Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және химия факультеті
Денешынықтыру кафедрасы
РегбиДАН АРНАЙЫ ЖӘНЕ
дайындаЛу жАТТЫҒУЛАРЫ
Әдістемелік нұсқаулар
УДК 796.333
ББК 75.575
Р 31
С. Торайғыров атындағы ғылыми кеңесте ұсынылған
Рецензенттер:
– Педагогика ғылымдарының кандидаты
Құрастырған: А,
Р 31 «Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары» әдістемелік
нұсқау /құраст. А, – Павлодар, 2007. –
41 б.
Қазақстанда кредиттік технология бойынша жоғары білімнің жаңа жүйесіне көшуге байланысты оқу үрдісіндегі оқу материалының ауқымды көлемі студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ және СӨЖП) бөлінеді, сонымен қатар әдістемелік қамсыздандыруды талар етеді.
«Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары» әдістемелік нұсқаулыққа регбист ойыншысын техникалық дайындау жөніндегі ақпарат пен ұсыныстар кіреді.
Ұсыныстар материалдарын педагогтар да, студенттер де дене тәрбиесі сабақтарында және өздік жұмыстарда қолдануға болады.
Регбидан арнайы және дайындалу жаттығулары құралдары – нақты оқу құралында ұсынылған практикалық ұсыныстардың негіізгі бағыттылығы осы.
УДК 796.333
ББК 75.575
© А, , 2007
© С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2007
Кіріспе
Техникаландырған спорт түрінде және шешілген ойын ережелерінде максималды пайда келтіретін тәсілдер мазмұны мен спецификалық құрылымдар кешені.(доктор Леон Теодаресну)
Регби ойынының мақсаты - қарсыластың сынақ жолағына допты кіргізу. Допты ұстап жүрген ойыншыны қолмен ұстап алып тоқтатуға болады. Бұнда регбидің негізгі мазмұны жатыр және бұған тағы ойын ережелерін қосу керек. Техникалық тәсілдер арасынан пас беруді ерекше бөлу керек, онсыз ойын өзінің тартымдылығы мен коллективтік сипатын жоғалтады.
Регби ойыны негіздерінің техникалық элементтері мыналар:
- пас (беру), оған кіреді: допты алу, доппен жүгіру, допты беру және допты ұстап алу;
- захват;
- захват сипаты;
- алдамшы қозғалыстар;
- айқастағы негізгі позициялар.
Техникалық тәсілдердің бәрін шебер меңгеру өте маңызды, себебі регби ойыншыларының бәрі қорғанысқа, шабуылға қатысады және бұл жағдайлар ойында тез өзгереді.
Ойында статистикалық жағдайлар өте аз. Негізінде ойын қол ойыны мен контакттардан құралады.
Ойыншы допты алып, оны тез қолданысқа енгізуі керек, ал қарсыласпен күрес кезінде керекті тактикалық тәсілді шабуылда да, қорғаныста да қолдану керек.
Техникалық дайындық бірте - бірте іске асырылады және бірнеше фазалардан тұрады. Оқытушы, баптаушы немесе нұсқаушы техникалық дайындықты жүйелеу керек. Жүйелеу берілген ойыншылар жасына сай болу үшін қажет. Бұл жерде техниканы меңгеру, техникалық тәсілдерді үйрену тактикадан бөлек болуын ескеру керек. Осыдан шығады, белгілі бір элементті үйрену, ол үйрену бір орында немесе ойында болмасын, ойын ережелерін үйрену мен ойынның тактикалық негізімен байланысты болу керек. Егер тактика мен техника бір-бірінен бөлек болса, регби өзінің негізінен айырылады.
