Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері

1.  Бір кредиттің академиялық көлемі 50 минут дәрісханалық уақытты құрайды.

2.  Бакалавриатта әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар міндетті түрде 2 сағаттық студенттің өзіндік жұмысымен (СӨЖ) қамтылады.

3.  Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 аптаны құрайды.

4.  Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін бір оқу жылының академиялық көлемі 36 аптаны құрайды (немесе 2 семестр), оның ішіндегі 30 апта теориялық оқуға, 4 апта – студенттің қорытынды бақылауына, 2 апта – демалыс уақытына арналған.

5.  Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50 минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75 минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100 минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50 минут), педагогикалық іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100 минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250 минут) тең.

6.  Оқу жылының академиялық көлемі жазғы семестрдің есебінен 6 аптаға ұзартылуы мүмкін.

7.  Жазғы семестр студенттің жеке қалауы бойынша қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру үшін ұйымдастырылады.

8.  Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

9.  Оқу траекториясы және пәндер реестрін демалыс уақытында студенттің өзі анықтайды.

10.  Оқу траекториясы және пәндер реестрі жазғы семестрде (жоғарғы курс студенттері үшін) бекітілетін студенттің жеке жұмыс жоспарында 5 қыркүйекке дейін (І курс студенттері үшін) көрсетіледі.

11.  Жеке жұмыс жоспарын декан немесе деканның оқу ісі жөніндегі көмекшісі бекітеді және ол деканатта сақталады.

12.  Жеке оқу жоспары эдвайзердің, яғни шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан академиялық ұстаздың жетекшілігімен жүзеге асырылады.

13.  Оқуды жеке жоспарлау студентке демалыс уақытында ұсынылатын силлабустардың көмегімен және оқу жоспарындағы әрбір пәннің академиялық сипаттамасы, сонымен қатар офис-тіркеушіде және ҚарМУ-дың сайтындағы (www. ) элективті пәндер каталогының көмегімен жүзеге асырылады.

14.  Оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі шығарушы және қызмет көрсетуші кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:

-  пән бойынша оқу-әдістемелік кшен;

-  оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша дәрісханалық жұмысқа арналған материалдар, оның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспары, т. с.с.;

-  студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттығушы тестер, бақылау тапсырмалары, әрбір пән бойынша емтихан сұрақтары;

-  іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, сонымен қатар іс-тәжірибенің барлық түріне арналған жоспарлар мен бағдарламалар;

-  дәрістердің элективті курсы.

15. Студенттерді бір курстан екінші курсқа академиялық ауыстыру бекітілген орташа өту балымен жүзеге асырылады (GPA).

16. Қайта оқу курсы қажетті кредит санын жинамаған студенттерге ұсынылады.

17. Қайта оқу курсын қаржыландыру тек студенттердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

18. Сырттай оқу бөлім студенттері кредиттік технология және қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқиды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

19. Академиялық кезеңдер академиялық күнтізбемен бекітіледі.

20. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған виртуалды сабақтар желілік кеңес беру мен виртуалды сабақтар кестесімен бекітіледі.

21. Сырттай оқу бөлімінің студенттері мен тьюторлары виртуалды сабақтарда ЭЕМ-ге арналған «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасымен жұмыс істейді.

22. «Факел–1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасына кіру үшін дербес логиндерді қолдану және білім беру үдерісіне қатысушылардың паролі арқылы жүзеге асырылады.

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Студенттерге қолдау көрсету қызметтері (бас оқу ғимаратында орналасқан, жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін):

Оқу-әдістемелік басқарма (ОӘБ): 219 кабинет, телефон 8(7212), , е-mail: umu. *****@***kz. ОӘБ университеттің оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды, оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді жүзеге асырады.

Көптілді білім беруді дамыту орталығы (КБДО): 204 кабинет, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz. КБДО Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да көптілді білім беру үдерісін басқаруды жүзеге асырады.

Инновациялық білім беру орталығы: 214, 216, 221 кабинет, телефон 8(7212) (ішкі 1040), е-mail: *****@***kz, *****@***kz. Инновациялық білім беру орталығы ОӘБ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды іске асырады.

