«Тірек»
Допты ұстап жүрген ойыншы тоқтатылғаннан кейін команданың келесі қозғалыстардың сәтті болуы тірек жылдамдығына байланысты. Демек, қарсылас айқас кезінде күшті қарсыластық көрсетуден бұрыналуға күресіп жатқан өзінің ойыншыларына тірек болу керек. Осы ойыншыға көп портнерлер неғұрлым тірек болса, соғұрлым сенімді позицияна олар келесі шабуылшы қозғалыстарды жасайды.
«Дене тұрысы»
Қарсыласқа бағытталған қысымды жасау үшін ойыншылар дененің дұрыс тұрысын қалыптастыра білу керек. Бұл жаулап алушылардың дұрыс дененің позициясында ғана эффектілі қысым жасап жатқан тағайындалған айқасты еске түсіреді. Дене позициясы төмен, ал арқа түзу болу керек. Ойыншылар бір – бірінің қолдарын қатты ұстап алу керек. Бұл активті бастапқы позиция. Әрине, бұл кезде кішкене дем алып плу керек, ол үшін денені кішкене биік көтеру керек. Ойыншылар допты сақтап қалу үшін және команданың шабуылшы қозғалыстарын үлкейту үшін күшті контакта қысым техникасын сенімді қолдану керек.
Қысым (итеріс)
Итеріс мақсаты – қарсыласқа қысым көрсету.»Молдан» немесе «рактан» бірнеше метр қашықтықта тұрып, дұрыс позиция таңдау мүмкіндігіне ие болған және күшті контакта қозғалыс жоспарын жасай алатын бірінші екі ойыншыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олардың бірінші тапсырмасы – допты ұстап тұрған ойыншымен қатты қақтығысу және бір мезгілде онй шортыйынан ұстап алып, иықпен қысым жасау.
«Рак» ойыншыларының мақсаты да сондай – допты алып алудағы қысымды қалыптастыру. Доп айқастан шығарылмайынша, итерістің алға қарай қозғалысының импульсі аяқталмайды.
«Қорғау»
Қозғалыстың негізгі мақсаты – допты алып алу. 1 ойыншы өзінің қарсыласын тоқтатып, өзін сенімді итеруге кедергі жасайды. Оның қозғалыстарына тірек болып отырған ойыншылар шабуылшы ойыншының қалған портнерлерінен бөліп алу керек. Бұны тірек ойыншыларының қарсыластары допты алып алып, қысымға арналған ыңғайлы позицияға тұрмастан бұрын жасау керек. Допты ұстап алған ойыншыны тоқтатқан мезгілде үлкен мағынана тірек жылдамдығы және қорғаушы ойыншылар орындайтын қысым алады.
Доппен жүрген шабуылшы қарсыласты тоқтатқан бірінші ойыншы оны өзінің жағына бұрып жіберуге немесе олай болмаса, егер басқа ойыншылар өзінің қозғалыстарын жасап отырып, алға қозғалып жатса, оны жерге лақтыра алады. Егер қарсыласты тоқтатқан ойыншы оны өз жағына бұрып және жерге лақтырып жіберсе, келесі ойыншы оның қолындағы допты алуға тырысады.
«Квадраттағы» жаттығулар:
1) біреу біреуге қарсы (1х1). Допты созылған қолмен ұстау, оны қорғау, қарсылас оны 5 с ішінде алып алуға тырысады. Кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады;
2) 4 адамнан тұратын топ(3х1)жаттығу алаңда 5м сызық және аут қозғалысының аут сызығы арасында орындалады. Доп 3 ойыншыда. Олардың бірі сынақ жолағына баруға тырысып, шабуыл жасайды. Қорғаушы 5м зонасында орналасып, оны үстіңгі шабуылмен тоқтатады немесе доппен жүрген ойыншыны жерге құлатуға тырысады. Тоқтатудан кейін ойыншы допты сақтап қалуға тырысып, оны тоқтатусыз допты алуға келе жатқан ойыншыларға допты беру үшін уақытты ұтып алуға тырысады. Шабуылдан кейін әр оыйншы қорғаушыны ауыстырады;
3) 2 жаттығу сияқты, қорғаушылар мен жаулап алушыларға ойыншылар қосылады, «рак» пен «молды» қосып алғанда, бірақ шабуыл тоқтағаннан кейін. Бір топтағы ойыншылар санан бақылай отырып, олардың назарын шабуыл мен жаулауға аудару;
4) жасырын пас. 6 адамнан тұратын пас.(3 қорғаушы, 3 шабуылшы) топтар бас бағыттаушылары бір – бірінен 5м қашықтықта орналасқан. А топтағы ойыншылар иығымен алға қарай жүгіріп шабуыл жасайды. Допты қолға алып, оны қорғаушымен контакт жасаған кезде допты денесімен қорғайды;
5) 4 жаттығу сияқты. Қорғаушылар допты алып алуға немесе контакт кезінде шабуылшы ойыншыны айналдырып жіберуге тырысады. Ақырғысы айналдыруға қарсылық білдіреді;
6) 5 жаттығу сияқты, бірақ бір қорғаушы ғана қолданылады. Тірек ойыншылары допты алып жүрген ойыншы оны сақтап қалуын бақылап, алыс тұрады;
7) 6 жаттығудағыдай. Бірақ қорғаушылар қозғалып отырады, ал ойыншылар тірек ойыншыларынан кейін қозғалады. Допты ұстап жүрген ойыншы допты сақтап қалу үшін әртүрлі шешімдер қабылдауы мүмкін.