1 Жеке қозғалыстар техникасы
Әр ойыншы негізгі техникалық тәсілдерді меңгеруі керек. Техникалық тәсілдер мыналар:доппен жұмыс (қолмен ойнау), алаңда доппен қозғалыс жасау, жүгіріс ритмін өзгертіп отыру, допты алу үшін күштік күресуді қолдану, ұстап алу, сол және оң аяқпен допты соғу. Жеке техникалық тәсілдер көп емес. Әр ойыншы өзінің жеке техникалық тәсілдерін жоғары дәрежеге жеткізе алатыны белгілі. Бұл ойыншының назарын тактикалық орындауға аудартпайды, ойыншының назарын күрестегі тактикалық шешімдерге аудартады. Техникалық тәсілдер кезінде баптаушы ойын қателерін мезгілінде аңғара білуі керек. Жеке техникалық қозғалыстыр техникасына кіретін әр элемент дұрыс орындалмаса, ойын әсерлі болмайды. Мысалы, ”коридордағы” ойын техникасы мыналардан тұрады: құлату, секіру және допты ұстау, қысқа, орташа және ұзыннан құлату. ”Коридордағы” ойында қандай командада болмасын сәттілікке қол жеткізу өте қиын. Үстінде аталып өткен элементтердің ешқайсысы дұрыс әрі нақты орындалмаса. Ойыншылардың техникалық қозғалыстарын баптаушы қадағалап отыруы қажет.
Қол ойыны
Регби ойынының техникалық тәсілдердің бірі қолмен пас беру болып саналады. Осы тәсілді орындау үшін ойыншының басқа ойыншыға пас берудің нақты болуы қажет. Жақсы пас беру үшін допты екі қолмен ұстауды үйренумен қатар, жан-жақтағы ойыншыларға қарап отыруы керек. Допты алу тәсілі кезінде қолды допқа қарама-қарсы бағыттау керек. Пасты алу тәсілдеріне бірнеше қарапайым мысалдар келтірейік:
1) А, Б,В ойыншылары әртүрлі бағыттарда “шаршыда”қозғалып келе жатыр. Бүкіл алаңда (10х10) ойыншы қозғалып, допты бір-біріне беріп әртүрлі бағытта беріп жатыр;
2) дәл солай, бірақ пас оң жаққа екі қолмен беріледі;
3) дәл солай, бірақ пас сол жаққа екі қолмен беріледі;
4) дәл солай, бірақ пас сол және оң жаққа екі қолмен бастың үстімен беріледі;
5) дәл солай, бірақ пасты тізеден төмен орындау керек;
6) және Б ойыншылары В ойыншысынан “шаршының”басқа бөлігінде орналасқан. Ақырғы ойыншы қозғалып келе жатқан А және Б ойыншыларына бағытталған әртүрлі пас түрлерін орындайды;
7) 6 мысалдағыдай А ойыншысы пасты Б ойыншысына береді, сосын Б және В ойыншыларының жаулап алуын ұстанады. Б ойыншысы А ойыншысына пас береді, ал А ойыншысы оны В ойыншысына береді. Әрі қарай ойыншылар ауысып отырады. ”Шаршыдағы” жаттығуларды қолдану арқылы баптаушы белгілі уақыт арасында ойыншылардың жіберген қателерін түзетіп отыруы керек. Және де жаттығулардың жылдамдығын үлкейтіп отыруын қадағалап, жаттығуларды уақытқа тексеру керек. Мысалы 20-30 секунд арасында неше пас беретінін қадағалау.
Келесі дайындықтарда жаттығу формасын сақтап, пас беруге кедергі жасап отырған ойыншыны қарсыласты шығарып отыру керек. Бұл кезде пас алмаған ойыншы өзінің командаласынан пас алуға тырысу керек. Осы кезде ойыншыға үстіңгі шабуылдарды үйрету керек, ол ойыншы қорғаушы рөлін атқарады.
Бұл тәсіл кезінде допты ұстап тұрған ойыншыға доппен ойнату мүмкіндігін сақтап қалуды үйрету өте қажет. Бұл үшін ойыншы аяқтарын созып, қатты бүгіп тұру керек. Егер допты ұстап тұрған ойыншының қолдары байланып тұрса, жанындағы ойыншы допты жұлып алу керек. Бұл жерде келесі жайттарды ескеру керек:
- допты ұстап тұрған ойыншыдан белгілі бір қашықтықта тұру керек, әрі мынадай ережені ұстану керек - сол иықпен сол жаққа немесе оң иықпен оң жаққа;
- допты дұрыс ұстап алу үшін (пасты қабылдау үшін), қолды әрі қарай созып, допты нық ұстап алу керек.