Студенттік бөлім: 215, 217 кабинет, телефон 8(7212), е-mail: *****@***kz. Студенттер контингентінің қозғалысын есепке алады және бақылайды (ауысулар мен қайта қабылдау). Студенттік бөлім қажеттілігіне қарай академиялық анықтама, дипломдардың, аттестаттардың, сертификаттардың мемлекеттік білім грантын беру және МАБ жөніндегі куәліктердің, анықтамалардың көшірмелерін, дипломдардың, сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің төлқұжаттарын береді, сұрау бойынша студенттердің жеке істерін жібереді.

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі (БСБМБ): 220 кабинет, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz. Мемлекеттік аралық бақылауға (МАБ) дайындықты және оны өткізуді жүзеге асырады, студенттер үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізеді, студенттерге әлеуметтік сауалнама ұйымдастырады.

Ғылыми кітапхана: телефон 8(7212), е-mail: *****@***kz. Кітапхананың жұмысы туралы ақапарат (www. library. ) Web-сайтында орналасқан, онда электрондық каталог, мерзімді басылымдар бюллетені және студенттерге қажетті басқа да ақпараттар бар.

Инновациялық-технологиялық орталық: 233 кабинет, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz, *****@***ru. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, ғылыми конференциялар, көрмелер, конкурстар, олимпиадалар дайындығы мен өткізуді, ғылыми мақалалар жинақтарын шығаруды жүзеге асырады.

Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі және аккредитация орталығы (СДО, СМЖа): 231 кабинет, телефон 8(7212) e-mail: *****@***kz. Университет қызметін стратегиялық жоспарлаудың қолайлы жүйесін құруға, университетте білім беру бағдарламаларының халықаралық және ұлттық аккредитациясын өткізуге, ҚарМУ сапа менеджменті жүйесінің қызметін толық іске асыруға ықпал етеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасы және халықаралық бағдарламалар (ЖООКББ): 234 кабинет, телефон 8(7212), e_mail: *****@***kz. Магистратура, докторантура аясындағы оқу үдерісін ұйымдастыруды басқарады.

Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК): 103 кабинет, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz. Жатақханалардың студенттік кеңестерінің, факультеттердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің, клубтардың, студенттік қоғамдық бірлестіктердің, үйірмелердің жұмысын басқарады. ЖІК жанында студенттік парламент, ұлтаралық мәдени орталық, баспасөз клубы, «Қауымдасқан студенттер» атты пікірталас клубы, пікірсайыс клубы, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық клуб, «СҚЖ» студенттік құрылыс жасақтары, еңбек биржасы қызмет етеді.

Студенттер мәдениет сарайы (СМС): бас ғимарат, телефон 8(7212). СМС – заманауи дыбыс аппараттарымен жабдықталған, жайлы студенттік кафетерийі, дыбыс жазу студиясы, хореографиялық залдары, дайындық бөлмелері, 514 орындық залы бар бірегей сәулет туындысы. СМС жанында 18 шығармашылық ұжым қызмет етеді: «Жарқын» халық би ансамблі, «Сарын» фольклорлық ансамблі, «Шабыт» ақындар клубы, «Әуен» вокалдық тобы, эстрадалық ән айту студиясы, студенттік драма театры және т. б.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы (МЖОО): 113 кабинет, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz. Түлектерге түйін құрастыру бойынша, жұмыс берушілермен әңгімелесуден өту бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетеді, түлектердің Мансап күнін өткізеді, кәсіпорындардың, фирмалар мен ұйымдардың тұсаукесерін ұйымдастырады, «Түлектер» мәліметтер банкін құрады.

Студенттер жұмыс жөніндегі бухгалтерия: 211 кабинет, телефон 8(7212). Студенттердің оқу ақысы үшін ақшалай қаражаттың келіп түсуі мен қозғалысы бойынша есептік қызметті, сонымен қатар стипендия төлеуді жүзеге асырады.

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі (ҚҚжІАБ): 226 кабинет, телефон 8(7212). университеттің қызметін реттейтін заңнаманы қолдану, ҚР азаматтары және шетелдік азаматтар үшін білім қызметтерін көрсету шарттарын жасау мәселелері бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді, университетке түсушілермен және білім алушылармен кездесулер өткізу арқылы студенттердің құқықтық санасын қалыптастырады. Сенім телефондары: 8(7212), .

