Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
4 - сурет. Қала тұрғын үй қорының объектілері бойынша нақты су тұтынуды пайдалану мен тәулік су ысырабы диаграммасы
Тұрғын үй қоры бойынша ысырап мөлшері бір тұрғынға шаққанда орташа мынаны құрайды:
qтәул.ысыр= 21∙ (qтүн.нақты- qтүн.пайд)= 21 × (4,21 − 0,2) = 84,21 л/тәул∙адам.
Тұрғын үй қоры бойынша жойылатын ысыраптар бір тұрғынға шаққанда орташа мынаны құрайды:
qтәул.ысыр.жой.= 21 × (qтүн.нақты- qтүн.норм)= 21 × (4,21 – 2,95) = 26,46 л/тәул∙адам.
Қалған дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй қоры үшін qхспншамасы 1-кестеде келтірілген осы мысалдың түзету коэффициенттерін қолданумен қайта есептеу арқылы алынған. Алматы қаласының тұрғын үй қоры үшін qхспнесептік мәні 14-кестеде берілген.
14-кесте. Алматы қаласының тұрғын үй қоры үшін ХСПН
№ р/с | Үйдегі пәтерлердің абаттандыру дәрежесі | Меншікті су тұтынудың түзету коэффициенті | Qхспн , л/тәул.адам |
1 | Су құбыры мен кәрізі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауы бар тұрғын үйлер | 1 | 210 |
2 | Су құбыры, кәрізі, ваннасы, газбен су жылытқышы бар тұрғын үйлер | 0,8 | 170 |
3 | Көше құдықтарынан су тарату | - | 25 |
8.2.6. Қорытындылар мен ұсынымдар.1-дәрежеде абаттандырылған 34 тұрғын үйлер бойынша нақты меншікті орташа тәулік салқы суды тұтыну 234,2 л/тәул∙адам құрайды.
Тұрғын үй қоры бойынша ысырап мөлшері бір тұрғынға шаққанда орташа 84,39л/тәул∙адам құрайды. Тұрғын үй қоры бойынша жойылатын ысыраптар бір тұрғынға шаққанда орташа 28,2 л/тәул∙адам құрайды.
Әзірленген халықтың су тұтынуды пайдалану нормалары (ХСПН) мыналарды құрайды:
- су құбыры мен кәрізі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауы бар тұрғын үйлер үшін – 210 л/тәул∙адам;
- су құбыры мен кәрізібар тұрғын үйлер үшін – 170 л/тәул∙адам;
- көше су тарату құдықтарынан су тұтынатын тұрғындар үшін – 25 л/тәул∙адам.
Үй-жай типіндегі тұрғын үйлер (жеке сектор) үшін ХСПН-ға алаңның нақты көлемі мен қолданыстағы су тұтыну нормаларына байланысты үй жанындағы учаскелерде бақшаларды, гүлзар мен бақтарды суаруға шығындайтын су көлемі қосылады. Алаң бірлігіне су шығын нормасы мынадай қабылданады:
- бақшалар мен гүлзарды суару - 1 га 6 000 л/тәул; 1 га жылына – 6 000 м3;
- бақтарды суару - 1 га 3600 л/тәул; 1 га жылына – 3 600 м3.
Осы ХСПН Алматы қаласының тұрғын үй қоры үшін уақытша болып табылуы мүмкін. Әр деңгейде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттары үшін жоспарлы су тұтыну көлемі әр тұрғын үйдің ерекшеліктерін (кондоминиум объектілерінің меншікті мұқтажына шығындар, үй жанындағы учаскелерді суару және т. б.) есепке алып белгіленуі керек.
Ұсынылған уақытша ХСПН 2 жыл бойы қолдану, ал сосын су ысырабын азайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді ескеріп, оларды қайта қарау ұсынылған.
Белгіленген ХСПН қол жеткізу, тұрғын үй ғимараттарында ішкі сумен жабдықтау жүйелерінде су ысырабын азайту үшін «Бастау» ЕМКК кондоминиум объектісін басқару органдарымен бірлесіп осы кезеңге арналған ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін әзірлеу ұсынылған.
Мұндай ұйымдық-техникалық іс-шаралар үлгі жоспары Әдістеменің 4-қосымшасында берілген.