«Молға» арналған жаттығулар:
Көптеген командаларда 2 өлшемде болатын арнайы қаптар көп қолданысқа ие. Контакт үшін кішкентай қап және «рак» үшін үлкен қап қолданылады. Қаптарды ескі маттан немесе тығыз матадан дайындалып, оны паралон қиқымдарымен тығындап қоюға болады. Секіруде иықпен ұру және жабуыл жасау кезінде кезінде қап жақсы қауәпсіздендіреді.
1) 1.7 ойыншыдан тұратын топ.(5 шабуылшы, 2 қорғаушы). А және Б ойыншылары «квадрат» соңында орналасып., қапты ұстап тұрады. 5 шабуылшы ойыншылар А қорғаушысымен бір сызыққа түзеледі. Бірінші шабуылшы добы бар ойыншы доға бойымен қапқа қарай қозғалады. Қалған ойыншылар «молдың» құрылу техникасын сақтап, оған тірек болады. 5 ақырғы ойыншы бос қалады және айқастың жартылайқорғаушысы сияқты қозғалыстар жасайды;
2) 1 жаттығудағыдай «мол» техникасы, бірақ А және Б қорғаушылары олармен таңдаған бағытта қаппен бірге «квадрат» бойымен қозғалады;
3) 1 жаттығудағыдай «мол» техникасы, бірақ А және Б қорғаушылары «квадратты» бөлетін шекара, орташа сызықта позициямен орналасады. Шабуылшылар бір қаптан екінші қапқа қозғалып, «молды» қалыптастырады және итеріс позициясын орындайды. Осыдан кейін қарғаушылар бұрынғы қалпына келеді;
4) 1,3 жаттығудағыдай, бірақ қаптар шабуылынан кейін А және Б бастапқы позициясына келіп, бәрін басынан бастайды;
5) 4 жаттығудағыдай, бірақ қорғаушы мен шабуылшы санын көбейту;
6) егер қаптар жітіспесе, қолмен қақтығысқан және шабуылшыларға арқамен тұрған 3 ойыншыны қолдануға болады;
7) беске 8 шабуылшы ойыншылар. Ойын 10 м сызық арасында өткізіледі. Сынақ жолағы 5 м және бір жақтағы сызық арасындағы бос орын болады. Шабуылшы ойыншылар 5м сызығында болады, қорғаушылар шабуылшылардан 10-15 м ара қашықтықтағы бір жақтағы 10 м сызығында болады. Сықырық бойынша шабуылшылар қорғаушылардан әртүрлі пас түрлерін немесе «молды» қолданып отыру керек.
«Ракка» арналған жаттығулар:
1) қарсылас А және Б ойыншылар қиғаш бойымен бір – біріне қарама – қарсы қозғалады. А контактқа кіріп, алға қарай итерісті орындайды және Б ойыншыны бірнеше метрге итеріп жібереді. Б ойыншы ереулі қарсылық білдіреді. Әр итеруден кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады;
2) 1 жаттығудағыдай, бірақ 2х2;
3) 2 жаттығудағыдай, бірақ 3х3.Шабуылшы ойыншылар тізілуі 2х1, яғни бір ойыншы № 8 ойыншының рөлін атқарады. Айқастың бірінші сызығындайқорғалған ойыншылар бір сызық бойымен тізіледі. Кейін екі команда да ойыншылар санын көбейте алады;
4) 3 адамнан тұратын топ. (А, Б,В) , әрбіреуінде 3 адамнан. Алаң 2 «квадраттанә тұрады. А және Б топтары белгіленген айқас сызықтары сияқты түзеледі,қарсыласпен контактқа кіруге дайындалады. Допты лақтыратын тоннельге осы екі бірінші сызық арасына арнайы қап салынады. В тобы 2х1 түзелуінде алдыңғы жаттығудағыдай «квадрат» соңында позицияда тұрады. Дабыл бойыншы А, Б тобы қапты айналып жүгіреді;
5) 4 жаттығудағыдай, бірақ үлкен алаңда («квадратты» үлкейту). Бірінші сызықтар арасында қаптар орнына ойыншы орналасады. Мысалы, В тобының ойыншысы А тобының ойыншысына қарай қозғалады, А Б-мен қарсыласып, «ракты» құрайды. Барлық топтар «ракты» құруды үйренеді;
6) 5,4 жаттығудағыдай, бірақ қап немесе ойыншы жанына доп қойылады. Ойыншылардың допты көзбен бақылауын және оны аяқпен ұруын қадағалау керек;
7) 4 жаттығудағыдай, бірақ 6 адамнан тұратын топ. 22 м сызығында 10 м бір – бірінен қашықтықта орналасқан. Баптаушы дабылымен «ракка» арналған топтар 2х3 орналасумен қаптан итеріс жасайды. Ал ол қаптың бір жағында доп орналасқан. Егер қаптар жетіспесе, оларды бір топтан екінші топқа ауыстыруға болады;
8) топтар позициясы 7 жаттығудағыдай, 22 м сызығында орналасқан, бірақ олардың арасындағы ара қашықтық әртүрлі бола алады;
9) 8 жаттығудағыдай, бірақ «ракты» қарастырған топтың бір ойыншысы жақын жерде допты күтіп қалады;
10) 22 м сызық орнына бүкіл алаң қолданылады. Бұл топтарда 6 адам, бірақ қорғаушымен бірге. Ал қорғаушы допты алып жүріп, басқа ойыншылардан қашады. Оны қуып жетіп, басқа ойыншылар допты алып алады. Доппен бірге жүрген ойыншы алаң ішінде әртүрлі жылдамдықпен қаша алады;
11) 6 адамнан тұратын топтар. Ойын 22 м сызығының сол жағынан басталады. Доп жеңген «рактан» кейін алдыңғы жаттығудағыдай ақырғы ойыншының қолында болады.(айқас жартылайқорғаушысында). Ол ойыншы қарсы жаққа, 10 м жаққа баруға тырысады, онда «рак» қайтадан ойналады. Кейін ойыншылар қозғалысы 22 м сызығының ортасына дейін жалғаса алады және бүкіл алаңға қозғалыс бағытын ауыстыра алады. Доппен жүрген ойыншылар өздері қозғалыс жолын таңдай алады және «рактың» қалыптасу нүктесін де таңдай алады.