Тұрғын үй-тұрмыстық кешені:

Университетте 6 студенттік жатақхана қызмет етеді:

- №1, 2 жатақханалар – телефон: 8(7212), мекен-жайы: Университет к-сі, 14/1;

- №3, 4 жатақханалар – телефон: 8(7212), мекен-жайы: Университет к-сі, 16/1;

- №5 жатақхана – телефон: 8(7212), мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

- №6 жатақхана – телефон: 8(7212), мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

Университеттің студенттік емханасы, санаторий-профилакторийі бар. Телефон: 8(7212) (бас дәрігер), 8(7212) (вахта), мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1б.

Барлық оқу ғимараттарында медициналық пункттер, буфеттер, асханалар (1, 4, 6 оқу ғимараттары) бар; «Университет» асханасы қызмет етеді (мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1).

ҚарМУ-дың студенттік тұрмыстық кешені бар, онда монша, кір жуатын жер, сауна, телефон: 8(7212), сонымен қатар кондитерлік цех жұмыс істейді, телефон 8(7212).

Студенттерді қолдау қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады:

Ректор – Көбеев Еркин Қиноятұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(72, e-mail: *****@***kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Бірінші проректор – Жұмашев Рымбек Мұратұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Оқу ісі жөніндегі проректор – Каргин Серғали Төлеубекұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, 222 кабинет).

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор – Омаров Халыш Бейсенұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор – Кентбек Салауат Қамшыбайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz, (1 оқу ғиамараты, Университет к-сі, 28, 223 кабинет).

ФАКУЛЬТЕТТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ

Биология-география факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 3 оқу ғимараты.

Декан – Айтқұлов Айдар Мұратұлы, биология ғылымдарының кандидаты; телефон 8(7212), e-mail: fiziokar@ yandex.ru, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– физиология (№ 000 дәрісхана);

– география (№ 000 дәрісхана);

– ботаника (№ 000 дәрісхана);

– зоология (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Көшкімбаева Асем Кенжебайқызы, телефон: 8(7212), , № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В011300 – Биология;

5В060700 – Биология:

5В011600 – География;

5В060900 – География;

5В060800 – Экология.

Шетел тілдері факультетіҚарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 9 оқу ғимараты.

Декан – Жетпісбаева Бахытгүл Асылбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; телефон 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 кабинет,

Кафедрлары:

– ағылшын тілін оқыту әдістемесі (№ 000 дәрісхана);

– неміс және француз тілдерінің теориясы мен практикасы (№ 000 дәрісхана);

– ағылшын тілінің теориясы (№ 000 дәрісханасы);

– жаратылыстану факультеттеріндегі шетел тілдері (№ 000 дәрісхана);

– гуманитарлық факультеттердегі шетел тілдері (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Курманалина Дана Нұрболатқызы; телефон: 8(7212), IP-телефон: 395, е-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B011900 – Шетел тілі : екі шетел тілі;

5В021000 – Филология: шетел филологиясы;

5В020700 – Аударма ісі.

Тарих факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №3 оқу ғимараты.

Декан – Сақтағанова Зәуреш Ғалымжанқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор; телефон 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

археология, этнология және отан тарихы (№ 000 дәрісхана);

– бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар (№ 000 дәрісхана);

– Қазақстан тарихы (№ 000 дәрісхана).

Кеңсетіркеушісі – ұлы, телефон 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B011400 – Тарих;

5B020200 – Халықаралық қатынастар;

5B020800 – Археология және этнология.

5В020300 – Тарих;

5В041900 – Мұражайлық іс.

Математика факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №2 оқу ғимараты.

Декан - Абдрахманов Нұрлан Ғалымжанұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты; телефон 8(7212), e-mail: www. math. , № 000, 408 кабинет.

Кафедралары:

-  математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер (№ 000 дәрісхана);

-  профессор Т. Г.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия (№ 000 дәрісхана);

-  қолданбалы математика және информатика (№ 000 дәрісхана);

-  математика және информатиканы оқыту әдістемесі (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі - , телефон 8(7212), e-mail: *****@***ru.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B060100 Математика;

5B010900 Математика;

5B060200 Информатика;

5B011100 Информатика;

5B060300 Механика;

5B070300 Ақпараттық жүйелер;

5B070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу.

Кәсіптік-көркем өнер факультеті – Қарағанды қ., Карбышев к-сі, 7, № 11 оқу ғимараты.