Осыдан кейін жаттығулар формасын өзгертіп, шаршы ауданын ұлғайтуға болады. Мысалға 3 жаулап алушы 2 қорғаушыға қарсы ойынын алайық. Осы жаттығу кезінде допты ұстап тұрған ойыншы өз уақытында допты дұрыс беру шешімін қабылдау керек. Ойынның барлық шарттарын орындау үшін, шаршының ауданын үлкейтуге болады. Мысалы: көлденеңнен 3 шаршы, тігінен 2 шаршы (шаршының бір жағы 10 м) Ойыншылар саны сол қалпында қалады, яғни 3х2. Осы пасты артқа қарай ғана беруге болады, ал шабуылдар үстіңгі ғана болу керек.
Кейінгі кезде ойыншылар санын 6 ойыншыға дейін көбейтуге болады (6 ойыншы әр командада) және шаршы ауданын үлкейтуге болады. Осыған орай қарапайым жаттығу түрлері күрделіне түседі. Жаттығулардың күрделінуіне байланысты жаттығулар шарттары жарыс дайындықтарына жақындай түседі.
Ойыншыларға мынаны білу қажет:
1) пас өте жылдам әрі нақты болу керек, өйткені қорғанып тұрған қарсылас өте тез қозғалумен, допты жұлып ала алады;
2) допты ұстап алған ойыншы пасты кез-келген жағдайда беруге дайын болу үшін, өз командаластарының ылғи алдында жүруі керек;
3) допты ұстап алған ойыншы қарсыластың жолағымен түзу қозғалу керек. Ал олай қозғалмаса, қарсыластың допты алып алу мүмкіндігі өседі.
Жүгіріс
Регби ойынында түзу бойымен жүгірумен қатар, жүгіру бағытын жылдам өзгерту тәсілдері қолданылады.
Доппен және допсыз жүгіруге болады.
Доппен жүгіру. Бұл тәсілді алға қарай қозғалып бара жатқан ойыншы қарсыласты жетіп алуға тырысады, содан кейін аяқтан шалып, допты алу мақсатымен шабуыл жасайды. Қандай ойыншы болмасын, қорғаушы немесе шабуылға алға қарай қозғалу тәсілін жақсы біліп, сапалы меңгеру өте қажет. Сондықтан регби ойынында шабуылшы қорғаушы қызметін атқара алады немесе керісінше. Әртүрлі маневрлер жасауға мыналар кіреді: тез арада шабуыл бағытын өзгерту, алдамшы қозғалыстар (финт) жасау. Осы тәсілдерді меңгеріп алғаннан кейін, ойыншылардың жеңіп алу мүмкіндіктері өседі. Осындай күрес кезінде әр ойыншы жеңіске жету үшін өзінің жеке-дара тәсілдерін іздеу керек.
Бір жаққа қадам жасау. Осы тәсіл көбінесе жақындаған қарсылас ойыншыдан құтылу үшін қолданылады.
Тәсілді орындау үшін мыналар керек:
а) допты екі қолмен ұстап тұрып, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа аудару керек, содан кейін тез арада сол немесе оң жаққа қарай бағытты өзгерту керек. Осындай қысқа әрі алдамшы қадам қарсыластан құтылудың жеңіл жолы. Тірек аяқпен итеріс жасау. Бұл әдіс жүгіріс бағытын өзгертуге мүмкіндік береді;
б) жылдамдықты өзгерту керек. Бұны алдамшы қадамнан кейін жасау керек, бұл екінші қарсыластан құтылуға мүмкіндік береді. Қарсылас пен ойыншы арсындағы ара қашықтық допты ұстап жүрген ойыншының жылдамдығына байланысты.
