Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
8.2.4. Табиғи өлшеулер жүргізу.Барлық белгіленген объектілерде суды есепке алу аспабының талап етілетін калибрі орнатылған. Қысым түнгі және күндізгі уақытта объектілерді қарап тексеру кезінде өлшенген, бұл ретте, мынадай шарт орындалған – көрсеткіштер тәуліктің әртүрлі уақытында алынған, өлшем саны 10 кем емес. Объектілерді табиғи өлшеуге дайындау мен табиғи өлшеулерді «Бастау» ЕМКК қызметтері жүргізген. «Бастау» ЕМКК қызметтері ұсынған деректердің негізінде әр объекті бойынша ғимаратқа кірмедегі нақты тиімді арынды, нақты су тұтыну мен нақты түнгі ысыраптар есептеулер орындалған.
Ғимаратқа кірмедегі тиімді арынды есептеу мынадай түрде жүргізілген:
- әр ғимаратқа кірмедегі орташа қысымды есептеу мына формула бойынша табиғи өлшеулердің деректері бойынша анықталған:
Нкірме орт. = ⅀Н / n, м,
мұнда: ⅀Н – өлшеу кезңінде кірмедегі арын мәндерінің сомасы, м;
n –өлшемдер саны.
- әр ғимаратқа кірмедегі тиімді арын мына формула бойынша есептелген:
Нтиім = Нвкірме орт. – 0,5 × Нғим , м.
Ғимаратқа кірмедегі арын (қысым) өлшемдерінің қорытындылары бойынша мұндай есептеу тұрғын үй таңдамасын зерттеу үшін әр тұрғын үй үшін қабылданғандар арқылы орындалған. Әр үй бойынша және барлық таңдаманың үйлері бойынша барлық тіркелген көрсеткіштері кесте нысанында тіркелген, өңделген және талдау жасалған.
Брусиловский көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан үй үшін Нтиім есептеу мысалы 10-кестеде келтірілген.
10-кесте. Ғимаратқа кірмедегі тиімді арынды анықтау
күн /сағ | 1-2 | 2-3 | 3-4 | 4-5 | 5-6 | 6-7 | 7-8 | 8-9 | 9-10 | 10-11 | 11-12 | 12-13 | 13-14 | 14-15 | 15-16 | 16-17 | 17-18 | 18-19 | 19-20 | 20-21 | 21-22 | 22-23 | 23-24 | 24-1 |
10.04 | 42 | 42 | ||||||||||||||||||||||
11.04 | 42 | 42 | ||||||||||||||||||||||
12.04 | 41 | 41 | ||||||||||||||||||||||
13.04 | 38 | 37 | ||||||||||||||||||||||
14.04 | 38 | 37 | ||||||||||||||||||||||
Норт.кірме = 40,0 м; Нтиім = Норт.кірме – 0,5 × Нғим = 40,0 – 0,5 × (5×2,8) = 33,0 м. | ||||||||||||||||||||||||
Әр тұрғын үй үшін Норт. кірме және Нтиімбарлық есептік мәндері 13-кестеде келтірілген. Нақты меншікті су тұтыну мен нақты түнгі ысыраптарды анықтау суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу жолымен жүргізілген.
Әр жеке тұрғын үйде су ысырабын бағалау үшін табиғи өлшемдердің деректері қолданылған.
Әр үйдегі орташа меншікті су тұтыну мынадай формула бойынша анықталған:
qтәул. нақты = 1000 × ⅀qтәул.ғим./ Т × N,
мұнда: ⅀qтәул.ғим.- өлшеудің барлық циклі ішінде тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесіне берілген су шығынының сомасы, м3;
Т – өлшеудің барлық циклі ішіндегі барлық тәулік саны, тәул;
N – тұрғын үйдегі тұрғындар саны.
Әр тұрғын үйде орташа тәулік түнгі меншікті су тұтыну мынадай формула бойынша анықталған:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