Декан – Магавин Сәбит Шамилұлы, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент; телефон: 8(7212), e-mail: *****@***, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– машинатану (№ 000 дәрісхана);

– бейнелеу өнері және дизайн (№ 000 дәрісхана);

– жалпытехникалық пәндер және еңбекке баулу әдістемесі (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Мастеева Қарлығаш Адылханқызы, телефон 8(7212), № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу;

5В012000 – Кәсіптік білім;

5В042100 – Дизайн;

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар;

5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.

5В091000 – Кітапханалық іс.

Әлеуметтік-педагогикалық факультет – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 9,10 оқу ғимараттары.

Декан – Иманбеков Мирлан Мейрамбекович, философия ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212), 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

-  мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындықтың теориясы мен әдістемесі (№ 000 дәрісхана);

-  бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (№ 000 дәрісхана);

-  әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика (№ 000 дәрісхана);

-  әлеуметтік бейімделу және педагогикалық түзету (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Абылайхан Салтанат Мұратханқызы, телефон: 8(7212), 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту жән тәрбиелеу;

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

5В010300 – Педагогика және психология;

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5В010500 – Дефектология;

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс;

5В090600 – Мәдени-бос уақыт жұмысы.

Физика факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 2 оқу ғимараты.

Декан – Сәулебеков Арман Ормашұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, доцент; телефон 8(7212), e-mail: *****@***kz, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– жалпы және теориялық физика (№ 000 дәрісхана);

– профессор Ж. С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы (№ 000 дәрісхана);

– конденсатталған күй спектроскопиясы (№ 000 дәрісхана);

радиофизика және электроника (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Тұрлыбекова Райхан Сарсеновна, телефон: 8(7212), e-mail: *****@***kz, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011000 – Физика (жалпы білім беретін);

5В060400 – Физика (жаратылыстану);

5В071600 – Құрал жасау;

5В071700 – Жылу энергетикасы;

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

5В072300 – Техникалық физика;

5В073100 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Дене мәдениеті және спорт факультеті –Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 7 оқу ғимараты.

Декан – Рамашов Нұрманбек Рамашұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор; телефон 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедралары:

– дене мәдениеті мен спорттық медицинаның теориясы мен әдістемесі (№ 000 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

– бастапқы әскери дайындық (109 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

– спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар (№ 12 оқу ғимараты);

– дене тәрбиесі (№ 1 ғимараты).

Кеңсе-тіркеушісі – Ахметжанова Ұлмекен Андинәбиқызы; телефон: 8(7212), е-mail: ulmeken_58@ *****., № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B010800 – Дене шынықтыру және спорт;

5B010400 – Бастапқы әскери дайындық.

Филология факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, №8 оқу ғимараты.

Декан – Әбдуов Мұхамметқали Ілиясұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– қазақ тіл білімі (№ 000 дәрісхана);

– қазақ әдебиеті (№ 000 дәрісхана);

– журналистика (№ 000 дәрісхана);

– классикалық және орыс филологиясы (№ 000 дәрісхана);

– қазақ тілінің практикалық курсы (№ 000 дәрісхана);

– орыс тілі мен әдебиетінің әдістемесі және практикасы (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Ажарбекова Эльвира Нәсіпқұлқызы, телефон: 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011700 –- Қазақ тілі мен әдебиеті;

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті;

5В121000 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

5B012200-Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

5В020500 – Филология;

5В050400 – Журналистика;

5В051400 – Қоғамдықпен байланыс.

Философия және психология факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 8 оқу ғимараты.

Декан – Сабирова Райхан Шайхышқызы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212), № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– психология (№ 000 дәрісхана); телефон 8(7212)).

– философия және мәдениет теориясы (№ 000 дәрісхана); телефон 8(7212)).

– саясаттану және әлеуметтану (№ 000 дәрісхана, телефон 8(7212)).

Кеңсе-тіркеушісі – , телефон 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В050300 – Психология;

5В050200 – Саясаттану;

5В050100 – Әлеуметтану;

5В020100 – Философия;

5В020400 – Мәдениеттану;

5В020600 – Дінтану.

Химия факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 4, № 6 оқу ғимараты.

Декан – Тажбаев Еркебұлан Мұратұлы, химия ғылымдарының докторы, доцент, телефон: 8(72, e-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедралары:

-  органикалық химия және полимерлер (№ 20 дәрісхана);

-  химиялық технология және экология (№ 000 дәрісхана);

-  бейорганикалық және техникалық химия (№ 000 дәрісхана);

-  физикалық және аналитикалық химия (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – , телефон: 8(7212), e-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В011200 – Химия;

5В060600 – Химия;

5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы.

