Студенттің оқу пәнін меңгеру деңгейін сипаттайтын қорытынды нәтиже БРС бағалау өлшемдеріне, 4-балдық білімді бағалау жүйесіне, бағалаудың әріптік эквиваленті шкаласына сәйкес емтихандық ведомостіден көрініс табады.
Әріптік жүйе бойынша баға | Балдар | %-дық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Үздік |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0 | 0-49 |
GPA студенттің таңдаған бағдарламасы бойынша жылдық деңгейінің орташа өлшемді бағасын білдіреді және мына формуламен есептеледі:
(кредит 1 х балл 1) + (кредит 2 х балл 2) + (кредит п х балл п)
GPA=----
кредит 1+ кредит 2 + кредит п
Мысалы, оқу жылының ағымында келесі нәтижелерді көрсеткен студенттің GPA-сы 2,8 балға тең болады.
Пән | Баға | Балл | Кредиттер |
1 | A | 4,0 | 3 |
2 | B | 3,0 | 3 |
3 | D | 1,0 | 3 |
4 | C | 2,0 | 3 |
5 | B | 3,0 | 2 |
6 | A | 4,0 | 3 |
![]()
Қүндізгі бөлім студенттердің үшін GPA деңгейі:
- 1 курстан 2 курсқа - 2,0;
- 2 курстан 3 курсқа - 2,3;
- 3 курстан 4 курсқа - 2,5;
- 4 курстан 5 курсқа - 2,6.
Сырттай бөлім студенттердің үшін GPA деңгейі:
- 1 курстан 2 курсқа - 1,33;
- 2 курстан 3 курсқа - 1,6;
- 3 курстан 4 курсқа - 1,7.
GPA-ға сәйкес студент келесі курсқа көшіріледі. Барлық оқу кезеңіндегі барлық академиялық көрсеткіштер студенттің оқу жетістіктерінің банкісін қалыптастырады, ол транскрипт түріндегі кредиттік технологияны ұйымдастыру бойынша автоматтандырылған бағдарламада өзгереді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
білім алатын студентке арналған
ЖАДЫНАМА
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Сіз Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға түсіп, тілдік бөлімге сәйкес мамандық бойынша электронды оқу-әдістемелік кешенге (курстық кейс) (CD-дискіде), сонымен қоса «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламадағы
Сіздің дербес Web-бетіңізді ашуға мүмкіндік беретін логин мен парольге ие боласыз. Курстық кейсті, логин мен парольді алу үшін Сіз өз факультетіңіздің қашықтықтан оқыту үйлестірушісіне жолығуыңыз қажет.
Білім алу үшін Сізге компьютер және Интернет желісі қажет. Егер Сізде компьютер болмаса, Сіз ҚарМУ-дың Интернет-залын, мультимедиалық залдарын және компьютерлік сыныптарын пайдалана аласыз. «Факел-1» ЭЕМ-ге арналған бағдарламасында жұмыс істеу дағдыларын үйрену үшін сессия уақытында міндетті түрде « Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту» атты үйрету семинарына қатысыңыз, оны Сіз үшін инновациялық білім беру орталығының қызметкерлері өткізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы
бойынша табысты білім алу үшін
Сіз білуіңіз қажет:
Курстық кейстің мазмұнына не кіреді?
Курстық кейстің құрылымына мыналар кіреді:
- Білім алушыға арналған анықтамалық-көрсеткіш.
- Мамандықтың жұмыс оқу жоспары.
- Sillabus (меңгеру курсы оқу бағдарламасының сипаттамасы).
- Курстың тақырыптық жоспары.
- Дәріс сабақтарының тезистері.
- Семинар және зертханалық сабақтардың жоспарлары.
- СӨЖ және СОӨЖ жоспарлары.
- Жазбаша жұмыстардың тақырыптары.
- Оқыту белсенді әдістер мен оқытудың мультимедиалық технологияларын қолдануды жоспарлайтын оқу тақырыптарының тізімі.
- Курс бойынша білімді өз бетінше бақылауға арналған тест тапсырмалары.
- Емтихан сұрақтарының тізімі.
Курстық кейспен қалай жұмыс жасау керек
1. Курстық кейс орналасқан каталогты өз дербес компьютеріңізге көшіріңіз; каталогты ашыңыз.
2. index. htm. енгізу файлын ашыңыз. Сіздің алдыңызда курстық кейстің бас беті ашылады.
Курстық кейстің бас бетінің үлгісі 1 суретте көрсетілген.

1- сурет. Курстық кейстің бас беті
3 «Курс бойынша пәндер» гиперсілтемесін белсендіріп, «Курс бойынша пәндер» бетіне өтіңіз.
«Курс бойынша пәндер» курстық кейсі беттерінің үлгісі 2 суретте берілген.
«Басты парақ» гиперсілтемесінің көмегімен курстық кейстің бас бетіне оралуға болады.
«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім алатын студенттерге арналған анықтама-көрсеткіш» гиперсілтемесі.