3 Қорғау сызығындағы топтық қозғалысының техникасы
Үштоқсандық қорғаушының сызығының негізгі міндеті – шабуылшылар алып алған допты сәтті қолдану. Қорғаушы сызығының ойыншыларының шабуыл жасаушы ойыншылардан айырмашылығы – жылдамдық сапасымен, маневрліктілігімен, қол ойынының техникасының жоғары деңгейде болуында. Қорғаушы сызығының ойыншыларының коллективті техникасының тәсілдерін 11-15 жаста меңгерген дұрыс және бұл техника ары қарай регби дайындықтарында дамиды. Коллективті техниканың негізгі элементтері мыналар болып табылады: түзелу сызығы; позиция (түзелу бұрышы); жылдамдық; қарсылас сызығындағы бөлініс.
7 жылдам әрі техникалы ойыншылар біртекті қуатты күш болып қатыспайды. Ойыншылар ойыншыға қатысты үнемі ыңғайлы позицияда тұруға тырысу керек. Қорғаушы сызығының ойыншылары олардың доппен қоштасқан кезі ең тиімді позиция таңдаудың, шабуылшылардың тірек қозғалыстардың басы екенін білу керек.
Импровизацмя тенденциясын бағалау қажет, өйткені қозғалысты жоспарлау – бұл мақсатқа жетудің бір ғана тәсәлі.
Бүкіл сызықпен дайындалып, допты ұстаудың коллективті техникасын мәнді түрде жақсартуға болады, бірақ техниканы меңгеруге командаға жарыс ойындарын енгізу керек. Сондықтан қорғаушы сызықтарында ойынның техника – тактикалық қозғалыстарды дамытумен қатар, қарсылас көрсету дайындықтарын дайындай керек. Дайындық шарттары осыған байланысты әртүрлі мінезде болуы керек. Ондай дайындықтарды ойыншылар керек кезде пас беруге, бір жаққа қадам басу, жылдамдық пас көмегімен қозғалыс бағытын өзгертуді үйренеді. Кейін бірте – бірте қарсыласты толық енгізу керек, яғни ойыншылардың тең санына қарсы қозғалу керек.
Допты алған кездегі түзелу сызығы
Доп ұқтып алынғаннан кейін қорғаушылар түзелуі әртүрлі болуы мүмкін. Осы маңызды команда звеносының ойын қозғалысының негізін іске асыру керек. Оның негізгі мақсаты – мүмкіндіктерді орындау ал ең керекті мақсат – мүлік сызығынан өту. Егер шабуылшылар бұған қажетсінсе соңғы нәтижеге жету үшін команда ыңғайлы позицияны алады және жаулап алушыларға тірек болуға жеңілдік тудырады. Осы кезде қарсылас шабуылды тең командасының қорғау сызығынан өтуді білу керек.
Допты алғаннан кейін қорғаушылар әрине қорғаушылардың ойын қозғалыстарына жақсы мүмкіндік тудырады бірақ сәттілік ойыншылардың шеберлігінен және дұрыс шешімдер қабылдау икемділігіне байланысты. Осының бәрі қорғау сызығының ойыншыларын ойын жағдайларындағы жайттарды шешуге өздерінің арасында ақпаратпен алмасуға мүмкіндік етеді. Олар ойында қарсыластың күшті және әлсіз жақтарын қандай да қорғаусыз қалған бос орынды қолдануды білу керек. Бұл көбінесе жартылайқорғаушыға байланысты, себебі олар шабуылшылар мен үштоқсандық қорғаушылардың арасындағы байланыстырушы звено болып табылады.
Допты үштоқсандық қорғаушылар сызығының бойымен беру процесінде келесі жайттарды ескеру керек. Біріншіден өткізіліп тасталатын дистанци. Екіншіден жүру үшін қолданған уақыт және ойыншының қарсыластан құтылу қабілеттігі. Берілген жағдайлармен үштоқсандықтардың сызығының түзелуін ойыншылардың қозғалыс жылдамдығы және олардың қарсыласпен күресуін қолдану арқылы бақылауға болады. Басқа сөзбен айтқанда үштоқсандықтардың сызығы неғұрлым күшті орналасса, сызық соғұрлым алысырақ орналасады. Доппен жүрген ойыншылар неғұрлым жылдам қозғалса және пас берсе, соғұрлым олар мақсатқа жетуге аз уақыт жібнрнді. Үштоқсандық сызықтың ойыншылары неғұрлым тактикалық техникалық тұрғыдан қарсылас қорғауын бұзуға дайын болса, соғұрлым олар керекті нәтижеге жетеді.