Экономика факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 1 оқу ғимараты.

Декан – Есенгельдин Бауыржан Сатыбалдыұлы, экономика ғылымдарының докторы, доцент; телефон: 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 кабинет.

Кафедрлар:

– бухгалтерлік есеп және аудит (№ 000 дәрісхана);

– маркетинг (№ 000 дәрісхана);

– менеджмент (№ 000 дәрісхана);

– қаржы (№ 000 дәрісхана);

– экономика және халықаралық бизнес (№ 000 дәрісхана);

Кеңсе-тіркеушісі – Қалықов Абай Қобландыұлы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212), е-mail: *****@***ru , № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011500 – Құқық және экономика негіздері;

5В050600 – Экономика;

5В050700 – Менеджмент;

5В050800 – Есеп және аудит;

5В050900 – Қаржы;

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;

5В051100 – Маркетинг;

5В051300 – Әлемдік экономика;

5В090200 – Туризм;

5В090400 – Әлеуметтік-мәдени сервис;

5В090800 – Бағалау.

Заң факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №1 оқу ғимараты.

Декан – Қожахметов Ғалым Зейнекенұлы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор; телефон: 8(7212); № 000 кабинет.

Кафедрлары:

– мемлекет және құқық теориясы мен тарихы (№ 000 дәрісхана);

– азаматтық және еңбек құқығы (№ 000 дәрісхана);

– қылмыстық процесс және криминалистика (№ 000 дәрісхана);

– қылмыстық құқық және криминология (аудитория № 000);

– конституциялық және халықаралық құқық (№ 000 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Тұрғанбаева Сәуле Маратқызы, телефон: 8(7212), е-mail: *****@***ru, № 000 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В030100 - Юриспруденция;

5В030200 - Халықаралық құқық;

5B030200 – Кеден ісі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ [1]

1.  Жалпы ережелер

1.1. Ішкі тәртіптің осы Ережелері (бұдан әрі - Ереже) ҚР БҒМ РМҚК « Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі» (бұдан әрі - Университет) еңбек және оқу тәртібін регламенттейтін негізгі жергілікті нормативтік акт болып табылады.

Университет қызметкерлеріне қатысты бұл Ережелер қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару тәртібін, еңбек шарты тараптарының құқықтық жағдайларын, жұмыс уақытын, демалыс уақытын, қызметкерлерге мадақтау және шара қолдануды, сонымен қоса еңбек қатынастарының басқа да мәселелерін анықтай отырып, ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережелері болып табылады.

1.2. Еңбек және оқу тәртібі – бұл еңбек/оқу үдерісіндегі сияқты Университет аумағында, яғни Университетке тиесілі ғимараттарда, құрылыстарда, бөлмелерде, жер телімдерінде және басқа да нысандарда болған кезеңдегі қызметкерлер мен білім алушылардың тәртіп ережелері.

1.3. Осы Ережелер таралатын Университет қызметкерлерінің қатарына Университетте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін және профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және бекітілген тәртіпте тағайындалатын, немесе белгілі бір мамандық, кәсіп бойынша жұмыс атқаратын, немесе белгілі бір жұмыс түрін істеуге жалданған штаттық кесте бойынша басқа да қызметкерлер жатады.

1.4. Осы Ережелер таралатын білім алушыларға Университеттің негізгі және қосымша білім бағдарламалары бойынша оқу үшін Университетке білім алушылар, студенттер, тыңдаушылар, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және ізденушілер ретінде қабылданған, соның ішінде ақылы негізде білім алатындар да жатады. Егер басқалары заңнамада, Университет Жарғысында, басқа да жергілікті нормативтік актілерде қарастырылмаған болса, білім алушылардың барлық топтары тең құқылы және оларға тең міндеттер жүктеледі. Ақылы негізде білім алатын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттері тиісті оқу келісімшарттарымен белгіленеді.

1.5. Университет әкімшілігі ректордың немесе ол бекіткен өкілетті тұлғаның тарапынан Университет қызметкерлеріне қатысты жұмысқа қабылдаушы ретінде, сонымен қоса оқу үдерісін ұйымдастырушы және бақылаушы тұлға ретінде болады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5