59 Aлимгазинова Б. Ш., Абугалиева коллекции озимого ячменя// Вестник аграрной науки Узбекистана. – 2009.-№3-4 (37-38). - С.21-24.

60 , Aлимгазинова Б. Ш., Калибаев коллекционных образцов ячменя для практической селекции//Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. -2009. - №8. - С.7-8.

61 , Aлимгазинова Б. Ш., Савин коллекции ячменя по биохимическим показателям зерна, определяющим его хозяйственную ценность//Межд. конф. памяти «Генетические ресурсы культурных растений. Проблемы эволюции и систематики культурных растений». 9-11 декабря 2009. - Санкт – Петербург. – С.244-247.

62 , Aлимгазинова Б. Ш., Эль-, , зучение коллекции ярового ячменя Казахстана в засушливых условиях Сирии//Матер. межд. науч. конф. «Мировой опыт и передовые технологии эффективного использования водных ресурсов». – Ашхабад. - Апрель 2010. - С.232-234.

63 Khalikulov Z., Alimgazinova B., Akimaliev J., Muminshoeva Z. et. al. Plant genetic resources in Central Asia and the Caucasus //8th International Wheat Conference. June 1-4, 2010. St. Petersburg. Russia. Abstracts of oral and poster presentations. - VIR. St. Petersburg. - Russia. - 2010. - P. 99-100.

64 Aлимгазинова Б. Генетические ресурсы ячменя Казахстана: состояние и использование в селекции//Матер. межд. науч. конф. «Наука, техника и инновационные технологии в эпоху Великого Возрождения». - Ашхабад. - 12-14 июня 2010. - С. 410-413.

65 Aлимгазинова Б. Агробиоразнообразие растений: коллекции, сохранение, изучение, документирование и использование в селекции//Сб. матер. межд. науч.-практ. конф. «Достижения и перспективы земледелия, селекции и биологии сельскохозяйственных культур», посвященной 75-летию Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства. - Алматы: «Асыл кiтап». - 2010. - С.36-39.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

66 Aлимгазинова разнообразие сельскохозяйственных культур: состояние и стратегия развития//Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина. - 2010. - Т. №2. - С.9-16.

67 Aлимгазинова состояния генетического разнообразия сельскохозяйственных культур: результаты, развитие менеджмента//Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. - 2010. - № 3. - С.2-4.

68 Aлимгазинова разнообразие озимого ячменя// «Исследования, результаты» («Ізденістер, нәтижелер»). – 2010 - №3 - С.209-213.

ӘЛІМҒАЗИНОВА БАЯН ШҰРЫМБАЙҚЫЗЫ

Генетикалық ресурстарды қалыптастыру және оларды арпа селекциясында пайдалану

06.01.05 - Селекция және тұқым шаруашылығы мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефератының

ТҮЙІНІ

Зерттеу нысандары: дәнді, жемдік және басқа дақылдардың 10 тобының генетикалық әр түрлі мәліметтер базасы, каталогтар, үлгілер; 55 мыңнан астам үлгілер бойынша құжаттық ақпарат; күздік және жаздық арпаның коллекциялары, дигаплоидты линиялары -3 мыңнан астам.

Зерттеу мақсаты: Қазақстанның экологиялық аймақтарына бейімделген, әр түрлі технологиялық бағыттығы бастапқы түрлер мен сорттарды алу үшін арпаның генетикалық ресурстарын қалыптастыру.

Зерттеу әдістері: жұмыста арпаның коллекциясын зерттеу, «бульбозум» технологиясымен арпаның дигаплоидтарын алу үшін тектік қорды құжаттау, арпа дәнін биохимиялық бағалау, гордеинді элетрофорездеу, мәліметтерді статистикалық өңдеу, УПОВ бойынша морфологиялық сиппатау, дәндегі Fe, Zn және β-глюкандар мөлшері, арпа селекциясы бойынша егістік тәжірибелер қою жөнінде бірқатар әдістемелік нұсқаулар пайдаланылған.

Зерттеу нәтижелері: Қазақстан ғылыми-зерттеу мекемелерінің ақпараттарын жинау, талдау, жіктеу және қорытындылау үшін ex situ жағдайында сақталатын өсімдіктердің генетикалық ресурстарына сипаттама жүргізілген. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 15 мыңнан астам түрлері генетикалық ресурстардың бағалы категорияларына жоғарландырылып, олардың сақталуы ұйымдастырылған. Барлығы 55 мыңнан астам үлгіден, оның ішінде арпаның 2680 үлгісі бойынша ақпарат қамтитын мәліметтердің Ұлттық электронды базасы жасалған. Агробиологиялық әртүрлілікпен байланысты кешенді мәселелер шешу және іс-шараларды тиімді ұлттық үйлестіру үшін «Қазақстан өсімдіктерінің генетикалық ресурстарының даму стратегиясы» және өсімдіктердің генетикалық ресурстарын басқару модельінің болжамы жасалған.