Ойында жайттар бар оларға қорғаушылар сызығының позициялық ойыны байланысты, олар: жоспарланған айқас «коридор ойнатуы және «мол» мен «рак».
Жоспарланған айқас қорғаушылар сызығының шабуылына үлкен әсер етеді. Ойын барысында айқас тағайындалған кезде, ұсақ ереже бұзушылыққа ондаған тоқтатулар болады. Осы кезде қарсылас қорғау кезінде өзінің қозғалыстарын жасауға мүмкіндік алады, сонымен қатар шабуылшы қозғалыстарға дайындалып алады. Команданың қорғаушы ойыншылары ойын ережесіне сай, ақарғы үшінші сызықтың ойыншысынан кейін тізіліп тұра алады. Осы арқалы олар қарсы команданың шабуыл сызығына жақын тұрады. Егер әр айқастан кейін осылай болып отырса, онда шабуылшылар қарсы команданың ойыншыларының қатты қысымына түседі. Әрина, команданың «артық» ойыншыларын қолданып, допмы үштоқсандық сызық бойымен допты беру және сәтті шабуыл жасау осы жағдайда қиынға соғады. Осы ситуациядағы оптималды шешім – айқасқа жақын шабуылды ұйымдастыру. Егер бірінші екі пас тез әрі нақты орындалса, қарсыласта қорғанатын бір – ақ сызық болады, ал ол сызықты тез бұзуға болады. Бұл жерде ашықжартылайқорғаушының жанындағы айқаста (№10) жаулап алатын және бірінші орталық үштоқсандық ойыншыны (№12) жаулап алатын шеткі үштоқсандық ойыншыны немесе қорғаушыны қолдану керек. Егер қарсылас команданың қорғанысы сәтті бұзылса, онда шабуылшылар қорғаушы шабуылына сәтті тірек бола алды.
Басқа тәсілдер де бар. Мысалы, 2 жартылайқорғаушы (№ 9 және №10) және бірінші орталық үштоқсандық қорғаныстан өздері өте алады немесе жүгіріп келе жатқан қорғаушылар артынан соғу қолдана алады. Алаңы аз қорғалған жолақтар қарсылас команданың сызығынан кейін және оның флангтерінен кейін орналасады.
«Коридордағы» ойын
«Коридор» ойыны қорғаушылардың ойын қозғалысына әсерін тигізеді. Шабуылшылар «коридорды» допты сенімді иеленіп алған кезде, осы сәт шабуыл ұйымдастыруға өте қолайлы болады. Қорғаушылардың айқас сызығына қарағанда допты лақтыру сызығынан 10м қащықтықта тұру, яғни оларды 20м қашықтық бөліп тұрады. Командалар ойынына жиі кедесетін жайт, ойыншылар «кодидорды» сәтті жеңіп алып, тағайындалған айқастағыдай аяқпен соғуды қолданады. Бұл жерде аяқпен соғу қиын екендігі ескерілмейді, себебі қарсылас жолақта жинақы болады және жолақтың барлық учаскелері оның бақылауында болады. Қорғау сызығының бөлетін ойын орны үшін аздау қысым көреді және сондықтан олар аяқ соғуларын кері пайдалану керек, себебі осы кезде доп, ережеге сай, жоғалуы және жиі кездерде тәжірибелі қарсылас тағайындалған контр шабуылды бастайды. «Коридордың» сәтті ойыны – қорғау ойыны сызығына жақсы жолдау, әсіресе жолақ ортасында.
«Мол» - «рак»
Қорғаушы сызығының ойыншысына ең жақсы жағдай, оның доппен жүрген кездегі қарсыластың алдында орналасуы. Тағайындалған айқаста және «коридорда» қарсыластар ойынды ұйымдасқан түрде жүргізугі мүмкіндік алады. Ал «мол» және «ракта» қарсылас ойын қарсыласын жасауға уақыт шектеулі болады. Жиі жағдайларда қарсыластың қорғау сызығы «молда» енгізіледі. Бұл әсіресе жылдам ойыншыларға байланысты, себебі баяу ойыншылар қорғаныс күшін қалдырады және әрине, бұл кезде қарсыластың қорғау реттілігі әлсіз болады. Шабуылшы команда допты шетке тез беру арқылы қолдану керек. Бұл жерде қорғаушы міндетті түрде шабуыл аяқталуына қолдау көрсетеді.
Бұл жерде сәттілік қол ойынының жылдамдығынан және алға жылжудың жылдамдығына байланысты. Және шабуыл жасаудың дұрыс бағыт табуына байланысты. Ережеге сай, бұл допты жеңіп алу жылдамдығынан және шабуылға дайын қорғаушылардың санына байланысты. Мысалы, сол жақта қарсылас ойыншылар аз орналасқан, демек шабуыл да сол жаққа бағытталу керек, яғни сол жаққа. Бұл жерде ең басты рөлді ылғи да ойынды жалғастыру үшін тиімді нұсқаларды іздейтін жартылайқорғаушылар атқарады. Қайтадан осы жағдайда алынатын аяқ соғысы және қарсыластың қорғанысын бұзатын бір ойыншының қозғалысы болады.
