Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Е. А. Бөкетов атындағы

ҚарМУ ректоры

_______________ Е.Қ. Көбеев

« 26» ___тамыз___ 2011 ж.

Кредиттік технология бойынша оқитын

студенттерге арналған

АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Қарағанды

2011

Жалпы редакциясын басқарған заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Қ. Көбеев

Анықтамалық-көрсеткіш оқу үдерісін оқытудың инновациялық технологиялары бойынша ұйымдастыруды түсіндіреді. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге қойылатын жалпы талаптар, олардың құқығы мен міндеттері бойынша негізгі ұғымдар ұсынылған.

Анықтамалық кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған.

Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған анықтамалық-көрсеткіш / Құрастырғандар , , Ақыбаева Г. С., – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011, …..б

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011

Мазмұны

ҚарМУ ректорының құттықтау сөзі ............................................

4

Кіріспе..............................................................................................

5

Оқытудың инновациялық технологияларына байланысты негізгі ұғымдар...............................................................................

7

Оқытудың инновациялық технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері..................................................

14

Студенттерге қолдау көрсету қызметтері....................................

17

Факультеттер жөніндегі ақпарат ………………………….

20

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп ережелері........................................

29

Оқу төлемақысы.............................................................................

45

Студенттерді несиелеу...................................................................

45

Кредиттік технология бойынша студенттерді оқыту бағдарламалары..............................................................................

51

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқитын студенттерге арналған жадынама.................................................

60

Қосымша..........................................................................................

76

ЖОО құрылымы.......................................................................

77

ҚарМУ нысандарының орналасу сызбасы............................

78

Студенттердің өтініш үлгілері................................................

79

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың әнұраны......................

81

Қорытынды......................................................................................

82


Қымбатты студенттер!

Мен Сіздерді еліміздің көп профильді ірі университеттерінің бірі, 70 жылдық тарихы классикалық университеттердің білім беру дәстүрлері мен академиялық бостандық принциптеріне негізделген академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шаңырағынан көргеніме қуаныштымын. Өз қызметінің барлық кезеңінде университет қоғамның дамуы мен ғылымның идеалдарына мүлтіксіз қызмет етудің үлгісі болды.

Отандық білім беру орындарының алдыңғы қатарынан табылатын Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оқытудың инновациялық технологияларын сәтті енгізіп, ғылыми зерттеулер өткізуді іске асыруда.

Біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз, дәстүрімізді сақтаймыз, жаңа идеяларға ашықпыз. Біздің түлектер білім мен мәдениеттің, отандық ғылымның даңқын көтеруге өз үлестерін қосуда.

Сіздерге шығармашылық табыс, қызықты студенттік өмір мен оқу-білімде үздік көрсеткіштер тілеймін.

Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ. Көбеев

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Кіріспе

Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның өзгеруі және әлемдік еңбек нарығының түлектерге деген талаптарының өсуі жағдайында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі жоғары сапалы білімді қамтамасыз ету және жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

Бұл міндетті Қазақстан Республикасында жж. арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізінде шешу ЖОО-да инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл жағдайда ЖОО-ның білім беру стратегиясы студенттің инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім траекториясын таңдауға бағытталған.

Кредиттік технология мен қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру интеграциялық процестер үшін қолайлы жағдай тудырады.

Бүгінгі таңда студенттердің мыңдаған ұжымы 13 факультетте оқиды. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясы бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде қолданылады.

Бүгінде инновациялық технологияның сәтті жүзеге асырылуын жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Университеттің материалдық-техникалық базасы оқу үдерісін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚарМУ-дың инфрақұрылымына 12 оқу ғимараты, 11 оқу залы, 4 электронды ресурстар залы, баспахана, студенттердің мәдениет сарайы, 3 мұражай, 6 жатақхана, санаторий – профилакторий, студенттік кафе, студенттік тұрмыстық кешен кіреді.

Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың миссиясы: заманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы көпсалалы классикалық білім саласындағы аймақтық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады.

Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың жетістіктері

- ҚарМУ Қазақстанның білім қоғамдастығында алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі және ЖОО-ның ұлттық рейтингісінде көпсалалы университеттердің арасынан 3 орынға ие.

- ҚарМУ Қазақстандағы өзінің экономикалық бағдарламаларын аккредиттеу туралы халықаралық диплом алған ең бірінші мемлекеттік ЖОО.

- ҚарМУ «SGS» беделді швейцариялық компаниясында ішкі менеджмент сапасының жүйесін сертификаттады.

- ҚарМУ әлемдегі жетекші университеттерді біріктіретін халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады.

- ҚарМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына (Болонья қаласы, Италия) қол қойып, өзінің классикалық білім беру қағидаларына берік екенін дәлелдеді.

Оқытудың инновациялық технологияларына байланысты негізгі ұғымдар

Internet-тің ақпараттық ресурстары – электронды пошта, телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік-электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар, білім базалары және т. б.

Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.

Академиялық еркіндік – білім беру үдерісі субъектілерінің білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылығын дамыту және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға негізделген білім беру мазмұнын құрайтын таңдау компоненті пәндерін, оқытудың қосымша түрлері мен білім беру қызметін ұйымдастыруды өз еркімен анықтау үшін берілетін құзырлық жиынтығы.

Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр, триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі.

Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.

Академиялық мобильділік – студенттер немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне сәйкес белгілі академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге не оқу жылына (оқу немесе өндірістік іс-тәжірибе кезінде де) басқа жоғарғы оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) үшін ауысуы.

Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50 минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75 минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100 минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50 минут), педагогикалық практиканың барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100 минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250 минут) тең.

Активті таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands –outs ) – сабақ барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар) және т. б..

Ақпараттық технология (АТ) – өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу, таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.

Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – Интернет желісінің көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе компьютерлер жиынтығы.

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – ЖОО-ғы профессорлық-оқытушылар құрамының қызметкерлері.

Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым-қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.

Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары жазылады.

Аудиолекция – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.

Бакалавр, магистр, доктор (Bachelor, Master, Doctor) – бұл аталған білім беру бағдарламаларын игерген тұлғаларға берілетін академиялық дәрежелер.

Бейнедәріс – интерактивті бейнеқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.

Бейнеконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) электронды интерактивті өзара қарым-қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.

Браузер – гиперсілтеме көмегімен Web–кеңістіктің визуализациясына арналған клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету.

Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны жайлы құжат беріледі (диплом).

Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алған білім алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және жеке тұлғаның даму деңгейінің жетістіктері.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – әр түрлі бақылау жұмыстарының (жазба жұмыстары, тестер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және т. б.) негізінде белгілі бір пән бойынша білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол ағымдық бақылауға, аралық бақылауға, қорытынды бақылауға бөлінеді.

Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – белгілі бір тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру түрінде бақыланатын өздік жұмыстары.

Білімнің электронды банкісі – оқу үдерісін және құжат айналымын автоматтандырылған басқару жүйесімен байланысты оқу және ғылыми негіздегі бағдарламалар мен дидактикалық құралдардың жиынтығы.

Виртуалды сабақтар – онлайндық және офлайндық технологиялармен қамтамасыз ететін оқу сабақтарының бір түрі.

Гипермәтін – интерактивті мәтін сияқты электронды формада көрсетілген, гиперсілтемемен байланысты ақпарат.

Гипермедиа – гипермәтін ретінде электронды формада көрсетілген оқу материалдарының бір түрі.

Екі дипломдық білім беру – екі тең диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major-Minor) алу мақсатымен екі оқу жоспары (білім беру бағдарламасы) бойынша қатар (параллель) оқыту мүмкіндігі.

 

Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement – GER) – әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы.

Желілік оқу материалдары – Интернетте бар материалдар, мультимедиа курстарының желілік нұсқалары.

Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) – осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген ақпараттық технологияның барлық түрлері, яғни мультимедиа, гипермәтін енгізілген оқу материалы.

Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі.

Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және технологияларын қолданатын корпоративті желі.

Компьютерлік анимация – түрлі динамикалық визуалды эффектілерді қолдануға негізделген динамикалық графика (қозғалмалы суреттер, ерекшеленген түс, т. с.с.); дисплей экранында қозғалыс иллюзиясын тудыратын динамикалық бейнелердің синтезі.

Контент (ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы және релеванттылығы табылады.

Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік форумы.

Кредит (Credit, Credit – hour) – білім берушінің / оқытушының оқу жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.

Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара әрекет етуін жүзеге асыру.

Қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау администраторы – ЭЕМ-ге арналған «Факел – 1 қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау» бағдарламасының мәліметтер базасын толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.

Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік дисктер) ақпараттар.

Міндетті компонент – студенттердің оқу бағдарламасының барысында міндетті түрде оқитын пәндері.

Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат.

Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйым бекіткен тәртіп бойынша білім алушылардың алдын-ала оқу пәндеріне жазылуы.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі.

Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы (ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.

Онлайндық технологиялар (on-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді.

Офлайндық технологиялар (off-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді.

Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.

Пән сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (әдетте 5-8 сөйлемнен тұрады).

Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.

Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Таңдау компоненті (Electives) – кез келген академиялық кезеңде білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.

Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен берілген құжат.

Трансферт (аудару) пен кредит жинақтаудың еуропалық жүйесі (ECTS) – білім алушының білім беру траекториясын, оқу орнын және елін ауыстырған жағдайда оқу пәндері бойынша алған білімін (кредиттері мен бағалары бойынша) салыстыру және қайтадан сынақтау үшін жалпы білім беру бағдарламалары компоненттеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге) сынақтық бірліктерді (кредиттерді) беру түрі.

Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы.

Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып.

Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін жүйелік тексеріс.

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.

Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне талқылау үшін Интернет желісінде ұсынылған тақырып.

Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.

Эдвайзер (Advisor) – белгілі мамандық бойынша оқу траекториясын таңдау (жеке оқу жоспарын құрастыруда) көмектесетін және білім беру бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, академиялық жетекші қызметін атқаратын оқытушы.

ЭЕМ-ге арналған «Факел – 1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасы – қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісіндегі автоматтандырылған жүйе.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5