Күздік арпаның бірқатар белгілері бойынша генетикалық әртүрлілігінің бәсекеге қабілеттілігі анықталған. Күздік арпаның 2-жылғы селекциялық көшеттігіндегі үлгілері өнімділігі жөнінен жіктеуден өтіп, тез пісушілігі, қысқа төзімділігі, өнімділік көрсеткіштері, дәннің толықтығы, біркелкілігі, ірілігі бойынша айрықшаланған түрлері бөлініп алынды және олардың барынша шарықтауы мен тұрақтылығы айқындалды. Селекция үшін екі және алты қатарлы түрлердің тұрақты ірі әрі біркелкі дән қалыптастыратын 15% жуық үлгілері белгіленіп және екі қатарлы түрлердің ішінен дәннің көлемдік салмағы тұрақты жоғары (621г/л дейін) ОЯ-51, ОЯ-312, ОЯ-325, ОЯ-350, ОЯ-625, ал алты қатарлылардан (644 г/л дейін) ОЯ-338, ОЯ-346, ОЯ-354 тәрізді 8 генотип анықталды. Өнімді сабақтардың оңтайлы жиілігі (600-700 дана/м2) алты қатарлылардың 25%-да және екі қатарлы түрлердің 37%-да байқалды. 2008 жылғы конкурсты сорт сынауда ОЯ-252, ОЯ-312, ОЯ-305, ОЯ-425, ОЯ-432, ОЯ-630 ерекшеленіп, дән өнімі тиісінше 48,5, 47,5, 45,0, 43,0, 41,0, және 40,0 ц/га құрады.

Жаздық арпаның биологиялық қасиеттері, өнімділік элементтері және дән сапасы бойынша коллекциясы зерттеліп, өсу кезеңінің тұрақтығы, өсімдіктер биіктігі, 1000 дәннің салмағы, өнімділігі, технологиялық көрсеткіштері (дәндегі белок пен крахмал мөлшері) бойынша айтарлықтай ауытқу дәрежесі анықталды. Алғаш рет сыра қайнату белгісі ретінде «дәндегі В-глюкан мөлшері» көрсеткіші бойынша 183 үлгіден тұратын арпаның коллекциясы зерттелініп, оның өзгергіштігі 3,62-5,83% аралығында ауытқыды. Көрсеткіштері 3,62-5,83% құрайтын жаздық арпаның жеті үлгісі және күздік түрлерінің 3,65-4,00% келетін төрт үлгісі В-глюканың төменгі мәнімен іріктеліп алынды.

Сирияның өте құрғақ жағдайында жаздық арпаның коллекциясы сынақтан өтіп, 1000 дәннің массасы, өнімділік деңгейі, протейн мөлшері бойынша үлгілердің өзгергіштік ауқымы көрсетілді. Алғаш рет үлгілер дәніндегі Fe және Zn мөлшері бойынша сипатталып, Fe мөлшерінің өзгергіштік ауытқуы 30,4-52,6 мг/кг, Zn -30,8-63,4 мг/кг аралығында болды. Ата-аналық түрлердің нақты белгісі жөнінен пайдалануға болатын кешенді белгілері бойынша үлгілер бөлініп алынды.

Арпаның генетикалық әртүрлілігін жасау үшін «бульбозум» дигаплоидты технологиясының тиімділігі көрсетілген. Дигаплоидтар УПОВ-тың 33 морфологиялық белгілері, PRX, EST және 6-PGD ферменттері және гордеинбелогының спектрі бойынша біртектіленді. Белок мөлшері және оның фракциялары, амилоза, кауығырылық, экстрактивтілік сияқты биохимиялық белгілері бойынша дигаплоидтар арасындағы айтарлықтай ауытқушылық көрсетілген. Сыра қайнататын арпалардың талаптарына жауап беретін биохимиялық көрсеткіштер деңгейімен сипатталған линиялар анықталды. Селекцияның барлық бөліктерінде оның ішінде Батыс Қазақстанның құрғақшылық аймағында дигаплоидты линиялардың селекциялық құндылығына бағалау жүргізілді.

Жаздық және күздік арпаның технологиялық бағыттылығы (сыра қайнататын, жемдік, жармалық) бойынша коллекциясы тізбектелген. Күздік түрлердің коллекциясының 15-17% - жоғары амилозалы, 17-15% - т-мен протеинді, 23-46% - жоғары крахмалдыретінде сыра қайнататын өнеркәсіпте пайдалану үшін; екі қатарлы күздік арпаның 40%-ы және алты қатарлының 30%-ы және протеин мөлшері 15% астам үлгілер жемдік ретінде бөлініп алынды. Жаздық арпаның белок мөлшері 12-15% келетін 56% астам нөмірлері жармалық маңыздылығы бойынша арпа селекциясы үшін келешегі бар үлгілер ретінде, ал үлгілердің 7% сыра (протеин мөлшері 12%-дан кем) қайнататын типке жатқызылды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13