтан, соғуды оң жақтан орындауға болады. 22 м және алаңның бір жағындағы сызық арасындағы соғу биік болу керек. Осыдан кейін допты ұстаушы ойыншыға қысым көрсету керек. Осы қысымды жаулаушы команданың ең жылдам ойыншылары орындау керек. Ойыншыға қысымды тез орындау керек, пасты 22 м зонасынан ұстау керек.

2 Ойыншылардың шабуыл сызығының топтық қозғалысының техникасы

Ұстап алу (схватка) – бұл күш контактының ойындық әрекеті, бұл әрекет регби ойынына ғана тән. Матч кезінде ойыншылар допты алайын деп жатқанда, олардың дайындалған жаулап алудағы қозғалыстарына көп уақыт бөлінеді.

Ойын арбитрдың ысқырығынан басталады, бірақ осы уақытқа дейін жаулап алушылар арнайы қатарға тұруға дайын болу керек.

Ұстап алуға дейін ойыншылар мынаны істеу керек: аяқты дұрыс ұстау, аяқ пен иықты дұрыс ұстау керек.

Рационалды ойын техникасы тағайындалған ұстап алу осы элементтерден құралады: аяқ позициясы, қарапайым қақтығыс, тез әрі күшті итеріс, ұстап алу механикасы.

Аяқ тұрысы

Ортаңғы оң сызықтан басқа (№ 2), ұстап алу кезінде барлық ойыншылар бір – біріне тар тұру керек, ал аяқтар иық бойымен тұру керек.

Бұл итеріс пен итеріске қарсылық үшін ең тиімді позиция.

Аяқ тұрысы допты шығаруға өте қажет. Егер аяқ тұрысы дұрыс болмаса, олар доптың ұстап алудан кетуге кедергі болады, себебі ол үшінші сызық жолдың артында болады. Аяқтарын қозғалтып, тұрып тұрған ойыншылар, ережеге сай, жақсы ойынды бұзады.

Ұстап алуда доптың шығуының екі жолы болады.

1-ші жолы. Доп тоннельге және ойынның орталық ұстап алу аяғынан кейін, лақтырылғаннан кейін ұстап алудан үшінші сызықтың және жаулап (№ 2) алушының арасынан шығады. Осындай лақтырысты ұстап алу тез әрі күшті болған кезде қолданған жөн. Доптың шығуын үшінші сызық ойыншысының (№ 6) оң аяғы арқылы және екінші сызықтағы ойыншының (№ 2) сол аяғы арқылы қадағалауға болады. Бірақ осы үшін үздіксіз дайындық керек. Қазіргі кезде ойын жылдамдығы айтарлықтай өсті, сондықтан кейбір командалар допты ойнатудың тағайындалған ұстап алудың осы түрі қолданылады және де осы кезде доп әлсіз қорғалған.

2-ші ж о л ы. Доп ойнатудан кейін № 8 ойыншы аяғында болады және ұстап алу көпке созылып, жақсы қорғауда болады. Қосымша қорғаудың нәтижесінде үшінші сызықтағы ойыншы (№ 8) ыңғайлы позицияны қабылдап, ойынның рационалды түрде аяқ жалғасуына позиция таңдайды, бірақ, білу керек, біріншіден үшінші сызыққа дейінгі доптың жолының уақыты да өсті. Жартылайқорғаушы допты тез әрі нақты ұстап алуға жіберу керек. Бұл оны ұстап алуын – сыртқы жағынан тез арада алу үшін бірінші сызықтың тәжірибелі орталығы (№ 2) қай тоннель (жол) арқылы доппен ойнауды таңдайды. Егер аяқтар осы кезде дұрыс бұрышпен тұрса, жартылайқорғаушы (№ 9) ұстап алуда допты қатесіз жібереді, ал тез арада үшінші сызықтың қадағалауында болады.

