«Алгебра 9 сынып»
Аяғанова Қ. Қ, математика пәнінің мұғалімі
СҚО, Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі
Тақырып: Сандар тізбегі
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия. n-ші мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты: геометриялық прогрессия ұғымын енгізіп, кез келген n-ші мүшесін
табуды үйрету
Сабақтың міндеттері: 1. білім-білік дағдыларын қалыптастыру
2. оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту
3. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, проблемалық жағдай туғызу, жеке, жұппен
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық
Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру.
ІІ. Өткенді қайталап, қорытындылау
ІІІ. Мақсат қою
ІV Жаңа сабақ. Модуль «Сан тізбектері»,
V. Жаңа сабақты бекіту.
VІ Үйге тапсырма.
VІІ. Қорытындылау
| Сабақтың кезеңдері
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Элетрондық оқулықпен жүргізілген жұмыстар |
1. | Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. | ||
2. | Өткен тақырыптарды қайталау | Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталап, қорытындылау 1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. 2. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. 3. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы 4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. | Ауызша жауап береді Ауызша жауап береді Екі оқушы тақтаға жазады | |
3. 4 | Мақсат қою Жаңа тақырыпты түсіндіру | -Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы Не көріп тұрсыңдар? 4; 12; 36; 108.... - Бұл тізбек қандай заңдылықмен жазылған? - Осындай ереже бойынша жазылған тізбекті біз геометриялық прогрессия деп атаймыз Сонымен бүгін біз геометриялық прогрессиямен, оның кез келген мүшесін тауып үйренеміз - Ал енде прогрессияға қарап оның анықтамасын тұжырымдап беріңдерші 1.Геометриялық прогрессия ұғымын енгізу 2. Геометриялық прогрессияның еселігі - Бірнеше мысал жазыңдаршы (жұппен) 3. Өспелі және кемімелі прогрессияға мысал келтіру 4.Кез келген n-ші мүшесін табуды үйрету | Интерактивті тақтаға қарап жауап береді: - Сандар тізбегі Заңдылықты анықтайды Тұжырымдама жасайды Дәптерге жазады Әр партадығы оқушылар өз мысалын жазады Оқушының көмегімен қорытып шығару тақтада | Тақырыпты анықтау Проблема қою
Подмодуль «Геометриялық прогрессия» Электрондық оқулықпен тексеру
Электрондық оқулықпен тексеру |
5. | Жаңа сабақты бекіту | Кітаптағы мысалдарды қарастыру 1 мысал -n-ші мүшесін тауып жазамыз 2-4 мысалдарын түсіндіру | Дәптерлеріне жазады 16 тапсырманы өз беттерімен шығарады 17,18 тапсырманы шығарады | Подмодуль «Геометриялық прогрессия» Тапсырма 16
Тапсырма 17,18 |
6 | Қорытындылау | Сабақты қорытындылау. 1). Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. 2). Геометриялық прогрессияның еселігі дегеніміз не? | Оқушы тұжырымдаманы айтып береді | |
7 | Үй тапсырмасын беру | §12, беттер, А деңгейінің есептері |