2 – сурет. «Курс бойынша пәндер» беті.
«Жұмыс оқу жоспары» гиперсілтемесі мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспары орналасқан бетті белсендіреді.
«Пән №» жолындағы сандар пәндер тізбегінің нөмірлеріне сәйкес келеді. «
» гиперсілтемесінің белсенділігі пәндердің тиісті бөлімімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
4. Курстық кейсті өз бетінше меңгеру барысында сізге ұсынылады:
- курстық кейс пәндерінің тізімімен танысу, пәндердің құрамы мен меңгеру кезегін анықтау;
- қандай да бір пән бойынша білімді бақылау (реферат, курстық жұмыс, сынақ, емтихан, дипломдық жұмыс) және бақылау тапсырмаларын тапсыру мерзімдерін анықтау, пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен танысу;
- қурстық кейстің пәндерін кезекпен меңгеруге кірісу, оған қосымша пәнге қатысты ұсынылған әдебиеттермен және тиісті нормативтік актілермен жұмыс жасау;
- сұрақтар мен кеңес үшін «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламадағы форумда электрондық пошта арқылы тьютормен (курсты оқитын оқытушымен) байланысқа шығу;
- білімін өз бетінше тексеру үшін бақылау сұрақтарына жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру, жағдайлық есептерді, жаттығуларды және т. б. шешу арқылы өтілген оқу материалын бекіту.
«Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламада қалай жұмыс істеу керек?
Браузер (Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera или др) адрес терезесінде www. idl. . қашықтықтан оқыту серверінің адресін көрсетіңіз.

«Тіркелген қолданушыға арналған кіру» сілтемесін активтендіріңіз.

Енгізу терезесінде өзіңіздің жеке логиніңіз бен пароліңізді көрсетіңіз.

Студенттің жеке парағында мәзірді көресіз

«Электронды деканат» гиперсілтемесі желілік сабақтардың кестесін көруге мүмкіндік береді:

«Кері байланыс» гиперсілтемесі студент пен тьютордың, администратордың электронды пошта арқылы байланысын көрсетеді;

«Форум» гиперсілтемесі студент пен тьюторға «Сұрақ-Жауап» тәртібінде ұсынылған тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
«Форум» гиперсілтемесін таңдаңыз.

Пәнді таңдаңыз.

Тақырып таңдаңыз.

Қажет болса, жауап қосыңыз.

«Хабарландыру» гиперсілтемесі факультет пен кафедра үйлестірушілерінің, тьюторлардың, «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама администраторының барлық белсенді хабарландыруларын көрсетеді.
«Хабарландырулар» гиперсілтемесін таңдаңыз.

«Оқу-әдістемелік материалдар» гиперсілтемесі мамандық бойынша курстық кейстерді көруге мүмкіндік береді.
«Оқу-әдістемелік материалдар» гиперсілтемесін таңдаңыз.

“Көру”-ді таңдаңыз

«Студенттер» гиперсілтемесі топтардың тізімін көруге мүмкіндік береді.
«Студенттер» гиперсілтемесін таңдаңыз. Сіздің алдыңызда аталған курста және аталған топта оқитын студенттер тізімі шығады.

«Тест» гиперсілтемесі курс пәндері бойынша тестілеуден өту мүмкіндігін береді.

«Тестілеуден өту» кнопкасын басыңыз

Егер Сіз тестілеуден өтуге дайын болсаңыз, ОК-ді басыңыз, дайын болмасаңыз, Отмена-ны басыңыз.
ОК кнопкасын бассаңыз, Сіз таңдаған пән бойынша тестер шығады.


Егер Сіз сұрақтарға жауап беріп болсаңыз, «Закончить тест» дегенді басыңыз. Бағдарлама сіздің барлық сұрақтарға жауап бергеніңізді тексерген соң, ескерту хабарлама шығады.

Егер сұрақтарға жауап беруді жалғастырғыңыз келсе, ОК-ді басыңыз, Отмена-ны бассаңыз, берген жауаптарыңыз қабылданып, жауаптарыңыздың қабылданғаны туралы хабарлама шығады.

ОК-ді бассаңыз, берген жауаптарыңыздың нәтижесін көресіз.