Ұстап алуға допты сенімді және тұрақты жібере алмаған жартылайқорғаушы жаулап алушылардың дайындықтарын жоққа шығарады, сондықтан бірінші ойындық байланысты зерттеуге көп көңіл бөлу керек, бүкіл дайындық кезінде көңіл бөлу керек.

Оң аяқпен айналатын ойынды бірінші сызық орталығы аяқ ұшының ішкі жағы қолданылады және оны алға қарай қояды. Осы тәсіл арқылы допты қадағалау сенімдірек болады, себебі аяқ қозғалысын қайталау допқа артқа қарай бағыт береді және оны керекті тоннельге бағыттайды.

Осыдан кейін ол тұрақты тұрыста қалады және қарсылық итерісіне қарсылық білдіре алады. Жақын қашықтықтағы ойында, ол сол аяқпен дұрыс емес тұрысты қабылдайды, ол басқа ойыншылардан көрінеді. Бірақ қайтадан ойын және қарсылық қозғалыстарына оң аяқ қатысыды, ол лақтыру жағына қарағанда жақын болады. Аяқ қозғалысы өте жылдам болу керек. Егер осы кезде доп тоқтатылса, оң «баған» (№ 3) допты соғуға және оны бірінші сызықтың орталығының артына жіберуге тырысу керек.

Қазіргі кезде ойында қорғау кзінде осы тәсілді мықты командалар қолдана қоймайды, оның орнына ұстап алу қарсыласты итерумен қолдануды ұйғарады, бірақ бұл сенімділікті азайтады.

Допты тоннельге бірінші және екінші жол арқылы жіберу кезінде, ойыншылар назары ұстап алудың сол жағында болу керек, өйткені сол жақтағы ойыншылар тоннельді қалыптастырады және доптың тез шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл ең басты рөл 4 ойыншыда екенін білдіреді: біріншіі сызықтың орталығына (№ 2), сол «бағанға» (№ 1), үшінші сызықтың шеткі жаулап алушысына (№ 6) және екінші сызық ойыншысына (№ 4). Олардың мақсаты: аяқты бастапқы дұрыс тұрыста келтіру және доптың шығуын көзбен қадағалау. Негізгі бұл «бағанға» тікелей байланысты. Ұстап алудың бұл жағы ұйымдастырылған және дамудың жоғарғы дәрежесіне жету керек.

Үшінші сызықтың (№ 8) ойыншысы міндетті, біріншіден, допты қадағалауға көмектесу, екіншіден, екінші сызықтың (№ 5) ойыншысымен итерісті оң иықпен қатты орындау, осымен итерісте қатты әрі сенімді қатысуға көмектеседі.

Тағайындалған айқастағы ойыншылар қақтығысы

Әр ойыншы ұстап алуға міндетті түрде қатысу керек. Ол үшін ойыншы аяғын дұрыс позицияда ұстау керек және басқа ұстап алуда қатысушы ойыншылармен қақтығысу керек.

Бірінші сызықтың орталығы «бағандарды» иықтан ұстау керек, олардың күртелерін қолмен қолтығын ұстау керек.

«Бағандар» оны бел деңгейінен ұстап алады және де күртесінен ұстап алады.

Оң жақтағы екінші сызыққа зор денелі ойыншыны қойған дұрыс. Бұл қарсылықты болдырмауға көмектеседі. Екінші сызықтың ойыншылары «қамал» бір – бірін итеріс кезінде ойыншыларды бір –бірімен қақтығыстыруға мүмкіндік береді. «Қамалдар» ұстап алудың бірінші сызығына түзеліп, бастарын «бағандардың» арасына кіргізіп алу керек және бірінші сызықтың ортасына да (жамбас арасы) бастарына кіргізу керек. Бастарын кіргізгеннен кейін, олар бастарын жоғары көтеріп, «бағандардың» төменгі жағына тіреледі. Итеріс жақсы орындалу үшін арқаны түзу ұстау керек. Екінші сызықтағы ойыншылардың қолдары «бағандардың» аяқтарының арасымен өтеді және бір мезгілде күрте мен шортыны ұстап алады. Осындай ұстап алу әсерлі болады, себебі үшінші сызықтың ойыншыларына итеріс кезінде тірелу үшін көп орын қалдырады.