Жүгіріс бағытын өзгерту (финт). Бұл тәсіл қарсыласты алдау мақсатымен қолданылады. Шаршының бір жағында орналасқан ойыншыға осы тәсілден кейін жылдамдықты үдету керек. Жақсы қолданылған бұл тәсіл қарсыласты шатастыруға әкеледі. Бұл тәсіл жүгіріс бағытын өзгертудің 2 түрінің көмегімен орындалады: ішке қарай және сыртқа қарай. Бұл үшін иықпен қозғалу ғана жеткілікті болады. Бірінші рет ойыншылар бұл тәсілді өздігінен жасауға тырысады. Жүгіріс бағытын ешқандай қарсылассыз орындайды. Осыдан кейін қарсыластық енгізіледі (1х1 ойыны). Қорғаушы берілген сызық бойымен қозғалып, жаулап алушы ойыншыға жеңіл қарсыластық көрсетеді. Осы қарсыластықтан кейін жылдамдық максималды түрде өседі, жылдамдық өскеннен кейін қарсыластың ойын шарты ретінде өзгеруі басталады.
“Қол”. Бұл тәсіл қарсыласқа қосымша тәсіл ретінде қолданылады. Шабуыл жасап жатқан ойыншыға қарсылас жасауға өте қолайлы болады. Бұл кезде шабуылшы ойыншы аяқ күшін жақсы қолданбайды.
“Қол” тәсілін қолданып жатқанда допты арғы жақта тұрған қолға ауыстыру керек, бірақ бұл тәсілді қарсылас біліп қоймау үшін соңғы кезде жасауға үлгеру керек. Осымен қатар, ойыншы қарсыластардан қолын бүгіп алып, иықпен итерілу керек.
Допсыз жүгіру
Регби ойынынан өткізілетін маттарда жиі көрініп қалатын жайттар бар. Солардың бірі доппен жүгіріп бара жатқан ойыншының көмексіз немесе көмектің кешігіп қалғандығы. Тәжірибесіз ойыншыға допсыз жүгіру өнері өте қиынға түседі. Доппен жүгіріп бара жатқан футболшыға қарағанда, регбист ойынының көп уақытын ( 79 минуттан жоғары ) доппен жүгіріп бара жатқан ойыншының артында жүгіруге тура келеді. Тәжірибесі аздау регбист пасты беріп болған соң, пасты алған ойыншының артынан жүгіруге тырыспайды. Жоғары дәрежеде өткізілетін ойында да бұл жайт көптеген қауым көзіне түседі. Қолдағы допты артқа ғана беру ойынында бұл жайтты ойыншының негізгі жетіспеушілігі деуге болады. Артқы пасты алған ойыншы алға қарай қозғалу керек. Допты жоғалтып алмау үшін, яғни допты алға беріп қалмау үшін (бұндай қателік тәжірибелі ойыншылар арасында кездесуі мүмкін) шабуылшы ойыншы нақты әрі күшті қозғалыстар жасау керек. Шабуыл жасап жатқан ойыншыларда топта үш байланыс сызығы бар. Бірінші шабуыл сызығындағы ойыншыда екі жақпен де доппен ойнау мүмкіндігі болу керек. Екінші шабуыл сызығындағы ойыншылар флангтағы өзінің командаластарының қимылдарына көмек көрсетіп, жанында орын алу керек. Үшінші шабуыл ойыншыларында екінші шабуыл сызығына орналасу мүмкіндігі болу керек.
Жүгіру жаттығуларына арналған жаттығулар “шаршыларда”
Бастапқы жаттығуларды алға қарай қозғалыс кезінде тәжірибелеуге болады:
1) алты адамнан тұратын топтар (екі немесе одан да көп “шаршы”). Барлық ойыншылардың бірден алтыға дейінгі нөмірлері бар. Бір нөмірлі ойыншы доппен жүгіріс жасайды, жүгірісті ақырындатып, жүгіріп келе жатқан екінші нөмірлі ойыншыға пас береді. Екінші нөмірлі ойыншы дәл солай үшінші ойыншыға пас береді. (Дәл солай әрі қарай жалғаса береді);
2) дәл солай, бірақ добы бар ойыншы кез-келген ойыншының нөмірін атап, сол ойыншыға пас беруге тырысады, яғни әр ойыншы пас алуға дайын болу керек;
3) дәл солай, бірақ пастың кез-келген түрін қолдануға болады.
