ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | ||
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты | ПОӘК | ПОӘК 042-18.19-002-2014 |
«Педагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (студенттер үшін) | 16.06.2014 №1-басылым 05.09.2013 орнына |
«Педагогика»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН
ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2015
Мазмұны
1. Жалпы ережелер
2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
3. Пәнді оқытудың әдістемелік ұсыныстар
4. Пәннің форматы
5. Пәннің саясаты
6. Баға қою саясаты
7. Әдебиеттер тізімі.
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер
- Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м. а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
- Байланыс ақпараты – , Таңірбергенов 1. 2 ғимарат,
- Сабақ өткізу орны – №3, №8
- Пән аты – «Педагогика»
- Кредит саны - 3
1.2. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Қазақстан Республикасындағы білім берудің бағыты теориялық және практикалық даярлығы жоғары деңгейдегі шығармашылық мүмкіндігі мол жеке тұлға қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл мүмкіндіктерді іске асыру үшін еніп отырған жаңалықтарға ілесе алатын соған сәйкес жас қрпақты тәрбиелеп білім беретін педагог дайындау қажет. Сондықтан да барлық мамандықтар бойынша кәсіби пән «Педагогика» бакалавр дайындаудағы шешуші курс болып табылады. Бұл пәнді оқу бакалаврға педагогиканың әдіснамалық негізін, негізгі педагогикалық түсініктерді, педагогиканың құрылымын, оқу мен тәрбиенің заңдылықтары ман принциптерін, тәрбие мен оқытудың мазмұнын, әдістерін, құралдарын, формаларын игеруге, балалардың жас ерекшеліктерімен танысуға, педагогикалық процестің жүруі мен нәтижелерін шартты анықтайтын тәуелділіктерді ашуға, маманның алдында тұрған міндеттерді игеруге мүмкіндік береді.
1.3. Пәнді оқытудын максаты- орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге аеыру бойынша болашақ мұгалімдердің кәсіби құзыреттілігін калыптастыру.
1.4.Пәнді оқытудың міндеттері:
ü Болашақ ұмғалімдерге педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.
ü Студенттерді болашық мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қаруландыру.
ü Болашақ мұғаламдерге өзіндік кәсіби іс-әрекеттіжүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
ü Болашақ мұғалімдердің кәсіби - маңызды тұлғалақ қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, дағды, педагогикалық әдеп, толерантталық және т. б) дамыту.
ü Түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық т. б) қалыптастыру.
ü Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
1.5. Оқытудың нәтижелері:
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзіреттілігіне қойылатын талаптарына сәйкес, студент:
- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
- әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялары жөнінде;
- 12 жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзіреттіліктері туралы және т. б. түсінуге;
- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т. б біліктіліктерін игеруге;
- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;
1.6 Пәннің пререквизиті: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер Қазақстан тарихы, психология және адамның дамуы, әлеуметтану, соныман қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеруі қажет.
1.7 Пәннің постреквизиті: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, оқыту әдістемесі (мамандықтар бойынша).
2.ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
Кесте 1.
№ | Тақырыптары | Аудиторлық сағаттардың бөлінуі | |||
Дәріс | Практ. сабақ | СОӨЖ | СӨЖ | ||
I бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. | |||||
1 | Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. | 1 | 1 | 2 | |
2 | Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы. | 1 | |||
3 | Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпелі өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері. | 1 | |||
4 | Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие. | 1 | 1 | 10 | |
5 | Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы. (VI-XVғғ.) | 1 | 2 | ||
6 | Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер. | 1 | |||
7 | Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы. | 1 | |||
8 | Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы. | 1 | 1 | ||
9 | Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. (XV-XVIIIғғ. Қазақ хандығының кезеңі) | 1 | 1 | 10 | |
10 | Қазақстандағы XIX-XXғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі. | 1 | 1 | ||
II бөлім. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері. | |||||
1 | Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде. | 1 | 1 | 3 | |
2 | Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әртүрлі жастағы топтарда көрінуі. | 1 | 1 | 10 | |
3 | Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелілігінің шарты. | 1 | |||
III бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы. | |||||
1 | Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары. | 1 | 1 | 3 | 10 |
2 | Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі. | 1 | 1 | ||
3 | Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі. | 1 | 1 | 10 | |
4 | Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. | 1 | 1 | ||
5 | Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. | 1 | 3 | ||
6 | Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі. | 1 | 1 | 10 | |
7 | Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы. | 1 | |||
8 | Отбасы тәрбиесінің негіздері. | 1 | |||
9 | Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту. | 1 | 3 | ||
10 | Қазіргі мектептегі білім мазмұны. | 1 | 1 | ||
11 | Оқыту формалары, әдістері, құралдары. | 1 | |||
12 | Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу. | 1 | |||
13 | Оқушылардың тұтас педагогикалық танымдық іс-әрекетін белсендендіру. | 1 | 1 | 3 | |
14 | Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық тенденциялар. | 1 | 7,5 | ||
IV бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару. | |||||
1 | Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау. | 1 | |||
2 | Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау | 1 | 3,5 | ||
3 | ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері. | 1 | 1 | ||
БАРЛЫҒЫ | 30 | 15 | 22,5 | 67,5 |
3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемлік нұсқау.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