«Қамалдардың» екі аяғын итеріс және қарсылық көрсету үшін иық бойымен тұрғызу керек. Осыны допты ұстап алуға қарсылас жібергенде істеу керек.

Сосын ұстап алуға үшінші сызықтың шеткі ойыншылары қосылып, («мұрттар») «бағандарға» тіреледі. Оң «мұрттың» қолмен ұстауы «қамал» арқасына қарама қарсы болады. Оның итерісі кішігірім ұстап алудың бұрышына бағытталған. Сол «мұрт» еркін тұрады және жағдайға байланысты «қамалды» қолмен ұстауды өзгертеді. Ол бұрыштағы итерісті орындауға да тырысады, егер бұны ойын жағдайы керек етсе. Ақырғы болып ұстап алуға № 8 (үшінші сызықтың орталық шабуыл жасаушыны) түзеледі. Оның иықтары жалпы итеріске қатысу үшін «қамалдардың» (екінші сызық ) соңына тізіледі, ал қолдары крте және шорты арасындағы жамбасты ұстап алады. Екінші сызықтағы ойыншылардың бастарындағыбай олардың бастары көтеріңкі болады, бұл арқаның итеріс кезінде дұрыс ұстаудың бір мүмкіндігі № 8 ойыншылардың аяқтары созылып тұрады және итеріс жасауға ыңғайлы тұрыста тұрады.

Итеріс

Допты ойынға қарсылас жібергенді, командаға басқа мүшелер допты ойнатуға және қарсылық білдіруге дұрыс шешім қабылдау керек. Егер қарсылас ойыншылардың физикалық жаулап алу дайындығы жоғары деңгейде болса, өзінің оң сызықтағы ойыншыға ойнату өте қиынға түседі. Ұстап алуда ойыншылардың қарсылық білдіруіне бардық ойыншылардың оқыс итерісі көмектесе алады. Бұл команданың бір ойыншысының нұсқауымен болу керек. Мысалы: қарсыласпен допты ойнату жағынан ыңғайлы позицияда тұрған үшінші сызығы, (№ 7) жаулап алушы. Осы итерісті эффектілі орындап шығу үшін ұстап алудағы жаулап алушылардың бәрі бір бүтін болу керек. Осы үшін олар бірінші болып контакт кезінде ыңғайлы позицияға енеді, бұл бірінші сызықтағы ойыншыларға қатысты (аяқ, бас, иық). Итеріске қатысушы ойыншылардың (артқы бес ойыншы, яғни екінші және үшінші сызық) дұрыс позициясы өте қажет. Олар алда тұрған ойыншылармен жамбас арқылы тіреліп тұрады. Егер олар кішкене биік орналасса, итеріс арқадан сырғанағандай болады. Осындай жағдайларды болдырмау керек. Ұстап алу кезінде ойыншылардың аяқтары бүгілгін, ал сандары астына түсірілген болу керек. Содан кейін арнайы дайындалған белгі бойынша барлық түгел ойыншы қатты аяқ итерісі арқылы алға қарай жылжиды. Осы кезде ойыншылардың көңіл концентрациясы үлкен мәнге ие болады және жылдамдық та басты рөл атқарады.

Қуатты итеріске қарсылық көрсету үшін допты ойынға енгізген жақ айқасты жаба білу керек.

Осы кезде аяқ және дене тұрысы дұрыс болу керек. Аяқтар түзеліп, ал жамбас иық деңгейінен төмен түсіріледі. Аяқ табаны жермен толық байланыста болу керек. Итеріс қозғалысы тоқталғаннан кейін, дем алу басталады, дем алудан кейін қарсылас команда қайтадан активті итеріс қозғалысқа көшеді. № 8 ойыншының допты бақылау қозғалысының эффектілігі ұлғаяды.