Алты адамнан тұратын топ. Бірінші нөмірлі ойыншы жүгіріс жасап, допты ұстап, сосын тоқтап жүгіріп келе жатқан ойыншыға алдымен қарайды. Екінші нөмірлі ойыншы допты алады, оны иығымен жауып жүгіреді. Сосын нөмір бірінші ойыншымен байланысқа түседі. Сосын екінші нөмірлі ойыншы пасты жүгіріп келе жатқан үшінші нөмірлі ойыншыға береді. Нөмір үшінші ойыншы бірінші нөмірлі ойыншының қимылын қайталайды. (Ойын солай жалғаса береді):
1) бір “шаршыдағы” төрт адамнан тұратын топ. “Шаршының” ар жағында шабуылға арналған “қаптар” тұрады. Оларды екі ойыншы қорғап тұрады. Қалған екі ойыншы доппен орындайтын қозғалыстар жасайды. Шабуылшы ойыншы қақтығыстармен “қаптарға” барады, иығымен допты жауып тұрады. “Қап” жанында тұрған ойыншы одан допты алып, “қапты” айналып жүгіріп, шабуылға түседі. Әр екі ойыншы бұл жаттығуларды 30 секунд аралығында жасап шығуы керек немесе он пас жасайды;
2) үш адамнан тұратын топ (үш немесе одан да көп “шаршы” ауданында) ауданның бір жақ аяғында тұрып, қозғалыстарды бастайды. Нөмір бірінші ойыншы пасты оң жақта тұрған екінші ойыншыға береді. Нөмір бірінші ойыншы доптан босағаннан кейін, екінші нөмірлі ойыншыға көмекке келіп, допты беретін үшінші нөмірлі ойыншыны қорғау керек. (Ойын солай жалғаса береді);
3) алтыншы жаттығудағыдай, бірақ ойыншы нөмір екі және нөмір үш ойыншыларының арасында тұрған нөмір бірінші ойыншы пасты үшінші ойыншыға береді. Нөмір үшінші ойыншы пасты қайтадан нөмір екінші ойыншыға береді, ол нөмір екінші ойыншыға береді;
4) жетінші жаттығудағыдай, бірақ нөмір бірінші ойыншы пасты нөмір үшінші ойыншыға береді. Соңғы ойыншы екінші нөмірлі ойыншыға пас береді. Нөмір бірінші ойыншы екі және үш нөмірлі ойыншы аралығында қозғалып отырады. Содан кейін екінші нөмірлі ойыншы пасты үшінші нөмірлі ойыншыға береді. Ал ол бірінші нөмірлі ойыншыға береді. Енді үшінші нөмірлі ойыншы бірінші және екінші нөмірлі ойыншылар арасына барады;
5) екі ойыншы бір ойыншыға қарсы (бір “шаршыда”). Жаттығу мақсаты – допты “шаршының” екінші бөлігіне орналастыру. Допсыз ойыншы шабуыл жасап жатқан ойыншыны тоқтату керек немесе пасты алып кету керек;
6) тоғызыншы жаттығудағыдай, бірақ үш ойыншы бір ойыншыға қарсы. Шабуылшы ойыншы допты кімге беру керек екендігін таңдай алады;
7) тоғызыншы жаттығудағыдай. Бірақ “шаршы” ауданын үлкейту керек. (үш “шаршыға дейін”) және қорғаушылар санын көбейту керек. Бір “шаршыда” бір қорғаушы болу керек. Шабуыл жасап жатқан ойыншылар пастың көмегімен кезек бойынша үш қорғаушыдан өтеді. Сосын ойыншылар орындарымен ауысады;
8) он бірінші жаттығудағыдай, бірақ шабуылды екінші нөмірлі ойыншы жасайды;
9) дәл солай, қорғаушылар санын бір “шаршыда” екі ойыншыға дейін көбеуту керек.