Позиция
Позицияны таңдау қорғаушылар сызығының сәтті және рационалды ойынына өте маңызды. Үштоқсандықтар допты алу үшін жолаққа көлденең жүгіру тенденциясы ие, мүлік сызығына жету үшін олар мәнді қашықтықтан өту керек. Бірақ бұл алға жылжуға кедергі келірумен қатар доппен жүрген қорғаушы ойыншыны және одан кейін тұрған қалған ойыншыларды ойындық орнынан айырылтады.
Алға қарай түзу қозғалыс қорғаушыларды бір – біріне қарсы ойнатады және оларға басқа ойыншыларға қосылуға мүмкіндік бермейді.
Ойыншылар өздері тұрған позиция ылғи теориялық ережелерге сай келмейді. Әр командада ойын позициясын таңдау қорғаушылардың қолмен ойнау ойыны, тірек көрсету шеберлігі және ойыншылардың жылдамдық есебінен алынады. Ашықжартылайқорғаушының позициясы (№ 10) және бірінші орталық (№ 12) позицияны өзімізге үлкен жылдамдықпен шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Көп нәрсе айқастың жартылайқорғаушысының сенімді ойынына байланысты. Аз тәжірибелі айқас жартылайқорғаушысы тағайындалған айқастаң және «коридордан» кейін пас бере алмайды, осы қалыппен, ашықжартылайқорғаушы (№ 10) оған көрсетілетін қысымнан құтылуға тырысады. Осындай жағдай әсіресе «коридорды» ойнатқан кезде кездеседі. Айқас жартылайқорғаушысы пасты нақты әрі тез беруді үйрену керек. Ашық қорғаушының позициясы доп ешқандай кедергісіз жету үшін бос орын және жаман паста позициясын өзгертуге мүмкіндік болу керек. Айқас жартылайқорғаушысының қолында доп болған кезде ғана қлозғалысты бастайды. Оның жолы мен доп жолының қатынасының траекториясы 90 градус немесе одан аз бұрыш болу керек, яғни айқас жақын, бірақ үлкен бұрышта емес. Үштоқсандық (№ 12) сызығының бірінші орталығы оның жүгірісінің бағытымен жүру керек. Екінші орталық (№ 13) кішкене және көлденең орналасады, ол ашықжартылайқорғайшыны көріп және жүгірісті шеткі үштоқсандық (№ 14) қолдауымен жүру үшін жасалады.
Қорғаушыға (№ 15) осындай жағдайда шабуыл сызығына қосылуға оңай болады. Басқа тізімдер қолданысқа кіре алады, бірақ қозғалыс басының бұрыштары қорғаушыларға алға қарай қозғалуға мүмкіндік беретіндей болу керек. Қорғаушы сызығының тізілуі үлкен бұрыш пен мүлік сызығының қатынасына қарай сызықты өзінің жеріндегі қарсылас сызығына жақындатылады, әрине, мүлік сызығы жойылады – шабуылшылар мақсаты. Осы кезде шабуылшы сызық үлкен қашықтықты жүгіріп өтуді үлгеру керек, бірақ бұл маневр жасауға үлкен мүмкіндік береді, ойыншылар қарсыласты жеңу үшін финтті, «бір жаққа қадам басуды» ж,. Т. Т. Қолданған кезде. Басқа сөзбен айтқанда, қарсыластың қорғаныс сызығын бұзу. Осы тәсіл ойыншылардың жақсы байланысында және екінші орталықтың (№ 13) ойынында және шеткі (№ 14), қорғаушы (№ 15) ойнағанда эффектілі болады.
Бағыт өзгерісі, темп және жүгіріс ритмінің өзгерісі
Қорғаушы техникалық тәсілдерді үлкен жылдамдықпен жасауды үйрену керек. Бұған жүгіріс жылдамдығы ғана емес, қол ойынының жылдамдығы, допты аяқпен соғу жылдамдығы жатады.
Жүгіріс жылдамдығы қарсылас қорғанын бұзу үшін қажет. Қауіпті зонадан тез шығу үшін «бір жаққа қадам басу» мен «айқас қадамды» колданып, қозғалыс бағытын өзгерту керек. Мысалы: ойыншы бірқалыпты жылдамдықпен жүгіріп келе жатыр, сосын қозғалыс бағытын өзгерту арқылы шабуылдан құтылады. Бұндай қлзғалыстарды үштоқсандық жасайды. Себебі ол ең соңғы кезде қысқа пасты алып, арықарай қарсыластар арасымен үлкен жылдамдықта қозғалады.
Егер ойыншының техникалық жағынан жақсы дайындығы болса, бірақ тез шешім қабылдай алмаса, онда оның сәтті ойын көрсетуі бірталай.