Айқастағы күш бағыты

Сегіз адамнан тұратын айқаста күштің үш құрылымы бар:

1)  тігінен (үстінен-астына);

2)  көлденеңнен (алға-артқа);

3)  дөңгелек бойымен.

Итерістің максималды қуаттылығына жету үшін, белгілі бір бағытта күш салу керек, санаулы уақыт және оптималды бұрыш кезінде.

Белгіленген айқастың түзелуінің бірнеше нұсқалары бар, бірақ қазіргі кездегі ойын тактикасында бәріне белгілі форма 3х4х1 бар. Барлық ойыншылардың бір уақытта қуатты көзделген итеріске жету үшін, біріншіден, арқа мен мойын тұрысына көп көңіл бөлу керек, себебі иық және омыртқа арқылы аяққа қысым беріледі. Қатты итеріске арқаны түзу ұстағанда ғана жетуге болады.(жерге паралелльді)

Аяқ тұрысы да маңызды. Оның жылдам әрі біркелкі түзелуі итеріске алға қарай бағыт береді және қарсылас айқасына тегеурінді тежейді.

Доп айқастан алғашқы рет бірінші жолмен шығарылғанда, ойыншыларға мынадай жаулап алу қозғалыстарын ұсынуға болады:

-  айқас түзелуі 3х3х2 (айқастың сол жағына күш салу). Осыған жету үшін шеткі үшінші сызықтың жаулап алушыны (№ 6) оңға қарай жылжыту керек, екінші сызық ойыншысына (№ 4) жақындау керек;

-  командада артықшылықты алу үшін айқас айналымы.

Мықты командалар әртүрлі қызықты тұстарын тапқан. Жаулап алушылардың жаулап алуы және артқы сызықтағы ойыншылар үшін. Айналымның мақсаты, біріншіден, қарсылас айқасын болдырмау, себебі қарсылық көрсетуге ойыншылар көп күш келтіреді, ал екіншіден, қарсыластың әдетті позициясының жаулап алушыларын болдырмау керек.

«Коридор»

Бір жақ сызықтан ойын кезінде лақтыру ойынның рационалды техникасының негізгі элементтерін мыналар құрайды: лақтырыс, секіру және допты ұстау, ұстау көмегі. «Коридор» ойнатуда коллективтік қозғалыстарды іске асыру ойынның жалпы стратегиясы мен тактикасында маңызды орынды алады. «Коридорды» ойнату кезінде команда допты алып алу керек және шабуыл жасаушы қозғалыстарды жасаумен қатар, алға қарай жылжи беру керек.

Лақтырыс

Допты «коридорға» лақтыруда нақтылық үлкен рөл атқарумен бірге, осы лақтырысты жасап отырған ойыншыға үлкен сұраныстар көрсетіледі. Біздің командаларымызда осы қызметті бірінші сызықтың (№2) орталығы атқарады. Басқа елдің мамандары осы мақсатқа жету үшін негізгі емес «ұстаушыларды» қолдануды ұсынады. Осы кездегі негізгі критерий – допты лақтыруды ең сенімді ойыншы орындау керек. Допты лақтыру шеберлігінде үлкен айырмашылық жоқ жағдайда, назар салу керек, бірінші сызық орталығы (№2) допты кез – келген жақтан лақтыра алады.

Допты «коридорға» лақтыру үшін техниканың екінші нұсқасын қолдануды ұсынады: бастан бір қолмен лақтыру немесе басқаша атауы – «ракета» және лақтырушы лақтыру бағытына қарай сол немесе оң позициясын алған кездегі бір қолмен лақтыру.

«Ракета» лақтырысын көптеген командалар қолданады, себебі осы лақтырыс кезінде доп ауада тұрақты орын алады, ал бұл жағдай ұстаушы ойыншыға өте қолайлы және көздеген мақсатқа жетуге болады.

Крюкпен лақтыруды үйрену және қолдану өте қарапайым, бірақ оның тұрақтылығының кілтін тез табуға болады, себебі бұл лақтырыста доптың ұшу жылдамдығын ауыстыру қиынға соғады.