Контакт және захват
Регби ойынына қарсыласпен контакт және күштік күрес тән. Бұл психологиялық тұрғыдан ойыншыларға қарсыластарға нәтижелі кедергі ретінде қызмет атқарады. Бірінші орынға күштік күресті жасап жатқандағы ойыншылардың физикалық дайындықтарын қою керек. Регби ойыншысының дене, қол және иық күштері негізгі мәнді атқарады. Ойыншылардың өзіне - өзі деген сенімділігін дамыту керек. Дайындық процесінде ылғи да дайындық және ойындық жаттығуларды шабуылдар жасау арқылы іске асыру керек. Шабуылды орындау ойыншыдан батылдықты талап етеді. Ойыншының өзіне - өзі деген сенімділігі болмаса, қарсыластардың жеңіп кету мүмкіндігі артады.
Шабуыл техникасын іске асырып жатқан кезде мынаны еске сақтау керек: шабуыл неғұрлым қатты жасалса, ойын соғұрлым қауіпсіз және әсерлі болады. Дұрыс әрі шешімді шабуыл ешқашан жарақаттарды тудырмайды.
Шабуылдарды мына белгілер арқылы айырады: бір жақты, артқы, алдыңғы және үстіңгі алдыңғы.
Шабуылдың барлық түрін қолдануға болады, бірақ ылғи да бір жақты шабуыл жасауға дайын болу керек. Егер доппен жүгіріп бара жатқан ойыншыны жетіп алса, онда бұл жағдайда артқы шабуыл орындалады. Алдыңғы шабуылды болдырмау керек, одан басқа шешім болмаса,- қолдануға болады. Егер қарсылас ойыншының жанында болса немесе допты беруге кедергі жасау керек болса, үстіңгі алдыңғы шабуылды қолдану керек.
Ойыншыны жерге құлату үшін, оның дене тепе-теңдігін бұзу керек. Осындай жағдайда астыңғы шабуылды қолданған әлдеқайда қолайлы. Осы кезде ойыншы қарсыласты иығымен соғып құлатады. Дененің бүкіл салмағын қолдану үшін, шабуылшы ойыншы жерден бөлек тұру керек, яғни «шабуылға секіру керек». Осы тәсілді иықпен соғатын арнайы қаппен үйренуге болады. Дайындыққа арналған қап кәдімгі қарсыласты алмастыра алады.
Шабуылды орындаған кезде тұрыстың түзулігіне көз жеткізу керек, яғни қол, иық, бас тұрысын түзу ұстау керек. Шабуыл жасауға арналған бірнеше жаттығуларды ұсынамыз.
«Шаршыдағы» жаттығулар:
1) үш-төрт адамнан тұратын топ. Бір ойыншы қапты басқа ойыншылардан 5м қашықтықта ұстап тұрады. Қапты ұстап отырған ойыншыны ауыстырып отырып, барлық ойыншылар кезек-кезек шабуыл жасайды;
2) дәл солай, бірақ әр ойыншы шабуылды төрт – бес рет жасайды;
3) дәл солай, бірақ ойыншылар төрт-бес шабуылдан кейін соғу иығын ауыстырады;
4) ойыншылар кезек-кезек шабуыл жасайды және қозғалыс қозғалыс бағытын өзгертіп, дөңгелек бойымен қозғалады. (бір «шаршы» ішінде);
5) бірінші жаттығудағыдай, бірақ ойыншылар жылдамдыққа орындау арқылы басқа топпен жарысады. Шабуыл орындалғаннан кейін ойыншы қапты орнына қояды;
6) ойыншы қапты өзімен бірге «шаршының» басқа бөлігіне апарады. Қалған ойыншылар шабуылды бір жақтан кезек-кезек орындайды;
7) алтыншы жаттығудағыдай, бірақ басқа иықпен;
8) ойыншы қаппен бірге топқа жүгіреді. Қалғандары шабуылды кезекпен орындап, оның артынан жүгіреді;
9) ойыншы қаппен бірге «шаршының» басқа бөлігінен топқа қарай жүгіреді.
Аяқпен соғу
Аяқпен соғу техникасын меңгеруге аз уақыт бөлінеді. Бірақ бұл шеберліктің өте қажет элементі және бұл тәсіл де басқа техникалық тәсілдермен қатар меңгерілуі керек. Аяқпен соғу жаттығуларын орындау үшін нақтылық пен шеберлік керек.