Бөкетов атындағы ҚарМУ-да
қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
![]() |
Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі келесі түрде ұйымдастырылған:
1 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (тұрақты сессия). Тұрақты сессия кезінде оқытушылар академиялық сабақтар кестесіне сәйкес оқытады. Сол кезде студенттер оқытушылар мен академик Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қашықтықтан оқыту орталығы қызметкерлерінің жетекшілігімен курстық кейс жұмыстарын және «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасын игереді. Білім алушыларға виртуалды сабақтар және желілік консультациялар кестесі беріледі.
2 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (тұрақты және қысқы сессия аралығында). Білім алушылар өз беттерімен тьютордың жетекшілігімен білім алады: пәндер бойынша курстық кейстің оқу материалын меңгереді, СӨЖ және СОӨЖ кестесіне сәйкес бақылау жұмыстарын орындап тапсырады. Тьюторлар қашықтықтан оқыту бөлімі кезеңінде оқу үдерісінің желілік семестрлік кестесіне сәйкес, «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьюторлық сыныпта желілік сабақтар өткізеді.
3 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (қысқы емтихандық сессия). Білім алушылар университетке келеді, академиялық сабақтарға қатысады, қысқы емтихандық сессияның кестесіне сәйкес бақылау және курстық жұмыстарын қорғайды, сынақтар мен емтихандар тапсырады.
4 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (қысқы және жазғы сессиялар аралығында). 2 кезеңмен бірдей.
5 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (жазғы емтихандық сессия). 3 кезеңмен бірдей. Жазғы емтихандық сессияның қорытындысы бойынша білім алушылар келесі оқу жылының курстық кейсін алады.
6 кезең. Мемлекеттік емтихандарды күндізгі бөлімде тапсыру, дипломдық жобаларын қорғау (соңғы курста).
Рефераттар, бақылау және курстық жұмыстар
Әр түрлі жазбаша жұмыстарды (рефераттар, бақылау жұмыстары, курстық жобалар) қағаз тасымалдаушыларда тапсыру күшін жойған жоқ. Сіз сонымен қоса жазбаша жұмысыңызды Қазпошта арқылы «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен немесе университеттегі оқытушыға жібере аласыз.
Рефераттар, бақылау жұмыстары мен курстық жобаларды ашық түрде қорғау жоспарланған. Жазба жұмыстарын әзірлеу барысында Сіз тьютордан қажеттілігіне қарай қашықтықтан кеңес ала аласыз.
Желілік консультациялар
Егер пәнді өз бетіңізбен меңгеру және жазбаша жұмыстарды әзірлеу барысында Сізде сұрақтар туындаса, Сіз «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьютордан жедел консультация ала аласыз («Кері байланыс» және «Форум» мәзіріне гиперсілтеме). Сіз консультация алу үшін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта байланысқа шыға аласыз, тьютор Сіздің хат-хабарыңызды қарайды да, үш жұмыс күннің ішінде Сіз жауап хабарламасын аласыз.
Артықшылығы: жеделдік, бар оқу жылының ағымында желілік консультация алу мүмкіндігі.
Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты қалай алу керек
- академик Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Интернет желісіндегі ресми өкілдігінен www. мекен-жайы арқылы;
- академик Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ инновациялық білім беру орталығының www. idl. сайтында;
- академик Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ақпараттық-білім порталынан www. znanie. мекен-жайы арқылы;
- академик Е. А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың инновациялық білім беру орталығынан: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, 1 оқу ғимараты, 214, 216, 221 каб., ішкі 1040), 8 (72e-mail: *****@***kz мекен-жайы бойынша
- Сіздің факультеттің кеңсе тіркеушісінен.

Қосымша

Студенттердің өтініштердің үлгілері
____________ факультетінің деканы
_______________________ (А. Ж.Т.)
_______________ тобының студенті
_______________________ (А. Ж.Т.)
«_____»_________________201__ж.
Өтініш
201__-201__ оқу жылына келесі пәндерді және оқытушыларды таңдауға рұқсат беруіңізді сұраймын:
_____ семестр
1. _____________________________________________________
2. _____________________________________________________
3. _____________________________________________________
4. _____________________________________________________
5. _____________________________________________________
_____ семестр
1. _____________________________________________________
2. _____________________________________________________
3. _____________________________________________________
4. _____________________________________________________
5. _____________________________________________________
Студенттің қолы
Күні
_________________ факультетінің деканы
____________________________ (А. Ж.Т.)
____________________ тобының студенті
____________________________ (А. Ж.Т.)
Өтініш
201__-201__ оқу жылында келесі оқытушыларды таңдауға рұқсат беруінізді сұраймын.
_______ семестр
1._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
2._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
3._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
4._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
5._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
6._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
_____ семестр
1._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
2._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
3._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
4._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
5._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
6._____________________ ________________________________
(пән атауы) (оқытушының А. Ж.Т., ғылыми дәрежесі,, атағы)
Студенттің қолы
Күні

4. ҚОРЫТЫНДЫ
Құрметті студент, Сіз жоғары оқу орны мен мамандықты таңдауда қателескен жоқсыз.
Болашақтағы Сіздің шығармашылық қабілеттеріңіздің жүзеге асуы Сіздің ынта-ниетіңізге, табандылығыңызға, жауапкершілігіңізге, білім үдерісіне белсене араласуыңызға байланысты. Сауатты мамандар әрқашан қажет. Сізге оқуда табыс, қызықты студенттік өмір тілейміз, болашағыңыз жарқын болсын.

|
|
|
Пошталық мекен-жайы:
Қарағанды қ.
Университет к-сі, 28,
Сайт: www.ksu.kz
Тел/
[1] Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп ережелерінен кайта басылған: ҚарМУ баспасы, 2008. – 38 б.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 |