Секіру және допты ұстау

«Коридордағы» команданың әрбір ойыншысы потенциалды «ұстаушы» болғаны дұрыс. Ойында үлкен рөлді лақтыру тұрақтылығы алады. Көптеген командаларда «ұстаушы» рөліне кәдімгі ойыншылар енеді. Ойыншы бойы белгілі бір мүлік болып саналады, бірақ ойында ең бастысы допты ұстап алуға және көздеуге тырысу. Допты ұстайтын ойыншылар қатал ойынға дайын болу керек, допты ұстап алу үшін өздері агрессивтілік көрсету керек. «Ұстаушылар» қозғалысында мыналарға назар аудару керек:

-  секіру алдындағы ойыншы позициясы. Осы кезде қол тұрысы өте маңызды және ішкі иықтың қарсылас ойыншының алдындағы позициясы;

-  итеріс және ұшу. Бұлар кішігірім дайындық қадамымен қарсы ойыншыны асқан кезде орындалады. Ішкі қолдың көкке қағысы дене бітімін ыңғайлы және қауіпсіз жартылайайналым кезінде жартылайқорғаушыға айналуға көмектеседі. Доп қисық ұшып кетпеу үшін ойыншы қолының алақаны допты ұстап алуға дайын болу керек;

- егер «ұстаушы» үстіңгі ұшу нүктесінде допты сенімді ұстаса және допты бақылай алса, онда допты жартылайқорғаушыға ойынды жалғастыру үшін беру – ең жақсы мүмкіндік. Егер допты ойыншы ауада ұстап алып, өзін сенімсіз сезінсе, тез допты беруді орындау үшін оған допты денесіне қысып алу керек, шынтақты қойып және өзінің жартылайқорғаушысына бетімен айналу керек.

Доп жартылайқорғаушының қолында емес, жерде болса қарсыластың қысымдағы ойыншыға допты алу қиынға түседі.

Допты алу кезінде ақырғы орынды секіру биіктігі алады.

Ойнату кезіндегі тірек ескерусіз барлық ойыншыларға байланысты және олар доппен секіруге қатыспайды. Ойыншылар мақсаты – допты алып алу, содан кейін оны бақылап отыру. Осы мақсатқа жету үшін «коридор» ойыншылары қозғалысқа дайын тұру керек, доп лақтырылған және ауада ұшып бара жатқан кезде де, «ұстаушы» ұстап алған кезде де және доп сенімді немесе нақты емес ойналғанда жерде жатса да, дайын болу керек.

«Ұстаушы» допты ұстап алғаннан кейін, қалған ойыншылар тез арада оны қорғап және допты ары қарай беріп отыруға жақсы жағдай жасау керек. Егер «ұстаушы» секіру кезінде-ақ допты тура жартылайқорғаушыға бермесе, онда допты сенімді қорғау үшін «мол» ұйымдастыру керек. Ол доппен жүрген ойыншыға бірінші тірек ойыншы қосылған кезде пайда болады. Қалған ойыншылар осы ойыншыларды, тез әрі сенімді тірек болу керек және өзінің жартылайқорғаушысына жақсы қорғау көрсету керек. Ал осы кезде ойыншы допты күтіп тұрады. Дайындықтарда тірек ойыншыларының қозғалысындағы нақтылыққа және «ұстаушыны» жасыруға тырысу керек, әйтпесе ол допты сақтаудағы күресте секіру кезінде өзіне - өзі деген сенімділігін жоғалтады. Ойын ережесіне орай, «коридордағы» спортшылар бір –бірінен 1м ара қашықтықта тұрады. Бұны «молды» орындап жатқан мезетте ескеріліп отыру керек. Допқа секіріп жатқан ойыншылардың біреуі допты ұстап алып және оған тиіспейінше осы ара қашықтықты бұзуға болмайды. Араларында «ұстаушы» тұрған 2 ойыншымен ең басты рөл атқарады. Ойыншы допты тиіскеннен-ақ олар қай жағдайда болмасын, тез арада «ұстаушыға» түзелу керек. Басқа сөзбен аытқанда, айқастың («мол») бірінші сызығын солай құрастыру керек, ойыншылар бастары «ұстаушы» арқасында тұру үшін, ал денелері және аяқтары қысым немесе итеріс жасау үшін ыңғайлы тұру керек. Блок жаулаушының сыртқы қолдары «ұстаушыны» шабуылдан қорғайды, ал ішкісі үш тұрыстың бірінде «ұстаушыны» шабуылдайды. Ол қандай тұрысты қалауына байланысты: доппен жүрген ойыншының мықымын айналып, допты ұстап жүрген ойыншының арқасынан және допты ұстап жүрген ойыншының белінен «коридордың» қалған ойыншылары тірек құрастырып жатқан кезде допты көзден таса қалмау керек. Басқа бірінші екі блок жаулаушыға қарағанда олар тегіс құрылым жасайды.