Доптан босау үшін соғулар нақты орындалуы керек. Соғуды сәтті орындалған деп санау керек, егер допты басқалар ұстап алса немесе территорияны жеңіп алса.
Ойынның әртүрлі кездерінде орындалатын соғулардың бірнеше түрлері бар. Бұған, бәрінен бұрын, ойын басындағы соғуларды жатқызуға болады және айып соғуын жатқызуға болады. Осы соғулардың ортақ белгілері бар. Осы соғуларды іске асыру үшін қол координацияларын жасап отыру керек.
Допты аяқпен соғу тәсілдерінің, яғни «торпедо», «шырақ» тәсілдерінін негізгі техникалық элементтері мыналар: допты қолмен ұстау, доппен босату, аяқ пен доп арасындағы контакт.
Допты қолмен ұстау тәсілінің көмегімен ойыншы допты ұстайды. Әр ойыншының өзінің допты ұстау мәнері болады. Бұл жерде соғуды нақты орындау үшін, ең бастысы, дене тепе-теңдігін сақтау керек.
Допты босату. Ойыншыға доп пен аяқ контакты ылғи бір жерде орындалуы қажет. Бастаушы регбистердің қателігі - допты сәл үстіне қарай лақтыруында.
Аяқ пен доп контакты. Аяқтың қатты қөтерілуіне байланысты соғу да қатты болады. Бірақ бұл ылғи осылай бола бермейді. Аяқ пен доп контакты дұрыс орындалғанда ғана, қатты соғу болады, яғни допқа жұмсалған күш доптың ауырлық центрінен өткенде ғана қатты болады.
Айналмалы соғу - бұл өзінің осінен айналған доп. Нәтижесінде доп қатты әрі үлкен қашықтыққа ұшады. Бұл соғуды шабуыл кезінде де, қорғау кезінде де қолданылады.
Құпия допты дұрыс ұстауда мен жіберуіндегі белгілі бір бұрыштың болуында және соғуды центр ауырлығынан өткізілуінде. Допты оң аяқпен соққан кезде, допты шетінен екі қолмен ұстау керек.
Жартылай қорғаушылар және қорғаушылар бұл соғуды кез-келген аяқпен жасай білу керек.
«Шырақ»
Бұл атпен ұзын тактикалық соғуларды байланыстыруға болады. Техникалық элементтері үстінде айтып кеткендей. Бұған «аяқ-қол» контакты ескеру бола алады. Бұл контакт екі тәсіл арқылы жасалады: доптың ұзын осі соғатын аяқ бойында орналасады немесе кіші ось соғатын аяқ бойында орналасады. Ол айналу соғуына ұқсайды. Көп қолданылатыны – бірінші тәсіл.
Осы соғуды жартылай қорғаушылар жақсы меңгеру керек. Осы жағдайдың мақсаты - әлсіз қорғанған қарсылас жері. Қарсыластың әлсіз қорғанған жеріне соққанда, допты алудың 50 пайыз мүмкіндігі болады. Үшінші сызықтағы келесі қорғаушының реакциясын тексеру үшін, дайындалған соғысты ұстап алуды орындаған дұрыс. Нақты орындалған соғыс қарсыласты деморализациялайды.Қарсыласты допты ұстатуға тырысу керек және де артқа қарай бетімен қозғалуы керек. Қорғаушының бас арқылы соғысын дәл осылай орындауға болады, бірақ жақын ара қашықтықта орындалуы керек. Егер осы қозғалысты нақты әрі тез орындаса және қарсыласқа сені жаулап тасталмауына мүмкіндік берілмесе, ойыншылардың жеңіске жетуіне толық мүмкіндік болады.
Жермен соғу
Егер бұл соғыс дұрыс орындалмаса, қарсыластарға ұнамсыздық тудырады. Регби добының формасы оған жақсы айналуға мүмкіндік береді. Доп қиғаш құлау үшін, аяқ бжәне соғушы ойыншыдан аса алыста болмау үшін, допты соғуға дайындалу керек және оны жақсылап соғу керек. Осы жағдайда доп кіші ось бойымен айналады.