Пас жылдамдығы
Бұл допты беру және қабылдау шеберлігі. Қорғаныс сызығының ойыншылары осы өнерді жақсы меңгеру керек. Бұл – олардың негізгі қаруы. Олар доп қарсылас ойыншысының жүгірісінің жылдамдығынан айтарлықтай тез ұшатынын ұмытпау керек. Қарсы командадан қорғанатын ойыншылар осыдан тез шаршайды. Және олар тез пас беру техникасын жақсы меңгерген. Техникалық тез пасты және допты қабылдауды іске асырған кезде, қол бармақтары мен білектің жұмысы үлкен мағынаға ие болады. Осы туралы ойыншылар да, баптаушылар жиі ұмытып кетеді. Жиі кездесетін жайт, ойыншы допты беру алдында ұзын қағыс жасайды. Осындай кезде қандай жылдамдық туралы айтуға болады? Пас берудегі жылдамдықпен әсірісе көп айқас жартылайқорғаушысы жұмыс істеу керек.(№9) Ол қандай пастың түрін қолданбасын, бұл жерде ең негізгі фактор – жылдамдық, себебі оған күш және доптың ұшуы байлынысты. Тәжірибелі жартылайқорғаушыларға да пас ұзындығына көңіл бөлу керек, өйткені бұл қорғаныс сызығының ойынына әсер етеді. Жақсы орындалған пасты, шеткі ойыншыға бағытталған, 3 с уақыттан аса орындауға болады.
Қорғаныс сызығының ойыншыларының барлығы допты соғуды жақсы меңгеру керек, бірақ тек қана соғулармен ойынды жеңуге болмайды. Өз уақытында орындалған және нақты аяқ соғысы бос орын жеңіп алуға пайдалы болады. Қай жағдайда болмасын, ойыншылар қысым көрсетумен соғуды үйрену керек, яғни оларды тез әрі екі аяқпен орындау керек. Осы шеберлікті меңгерген ойыншының кемшілігі, оның таңдауы жоқтығында және оның көп қателесе алатынында. Жылдам «дроп гол», ұшудағы тез соғу және тез жерге соғу – бұл соғу түрлері.
4 Жартылай қорғаныс сызығы ойыншыларының техникасы
Айқас жартылайқорғаушысы (№ 9) және ашықжартылайқорғаушы (№ 10) ойынның басты ойыншылары болып табылады. өйткені олар жаулап алушы мен қорғаныс сызығы ойыншыларының арасында байланыс тудырады және ойынға қатысып, басқалар сияқты шешім қабылдау керек. Олардың мақсаты – ойын кезінде ұпай жинау.
Жартылай қорғаушы ойыншыларына мынадай белгілер лайық:
1) қол ойынындағы жоғары шеберлік, әртүрлі жүгіріс формалары, аяқ соғулары;
2) тез техникалық ойлау;
3) үлкен еңбекқорлық.
Айқас жартылайқорғаушысының техникасы (№ 9)
Айқас жартылайқорғаушысы бірінші болып шешім қабылдайды, себебі оның ойын жағдайындағы түсінігі бүкіл команданың ойын қозғалысына әсер етеді. Оның командасында 9 немесе 15 ойыншы ойнай ма екендігі оған байланысты. Оның қатысы командада қандай ойыншы болғысы кеумен анықталады. Регбистер командасының ойыны барлық ойын жағдайында үлкен шеберлікті талап етеді.
Қол ойыны
Негізгі техникалық элементтер: тірек аяқ позициясы, бағытталған қол позициясы, жылдамдық, нақтылық.
Пас – айқас жартылайқорғаушысының қозғалыстарында ең негізгі техникалық элемент. Ол басқа ойыншыларға қарағанда пасты барлық жаққа беруді жақсы білу керек.
Айқастан пас
Айқас жартылайқорғаушысының тағайындалған айқастан допты беру кезіндегі негізгі қателігі – аяқ позициясының дұрыс болмауында. Ойыншылар аяқ позициясын дұрыс таңдаудың орнына допқа бірінші ұмтылады. Пастың нақтылығын сенімді бақылауы допқа қолды қоюға байланысты. Ашықжартылайқорғаушы ең біріншіден, тез пасты талап етеді.
Нақты пас ашықжартылайқорғаушыға қосымша уақыт және орын ұтып алуға көмектеседі.
Айналған пас
Бұл ашықжартылайқорғаушыға қосымша ойын орнын беру үшін үлкен ара қашықтықта қолданады. Бұл кезде негізгі 3 жағдайды ескеру керек:
1) артқы аяқ допқа жақын орнылысу керек;
2) бағыттаушы қол пас кезінде доптың артқы жағында орналасу керек;
3) допты жерден алып, оны көздеген жерге бағыттаукерек, осы кезде қол бармақтары мен білек қозғалыстары қатысу керек.
Қағыспен пас
Айналған пас сияқты орындалады, бірақ қол тұрысы өзгеше болады. Допты бұл жерде негізгі пас кезіндегідеу орындалады. Айқас жартылайқорғаушысының аяқтары допқа жақын болады, қол білегі де допқа жақындайды. Қол білегі мен бармақтар қозғалысының есебінен доптың ұшу жылдамдығы өз шегіне жетеді.
Секірудегі пас
Доп алаң бойымен пас бағыты жаққа домалаған кезде, бұл пас түрі қолданылады. Айқас жартылайқорғаушысының аяғы мен қолдары допқа жақын орналасу крек. Дене инрциясымен аяққа жылдамдық беру үшін аяқ итерісін қолдану керек.
Айналым пас
Қозғалыс бағытын тез өзгерту үшін қолданылады. Алда тұрған аяқ бұл кезде допқа жақын орналасу керек, қолдар допты ұстайды, айналған пас пен негізгі пас сияқты. Допқа жылдамдық беру үшін дене айналымы қолданылады. Допқа жылдамдық беру үшін қол бармақтары да қатысады.