«Коридордағы» ойнату кезіндегі ойын нұсқаулары

«Коридорды» ойнатқан кездегі бір «ұстаушыны» қолдаған командалар қарсылас ылғи олардың жоспарын біліп қоюына тәуекел етеді.

«Коридордағы» ойын нұсқалары әртүрлі болады. Ойынды тактикалы жүргізуде топ арасында жаулап алушы ойыншылардың болуы өте маңызды. «Коридорға» допты лақтырушы ойыншы және «коридордағы» соңғы ойыншы (үшінші сызықтың бір ойыншысы болады) лақтыру кезінде «коридордың» ұзындығын анықтап тұру керек. Осыған лақтырудың ұзындығы мен жылдамдығы тәуелді болады; қысқа «коридордың» ұзындығы «коридордағы» ойыншылар саны; кімге лақтырыс бағытталады.

Егер командада көкке секіретін бір ғана «ұстаушы» болса, оған қарсылық қозғалыстар көрсететін қарсылас кедергі етпеу үшін, оған өзінің позициясын ауыстырып отыру керек. Егер осындай ойыншылар бірнешеу болса, олардың ойынында әртүрлі позиция қолдану мағыналы болады.

«Коридордың» соңына лақтыру үлкен маңыздылыққа ие. Шабуыл қорғаушылардың комбинациялық ойынын қатайту және ойынды жеңілдету үшін бесінші позициясының ойыншысына қарағанда қысқалау болуы керек.Қысқа лақтырыстар қарсыластардың үшінші сызығының ойыншыларына жеңіл түседі (әдетте олардың позициясы «коридордың» соңында болады)

Қысқа «коридор» ойынында лақтырысты өте көп қолдануға болмайды. Осы жағдайда допты ойнатқан кезде артқы сызықтар көп қиындықтарға душар болады, өйткені қосымша ойыншылар қорғау кезінде қарсыдаста («коридордың» қосымшалары) сызықтың алдына шығып кетуге қауіп төндіреді. Қысқа «коридор» ұзын лақтырыс кезінде сәтті қолданылуы мүмкін. Допты қабылдауға шыққан жартылайқорғаушыға (№ 9) «коридордың» бір жаулап алушының тірегімен сәтті болады.

Допты алып алған жағдайда қателік болған кезде, әр «коридор» ойыншысы тез арада допты сақтап қалуға шара қолдану керек. Допты жартылайқорғаушыға өңделмеген допты бермеудіе негізгі мағына жатыр. «Молды» қорғау кезінде жартылайқорғаушы сәтті пас алса, «молдан» берілген пас жіберілген қатенің ең жақсы түзетуі болады. «Молдың» «коридорда» құрылуы үшін бір – бірдеп немесе «ұстаушыдан» екі ойыншы қақтығысын алған позициялы ойыншылар айқастың екінші сызығындағы ойыншылардағыдай «ұстаушының» бірінші сызығына және екі блок жасаушыға динамикалы түрде түсу керек. Соңғы немесе «коридордың» бірінші ойыншысы (доп қай жерге түскенге байланысты) да қысым жасауға қатысады. Ережеге сай, осындай «молды» қолданған кезде доп жермен өту керек.