8.3. №3 мысал (Астана қаласы)
8.3.1. Өлшеулер үшін объектілер таңдау.«Астана су арнасы» МКК абоненттік бөлімінің деректер базасында 01.09.2011 жылғы жағдай бойынша 492,8 мың адам есептелген. Жалпы тұрғын үй саны 21 611 құрайды, оның ішінде, жеке сектордың19 722 жеке үйлер мен 1 889 көп пәтерлі тұрғын үйлер. Жалпы пәтерлер саны 180 136 құрайды, оның ішінде, көп пәтерлі тұрғын үйлерде– 151 677 пәтер, жеке секторда – 19 722 пәтер. Бірінші дәрежеде абаттандырылған үйлерде тұратын тұрғындар үшін – 250 л/тәул∙адам; су тарату құдықтарынан су алатын тұрғындар үшін – 50л/тәул∙адам нормасы белгіленген.
Әртүрлі дәрежеде абаттандырылған ғимараттар бойынша су тарату осы үйлерде тұратын тұрғындар саны бойынша бар деректердің негізінде анықталған. Әр абаттандыру дәрежесі бойынша тұрғындар саны мынадай бөлінген (1-кесте):
1-кесте. Астана қаласы тұрғын үй қорының сипаттамасы
Ұңғымыдын су тұтынатын тұтынушылар | Көше құдығынан су тұтынатын тұтынушылар | Су тұтыну жүйесіне қосылмаған тұтынушылар | Оталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған тұтынушылар | барлығы | ||
барлығы | о. і. жатақхана тұрғындары | |||||
үй | 362 | 9 954 | 1 816 | 9 479 | 166 | 21 611 |
пәтер | 391 | 13 108 | 2 022 |
| 20 638 |
|
тұрғын | 1 603 | 60 685 | 10 693 |
| 41 088 |
|
Тұрғын үй қоры бойынша су тарату туралы ақпарат 2-кестеде берілген.
2-кесте.Астана қаласының тұрғын үй қоры бойынша су тарату туралы ақпарат
№ р/с | Тұрғын үй қорын абаттандыру дәрежесі | Меншікті су тұтынудың салыстырмалы шамасы | Тұрғындар саны, адам (%). | Тұтынылған суды есептік тарату, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 6 |
1 | Су құбыры, кәріз, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау | 1,0 | 419 | 94,98 |
2 | Құдықтан су алу | 0,2 | 60 | 4,56 |
Жиыны: | 492 | 99,54 |
1және 2 кестелердің деректерін талдау толық дәрежеде абаттандырылған ғимараттарда тұратын халық үшін нақты су тұтынуды пайдалануын анықтаудың орындылығы туралы қорытындыларын береді, себебі тұтынылатын судың негізгі бөлігі соған келеді. Басқа абаттандыру дәрежелер үшін нақты су тұтыну қайта есептеумен анықталады.
Ұсынылған таңдаманы қалыптастыру үшін қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан, өзара қабаттылық, халық саны мен кірмедегі арыны айрықша 60 әртүрлі толық абаттандырылған ғимараттар іріктеліп алынған. Қалған объектілердің ішінен соңғы таңдамаға 26 объект кірген. Объектілер таңдамасы кездейсоқ түрде жүргізілген. Өлшеу жүргізген сәтте барлық тұрғын үй қоры үйге ортақ және жеке суды есепке алу аспаптарымен 90 % жабдықталған. Әр объектіде суды есепке алу аспаптарының калибрі талапқа сәйкестілігі тексерілген. Бұл ретте, орташа тәулік шығын qтәулік..maxшекті жүктемеден аспауы, ал есептелетін түнгі меншікті су шығыны qт. шекті төмен болмау шарты сақталған. Барлық таңдалған объектілердің кірмесінде су қысымын бақылау үшін манометрлер орнатылған болатын. Таңдаманың сегіз үйінде «Itron France»комраниясының «Ever Blu» суық және ыстық су жүйесінің суды есепке алу аспаптары орнатылған. 540 пәтерде радиомодулі бар «Unimag Standart» типті Dе = 15 мм Вклассты есепке алу аспаптары орнатылған. «Ever Blu» жүйесінің аралық қондырғылары арқылы (коллектор, қол жетімді тораптар, бағдарламалық қамтамасыз ету және т. б.) пәтерлердің есепке алу аспаптары мен ортақ үй есепке алу аспаптарының көрсеткіштері «Астана Су Арнасы» МКК серверіне сағат сайын беріледі және мұрағатталады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