Секірудегі соғу
Осы соғу кезінде допты тігінен ұстау керек, яғни доптың көп бөлігі астына қарай бағытталуы керек. Допты қолдан түсірген кезде, ол өс нүктесінің проекциясына жерге түсу керек. Практикалық тұрғыдан осы соғыс кезінде «доп-жер» және «доп-аяқ» сай келуі керек. Осы соғу кезінде соғуды өз уақытында және нақты орындау өте қажет. Доптың жерге дұрыс түспеуі – осы соғудың негізгі қателігі болып табылады. Доп жерге дұрыс түспегеннен кейін қолдың біреуі уақытынан бұрын оны жіберіп, қателік жасайды. Көптеген ойыншылар ыңғайлы позицияда тұрған кезде, көбінесе «дроп гол» жасауға тырыспайды. Осы соғуды орындап жатқан ойыншы «дроп гол» соғатынына сенімді болу керек. Әсіресе 22м зонасында тұрған кезде. Ойыншы белгілі бір позицияда соғуларды тек қана оң аяқпен орындаса, ол сол аяқпен соғуды орындап жатқанда әлдебір қиындықтар туады. Әрине, оң аяқпен орындау үшін ол басқа позицияны қабылдау керек. Еркін соғу кезінде ойыншының тұрысы ыңғайлы болады, себебі қарсылас ойыншылар 10м қашықтық орнында тұрады. Соғушы ойыншыда дайындыққа көп уақыт болу үшін, оның командаластары оған допты арт жақтан береді, бірақ пас тез уақыт аралығында орындалуы керек.
Секіруден соғу ойын ортасынан жаңадан 22м сызықтан басталғанда қолданылады. Осы соғу кезінде нақтылық пен жылдамдық басты рөл атқарады. Ең бастысы, жылдамдық керек, себебі жылдамдық арқасында қарсылас ойыншылар кедергі жасауға үлгермеуі мүмкін. Әсіресе, жылдамдық 22м зонасынан соққанда өте қажет. Кейбір мамандар осы жағдайды 2 ойыншыны қоюды ұсынады, әрбір ойыншы өз жері үшін жауап береді. Олардың міндеті – тез арада соғу позициясын қабылдау. Доп олардың біреуіне беріледі, ал олар қарсыластың қандай да бір әлсіздігін қолдану керек. Егер қарсылас жерінің бір бөлігі нашар қолданса, оны міндетті түрде қолданып қалу керек. Осыны қолданудың тәсілдері: өзің үшін соғу, шеттегі ойыншыларға ашық жақтан соғу, алысқа соғу.
Соғу нақтылығымен қатар допты қорғалмаған бөліктерге соғуды білу керек. Мысалы, егер ылғи секіруден бір нүктеге соға берсе, ойыншылар бұған ыңғайланып алады. Осы кезде соғу зонасын бірінші екі жаулаушы сызығынан таңдау керек және биік соғу керек. Осыны шабуылшы доптың түсу нүктесіне үлгеру үшін жасайды. Жаулап алушылардың бірі биік секіру арқылы допты алып алуға немесе оны артта тұрған ойыншыларға беруге тырысу керек. Осындай тәсілдер орындалса, қарсыласқа қарсылас көрсетуге қиынға түседі. Секірумен соғуды орындау үшін аз қорғалған жерлер алынады.
Орыннан соғу
Орыннан соғудың екі түрі бар:
1) допқа дұрыс жүгіру және аяқ ұшымен соғу;
2) допқа бір жақтан жүгіру (футбол ойынындағыдай) .
Жерден допты соғудың негізгі техникалық элементтері мыналар: допты құру, жүгіру, аяқтың доппен контакты.
Допты жерден соғу неғұрлым жақсы орындалса, «доп – аяқ» контакты
соғұрлым жақсы орындалады. Әрбір соғушы ойыншының өзінің соғу алдындағы өз тәсілдері болады.
Түзу жүгіріспен соғуды орындау үшін 2 тәсіл бар: тігінен және қиғаш. Аяқтың ұшы доптың астына тию үшін, жолақта белгілі бір жанр дайындау керек.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