Қуатты қысымды жасау үшін дайындалған айқас («мол» емес) өте ыңғайлы болып келеді. «Ұстаушы» допты ұстап алған кезде қарсыласқа басымен алға қарай бағытталса, ал доп өзінің аяқ арасымен өтсе, бұл эффектілі болады.

Допты сенімді ұстап алу үшін лақтырысты өз уақытында лақтырудың үлкен мәні болады. Осыған байланысты мынадай арнайы жаттығуларды мысалға келтіреміз.

«Коридордағы ойын техникасын дамытуға арналған жаттығулар;

1)  жаттығуды орындау қақпа сызығынан жел бойымен қорғалғанда басталады. 22 м сызығына дейін, кейін жолдың ортасынан 10 м сызыққа дейін. Қарсылас көрсеткенде ойыншылар жаттығу кезінде тез әрі көп күшпен жасау керек. Қарсылас ойыншыларды және «коридорды» ойнаттыруға ойыншыларды ауыстыру белгілі бір жаттығу қайталауларынан кейін болады. Доппен қозғалуды қолмен ғана жасауға рұқсат беріледі;

2)  баптаушының ысқырығынан кейін қарсы жолдан қарсы бір жақтағы сызыққа дейін тез жылдамдату болу керек. «Коридордағы» жаттығуларды қайталау;

3)  «коридордың» басын айналып жүгіру. Екінші позициядағы ойыншыға доп лақтырылады, 4,5 және 6 позициялы ойыншыларға жүгіріп келеді. 1,2 жаттығулардағыдай бүкіл топтың қозғалуымен жаттығуларды қайталау;

4)  «коридордың» соңын айналып жүгіру. Доп 4 позициялы ойыншыға лақтырылады, 2 позициялы ойыншы жүгірісті орындайды және ойыншыдан жақсы пас қабылдайды. Осы жаттығуды орындағаннан кейін бірте - бірте қысымды жасау үшін оппозиция енгізіледі;

5)  2,3,4 ойыншылармен, бүкіл доптың қозғалысымен 1,2 жаттығулардағыдай жаттығуды қайталау;

6)  «коридорда» төрт ойыншы. Доп «ұстаушының» дабылымен орындалады, ол доппен қозғалыстардың бәрін тез орындайды. Оған үш ойыншының звеносы тірек етеді;

7)  бүкіл команда қатысады. Жолға ұзын әрі биік лақтырыс допты қорғаушылар ұстап алуға ыңғайланған. Осы нұсқаны қолдану қорғаушы сызығындағы жаулап алушылардың қозғалысының өз уақытында және сенімді тірегін талап етеді.

Тез лақтырыс

Осы лақтырысты сәтті қолдануға болады, келесі ережелерді білу керек: лақтырыс допты аутқа шығу жерінен орындалады; осы мақсатқа жету үшін аутқа кеткен доп және осы кезде ойыншылар тиіскен допты қолдану керек; доп түзу бойымен 5м қашықтықта ұшу керек. Жас ойыншылар тез лақтырысты қолдану керек, әсіресе жолдың тағы өзінің жағында ғана. Олар қарсыласқа «коридорға» сенімді қысым жасауға үйренбейінше, жолақтың кез – келген жерінде болуға болады.

«Рак» және «мол»

Тоқтату жағдайынан және ойыншының шабуылынан кейін қазіргі кездегі коллективті регбидің 2 өте маңызды түрі бар: бұл «мол» және айқас («рак»). Бұл тәсілдер ойынның тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді, себебі олар командада амалсыз тоқтау кезінде допты бақылау және шабуыл жасаушы қозғалыс кезінде жоптың жоғалуын болдырмайды. Команда ойыншылары бірдей деңгейде «молдағы» және айқастағы қозғалыстар шеберлігіне ие болу керек.