Негізгі пас
Жүгіру кезінде қолданылатын ең қысқа пас. Бұл пастың негізгі техникалық элементтері «коридордағыдай» болады. Айырмашылығы – пасты жерден қабылданған доптың алынуында. Бұл пас сапалы әрі тез орындауға ыңғайлы.
Бұл пасты дайындағанда, оны көздеген жерге жіберу қажет. Мысалы, қабырғаға салынған дөңгелектер, қақпа бағандары т. Бб Кейінгі кезде жаттығуларды қарсыласпен орындау керек.
Жылдамдыққа қарапайым тест:
1) 6 допты алыңыз және 10 м қашықтықта көздеуді белгілеңіз; Баптаушы белгіленген көздеуге 6 пасқа кетілілген уақытты өлшейді.
2) көздеу өлшемін азайтыңыз немесе көбейтіңіз және доп санын көбейтіңіз;
3) допты тағайындалған айқасқа лақтыру қол ойынының шеберлігін талап етеді, бірақ оны ылғи іске асырып отыру керек. Айқас жартылайқорғаушысы айқасқа допты лақтырған кезде, айқас орталығымен байланыс орнатады(№ 2). Осы регбист ойыны бүкіл команда ойынының жалғасуына әсер етеді.
Жүгіріс
Айқас жартылайқорғаушысының қозғалысы тағайындалған айқастан, «коридордан», «рактардан», «молдардан» басталады. Осы кезде басты назарды ритмді ауыстыруға және жүгіру бағытына аудару керек. Айқас жартылайқорғаушысының қарсылас қысымымен және қорғау кезінде қысым көрсету шеберлігі дайындық кезінде ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Аяқ соғулары
Айқас жартылайқорғаушысы екі аяқтың соғуын дайындап отыру керек. Егер ол тек сол аяқпен соғуды білсе, оған соғу позициясын таңдай қиын болады, себебі айқасқа доп соғатын аяқтар ауысып келуі мүмкін. Осы ойыншы соғудың 2 негізгі түрін қолдана алады – биік «шырақ» немесе жерден соғу. Ол жеңген тағайындалған айқастан кейін допты алуға немесе «коридордан» кейін алуды білу керек. Бұл допты соғып немесе қарсыластың әлсіз қорғалған жеріне допты лақтыру үшін жасалады. «Шырақты» орындаған кезде оған 5м сызығына назар аудару керек, бірақ бір жақтағы сызыққа емес. Жаман жағдайда доп аутқа ұшып кетуі мүмкін.
Контакт
Қарсыласқа жақын жерде орналасқан жартылайқорғаушы қозғалған кезде белгілі бір батылдықпен және дайындықпен шабуыл мен қозғаудағы контактқа дайын болу керек.
Ашықжартылайқорғаушылар техникасы (№ 10)
Айқас жартылайқорғаушысы сияқты ашықжартылайқорғаушы да ойынға әсер етеді. Ойын шешімдері осы кезде өте маңызды. Таңдау, мысалы, ойын жағдайын аяқ соғумен, қолмен шабуыл жасағанға қарағанда жеңіл, бірақ қол ойыны мен аяқ ойыны арасындағы белгілі бір балансты қадағалау керек.
Қол ойыны
Сенімді қол ойыны – ашық жыртылайқорғаушының үлкен қажеттігі. Қысым көрсетілген кезде, ол допты қабылдап және оны әртүрлі қашықтықта беру керек. Қорғаныс сызығындағы қозғалыстардың сәттілігі, негізінде, оның ойынына байланысты.
Жүгіру
Ашық жартылайқорғаушыға допты екі қолмен ұстап жүрй, сонымен қатар, алаңды қарап жүру керек. Кейде ол бір орында тұрып допты қабылдау керек. Ол мұны қарсыласты өзіне қарату үшін жасайды, сосын барып жүгіреді. Қорғаныс сызығында қозғалыс басы бұрыштары өте маңызды. Мысалы, қорғаушы сызығы бойындағы жүгірісті және қарсылас иығының қозғалысының қиындауын анықтайды. Осы ойыншы сол жақтағы айқас жартылайқорғаушысының айналған пасы нақты емес және оны қабылдаудың қиын екенін білу керек. Осы пас жолақтың оң жағында үнемі нақты болады. Ашық жартылайқорғаушы қарсылас ойыншыларды өзіне қаратқан кезде, ол басқа ойыншыларға көрсетілетін қысымды азайтады.
Аяқ соғулары
Осы ойыншыға барлық соғу техникасын меңгеру өте маңызды және оларды 2 аяқпен орындау керек.
Контакт
Қорғанысты бұзудағы физикалық контакттардан қорықпайтын ашық жартылайқорғаушы мағыналы мүмкіндіктерді туғызады және өзіне қарсыластың үшінші сызығындағы жаулаушыларды өзіне қаратады. Осы кезде өзінің шабуылшы қозғалыстарда захваттардан қорғану керек және қарсылас жартылайқорғаушыларын тоқтатқанда өзі захват жасауға дайын болу керек.
Тактикалық ойлау
Жартылайқорғаныс ойыншылары матч жүріп жатқанда ойын жағдайларын тез шешуді білу керек және өз уақытында шешілген жағдай туралы команданың басқа ойыншыларына жеткізу керек. Ойын ансамблі ойыншыларының қозғалыстары жартылайқорғаушы шешіміне байланысты. Олар қарсылас команданың қорғаныстағы кемшіліктерін меңгеру керек (қарсыластың қорғаушылары ойын кезінде қалай қозғалады, үшінші сызық шабуылы қалай қозғалады т. б) Олар қарсылас ойыншылардың қателіктерін қолдану керек, осы үшін әртүрлі соғуларды қолдану, шабуыл бағытын өзгерту, жеке қолдың техникасын қолдану керек.