«Мол»

Тәжірибелі ойыншылар ыңғайлы позицияда осы тәсілді сәтті қолданады. Осы кездегі ең басты проблема: қарсыластың физикалық дайындығы. Егер тіректің кез – келген ойыншысы доппен жүрген ойыншыға жетсе, ол ары қарай не істеуді дәл білу керек. Тіректің бірінші ойыншысы допты ұстап жүрген ойыншыны ең қауіпті жағынан ұстап алады, бұл жерде ол өзінің бос қолын қарсыласты жаулап алуға қолданады. Келесі ойыншы дәл осындай қозғалыстар жасайды, бірақ басқа жақтан. Үшінші ойыншы допты алып, оны бақылай алады. Осылайша берік плотформа құрылады. Келесі үш ойыншы ыңғайлы позиция таңдай отырып және бір – бірін ұстап алып, оған тірек болады. Ережеге сай, соңғы ойыншы шабуылға немесе қорғауға дайындала отырып, «молдан» кішкене арырақ орын алады.

Туынды айқас(«рак»)

«Рактың» «молдан» тамырлы айырмашылығы доптың келесі бір немесе екі ойыншының жерде болуы. Осылайша барлық ойыншылардың мақсаты, доптың айналасындағы бос орынға ие болу. «Ракта» допты алу күресінің көп жағдайлары тығыз қақтығыста берік плотформа дайындаған екі бірінші ойыншыға байланысты. Бұндай қозғалыстар «молдағадай» болады.

«Молда» және «ракта» жиі кездесетін шабуылдың ойыншыларының тірегін қорғаушылар жасайды, ережеге сай, олар добы бар ойыншыға бәрінен жақын болады. «Молда» және «ракта» доп үшін күресте коллективтің қозғалыстарды барлың ойыншылар жасау керек, ол ойыншы қорғаушы немесе жаулаушы болса да.

«Ракта» және «молда» ойынның рационалды техникасының негізгі элементтерін мынылар құрайды: доппен жүрген ойыншының позициясы; тірек; дене тұрысы; қысым.

Доппен жүрген ойыншының позициясы

Допты рационалды түрде алу сұрағы келесі сәтті шабуылшы қозғалыстар үшін команданың әрбір регбистіне байланысты, әсіресе, шабуылы тоқтаған ойыншыға байланысты. Оның ойында қалай жалғастыруынан, допты сақтауынан көп нәрсе тәуелді. Команданың ойыншысы допты ұстауын тірек ойыншыларын көріп тұру керек және оны қорғаудың қандай да бір тәсілін қолдану керек. Допты ұстап жүрген ойыншы допқа тірек жасамақшы болған ойыншы оны алып алмас үшін, оны бақылап жүру керек. Демек, назар аударатын ең маңызды объект - доп. Доппен жүрген ойыншы ұстап алуға қарсыластық білдіре отырып, допты сақтау үшін бар күшін салу керек. Осы кезде оған ыңғайлы позициясында тұрып алу өте маңызды. Доп жақсы қорғалған кезде, (қарсыластан алыста қолын созып тұрғанда) ал ол өзі қатты әрі кішкене бүгілген аяқты созып тұрып, допты өзімен жауып тұру керек. Допты ішке қысып алған позицияға қарағанда, бұл позиция эффектілі болады. Ойыншыларды қарсыластан допты дұрыс әкетуге үйретіп отыру керек. Ойыншы өзінің жанынды допты бір қолмен ұстап, оны жерге тіреп жәнеаяқтардың арасымен оны артқа қарай шығару керек немесе тіпті болмаған жағдайда, жерге құлап, допты өз денесімен жауып қалу керек. Баптаушыларға ойыншылардың өз уақытында керек шешім қабылдаудағы тез әрі дұрыс шешім қабылдаудың дамуына көп көңіл бөлу керек.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3