Қорғаныста ашық жартылайқорғаушы қарсылас жартылайқорғаушысының қозғалыстарын жақсы бақылау керек және олардың қозғалыстарын болжау керек. Олардың назары келесі жайттарға аударылу керек: қарсылас қай аяқпен соғуды орындайды, олар жақсы маневр жасай ма, олар допты бір орында немесе қозғалыс кезінде қабылдай ма т. б.
Жартылайқорғаушы ойынын іске асыру үшін арналған жаттығулар:
1) айқас жартылайқорғаушысында көп доптар болады. Екі ашық жартылайқорғаушы одан 10-15 м (солдан оңға қарай) қашықтықта орналасу керек. Айқас жартылайқорғаушысы доптың ұшуының нақтылығы мен жылдамдығына көңіл аудара отырып, допты кезек – кезек береді;
2) 2 ашықжартылайқорғаушы. Әрбіреуінде бір – бір доптан. Айқасжартылайқорғаушылар бұрышын және қашықтығын ауыстырып, үнемі қозғалыста болады;
3) Ойын жағдайы – үшінші сызық ойыншысы қақтығыс кезінде. Ашықжартылайқорғаушы жүгіру бағытын өзгерту есебінен жылдамдықпен контакттан кетеді;
4) 3 жаттығудағыдай, бірақ ашықжартылайқорғаушы соғуды секіріспен орындайды.
Қорытынды
Регби ойынындағы техникалық дайындық өзімен бірге қалыптасу процесі мен қозғалыс шеберлігінің қалыптасуын және жарыстағы қажетті дағдыларды ұсынады. Техникалық жарыстарда регби ойыншыларыныңжылдам әрі күшті қозғалуының дамуымен, қозғалыстың нақты қалыптасу эффектілігімен мінезделеді. Регби ойыншыларының техникалық дайындығы тактикалық дайындықпен өте тығыз байланысты. Регби ойынының қиындығы мыналарда:жеке және топтық техникалық қозғалыстар тактикалық қызмет негізінен ауытқып қалыптасуы мен дағдылануы негізгі техникалық тәсілдердің дамуына кедергі келтіруінде. Регби ойынындағы техникалық дайындықтардың негізі баптаушымен байланысты. Баптаушыға ең керекті тәсілдер:
1) техникалық тәсілдерді жақсы иемдену;
2) регбист назарын тактикалық жаққа бағытталуын қадағалау.
Біріншісін дайындық процесінде жүйелік жолмен иемдену жеке және топтық техникалық қозғалыс кезінде қалыптастырады. Ал екіншісі мен үшіншісін жарыстың қызметке жақын шарттарды қолдану арқылы қалыптастырады.
Қарсыластың активтілігі оның спорттық шеберлігінің тәжірибелегіне байланысты күштілене және әлсіздене алады. Спорттың қай түрінде болмасын, регби ойынының да техникадық дайындығы екіге бөлінеді
1) жеке техниканы қалыптастыру;
2) топтық техникалық қозғалыстардың қалыптастыру мен дағдылату.
Әдебиеттер
1 П. Дрюитт Шаги к успеху. – изд. «Human Kinetics», 1990. – 90 с.
2 Мини регби. – М. : ФиС, 1976. – 43 с.
3 Регби. – М. : ФиС, 1963. – 71 с.
4 , , Петренчук подготовки регбистов. – М. : ФиС, 1984. – 103 с.
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................3
1 Жеке қозғалыстар техникасы……..….............……………….......4
2 Ойыншылардың шабуыл сызығының топтық қозғалысының
техникасы…….............................................……………...…....…14
3 Қорғау сызығындағы топтық қозғалысының
техникасы........................................................................................29
4 Жартылай қорғаныс сызығы ойыншыларының
техникасы........................................................................................34
Қорытынды ....................................................................................39
Әдебиет ...........................................................................................40
О. А Кривец,.
Регбидан арнайы және дайындалу
жаттығулары
Техникалық редактор:
Жауапты хатшы:
. .2007 ж. басылымға қол қойылды.
Times гарнитурасы.
Офсетті қағаз 29,7 х 42 1/4 форматы
Көлемі 1,71 шарт. бас. бет. Тираж 20 экз. Келісімді бағасы.
№- Тапсырыс
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің ғылыми баспа
орталығы
140008 Павлодар қ. Ломов көш. 64
т.
E-mail: publish @
БЕКІТЕМІН
С. Торайғыров ат. ПМУ-дің
ОІ жөніндегі проректор
« » 2007 ж.
Құрастырушы: оқытушы
аға оқытушы
Дене тәрбиесі кафедрасы
« » 2007 ж. кафедра жиналысында бекітілген № хаттама
Кафедра меңгерушісі
« » 2007ж. Биология-химия факультетінің оқулық-әдістемелік
кеңесімен ұсынылды. № хаттама
ӘК басшысы
КЕЛІСІЛГЕН
БХФ деканы « » 2007ж.
СМБ нормобақылаушысы « » 2007ж.
ОӘБ ҰСЫНЫЛҒАН
ОӘБ бастығы « » 2007ж
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


